Дәрумендердің негізгі көзі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04 - 01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік коғам
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аграрлық факультет

Ветеринарлық медицина кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыс тақырыбы: Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы, этиологиясы патогенезі, ем жүргізу, алдын алу, қорытынды
Пәні: Жануарлардың ішікі аурулары клиникалық балау

Мамандығы: 6B09111-Ветеринарлық медицина

Орындаған: Тілеуберген Назерке Құрманәліқызы Тобы: АП-19-8дк4
(студенттің аты жөні)

Жетекші: Қамбаров А.А.аға оқытушы
(оқытушының аты - жөні,ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс бағамен қорғалды
_______________________
(бағасы, күні)

- - - - ____ _________ 2023 ж.

Норма бақылау:

Орынбаева Б.М._________________
(аты - жөні,қолы)
Комиссия:

________________
(аты - жөні,қолы)

________________
(аты - жөні,қолы)

Шымкент - 2023 ж.

Ф.7.04 - 03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринарлық медицина кафедрасы

Бекітемін
Каф.меңгерушісі
Кузербаева А.Т. _________
_________2023ж.

№____Тапсырмасы
Жануарлардың ішікі аурулары клиникалық балау пәні бойынша курстық жұмыс

Студент Тілеуберген Назерке Құрманәліқызы Тобы: АП-19-8дк4
(тегі,аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы: Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы, этиологиясы патогенезі, ем жүргізу, алдын алу, қорытынды
Берілген мәліметтер:________________________ __________________________
___________________________________ _________________________________


Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
1
Кіріспе
1-2апта
2
2
Негізгі бөлім
3-10апта
7
3
Өзіндік зертеу бөлімі
11-12апта
7
4
Қорытынды
13апта
1
5
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
14апта
1

Барлығы

18
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қожабаев М. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары: Оқу құралы М.Қожабаев, Ш.Қаратаев - Шымкент, 2013.
2.Молдағұлов, М.А. Жануарлар ішкі аурулары: Оқулық 1-кітап М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков - Алматы, 2019.
3.Молдағұлов М.А. Жануарлар ішкі аурулары: Оқулық М.А. Молдағұлов [и др.]; Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті. - Алматы: Нұр-принт, 2013.

Тапсырма берілген күні _______________жұмысты қорғау күні ______________

Жұмыс жетекшісі ___________________________________ __ Қамбаров А.А.
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған_____________________Тіле уберген Н.Қ.

(күні, студенттің қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1Дәрумендердің негізгі көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Суда еритін дәрумендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Ит пен мысықты азықтандыру мөлшері мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.4 Авитаминоз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Гиповитаминозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Өзіндік зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Зерттеу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Proanamnesei ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Anamnesei vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Anamnesei morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Status praesenscommunis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6 Status praesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7 Diagnosie ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.8 Decursis therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.9 Epicrises ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
7
7
8
11
11
13
14
14
14
15
15
15
16
16
17
19
21
22

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы шалдыққан малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болады:
Аурудың белгілерін анықтау үшінит пен мысықты клиникалық тексеруден өткізу;
Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықта үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу.
Ауруды тудырған себептерді анықтау ( этиология);
Аурудың даму процесіне көңілаудару ( патогенез);
Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;
Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз);
Ауруға ем тағайындау (терапия);
Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).
Бұл жоспардың ішінде ауруды анықтау мен оның себептерін дәл табудың ауруды емдеу және сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы өте зор.
Витаминдер организмге дайын күйінде, немесе азықпен провитамин түрінде түседі. Өмірғе қажетті кейбір витаминдерді организмдегі ішек микрофлорасы да түзеді.
Витаминдердің жеткіліксіздіктерінен болатын аурулардыц себептерін бірнеше факторларға топтастыруға болады:
1. Экзогенді, немесе алиментарлы фактор. Витаминдер мен провитаминдердің қүстардың азығында жеткілікті түрдв болмауы;
2. Эндогенді факторларға әртүрлі аурулардыц салдарынан организмде болатын өзғерістердің витаминдердіц сіңірілуіне кедергі келтіруін және ауруларға қарсы жүйесіз қолданылған дөрілік заттардың (антибиотиктер, сульфаниламид препараттары) ішек микрофлорасыныц витаминдерді түзуге қатынасын әлсіретуін жатқызуга болады;
3. Салыстырмалы факторлар. Жылдам өсетін, жоғарғы өнім беретін қүстарға қалыпты жағдайдағы витаминдердіц мөлшері жеткіліксіз болады;
4. Нейро-гуморальды фактор. Әртүрлі себептердің әсерінен витаминдердің алмасуына нейро-гуморальдык реттеушіліктің бұзылуы.
Аурулардыц даму барысында барлық авитамнноздарға тән аурудыц даму сатыларын байқауға болады:
1. Клиникасы жоқ, латентті сатысы;
2. Барлық авитаминоздарга тән клиникалық белгілері білінетін сатысы;
3. Ерекше, әрбір ауруға тән клиникалық белгілері білінетін сатысы;
4. Шешілу сатысы - аурудыц аяқталуы.
Жеке витаминдердін жеткіліксіздіктерінен болатын аурулар тиісті бөлімде дәрістелетіндіктен, бұл жерде қустарда жиі кездесетін авитаминоздарды тек атап өтіп, олардыц айырыкша белгілеріне ғана тоқталғанды жөн көрдік.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминозжәне гиповитаминозы,этиологиясы патогенезі, ем жүргізу, алдын алу шаралары нақтыланады.
Жұмыстың мақсаты. Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы, этиологиясы патогенезі, ем жүргізу, алдын алу шараларын жүргізу.
Жұмыстың міндетері:
-Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы,ем жүргізу, алдын алу шараларын жөнінде арнайы материалдарды оқып-біле отырып, оның этиологиясына, патогенезіне, клиникалық белгілерін және онымен күресу жолдарын оқып-зерттеу.
-М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетіне қатысты Ветеринариялық клиникасында ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы, этиологиясы патогенезі, ем жүргізу, алдын алу шараларын ауырған бірнеше ит пен мысықтарға тексерулер мен зерттеулер жүргізіп, оны емдеу шараларын тағайындау.
Курстық жұмыстың нысаны мен әдістері. Курстық жұмыстың теориялық және эксперименталдық бөліктері М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетіне қатысты Ветеринариялық клиникасында жүргізілді. Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы алдын алу шараларын емдеп жазу мақсатында әр түрлі әдістерді қолдануға болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Ит пен мысықтардың суда еритін дәрумендердің авитаминоз және гиповитаминозы ауырымен ауырған ит пен мысықтардың емдеу әдістемесі әзірленіп қолданысқа ұсынылады.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу бөлім, қорытындан тұрады. Барлық алынған материал жалпы қабылданған биометриялық өңдеу әдісімен орындалған, компьютерде 14 пт шриптімен А-4 парағына 22 бетке терілген. Кесте саны - 1. Пайдаланған әдебиеттер 11 тізімнен тұрады.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Дәрумендердің негізгі көзі

Дәрумендер - аз мөлшерде жоғары биологиялық пәр-менді, ағзаның өмір сүруіне қажетті органикалық қосынды. Ағзаға азық-пен бірге дайын күйде немесе алдын-ала қалыптасқан пәрменді формада түседі.
Дәрумендер ферменттердің және коферменттердің құрамына кіреді. Олар әртүрлі химиялық құрылысты және қызметті болады.
Олар ағзада энергия көзі ретінде немесе құрылымдық элементтер ретінде қолданылмайды. Оның басты қызметі әртүрлі физологиялық процестердің жұмысын үдету және реттеу. Барлық дәрумендер азықта кездесетін. Олардың ерігіштігі және физиологиялық әсерімен жасушадағы зат алмасуға қатысуымен класқа бөлінеді.
Дәрумендер ерігіштігімен екі топқа бөлінеді: суда еритіндер және майда еритіндер. Оларды жасушадағы зат алмасудағы рөлі жөнінен биокаталикалық және индуктивті әсер ететін дәрумендер деп бөледі.
Биокаталикалық әсер ететін дәрумендер ферменттердің түзілуіне қатысады және олардың құрамына кіреді. Оларға В4 және В12-ден басқа В тобындағы дәрумендер кіреді. Индуктивті әсер ететін дәрумендер - бұл ұлпалардың дифференциациясын ұстап, жасушаның құрылымының реттілігін қамтамасыз етеді. Оған А, Д, Е, С дәрумендері және холин жатады. Бұл топтағы дәрумендер суда еритін В топтағы дәрумендермен ұқсас келеді. Көптеген В топтағы дәрумендер-энергетикалық метаболизм және биохимиялық реакциялардың қалыптасуына қатысады. В тобындағы дәрумендерге А, Д, Е және К, ал суда еритін дәрумендерге В тобы және С жатады. Организмде синтезделмейтін болғандықтан А, Д және Е дәрумендері ит және мысық мәзірінде тұрақты болуы шарт. К дәруменінің болуына аз көңіл бөлінеді, себебі ол ішек бактерияларымен ағзада синтезделеді.
Майда еритін дәрумендердің негізгі көзі бауыр, май, жұмыртқа сары уызы, дәнді дақылдар. Е дәруменінен басқа барлық дәрумендер өсімдік азықтарында провитамин түрінде кездеседі.
Итке қарағанда мысықтар провитамин бета-каротиннен А дәруменін синтездей алмайды. Сондықтан, мысықтар А дәруменін жануардан алынатын азық арқылы алу керек. К дәруменінен басқа майда еритін дәрумендер ағза қорында сақталады. Олардың жетіспеушілігі қордағы дәрумендер таусыуынан болады.
А дәрумені көру және есту қызметін реттейді. Ол сондай-ақ, эпителий жасушаларының өмір сүруіне және сүйектен өсуіне қажет. Бұдан басқа, А дәрумені жасуша дифференцияциясына және митоздың жылдамдауына әсер етеді.
Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуы мен сіңірілуіне, парат-гормонмен бірге сүйек және тіс кальцификациясына жауап береді.
Е дәрумені организмде актиоксиданттың қызметін атқарады және қалыптасу қызметін реттейді.
К дәрумені қанның дұрыс ұюына қажетті, жиі протромбиннің синтезіне керек.
Ағзаға А және Д дәруменінің шамадан тыс түсуі токсикалық нәтиже беруі мүмкін. Мысалы, ағзадағы Д дәрумені төрт есеге көбейсе, қандағы холестериннің мөлшері артады, ал одан да жоғары болса жұмсақ ұлпалардың кальцификациясы байқалады.
А дәруменінің токсикалық нәтижесі 50-100 есеге көтерілгенде байқалады.
Мәзір дайындағанда В тобындағы дәрумендердің болуына аса көңіл бөлінбейді, себебі, олар ішек микрофлорасында синтезделеді. В тобындағы дәрумен - ниацин жануар микрофлорасында синтезделеді, бірақ басқа дәрумендермен салыстырғанда мысықтың ағзасында ниацин синтезделмейді.
В тобының дәрумендерінің негізгі көзі - бауыр, ашытқы, жұмыртқа сары уызы және дәнді дақылдар.
В дәруменінен басқа суда еритін дәрумендер ағзада: бауырда қорға жинала алмайды.
В дәруменінің биологиялық рөлі - организмдегі метабализмді реттеу. Сондай-ақ, олар жануарлардың тәбетін реттейді.
С дәрумені ит пен мысықтың бауырында глюкозадан жеткілікті мөлшерде синтезделеді. С дәрумені өсімдікте, жемісте және көкөністе кездеседі. Жараның жазылуына және қылтамырдың қабырғасын бірқалыпты ұстауда, сондай-ақ жасушаларалық құрылымының түзілуіне, қан кету және құрқұлақтың болдырмауына С дәруменінің маңызы зор.
Суда еритін дәрумендердің ағзадан үнемі бөлініп отыруының нәтижесінде токсикалық әсері байқалмайды.

1.2 Суда еритін дәрумендер

В тобындағы дəрмендəрілердің химиялық құрамы мен физиологиялық əсерін көптеген ғалымдар зерттеген, сондықтан бір дəрмендəрінің бірнеше аты бар. Бұл дəрмендəрілер көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді де, организмдегі зат алмасу процесін реттеуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, никотин қышқылының амиді тотығу процесін жүргізетін ферменттердің құрамына кіреді. Тиамин фосфор қышқылымен қосылған соң пирожүзім қышқылын карбоксилсіздеу процесіне қатысады. В тобындағы дəрмендəрінің біреуі ғана жетіспегеннің өзінде организмдегі биохимиялық реак- циялар өзгеріп, түрлі аурулар: терінің қабынуы, көз бен ас қорыту ағзаларының аурулары, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, көбею органдары қызметінің нашарлауы, антиденелер түзілуінің баяулап, организмнің қорғаушы қабілетінің төмендеуі, т.б. байқалады.
Дəрмендəрілердің бұл тобына В1, В2, В6, РР, биотин, пара-аминді бензой қышқылы, пантотен қышқылы, инозитол, холин, фоли қышқылы, В12 жəне В15 дəрмендəрілері жатады.
В1 дəрмендəрісі (тиамин, аневрин) жетіспесе бери-бери (по- линеврит) ауруы қозады. Бұл аурудың алғашқы сатысында жүйке, жүйесінің қызметі бұзылады, жүрек жұмысы, ас қорыту ағзаларының қызметі нашарлайды, салмақ азаяды, қан мен несеп құрамында пирожүзім қышқылының мөлшері артады. Ауру асқынса, шеткі жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, сал ауруына, демікпеге соқтырады. Бұл ауру құрамында В1 дəрмендəрісі шамалы ақталған күрішпен тамақтанатын Жапония, Үндістан, Индонезия, Үндіқытай халықтарының арасында кең етек алған. В1 дəрмендəрісі бидай мен күріш кебегінде, дəнді дақылдар тұқымында, жұмыртқада, етте, бұршақ дақылдарында, ашытқыда өте көп кездеседі.В1 дəрмендəрісі майды, өсімдік пен микроорганизмдерде көмірсуларды түрлендіру процесінде маңызды рөл атқарады. Оның себебі, ол көмірсулар диссимиляциясы кезінде пайда болатын пирожүзім қышқылының ыдырауын жандандыратын пируватдекарбоксилазаның құрамына кіреді. Пирожүзім қышқылының карбоксилсізденуі кезінде анаэробтық жағдайда тірі жүйе үшін энергия көзі болып табылатын лимон қышқылы түзіледі. Осы себепті тиамин тапшылығы кезінде торшалардың тіршілік əрекеті бұзылады. Тиамин ацетилхолинді ыдырататын холинэ- страза ферментінің əсерін бөгейді.
Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал жануарлар мен адамдарда ондай қабілет жоқ. Сондықтан жылқы, шошқа, қоян азық құрамында бұл дəрмендəріні қабылдап отыруы керек. Күйіс малы тиаминге мұқтаж болмайды, себебі мес қарын микроорганизмдері оларды жеткілікті мөлшерде синтездейді. Жылқы мен шошқаның тиаминге тəуліктік сұранысы массасының əрбір 100 кг шаққанда тиісінше, 3-5 жəне 2-4 мг.
В2 дəрмендəрісі (рибофлавин) кейбір сары түсті ферменттердің құрамына кіретін флавин тектес заттарға жатады. Ол өсімдік құрамында, жануарлар мен микроорганизмдер денесінде кең тараған. Рибофлавин балғын азықтар мен капуста құрамында, ашытқыларда, бауырда, жұмыртқада, бүйректе.
В3 дəрмендəрісі (пантотен қышқылы) А коферментінің құрамына енеді, оның қатысуымен организмде зат алмасу кезінде пайда болатын сірке қышқылы мен басқа да қышқылдар қалдықтары белсендіріліп, лимон қышқылы, стеролдар, глицеридтер жəне басқа көптеген қосылыстар синтезделеді. Жануарлар ұлпалары мен бактериялар денесінде пантотен қышқылы А коферменті түрінде кездеседі. Ол бауырда, бүйрек үсті бездерінде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, бүйректе көп жинақталады.
В4 дəрмендəрісі (холин) лецитиндер құрамында болады. Ол көп мөлшерде жас жапырақтарда, ашытқыларда, дəнді дақылдарда, күнжарада, бауырда, балық жəне ет ұнында кездеседі.
В5 дəрмендəрісі (никотин қышқылы, РР дəрмендəрісі) тотығу- тотықсыздану дегидрогеназасының құрамына еніп, тотығатын органикалық заттардан сутегінің бөлінуін жандандырады. Ол қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің бөлінуін өршітіп, жүрек жұмысын жиілетіп, шеткі тамырлар арнасын кеңейтеді, эритроциттердің түзілуін жақсартып, бауырдың қызметін реттейді, көмірсулар мен майлардың алмасу процесіне əсер етеді.
Никотин қышқылы ашытқыларда, кебекте, бидай ұрығында жəне жануарлардың ішкі ағзаларында (бүйректе, бауырда) көп жинақталады. Кейбір жануарлар ұлпаларында ол триптофан амин қышқылынан синтезделеді.
В6 дəрмендəрісі (пиридоксин) өсімдік құрамында да, жануарлар организмдерінде де кеңінен тараған. Ол амин қышқылдарын карбоксилсіздендіретін, көмір қышқыл газын ажырата отырып ыдырататын, қайта аминдеу реакцияларын өршітетін ферменттер құрамына енеді. Сондықтан пиридоксин жетіспегенде белок синтезі бұзылып, малдың өсуі баяулайды, қан плазмасы құрамындағы кейбір белоктар мен гемоглобиннің түзілуі нашар- лайды.
Р дəрмендəрісі (цитрин) өсімдік əлемінде кең таралған глюкозидтер - рутин мен гесперидин, шай жапырағы мен жүзім құрамындағы таннин сияқты заттардың кешені. Қара қарақаттан алынатын концентратта да Р дəрмендəрісі мол болады. Цитрин капиллярлар қабырғасын нығайтады.
Н дəрмендəрісі (биотин) орталық жүйке жүйесінің қызметін реттеуге, белок, көмірсу жəне май алмасуларына қатысады. Ол ферменттердің белсенді тобының құрамына еніп, аспарагин қышқылы, серин, треонин өзгерісіне, май қышқылдарын карбоксилдеу процесіне қатысады. Вс дəрмендəрісі (фоли қышқылы) антианемиялық жəне өсу факторы болып табылады. Ол жапырақтан бөлініп алынған (латынша - folіum- жапырақ), сондықтан оны осылай атаған.
Фоли қышқылы тиамин мен метионин, қан түйіршіктері мен метил топтарын түзуге қатысады, бауырды шырланудан сақтайды. Сонымен қатар ол тимин мен тимидин, пуриндер түзу, глициннің серинге айналу процестеріне, гистидиннің ыдырауына қатысады. Ол жанама жолмен ас қорыту ағзаларының кілегейлі қабығының қалыпты қызметі үшін қажет пантотен жəне никотин қышқылдары ферменттерінің түзілуін жандандырады.
В12 дəрмендəрісі (цианкобаламин) молекулалық құрамында металл бар жалғыз дəрмендəрі. Оның құрамында 4,5 % кобальт болады. Цианкобаламин қанның түзілуін реттейді, организмде өсімдік белоктарының пайдаланылу деңгейін арттырады. Ол жетіспеген жағдайда сүйек кемігінде дамып жетілмеген қан түйіршіктерінің саны көбейеді, олар қан айналымына қосылмайды, организмде қан азаяды (организм қатерлі анемияға шалдығады). Бұл дəрмендəріні қанға еккенде қан түйіршіктері тез жетіліп, қанға өте бастайды.
В15 дəрмендəрісі (пангам қышқылы) липотроптық əсер етеді, тотығу процестерін жандандырады, бауырды май басудан сақтайды, бұлшық ет үшін қуат көзі болып табылатын креатинфосфаттың түзілуін жақсартады.
С дəрмендəрісі (аскорбин қышқылы) аргиназа, амилаза, торша протеоазасы əрекетін жандандырып, бүйрек үсті безінің стероидты гормондарын, ДНК-ны түзуге қатысады, дəнекер ұлпаларда коллагеннің, бауырда гликогеннің түзілуін жақсартып, қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, тирозиннің тотығуын шапшаңдатады. Азықта ұзақ уақыт С дəрмендəрісі болмаса организм құрқұлақ (цинга) дертіне шалдығады: қызыл иек ісініп, қанайды, тері мен ет қанталайды, буындар ісінеді, мал берген азықтан бас тартып, өліп те кетеді.
1.3 Ит пен мысықты азықтандыру мөлшері мен құрамы

Үй жануарларының жақсы денсаулығы, ұрпақ өнімі және өмір сүру ұзақтығы дұрыс тамақтану және оның құрамына байланысты.Бұл үшін арнайы азықтандыру мәзірінің теңгерімін құрастыру керек және келесі сұраныстарға жауап беретін азықтандыруды ұйымдастыру қажет.
Жануардың жасына, жынысына және физиологиялық жағдайына сәйкес онда энергия мен қоректік заттар болуы;
Мәзір ингридиентінде қажетті мөлшерде қоректік заттардың болуы;
Мәзір түрі және оның сапалық көрсеткіші;
Сәйкес ұйымдастыру мен азықтандыру техникасы;
Азықтық толықтығы мен бағасы бақылау. Жан-жақты тексеру мен зерттеулер нәтижесінде жануар ағзасына энергияның орын баспайтын қоректік заттардың өмір сүру үшін қажетті екені дәлелденген. Азықтандыруды ұйымдастыру кезінде барлық қоректік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлар және олардың тамақтанудағы маңызы
Дәрумендерге жалпы сипаттама
Құстардың полигиповитаминоз аурулары
Дәрумендер
Дәрумендер және олардың жіктелуі
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы.Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі.Дәрумендердің жіктелуі
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі
Майда еритін дәрумендер тобы
Тамақтану туралы түсінік
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі
Пәндер