Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар


Бекітемін: Келісемін: «Қаралды»
Мектеп директоры Г. Құлмаханова Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Хаттама № « » 2023ж.
« » 2023 ж орынбасары К. Құлпайыстанова Бірлестік жетекшісі Ж. Шілдебаева
« » 2023 ж
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Сыныбы : 10 -сынып
Пәні : қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі : Шілдебаева Жанар
Сағат саны: 68 сағат, аптасына 2 сағат
Баспасы: «Атамұра» 2019 жыл Авторлары: А. С. Ақтанова, А. Қ. Жүндібаева, Л. К. Жұмекенова
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29767 болып тіркелген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі мектептер «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда:
• оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
• мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
• проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
• оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
• оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;
• оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
• оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер:
- Ауқымды контекст бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автор көзқарасын талдау;
- Жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналдыру) және оның әсерін бағалау;
- Рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кездесулер ұйымдастыру) ;
- Оқушылардың сөйлеу және сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, т. б. стратегияларды қолдану;
- Оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қатысымдық сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану.
- Оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК» (көңілділер, тапқырлар клубы) және т. б. арқылы монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау.
- Оқу үдерісінде түрлі үн, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық аппараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану.
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ
Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру. Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушыларға тиісті мінез-құлық ережелерін үйрету көпмәдениетті қоғамның әлеуметтік және кәсіби өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:
- басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға толеранттылық көрсете білу қасиеті;
- оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі;
- түрлі көзқарастарды талдай отырып, өзгенің пікірімен салыстыру арқылы өз ойын ашық жеткізу дағдысы;
- ұлттық мәдениетке, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарауға, сыйлай білуге үйрету;
- Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтауды қолдау дағдыларын қалыптастыру;
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ
Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі инновациялық дамыта оқыту моделіне жатады. Бұл оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын, тәні мен жанын, рухани қырларын біртұтас гармониялық жүйеде қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса маңызды болып табылады.
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінің білім алушылар мен педагогтердің қарым-қатынастарын табысты етіп ұйымдастырудың өзіндік ұстанымдары бар. Ол ұстанымдар мынадай:
• Іс-әрекет ұстанымы;
• Білім берудің тұлғалық-жанама сипатты ұстанымы;
• Белсенділік ұстанымы;
• Жүйелілік ұстанымы;
• Тұтастық ұстанымы;
• Дербестік ұстанымы;
• Диалогтік ұстанымы;
• Іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдерінің вариативтілігі ұстанымы;
• Саралай оқыту және даралай оқыту ұстанымдары.
Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтар ұйымдастыруда мына қағидаттарға сүйену керек:
1) тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтарда оқушының мектепке келмей тұрғанда-ақ қалыптаса бастайтын субъектілік өмірлік тәжірибесі бар тұлға ретіндегі жеке басының дербестігінің, жеке басы құндылығының, өзіндік болмысының басымдығы;
2) білім беру үдерісі - өзара байланысты болып келген екі құраушының, білім беруші мен білім алушының бірлігі;
3) білім беру үдерісін жобалауда білім алу барысын оқушының оқыту мазмұнында берілетін әлеуметтік маңызы бар нормативтерді қайта өзгерте отырып меңгеруін алдыңғы орынға қою басымдығы;
4) білім беру үдерісін құрастыруда және жүзеге асыруда әрбір оқушының тәжірибесін анықтаудың маңызы зор, сонымен қатар, оның әлеуметтенуін, оқу барысында қалыптасып жатқан тәсілдерді бақылау; түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы; білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына ұжымдық түрде бөлініскен іс-әрекеттің түрін арнайы ұйымдастыру;
5) білім беру үдерісінде оқыту үдерісінің ішкі мазмұнынан туындайтын ерекше бір «кездесу» болады. Ол қоғамдық-тарихи тәжірибе мен оқушының білім алу барысында жүзеге асыратын жеке басы тәжірибесінің кездесуі болып табылады.
6) тәжірибенің екі түрінің өзара әрекеттесуі олардың тұрақты келісім жолымен жүруі керек, сол арқылы оқушының таным субъектісі ретінде жинаған тәжірибесі енді оның жеке өміріне пайдаланылуы керек;
7) оқушының жеке тұлға ретінде даму барысы оның нормативтік іс-әрекетті игеру жолымен ғана емес, оқушының субъектілік тәжірибесінің өз басының әрі қарай дамуына қуат беретін маңызды бастау ретінде танылу жолымен де жүруіне байланысты;
8) білім алудың маңызды нәтижесі қажетті білім мен білікті игеру негізінде танымдық қабілеттердің қалыптасуы болып табылады.
Осы айтылғандардың барлығы тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтардың өзіндік ерекшелігін танытады. Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтар оқушылардың дүниенің мәнін өзінің көзқарасы тұрғысынан игеруі, ол көзқарастың мазмұны оның субъектілік тәжірибесінде жинақталған жеке тұлғалық мәністерден, құндылықтардан, қатынастардан тұрады. Оқушының осындай тәжірибесінің мазмұны сабақтарда мүмкіндігінше барынша ашылуы, барынша пайдаланылуы керек, қол жеткенше ғылым мазмұнға толығуы, ал керек болған жағдайда, білім беру үдерісінде өзгертіліп отырылуы керек.
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар. Сабақ - білім беру үдерісіндегі басты құраушы элемент. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың функциясы мен ұйымдастыру түрі өзгереді.
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақ білімдік ақпарат беру мен білімді тексеру сияқты дәстүрлі кезеңдерден ғана тұрмайды. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың ұстанатын басты бағдары - оқушы берілген білім мазмұнына деген өзінің көзқарасын, қатынасын білдіре алу тәжірибесі анықталады, қалыптастырылады, дамытылады.
Сөз жоқ, мұндай деңгейге жету үшін, яғни, оқушы өзінің жеке басының тәжірибесімен жұмыс жасауға дағдылануы үшін арнайы жаттықтыру талап етіледі. Мұғалім ол үшін тек пән мазмұнын ғана жеткізуші ретінде емес, әсіресе, сабақта берілген білім мазмұны бойынша оқушылар талдаулар жасауға дейін көтерілу жолын анықтаушы, белгілеуші ретінде танылады.
Сабақта полилог-сұхбат әдісін кең қолдана отырып, мұғалім оқушыларға өздері меңгеруі тиіс ғылым-білімді іздеу мен сұрыптау жұмыстарын жаппай және тең дәрежеде ұйымдастырып жүргізеді. Осындай жағдайда ұйымдастырылған сабақ қана оқушы үшін жеке тұлғалық тұрғыдан маңызды болып саналады.
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың, барлық сабақтардағыдай, білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары болады. Бірақ осыған қоса, тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың оқушының танымдық әрекетін туындату үшін қажетті жағдаяттар туғызуы аса үлкен орын алады. Оқушының танымдық әрекетін туындатуда оңтайлылығы анықталған мынадай педагогикалық жолдар бар:
• оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу әрекетін ұйымдастырудың түрліше формалары мен әдістерін қолдану;
• сыныптағы әрбір оқушының тақырып бойынша білім мазмұнына өз көзқарасын танытуға деген қызығушылығын, құлшынысы мен шабытын оятатын жағдай туғызу;
• оқушыларды өз ойын айтуға әрдайым ынталандырып отыру, тапсырмаларды орындауда қателесуден, қате жауаптар алудан қорықпауға дағдыландыру т. б.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту тілі қазақ тілінде) пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
11-сынып
(жаратылыстану-математика бағыты)
Жалпы орта білім беру деңгейінің 11-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.
Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz