Қарым - қатынаста мұғалімнің оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Тарих және педагогика факультеті
Замануи педагогика және психология кафедрасы

Кейс

Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Нуридинова Гүлдана Адемовна

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
a) Педагогтың оқушыларға, олардың ата - аналарына, әріптестеріне сөз арқылы көмек көрсету.
b) Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Сенім түрлері және оның жіктелуі.
c) Сенімнің сөздік формалары: Бұйрық, тәртіп, талқылау, әзіл-қалжың арқылы белгі беру.
d) Сенім мен көз жеткізудің бір-бірімен байланысы.
ІІІ. Қосымша тапсырмалар
a) Ребус
b) Глоссарий
c) Тест тапсырмалары
d) Жағдаяттар
ІҮ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Педагог (грекше тәрбиеші) - дәрі беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс - әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс - әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан - жақты білімді, табанды еңбектің талап етеді деген мағынада түсінген жөн.
Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе - қоғамдық - тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды .
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас ...оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, психологиялық кедергінің пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ - педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы ретінде анықталады. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.

ІІ. Негізгі бөлім
a) Педагогтың оқушыларға, олардың ата - аналарына, әріптестеріне сөз арқылы көмек көрсету.
b) Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Сенім түрлері және оның жіктелуі.
c) Сенімнің сөздік формалары: Бұйрық, тәртіп, талқылау, әзіл-қалжың арқылы белгі беру.
d) Сенім мен көз жеткізудің бір-бірімен байланысы.

Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана айналысып қоймайды, оны философтар , социологтар,политологтарда жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушылары мен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальды (сөз) және вербальды емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты дейміз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп- тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине,қанша тәжірибелі мұғалім болсада балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек , жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:

Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым- қатынасқа түсуі қиын. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым- қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу себептері:

Әлеуметтік психология ғылымында Мұғалім - оқушы, Оқушы - мұғалім және Балалардың өзара қарым - қатынасы және қарым - қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым - қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым - қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзінлік себептері бар:
1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісікеліп, қарым - қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, тыныш отыр, немене, бәрін білесің бе?, әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың және т.с.с. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірмен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екенін де жасырын емес.
3. Оқушылардың іс - әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым - қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау - жанжал болып жатады. Қарым - қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден - бір жолы:
:: Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым - қатынас орнату;
:: Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл - күйінің болмауын қадағалау;
:: Қарым - қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
:: Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым - қатынас жасау;
:: Қарым - қатынаста дау - жанжалға жол бермеу;
:: Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
:: Қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым - қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
:: Қарым - қатынаста мұғалімнің оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі;
:: Сезімдік, әсерлік қарым - қатынаста болу.
Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіріп отыруды, мұғалімнен өз білімін дамытуды әрі шеберлігін шындауды, білімнің жаңалықтарын тез меңгеріп, оны өз қызметінде іске асыруды қажет етеді. Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық қамтамасыз етілумен байланысты, яғни, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігімен анықталады. Яғни, мұғалім сөзі - ақпарат таратушы құралы ретінде жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда ,оқушыға да, ата - анаға да мұғалім сөзі - екі жақты ортақ тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші құрал. Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулардан таза болуы шарт. Мұғалімнің өз ойын, оқыған, материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті - сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік шеберліктің маңызды элементі - сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беру үшін негізінен екінші сигнальды ( сөйлеу сипатында ) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі қарапайым тілмен түсінікті бере білуі керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ ) болса, сөйлеу ажарын кіргізеді, мақал - мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. Мақал - сөздің мәйегі - деген қазақ даналығы. В. А. Сухомлинский: Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың... - деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай - ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәләмай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін - өзі кінәләуі керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруі керек .
Педагогикалық өзара іс - әрекет - тәрбиеші мен тәрбиеленушінің олардың мінезін, іс - әрекетін, қатынасын өзара өзгерте алатын кездейсоқ немесе ойластырылған, жеке немесе жолпы, ұзақ немесе қысқа мерзімдік, сөздік немесе сөздік емес жеке байланысы. Екі жақтан да бірлескен іс - әрекеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген, өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен іс - әрекетке қатысушылардың бірінің жетістігі басқа қатысушылардың аса өнімді және мақсатты іс - әрекетін ынталандыратын немесе тежейтін бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік - бағытталған педагогикалық үдеріс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушы да өз білімдері мен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік, тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс - әрекетінде ғана үдеріс бола алады. Педагогикалық өзара іс - әрекет стратегиясы - мұғалім іс - әрекетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісіне перспективалық мақсаттарға жетуге арналып, бағытталған нұсқаулар; Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет.Бұл бәрінен бұрын педагог дайындайтын әр түрлі жоспарлар: күнтізбелік - тақырыптық, тәрбие жұмысы жоспары және т.б. жүйесінде іске асырылады. Әрбір оқушының бір - бірімен әңгімелесіп, сөйлеу үшін, өздері бір - біріне немесе мұғалімге және т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу - оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады. Рөлдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым - қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытуда рөлдік ойындардың берер көмегі өте көп. Жұппен жұмыс істеу, пікір алысу, логика - синтаксистік схемаларды пайдалану және т.б. әдістерді арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін сабақ барысында көп пайдаланамын. Мысалы, оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптар бойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарым - қатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс шаралар мысал бола алады:
1. Белгілі тақырып бойынша сұрақ - жауап түрінде пікір алысу.
2. Қосалқы әдеби материалдарға сүйене отырып, сөздік қорын байыту.
3. Жаңа сөздерді қолдана отырып, оқушының жеке сөйлеу тілін дамыту.
4. Топ ішіндегі қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Коммуникативтік оқытуда білім беру - оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым - қатынасын қалыптастыру деген сөз. Қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық құбылыс ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір - бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді. Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым - қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Кәсіби педагогикалық қарым - қатынас
1. Ақпараттық функция - қарым - қатынас арқылы әр түрлі тұрмыстық, оқу - әдістемелік, ізденушілік, ғылыми - зерттеу және т.б. ақпарат беру.
2. Тәрбиелік функция - адамдарды қоғамдағы мәдени және адамгершілік құндылықтарға қатынастыру;
3. Адамдардың бірі - бірін тану;
4. Әр түрлі әрекет барысында - оқу, өндіріс, ғылыми танымдық және т.б. - қызмет көрсету;
5. Адамдардың қажеттілігін септеу - (достық, қарым - қатынас, достармен, бірге оқыған оқушылармен кездестіру).
6. Бастамшылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері
Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым - қатынас нәтижесі
Педагогикалық озат тәжірибе
Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты
Пәндер