Психологияға кіріспе
1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға
1-тақырып. Психологияға кіріспе
Дәріс мақсаты: Студенттерде психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері, психология ғылымының салалары, әдістері. қазіргі кездегі психология, психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы туралы білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері.
2. Психология ғылымының салалары, әдістері.
3. Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы.
Дәріс тезисі.
1.Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері. Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пәні болады. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні - психика. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам. Психика - обьективті дүниенің субьективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыспен іс-әрекеттің зерттеушісі. Психикалық құбылыстар - бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді). Белгілі бір сыртқы әсердің әр түрлі екенін міне осы мысалдан көруге болады. Сонымен психиканың мазмұны реалды бізге тәуелсіз және бізден тыс өмір сүретін болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда, оның өткен тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына т.б. байланысты өзіндік ерекшелігімен пайда болады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тіл, қабілет, қызығу, мінез, әдет, т.б.) Психикалық құбылыстарды біз өз бойымыздан немесе өзгелерден көреміз. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды-сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
Психологияның тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психологиятермині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); Жан туралы ілім деген ұғымды білдіреді. Психология термині алғашқы да 16 ғ. пайда болды. Бастапқы да ерекше сезімді психикалық құбылыстар зерттеулерімен айналысты. Ол құбылыстар әр адамды өзін-өзі бақылау арқылы көре алады. XVII-XIX ғ. психиканың зерттеу сферасы көбейді. ХХ ғ. психикалық зерттеулер көптеген ғасырлар бойы жинаған құбылыстар айнасынан бөлінді және өзінің бастапқы жағын жоғалтты. ХІХ ғ. психология ғылыми білімінің жеке және әрі эксперименталды аймағы болып қалыптасты. Психология алдымен өзіне субьективті құбылыстарды, яғни адам және жануар психикасын зерттеді. Басқа құбылыстар адам мен адамдар арасындағы байланысты реттеп, олардың іс-әрекетін басқарды. Сонымен қатар психология адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мінез-құлқын, олардың психикалық құбылысқа байланысын және оған тәуелділігін зерттеді.
Психологияның міндеттері. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.
Психология ғылымының міндеті - психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарды зерттеу ( Жан құбылысын жете түсінуге мүмкіндік беру; Адамды тәлім-тәрбиеге ұмтылту; Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу; Ғылыми шығармашылықтың әлеуметті мәдениетке байланыстылығын көрсету; Психология ғылымының қалыптасуын және жеке тұлғаның рөлін зерттеу).
Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.
Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
2.Психология ғылымының салалары, әдістері. Психология ғылымдар жүйесінде маңызға ие және бірнеше функциялар атқарады. Психология тек қана теория емес, инженерия практикалық психологияның мәнділігін құрайды. Егер арнайы білімі бар инженер ғылымның практикаға негізделуін қамтамасыз етсе, практик психолог, ол да инженер, бірақ техника емес, адам аймағындағы инженер.
Психологияның негізгі міндеті - психологиялық мәселелерді шешу. Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады.
Бір кездері әлеуметтік психологияның қызметін адам психикасының заңдылықтарын танумен шектеді. Педагогикалық психология өкілі Максим Григорьевич Рубинштейн ХХ ғасырдың басында психологияның мақсаты - адам жанын объективті білу,-деп түсіндірді.
Психология психиканы жетілдіру, психиканы жақсарту сұрақтарын қарастырмайды, ол ештеңкені бағаламайды, психикаға қатыстының барлығы психология үшін зерттеу объектісі болып табылады. Ол данышпандылықты тек мәлімет ретінде қарастырады. Бізге психология данышпандылықты, талантты қалай жасауды, жетілдіруді психологиялық мағынада үйретпейді. Бұдан шығатын қорытындылар психология шегінен шығып жатады және психология оған құзыретті емес. Осыған байланысты әлеуметтік позициялар психологиялық қорытындылар мен психология саласында құзыретті емес адамдардың жауына мүмкіндік береді. Адамның жан дүниесі жайлы қорытынды жасау мен психологиялық білімі жоқ адамдардың айналысуы мүмкін емес. Сонымен бірге психологиялық білімдер күнделікті өмірде және адам туралы ғылымдар аумағында аз қолданыс табуда.
Психология кез келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); Лонгитюдтік генетикалық жол әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді); кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.
ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
1. Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай); Эксперимент (лабораториялық, табиғи)
2. Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:
өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы, немесе обьективтік бақылау - фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда кесінді ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
oo Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
oo Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
oo Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
oo Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Орыс ғалымы А.Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған тестеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т.б.
Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.
Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.
Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т.б.)
Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қоюы, респонденттің жауап беруі арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % бен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика - белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ - белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (18921974) жасады.
3.Психологияның даму кезеңдерінің негізгі сипаттамасы. Психологияның дамуы 4 кезеңнен тұрады:
1. Психология-Жан туралы ғылым
2. Психология-Сана туралы ғылым
3. Психология-мінез-құлық туралы ғылым
4. Психология-психика механизмдері мен заңдылықтарының фактісінің дамуын зерттейді. Адамның психикасын, психологиялық таным процестерін, психологиялық және типологиялық ерекшелігін, жеке адамның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1 Психология-Жан туралы ғылым. Психика жөніндегі алғашқы түсініктер Анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) сипатта болды. Әлемдік психикалық ой-пікірдің даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы (атақты философ) Аристотельден О душе трактатын жазып шығарды ассоциация ұғымын енгізді. (б. з. д. 384-322) басталатын ішкі тарих. Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүргін ғұламалар Гераклит Өзіңді танып, білу үшін, ғылымды біл. Өмірде болып жатқан құбылыстар құдайдың көңіл күйінде емес, заңдылыққа байланысты деген, логос терминін енгізген; Гиппократ (әйгілі дәрігердің баласы) адамдар организмін зерттеген және аурудың себебін зерттеді. Сұйықтықтардың пропорциясына байланысты дейді, сау адамдар мен ауру адамдардың айырмашылығы Лукреций, Эпикур, Демокрит. т.б. Ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Аристотель өзінің жан туралы трактатында жан тәннің өмір сүру формасы екендігін, ( Тірі денеден жанның бөлінбейтіндігі туралы идеясын бірінші болып айтқан), мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция секілді процестерге бөлінетіндігін айтты. Жанды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz