Діни сана сақталуы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Теология факультеті
БӨЖ
Тақырып: Діни сана психологиялық құбылыс ретінде
Пәні: Дін психолгиясы
Қабылдаған: Төлегенов М
Орындаған: Омарқызы Диана
Тобы:ТТО-011
Түркістан 2021
Жоспар
I. Негізгі бөлім
1. Діни сана
2. Дінге анықтама
3. Діни сана ерекшелігі
4. Діни сана сақталуы
II Қорытынды
Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенiмен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына дiни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсiнiктердiң, сезiмдердiң, көңіл күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату iсiмен діни ұйымдар, дінбасылар, діни Қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды белiгi болып теология есептеледі, ол Құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі
Дінге деген анықтамаға келетін болсақ, ол күрделi iс жэне осы кезге дейін беделді де, бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір діни және ғылыми өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды Философия лық тілмен айтканда, дiнге иррационалды (санага сыйымсыз, логиканын занына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санага сыйымды) түрғыдан анықтама беруге болады. Соңғы жылдары дiнге деген әралуан кезқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми жэне мәдениеттің салалары.
Діни сананың ерекшелігі - оның сенімге негізделуі. Діни сананы фантастикалық елестердің шынайы келбеті ретінде де анықтауға болады. Діни сананың негізгі қырлары болып сезімдік көрнекіліктер, мазмұнның адекватты шынайылығының елес, сенім, нышан, эмоционалды толыққандылығы мен бірігуі табылады. Діни сананың негізгі біріктіруші элементі болып діни сенім табылады. Сенім адамның ерекше эмоционалдық- психологиялық күйі және сонымен қатар барлық адамзатқа тән оның қоршаған ортадағы белгілі бір құбылыстарға деген қарым-қатынасы. Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дінді білмейтін халық жоқ. Яғни діни сананың пайда болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты. Діни сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы элемент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды
Діни сана - ол адамның белгілі бір діни идеялар мен құндылықтарға қатысы болуы, сонымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Діни сана адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде және түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Бұл адамның діни қарым- қатынастар жүйесіне кіріктірілуі мен діни идеялар, құндылықтар, эмоционалды нормаларды қабылдау арқылы жүреді. Көп жағдайда діни сана отбасылық орта (діни отбасындағы тәрбие) мен айналасындағылардың, сонымен қатар дінді үгіттеушілердің және т. б. әсері арқылы қалыптасады. Кей жағдайда адам ішкі күйзеліс (немесе дағдарыс) нәтижесінде эмоционалдық және психологиялық таңдауы арқылы «сенушілер» қатарына қосылып жатады. Мұнда көп нәрсе тұлғаның индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Бұл процесті діни тәжірибе деп атайды. Қоғам мен мемлекетімізге әлемнің ғылыми бейнесін елестете алатын, білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар адамдардың санасын қажетті адамгершілік шеңберінде ұстап тұрушы рөлін атқаратын дін де сақталып келеді. Дін сенушілердің мінез-құлқын белгілі бір деңгейде анықтайды. Қазіргі ғылым діннің негізгі догмаларын жоққа шығарады. Бірақ дін өзгеріп тұратын жағдайларға иілгіш және тез бейімделеді. Діни сананың сақталу себебі болып ғасырлар бойы сақталып келген және адамдардың тұрмысына толығымен енген дәстүрлердің тұрақты болуы да табылады. Үлкен рөлге адамдардың өміріндегі маңызды жағдайлармен байланысты діни орындарда өтетін салт-жораларға ие (адамның дүниеге келуі, үйлену тойы және т. б. ) .
Діни сананың сақталуы салттық мәдениеттің эстетикалық тартымдылығымен, діни сезімдердің эмоцияға толы болуымен, мейірімділік пен әділеттілікке деген сенім сезімдерімен байланысты. Діннің сақталуына және кеңейтілген әсеріне адамдардың жүректеріне жол іздеуге тырысатын діни ұйымдардың (мешіт, медресе) белсенді іс-әрекеті септігін тигізеді. Мұндай жағдайда бейімделгіш және нақты әдістер қолданылады.
Діни сана дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін. Сөзсіз, қоғамның діни санасы индивидуалды діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам жабайылықты жеңе отырып, өз дамуының маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдар ар-ұят еркіндігі принципі сақталуда.
Діни сана туралы ойды қорытындылай келе, дін сананың басқа да түрлері сияқты қоғамдық қажеттілікке жауап ретінде пайда болған және ол оған деген сұраныс қаншалықты бар болса, соншалықты өмір сүретіні анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz