Ақша және инфляция


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3

1 АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ

1. 1 Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі және оның түрлері . . . 5

1. 2 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы . . . 13

1. 3 Инфляцияның табиғаты және оның ақшамен өзара байланысы . . . 17

2 ҚАРЖЫ СФЕРАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ

2. 1 Инфляцияның мәні және оның себептері . . . 22

2. 2 Инфляцияға қарсы саясат шаралары . . . 26

3 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ

3. 1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері . . . 30

3. 2 Инфляциялық таргеттеу қағидалары және трансмиссиялық механизм . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Жер бетінде ХХ ғасырдың екінші жартысында болмаған елдер дерлік жоқ. Инфляция бұрынғы нарықтық экономика дертінің орнына келгендей болды, бұл дерт әлсіздене бастады. Инфляция ақша айналымына тән болды: Ресейде - 1769 жылдан 1895 жылға дейін (1843-1853 жылдарды есептемегенде) ; АҚШ - тәуелсіздік үшін соғыстың кезеңінде 1775-1783 жж. және 1861-1865 жылдардағы Англияның азамат соғысы жылдарында және ІХХ ғасырдың басында Наполеонмен соғысында, 1789-1791 жылдардағы Франциядағы француз революциясы кезеңінде. әсіресе инфляция жоғары қарқынға Германиядағы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жетті. Бұл кезде 1923 жылды күзінде айналындағы ақша массасы 496 квинтиллион маркаға жетті, ал ақша бірлігі триллион рет қонсызданды.

Осы жоғарыда келтірілген тарихи мысалдар инфляцияның осы заманның баламасы болмағанын дәлелдейді, яғни ол бұрынғы кезде де орын алды.

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар болады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастар тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объктивтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгiленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құрала бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. «Айырбас құн тауарларды өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша. ”

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр-бiрiне ауысады. /1/

Ақша - қазiргi экономикалық өмiрiнде мемлекеттiк субъектiнiң басты феноменi болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдар осы мәселеге көп көңiл бөлген. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - сол мәселенi жан-жақтан қарастыру. Бiрiншiден, инфляцияның мәнi және түсiнiгi ашып көрсіетіледі. Инфляция - ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады. /2/

Қазіргі инфляцияға келесі тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: яғни егер бұрын инфляцияның жергілікті сипаты болса, ал қазір - жаппай, жалпы қамтылған; егер бұрын үлкен және кіші кезеңдерді қамтыған болса, яғни оның кезеңдік сипаты болса, онда қазір ол созылмалы; қазіргі инфляция тек ақшаның ғана емес, сонымен бірге ақша әсерінің ықпалында тұр.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Зерттеу нысаны: Ақша және инфляция.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндетіне сәйкес келеді.

Қорыта келгенде: қазіргі инфляция көптеген әсерлердің ықпалын бастан кешіреді. Осы курстық жұмыста көптеген сұрақтарға жауап алып, қазіргі инфляцияның және оған қарсы қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы білуге болады. Сондай-ақ Қазақстандық инфляцияның ерекшеліктері туралы, Ұлттық Банктің және үкіметтің инфляцияға қарсы саясатын көруге болады.

I. АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ

1. 1 Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі және оның түрлері

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі - зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. /1/

Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас - бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бұл тауарды екінші бір таурға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындал-ғандығын, яғни екі тауардыңда құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнның(1 мал=1 қап бидайға) ұғымы туындайды. /2/

Айырбас құны - бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натурал шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жан-ұясының қажетін да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес. Демек, айыпбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, құнның алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 1құмыра) .

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т. б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Яғни айырбас құнның екінші формасы қалыптаса бастады. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда, көбіне бір тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Тауарлар айырбасының дамуы құнның үшінші формасы - бұл құнның жалпылама формасы қалыптаса бастады. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақашалрда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (мал) сөзінен шыққан. “Рупа”(мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды.

Сонымен қатар ақша ретінде сонау Ежелгі Спарта кезеңдерінде басқада металдарды да пайдалына бастады. Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын пайдаланылды.

Металл ақшалардың артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т. б. Металл ақшалардың кең таралуына ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы сапаға ие болды.

Құнның жалпы балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар - ақшалай формасы қалыптасты. Құның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: алтын және күміс атқарды. Сонымен ақша дегеніміз - бұл барлық тауарлардың құнын бейнелейтін, жалпыға балама ретінде пайдаланылатын ерекше тауарды білдіреді. Әрине металлдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шынжыр, және т. б. формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “ бір уыс шеге” деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, білезік түрінде пайдаланылды. /3/

Бірақ б. э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастады. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фует) салмақ бірліктері атауымен аталады.

Ақша объективті қажетті тауарлар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.

Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама ролі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады.

Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамын келген экономикалық категория болып табылады.

Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан көрінеді:

-жалпыға тікелей айырбасталу формасысы;

-айырбас құнның дербес формасы;

-еңбек өлшемінің сыртқы заттай (материалдану) формасы.

Ақшаның жалпыға тікелей айырбасталу формасы ретіндегі қасиетті, ақшаның кез келген материалдық бағалы затқа тікелей айырбасталатынын сипаттайды Кеңес үкіметі кезеңінде бұл мүмкіндік тар көлемде, яғни тек қоғамдық жиынтық өнімді бөлу және пайдалану процесінде ғана қолданылған. Себебі, ол уақытта кәсіпорын, жер, орман, жер қойнауын және т. б. сату мүмкін емес болатын. Қазіргі кезде жекешелендіру процесі басталғалы бері, ақшаның бұл қасиетінің қамтитын ауқымы біршама кеңейе түскен. /5/

Ақшаның айырбас құнның дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды сатумен тікелей байланысты емес. Бұл формасында ақша, несие беру, қарыз өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды әр түрлі жолдармен қаржыландыруда Ұлттық банктің несиелік ресурстарын коммерциялық банктерге сатуы барысында және т. б. жағдайларда қолданылады.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді. /10/

Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері - қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар - бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.

Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы болып табылады.

Алғашқы монеталар VII ғасырда б. э. б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX - X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

-алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

-жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

-алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар жатады:

-құнның металлдық белгілері - арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;

-құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:

-металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

-металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

-бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;

-эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;

-қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б. э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы. . Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы. . Австрияда және 1769 жылы. . Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т. б. ) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. . ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді. /11/

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні - ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады. /6/

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.

Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) - вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР қолдану ерекшеліктері
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz