Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға жəне



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ресей Медициналық Университеті
Жалпы медицина факультеті
Орындаған: Бердіхан Әділбек
Қабылдаушы: Өтеуова Ұлдана Дастанқызы

БОӨЖ
МФ 2023

Реферат

ЭКГ-ні тіркеу және талдау қағидалары
I.КІРІСПЕ. Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық жəне минуттық
көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - əр
жиырылу кезінде сəйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын
қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне,
миокард күйіне жəне ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы
ересек сау адамның əр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70 -- 80
мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге
қанның 120 -- 160 мл көлемі келіп түседі. Жүректің минуттық көлемі
дегеніміз - жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып
шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.
Жүректің систолалық жəне минуттық көлемі қанайналымның барлық
аппаратының қызметін сипаттайды.Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің
(жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мəліметтері бойынша
дəрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.
Осы берілгендерге жеке тоқталайық:
1. Жоғарғы ұшының соққысы.
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып,
айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші
қабырғааралық аймақта кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте
тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын
көруге болады (көтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын
анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.
2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық
құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық жəне диастолалық.
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы
клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде
атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары)
мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен
қатар І- ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы
кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық
ерекшеліктері бойынша І - тон- созыңқы жəне төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында
протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде
пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық
құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша
ІІ- ші тон қысқа жəне жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын
электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің
биопотенциалдары деп атайды жəне олар электрокардиографтың көмегімен
алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 2.1 Жүректің өткізгіштік жүйесінің функциялары
Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің
көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нəтижесі болып табылады
жəне ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы жəне
электротонды өзара əсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше
түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш
миокардқа беріледі.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі əр жасушаның қозуды өздігінен
өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 серпіністерді
өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына
қарай оның əртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін
өрнектейтін автоматия градиенті бар болады.
Əдеттегі жағдайларда өткізгіштік жүйенің барлық төмен орналасқан
бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйіншегінен келетін жиі
серпіністермен жойылады. Осы түйіншектің зақымдануы не істен шығуы
кезінде жүрекше- қарынша түйіншегі ырғақты басқарушы бола алады. Осы
кезде серпіністер минутына 40-50 рет пайда болады. Егер осы түйіншек
өшетін болса, онда жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры)
талшықтары ырғақты басқарушы болып табылады.
Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды. Егер
осы ырғақты басқарушы да істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье
талшықтарының жасушаларында спонтанды пайда болуы мүмкін. Осы кезде
жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20 рет.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында
жасушааралық контактінің - нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы
контактілер қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып
табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды
жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке
жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас түрінде жұмыс жасайды.
Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының
сенімділігін арттырады.
Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы
таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді.
Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше -
қарынша түйіншектері арасында, жəне де оң жəне сол жүрекшелер арасында
арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың
таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу
жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының
кішкене қалындығы жəне олардың ерекше тəсілмен бірігуі арқасында
жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады.
Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше - қарынша шоғырына жəне жүректің
өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер
бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып
үлгергеннен кейін ғана жетеді.
Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен
қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше -
қарынша шоғырында жəне диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішіті
миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 мс-ке жетеді, ол жұмыс
миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының
арқасында қарыншалар миокарды жасушаларының жиырылуы бір мезгілде
өтеді, яғни синхронды .Жасушалардың жиырылу синхрондылығы
миокардтың қуатын арттырады жəне қарыншалардың ығыстырушы
қызметінің эффективтілігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры
арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни
диффузиялы, онда асинхронды жиырылу периоды біршама ұзақ болушы еді,
миокард жасушаларының жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп
қатысушы еді жəне қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді.
Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды
физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:
1) серпіністердің ырғақты өндірілуін (əрекет потенциалы);
2) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын
(координациясын);
3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды
қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады).
2.2 Электрокардиограмма
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы
жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек
қуатты электр генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар
дене ұлпалары жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге
мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен,
А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин жəне т.б. ұсынған осындай əдістемесі
электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін
қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография
жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға жəне ЭКГ-ң өзгеруі кезінде
жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең
таралған диагностикалық əдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы
құралдар - электронды қүшейткіштері жəне осцилографтары бар
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз
жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі жəне алыстағы
зерттелетін объектіден
ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар
деп аталады жəне олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны
арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тəсілмен жарыс
кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың жəне т.б ЭКГ-сы
тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың
телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы
арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы жəне адам денесінің өзіндік
бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) жəне қозбаған бөліктері
арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде
бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне
байланысты ЭКГ түрі жəне оның тістерінің вольтажы əртүрлі болады.
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі
(тармағы) жүргізіледі. Əдетте үш түрлі стандартты тіркелім əдісі
қолданылады:
І-тіркелім: оң қол - сол қол;
ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ;
ІІІ-тіркелім: сол қол - сол аяқ .
Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар
тіркеледі: aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін
қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде
біріктіріп, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы
потенциалдар айырмасы тіркеледі. Мысалы, aVR кезінде оң қолға байланған
электрод белсенді болып табылады, ол aVL кезінде- сол қолға, aVFкезінде-
сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады. Вильсон кеудеде 6
тіркелімді тіркеуді ұсынды
Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын
Эйтховен тағайындаған. Ол II - ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің
электр қозғаушы күшінің I- ші жəне III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы
күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі
ЭҚК-ң көрінісін (мəнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері
өзінің шамалары бойынша I - ші жəне III- ші тіркелімдердегі тістердің
алгебралық қосындысына тең.
Екінші электрод ретінде екі қолға жəне сол аяққа орнатылған бірге қосылған
үш электрод алынады. Осы кезде ЭКГ түрі кеуде электроды орналасқан
бөліктегі электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне)
орнатылған біріккен электрод индифферентті болып табылады , немесе
нөлдік, себебі оның потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді.
Осындай электрокардиографиялық тіркелімдер униполярлы немесе
бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын (V1, V2 жəне т. б.) əрпімен
белгіленеді.
II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте
көрсетілген.
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады,
олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент
дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар
интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі.
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың
таралуын жəне осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында
потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі
қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық
қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса
немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша
жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.
Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді жəне жүрекше тісі деген
атқа ие болды. Əрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып,
қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде
электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше
толығымен қозған, екі қарынша əлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік
жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-
ғы PQ сегменті).
Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде
синусты - жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды.
Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы
жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына
шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен
қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.
Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің
элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады,
бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының
сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің
қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын
білдіреді.
R тісі - жүрек түбінің жəне қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын
білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің
қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті
қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы
салдарынан изопотенциалды сызықта болады.
Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының
қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы
үрдістер əр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының
салдарынан миокардтың əлі деполяризацияланған бөліктері ( яғни теріс
заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері
арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т
тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р
тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде
қарыншалар миокардында жəне жүрекшелер миокардында потенциалдар
айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сəйкес тістің
кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен
сəйкес келіп, олармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қабырғасы
Жүректің өткізгіштік жүйесінің функциялары
Электрокардиография жайлы мәлімет
Электрокардиография
Жүрек құрылысы
КОПИЯ батырмасы
ЭКГ кеуделік бекітпелері
Жүрек циклі
Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Пәндер