Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы
4-тақырып. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
1. Қоғам және оның әлеуметтік құрылымы
2.Стратификация әр түрлі топтар арасындағы теңсіздік ретінде.
3. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер).
4. Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин).
5.Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік.
6. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация сипаты
Дәріс мазмұны:
1. Қоғам және оның әлеуметтік құрылымы
Қоғам - бұл әлеуметтанудың басты категориясы, негізгі зерттеу объектісі. Күнделікті өмірде ол әр түрлі мағынада қолданылатын абстрактылы ұғым. Өте кең мағынасында қоғам - адамдардың бірігіп өмір сүру нәтижесінде қалыптастырған адамзаттың біртұтас ұйымы. Қоғам - өзіне тән элементтері бар, уақыт пен кеңістікте шектелген біртұтас әлеуметтік организм.
Қоғамды адамдар қауымдастығы құрайды, бірақ қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құралатын бірлестік.
Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы адамдардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, сондай-ақ, адамдардың өзарабайланысы мен өзараәрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесі қалыптасқан, мәдени деңгейі жоғары біртұтас әлеуметтік жүйе.
Қоғам уақыт пен кеңістікте үздіксіз өзгеруші күрделі және көпқырлы жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі байланыстағы және әртүрлі деңгейдегі элементтер жиынтығынан тұрады. Жүйе ретінде қоғамды құрап тұрған оның элементтеріне :
жеке индивидтер, әлеуметтік топтар, таптар, қауымдастықтар ;
әлеуметтік институттар мен ұйымдар;
әлеуметтік қатынастар мен нормалар, құндылықтар;
әлеуметтік әрекеттер мен байланыстар;
қоғамда орын алып жатқан барлық әлеуметтік құбылыстар мен проблемалар жатады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара байланыста әрекет ете отырып, қоғамда өз рөлдерін атқарады.
Әртүрлі тарихи және табиғи жағдайларға тәуелділігіне байланысты қоғамның ұйымдасу деңгейі әртүрлі болып келеді. Оны шартты түрде былай түсіндіруге болады:
Ең жоғарғы деңгейде тұтастай қоғам өзі тұрады;
Ал орта деңгейде ұзақ уақыттар бойы қоғамның тұрақтылығын сақтаушы мемлекет, отбасы және неке, ғылым, дін, саясат пен құқық, мораль сияқты әлуметтік институттар, ұлт, халық, тап, топ сияқты адамдардың әлеуметтік қауымдастығы тұрады;
Төменгі деңгейде адамның индивидуалды әлемі тұрады.
Сонымен қатар, қоғам өз ішінде мынандай жүйелерден тұрады:
Экономикалық жүйе - қоғамның материалдық және шаруашылық саласы;
Саяси жүйе - қоғамды және мемлекеттік істерді басқару саласы;
әлеуметтік жүйе - этникалық, ұлттық, мәдени және діни қатынастар мен байланыстар саласы.
Қоғамның өзіне тән әлеуметтік құрылымы бар. Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Ол элементтер - белгілі мәртебесі бар және белгілі роль атқаратын жеке адам, ал осы жеке адамдар мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді: әлеуметтік, территориялық, этникалық, ұлттық, демографиялық, таптық, топтық, т.б. Осы әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан өзінің байланыстарына, қызметіне қарай күрделі элементтік жүйе болып табылады.
Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда көптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, процестерін нақты өмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз.
Жалпы қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі немесе тең еместігі) болып болып бөлінеді.
Әлеуметтік құрылым қоғамдық қатынастардың осы екінші түріне жатады. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі бір-біріне өзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:
- қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;
- қала мен ауыл адамдары;
- ой және дене еңбегінің өкілдері;
- әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)
- ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар).

Социологияда қоғамның әлеуметтік құрылымын және ондағы әлеуметтік теңсіздікті, осы осы теңсіздік негізінде әлеуметтік жікке немесе тапқа бөлінушілікті әлеуметтік стратификация теориясы зерттейді. Бұл теорияның авторы американдық социолог П.Сорокин.
Стратификация термині социологияға геология ғылымынан алынған. strata - жердің геологиялық қабаты деген мағынаны білдіреді. Бұл термин социологияда қоғамның әлеуметтік құрылымын және ондағы әртүрлі әлеуметтік жіктерге, таптарға бөлінушілікті зерттеу үшін қолданылып келеді.
Әлеуметтік стратификация теориясы бойынша тапқа бөлінушіліктің негізінде теңсіздік жатыр. Cтратификациялық құрылымының негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Қоғамда теңсіздіктің екі түрі бар: табиғи және әлеуметтік. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланыста ерекшеліктерінен туындайды.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшер, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл - ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл - парасатымен, күш - қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Ал әлеуметтік теңсіздік қоғамдық еңбек бөлінісінен, адамдардың кәсіби мамандану дәрежесінен, еңбекақысының мөлшерінен, тұрмыс жағдайынан т.б. туындайды. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білім мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдық әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.
Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф билік және бедел деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және б) меншіктері жоқ бюрократ - менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ - жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ - мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде жаңа орта тап қалыптасады деген қорытындығы келеді.
Стратификация теориясы бойынша, қоғамда адамдарды страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі.
Олар: а) касталар;
ә) сословиелер;
б) таптар.
Осы аталаған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді.
Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне мүмкіндік беретін әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялы жүйе деп аталады.
Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. Каста - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүей 1900 - шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата - аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған.
Қоғамда қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым - қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болу керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінезі - қылықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер - феодалдық қоғамдарда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворияндар, дін иелері, ал, төменгісословиеге - қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталаған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелмеген, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдардың сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
Тап деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, ХХІІІ - ХІХ ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылады.

Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды. К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатанастарының түрінен туындайды. Негізгі емес таптар өткен дәуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық - экономикалық формацияның таптары.
К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер - таптың белгілерін бойына толық сіңіріп қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүектерін алсақ олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы - меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 - шы жылы жазған Ұлы бастама деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: Таптар дегеніміз - қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал - жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудын әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауын айтамыз.
Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
1) адамдар тобының өңдіріс жүйесінде алатын орнын;
2) олардың өңдіріс құрал - жабдықтарына қатынастарын;
3) еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым - қатынасты;
4) қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
5) қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын
жатқызады.
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәелеге байланысты тұжырымдамыларында Карл Маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екіндігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келіседі. Бұл пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншік болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның статусын - саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.
М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивитердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы - білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсендеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, страталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті.
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889 -- 1968 ж.ж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.
П.Сорокиннің стратификация теориясы алғаш рет өзінің осы бағыттағы классикалық еңбек болып саналатын Әлеуметтік мобильділік (1927) атты еңбегінде ұсынылды. Сорокиннің анықтамасы бойынша, әлеуметтік стратификация, адамдардың жиынтығын (халықты) иерархиялық дәрежеде таптарға бөлу. Оның негізгі мәні құқықтар мен артықшылықтардың, жауапкершіліктер мен міндеттердің бірдей бөлінбеуінде, белгілі бір қоғам мүшелері арасында әлеуметтік құндылықтардың, билік пен ықпалдың болуы немесе болмауында.
Әлеуметтік стратификация бір- бірімен өзара тығыз байланысты экономикалық, саяси және кәсіби формалардан тұрады. Бұл дегеніміз, бір формада ең жоғарғы қабатқа жататындар, әдетте, басқа формада төменгі тапқа жатуы мүмкін, немесе керісінше. Сорокин бұл құбылысты статустар қайшылығы деп атады. Ол адамның бір стратификацияда жоғары позицияны, екіншісінде төмен позицияны иелене алатындығынан тұрады. Мұндай алшақтықты адамдар ауыр сезінеді және кейбіреулерге әлеуметтік жағдайын өзгертуге түрткі бола алады, индивидтің әлеуметтік мобильділігіне әкеліп соқтырады.
Кәсіби стратификацияны қарастыра отырып, Сорокин кәсіпаралық және кәсіптік стратификацияны бөліп көрсетті:
Кәсіпаралық стратификацияда екі әмбебап негіз бар:
жалпы топтың өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін кәсіптің маңыздылығы;
кәсіби міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қажетті интеллект деңгейі.
Сорокин кез-келген қоғамда кәсіби жұмыс ұйымдастыру және бақылау функцияларын орындаудан тұрады және оны орындау үшін жоғары интеллекттік деңгейін талап етеді және сәйкесінше топтың артықшылығы мен кәсіпаралық иерархияда жоғары дәреже алады деп тұжырымдайды.
Сорокин кәсіптік стратификацияны келесідей сипаттады:
кәсіпкерлер;
жоғары санаттағы қызметкерлер (директорлар, менеджерлер және т.б.);
жалдамалы жұмысшылар.
Кәсіби иерархияны сипаттау үшін ол келесі көрсеткіштерді енгізді:
биіктігі;
қабаттар саны (иерархиядағы дәрежелер саны);
кәсіби стратификация профилі (әр кәсіби кіші топтағы адамдар санының барлық кәсіби топ мүшелеріне қатынасы).
Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктеудің факторларын үш топқа топтастырған. Біріншісі - адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті, т.б.;
Екіншісіне - қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған;
Үшінші топқа - меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы арта түседі.
Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға өту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек;
Білім деңгейі - мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есепетеледі.
Кәсіби шеберлік - белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы;
Мәртебе - адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды, 3,4.6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуды. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:
1) жоғары тап;
2) орта тап;
3) жұмысшы тап;
4) төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер - министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ.
Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алтын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60 - 80 % - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Олар - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкердер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б.
Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш - жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай - орта таптың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап;
ә) орта таптың орташасы;
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуді жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz