Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Лекция 4.
1.Тақырыбы: Химиялық байланыс. БЖБ
2.Мақсаты: H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру;
донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау; BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру;

3.Дәріс тезистері
Химиялық байланыс - атомдардың бір-бірімен жай және күрделі заттар түзіп
қосылатынын айтамыз. Онда әр түрлі химиялық байланыс түзіледі: ионды,
ковалентті (полюсті және полюссіз), металдық және сутектік. Атомдар
арасында ионды немесе ковалентті байланыстың қайсысы түзілетінін анықтайтын
элемент атомдарының ең негізгі қасиеттерінің бірі - терісэлектрлік,
яғни атомдардың қосылыстарда өзіне электрондарды тарту бейімділігі.
Ковалентті химиялық байланыста -- әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Мысалы, сутек молекуласы атомдары арасында бір (Н:Н), оттек молекуласында қос (:О::О:), азот молекуласында үш (:N:::N:) еселенген ковалентті Химиялық байланыс бар. Ковалентті Химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді. Полюсті молекулада Химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электр терістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь моменті арқылы көрсетіледі. Полюстік молекулалардың қайнау және балқу температурасы төмен, полюсті еріткіштерде үйектеліп иондарға ыдырайды. Полюссіз ковалентті Химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасқан. Полюссіз Химиялық байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу температуралары төмен, полюсті еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.

Кез келген химиялық байланыс түзілгенде жүйенің энергиясы төмендейді. Химиялық байланыс түзілгенде атомдардың алғашқы және соңғы күйлерінің энергияларының айырымы байланыс энергиясы деп аталады, оның мәні 125-1050кДжмоль арасында болады. Екі атом ядроларының арасы байланыс ұзындығы деп аталады және d деп белгіленеді. Ортақ электрондар жұбын сызықпен де белгілейді. Байланыстың еселігі артқан сайын байланыс ұзындығы азайып, байланыс энергиясы артады: С - С, С=С, СºС сәйкесінше (нм және кДж) 0,154 және 348; 0,135 және 598; 0,120 және 838. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығу, бағытталу және поляризациялану. Ковалентті байланыстың қанығуын элемент атомындағы жұптаспаған.
Коваленттік байланыс - ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің үрдісін көбінесе схема түрінде береді, ондағы электрондар нүктемен белгіленген. Егер атомдардың арасында бір коваленттік байланыс болса (жалғыз ортақ электрондық жұп), онда ол дара, егер екеу болса, қос (екі ортақ электрондық жұп), үштік (үш ортақ электрондық жұп) деп аталады. Н2 затын құратын ковалентті байланы екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар. Коваленттік байланысты екі түрге бөледі: полярлы және полярлы емес. Полярлы емес коваленттік байланыстың электрон бұлттары ортақ электрон жұбымен құрылған, яғни электрондық байланыс бұлттары екі атом ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы орналасқан. Полярлы емес коваленттік байланыс бейметалдарда пайда болады және металл жұптарында, химиялық элементтің бір атомынан: Н2, О2, О3, Н2,және басқалары құрылса, полярлы коваленттік байланыстың электрон бұлттары электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысқан (НСl, H2О, H2S, NH3 және т.б). Бұл байланыс екі түрлі механизм бойынша түзіледі: алмасу механизмі - әр элемент байланысқа өзінің электронын береді, мысалы, сутегі молекуласы түзілуі
Н· + ·Н -- Н : Н;
Донорлы-акцепторлық механизм - бір атомның электрон жұбы (донор) ортақ болады, ал екінші атомнан бос (□) орбитал (акцептор) болады:
□Н+ + :NH3 -- NH+4
Коваленттік байланыстың негізгі қасиеттеріне қанығуы, полюстенуі, бағытталуы жатады. Коваленттік байланыстың қанығуы әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен анықталады. Химиялық байланыстың ерекшелігі - қанығуға қабілеті бар, яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады. Қанығуына сай молекулалық байланыстың да белгілі құрамы болады. Сондықтан, Н2, НСl, Н2О, BCl3,CH4 сияқты молекулалардағы байланыстар қаныққан, яғни атомдардың барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық байланыстың табиғаты
Химиялық байланыстар және қасиеттері
Химиялық байланыс
Квант саны
Химиялық байланыстар жайында
А. М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Органикалық химиядағы байланыс түрлері
Химиялық реакция теңдеуі
Ковалентті байланыс
Молекуланың кеңістіктегі құрылысы
Зат ұғымы
Пәндер