Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы
МАЗМҰНЫ Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі ... ... ... ... ... ...6
3. X - XII ғасырлардағы Жібек жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
4. Сауда және тауар алмасу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .9
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..10 Кіріспе
Жібек жолы деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен - әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар, міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік. 629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халықаралық жолмен жүрді. Чаньаннан шыққан көпестер керуенiмен бiрге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, Ұлы Айдаһар шағылдары деген атпен мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шаньның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері Мөлдіреген Көгілдір көлге жеткен. Оны Қайнаған көл деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенiн бiлу қиын емес. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейiн созылып жаткан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: Бұл жатжерліктердің жылқылары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бiр чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жiберiлген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киiм және жұмсақ бас киiм киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мiнiп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес. Өзiне каған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жiбек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киiм жиынтығы мен елу тай жiбек алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жiбек ерiктi болсын, ерiксiз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан іске қосылғаны туралы сұраққа осы кезге дейін түрлі жауап қайтарылады. Егер Жібек жолының жекелеген учаскелердің түп-негiзi туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б.з.б. III - II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенiнiң жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кенiштерiнен кен казылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндiрiлген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. I мыңжылдықтың орта шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады. Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңiзiмен және Үндістанмен жалғастырған Көктас жолымен қатар Шығыс Түркістанды Қытаймен байланыстырған Нефрит жолы да болды. Б.з.б. I мыңжылдықтың орта шенінде Дала жолы жандана бастады, егер тарихтың атасы Геродоттың суреттеуiне ден қойсақ, оның мынадай бағыты айқын болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан соң Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған. Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б.з.б. І мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты. Матаның мезгілі -- б.з.б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді. Б.з.б. VI -- V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық патшалық обаларының б.з.б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б.з.б. VI-V ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты. Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI-IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінiң үлкен иiндерiнен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңiрi далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады. Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны сина патто - қытай жібегі деген сөз дәлелдейді.
1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Осы тарихи жолдың жібек саудасына байланысты Жібек жолы атанғаны белгілі. Ұлы сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерінің байланыстырып жатуынан. Сондықтан Ұлы Жібек жолы болып тарихқа енді. Б.з.б II - I ғасырларда Үйсін мен Қытай мемлекеттерi арасында сауда-саттық қатынас болған. VII ғасырда Батыс түрік қағандары мен нөкерлері жібек шапандар киген. VII ғасырда жібек матасы бүкіл Еуразияға танымал болды. Қытайдың Хуанхэ өзенінен бастау алып, Гоби шөлі арқылы Іле өзені мен Ыстықкөлде екіге бөлінеді. Б.з.б I ғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқыларын сатты. Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі: қытай немесе болгар бұрышы. Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саяхатшылық құруға қажетті құстар сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған. Жiбек өндiру б.з. I ғ . алғашқы кезiнде Византия, Соғды сияқты елдерде де игеріле бастаған. Соғдыда жiбек өндiрудiң дамығаны сонша - жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Соғды тілінде жазылған қолжазба Жiбек жолы арқылы жеткiзiлiп осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония (Нара қаласы) болды. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуiне тигізген ықпалы: Сауда кезiнде жол бойындағы елдердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан байланысқа түседі. Археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің колынан шыққан тамаша күмiс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Қытайдың әдемі фарфордан жасалған , көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым - қатынасты дамытудағы тарихи маңызы Жiбек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойган жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық қарым-қатынастың дамуына да өзiнiң үлкен пайдасын тигізген. Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі: б.з.б. II ғ. ортасы. Қытай императоры У-Ди 138 ж. Батыс елдеріне қарай аттандырған елшiлiк 13 жылдан кейін оралған.
2. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемі
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы. Қазақ жері Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы іспеттес. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Ол Тараз қаласы арқылы Алматыға жеткен. Ал екiншi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz