Науқас психологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М. ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» Описание: Описание: Лого ЮКГУ новый

«Тарих және педагогика» факультеті

КАФЕДРА «Психология және арнайы педагогика»

Реферат

Тақырыбы: Науқастың психологиясы. Дәрігер психологиясы.

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Молдаханова Маржан Мәдіханқызы

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  • Науқас психологиясы
  • Аурудың ішкі бейнесі
  • Медицина қызметкерінің науқаспен қарым - қатынасы

ІІІ. Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Науқас психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, жан дүниесінің ахуалы мен қанағаттануы.

Медицина қызметкері өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. қарым - қатынастарды жатқызуға болады. Медицина қызметкерімен науқас адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Ауру адамға көмектесу, аурудан жазылып кететіндігіне сендіру әңгімелерде, сұхбаттасуда қарым - қатынас барысында медицина қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Кейінгі уақытта медицина қызметкерлерінің науқас алдындағы жауапкершіліктерін дұрыс атқармағандығы өз ісіне салғырттық танытқандығы үшін психологиялық қолдау көрсетпеуі, зиян тигізуі жағдайлары көбею де.

  • Науқас психологиясы

Әр адамның психологиясы сан қилы болып келеді. Олар қоршаған ортадағы өзгерістерді, болып жатқан жағдайларды түрліше қабылдап түсінеді. Науқас психологиясының негізгі көрнісі науқастың дертіне деген көзкарасы.

Науқастың ауруға деген әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалауымен сипатталады. Осыған орай, дерттің “объективті” және “субъективті” ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады.

Дерттің объективті ауырлығы, қандай да бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы, сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден бір фактор болып табылады.

Науқас жағдайды аурудың субъективті ауырлығы арқылы, яғни науқас және оны қоршаған ортаның(отбасы, еңбек ұжымы) өзіне деген көзқарасы негізінде бағалайды. Оның негізінде, дерттің диагнозының сарапталуы, болжамы мен оның ауырлық дәрежесін бағалауы жатыр.

Ауру баланың психологиясы. Әр түрлі соматикалық аурулармен ауырған баланың психикасында қалыпты өзгерістер байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялық себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды.

Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасына әсер ететін факторлар:
І Жекеше - конституционалдық факторларға келесілер жатады: жынысы; жасы; мамандығы;
ІІ Индивидуальді психологиялық факторлар: темперамент қасиеттері; мінезінің ерекшеліктері;

Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде әйел адамдарда ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан.

Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады.

Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет - әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан, медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін, бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет әлпетіне, сымбатына кері әсер тигізетін аллергиядан туындаған тері өзгерістері, күйіктерден пайда болған тыртықтар, т. б жатады.

Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром - дисфомания, тек осы жаста ғана байқалады.

Дисфоманиялық синдром дамығанда әсіресе, қыз балаларда өзін «көріксіз есептеу» жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды. Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады. Егде жастағы науқастарға онкологиялық, созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт, инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.

Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы, спортшылар немесеспорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохондроз секілді дерттер ауыр тиеді.

Темперамент ерекшеліктері. Темперамент - индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоциональдық ауырсынуды көтеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.

Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхоликтерде, сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.

Мінездің ерекшеліктері. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.

  • Аурудың ішкі бейнесі

Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын - аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл - науқастың өз дертіне өз басының қатынасы, реакциясы, жауабы. Ол ішкі органдардың зақымдануымен немесе жалған зақымдануымен байланысты, яғни науқастың өзін аурумын деп санауы. Мұнда міндетті түрде сырттан бақылаушы адам болуы керек, науқастың қайғысы сол адамға бейімделіп бағытталған.
Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

  • қолайсыз жағдай;
  • науқастың өз денсаулығын өзі (науқас) бағалауы, ауруын қабылдап, өз ролін атқаруы;
  • ауруға (дертке ) реакциясы;
  • ауру себептерін білуі;
  • әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі.

Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері - аурудың ішкі бейнесі деп аталады.

Медициналық қызметкер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашан да назарынан тыс қалдырмауы қажет. Ем нәтижелі және тиімді болуы үшін медициналық қызметкер науқастың мінез - құлқына, оның дертіне, психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар екені мәлім.

  • Медицина қызметкерінің науқаспен қарым - қатынасы

Медициналық қызметкер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым - қатынас, байланыс, сұхбат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туған - туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен) т. б қарым - қатынасуы жатады. Медицина қызметкері мен сырқат адамның қарым - қатынасы жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым - қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір - бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медицина қызметкерінің жұмысының нәтижелілігі мен деңгей - дәрежесі оның білімділігі мен біліктілігі ғана емес, қарым - қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.

Медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қарым - қатынас, медициналық қызметкердің жұмысында өте маңызды орын алады.

Медициналық қызметкер мен науқас және оның туысқандары бір - біріне сенім тудыратын қарым - қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.

Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым - қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т. б) .

Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз - медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т. б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым - қатынас жасау қабілеті деп білеміз.

Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл - күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.

Аффилиация. Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация - сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан - көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу.

Рефлексия - қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»- деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір - біріне көрсеткен мінез - құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.

Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы - қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін») . Бұл - тиісті дәрежеде медициналық қызметкер - науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.

Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.

Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір - қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді.

Медициналық қызметкерінің керісінше (негативтік) әсері. Медициналық қызметкерлердің қалыптан тыс орынсыз айтылған сөздері науқасқа психологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым - қатынас қайшылықтарына әкеліп соғады. Бұның салдарынан ятрогения - медициналық қызметкерлердің абайсызда айтқан сөзінен туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі жиі жағдайларда байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын ойына негізделген емес екені мәлім. Науқас психологиясына, денсаулығына ятрогенияның әсері мол. Сол себепті менің ғылыми жобамда науқас психологиясын қарым - қатынастың әсерін зерттеу басты мақсатым болып табылды.

Медициналық қызметкер науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері мол екендігін білуі қажет. Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенция - сының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды: науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу; науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын - алуда маңызды екенін көрсету; дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету; «медициналық қызметкер - науқас» қарым - қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Науқастың психологиясы, оның психикасының ерекшеліктері
Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі
Науқастың ауруға деген қатынасы
Психикалық белсенділік
Науқас психологиясы Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі
Психологиялық аурулардың тұқымқуалауы жайлы
Әртүрлі психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
Науқастың психологиясы
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Кәсіби деформация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz