Етістіктің жақ категориясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ККТМ 3221 Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәні бойынша

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

(6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері үшін)

ШЫМКЕНТ

Қайырбекова Ұ. Ж.

Қазіргі қазақ тілі морфологиясы пәні бойынша 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының студенттеріне өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Шымкент, 2022 ж. -67 бет.

Пiкiр жазғандар:

Байғұтова Д. Н. - филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Танабаев Ғ. Ө. - филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Бұл әдістемелік нұсқау 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттерге « Қазіргі қазақ тілі морфологиясы » пәнінен жүргізілетін лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ сабақтары бойынша орындалатын тапсырмаларға басшылық жасайтын құрал ретiнде ұсынылып отыр.

Қайырбекова Ұ. Ж., 2022 ж.

© Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 2022 ж.

Алғысөз

«Қазіргі қазақ тілі» жоғарғы оқу орындарында көптен оқытылып келе жатқан міндетті пән. Ал «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні зерттеу нысаны анықталған, өзге пәндерден ара-жігі ажыратылған, зерттеу тәсілдері белгіленген курс болып табылады және филолог маманның кәсіби қызметінің ерекшелігін, мәнін ашуға көмектеседі, оқыту үдерісінде алған білімін байқататын негізгі қолданыс салаларына қажетті пән, жоғары біліктілікті, сонымен қатар бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді.

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» курсы қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттеу, түсіндіру арқылы қазақ тілі грамматикасының ұғымдық-категориялық аппаратын студенттердің меңгеруіне, сапалы білімнің және игеріп жатқан мамандығы туралы түсінігінің қалыптасуына ыңғайлы етіп құрастырылған, болашақ маманның кәсіби қызметіне деген жауапкершілігін қалыптастырады. Пәнді оқу кезінде студент:

- гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі морфологиялық лингвистика-сының рөлі мен орнын көрсететін, морфологияның қазақ тілі өзге салаларынан айрықшалайтын терминдер мен ұғымдарды ажыратуы тиіс

- оқу үдерісінде алған білімін қазақтың ғылыми тілінде еркін баяндап бере білуі керек;

- лингвистикалық морфологияның теориялық мәселелерін және өз ойын еркін жеткізе алуды білуі тиіс;

- морфологиялық лингвистикасының терминдері мен ұғымдарын талдауды меңгеруі қажет;

- алған білімін тәжіриебе жүзінде іске асыруды, еркін оқып, түсінуді меңгеруі қажет;

- лингвистикалық ұғымдар мен терминдерді, морфологияның универсалды ұғымдары мен заңдылықтарын меңгеруі тиіс.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№1 лекция.

Тақырыбы: Грамматика және оның салалары

Қаралатын мәселелер:

  1. Грамматика және оның салалары жайлы түсінік.
  2. Морфологияның зерттеу нысаны, оның синтаксиспен байланысы.
  3. Синтаксистің зерттеу нысаны
  4. Грамматиканың зерттелу тарихы.

Қысқаша мазмұны: Грамматика - грек тілінің gramm ( жазу, жазу өнері) деген сөзі. Қазір грамматика - лингвистиканың негізгі терминінің бірі, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейтін дербес саласы. Бір тілдегі грамматика-лық мағына мен сол мағынаның берілу амал-тәсілдері - сол тілдің грамма-тикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматикалық құрылысы арқылы атқары-лады. Бұдан шығатын қорытынды: грамматика - тілдің негізгі функциясын, қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-тәсілдері туралы ілім. Грамматиканың негізгі объектісі - тілдің сөзжасамдық, морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамма- тикалық формалардың көріну амалдары менсол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысу, тіркесу жолдары мен типтері. Осыған орай грамматика үлкен-үлкен 3 салаға бөлінеді: сөзжасам, морфология, синтаксис. Сөзжасам- тілдегі сөздердің жасалу процесін зерттейтін грамматиканың бір саласы.

Морфология- гректің morphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Морфология- тілдің морфологиялық категориялары жөнінде ілім. Дәлірек айтсақ, морфология-белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз формалары, грамматикалық категориялардың жиынтығы мен жүйесі.

Синтаксис -гректің syntaxis ( құрастыру, түзу) деген сөзінен алынған термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып сөйлеу құрылысын зерттейді. Синтаксис- сөйлеудегі негізгі единицаларды, яғни сөз тіркестері мен сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің объектілеріне орай синтаксис бірнеше салаға бөлінеді: сөз және оның формалары синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі. Синтаксистің негізгі нысаны-синтаксистік құрылымдар. Синтаксистік құрылым дегеніміз - бір бірімен грамматика ережелері бойынша байланысқа түскен сөздер тобы мен сөз тіркестері немесе сөйлемдер тұтастығы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лаборотиялық жұмыс (Морфология) . Алматы, 1992
  6. Оразов М., Етістік А. 2001

№2 лекция.

Тақырыбы: Сөздің грамматикалық мағынасы

  1. Қаралатын мәселелер:
  2. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы.
  3. Грамматикалық мағынаның жалғаулар арқылы берілуі.
  4. Нольдік қосымша арқылы берілетін грамматикалық мағына.
  5. Грамматикалық мағынаның жұрнақтар арқылы берілуі.
  6. Грамматикалық мағынаның көмекшілер арқылы берілуі.

Қысқаша мазмұны:

Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, ол екеуінің жиынтығынан құралатын грамматикалық категорияның негізгі грамматикалықұғымдар қатарына жататындығы. Грамматикалық категорияның морфология-лық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза грамматикалық бо-лып бөлінетіндігі жайында. Ғылымда сөз атаулының атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп бөлінетіндігі. Қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық топтарға профессор А. Ысқақов анықтаған семантикалық, морфология-лық, синтаксистік үш негізгі белгі, ұстаным негізге алынатындығы.

Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі - семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші - синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың ( формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің ( көмекші етістік, шылау, т. б) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес, бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лаборотиялық жұмыс (Морфология) . Алматы, 1992

№3 лекция.

Тақырыбы: Сөздің грамматикалық формасы және грамматикалық категория

Қаралатын мәселелер:

  1. Граматикалық форма жайлы түсінік.
  2. Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның байланысы.
  3. Грамматикалық формаға тән белгілер.
  4. Грамматикалық категорияның анықтамасы, белгілері, шарттары.
  5. Грамматикалық категориялардың мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері.
  6. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына қатыстылығы.

Грамматикалық категориялардың әмбебаптық қасиеті.

Қысқаша мазмұны: таптарының форма жағынан түрлену мүмкіндіктері. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері: қосымша морфема, көмекші сөз, сөздердің орын тәртібі, қосарлану, нөлдік форма, интонация. Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшалардың деривативтік және релятивтік тұрғыдан жіктелуі. Қосымшалардың мағыналық және тарихи жақтан бір-бірінен ерекшеленуі.

Грамматикалық категория грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен күнде де грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде сол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіруі мәнді морфологиялық категориялар және топтау я жіктеу мәнді морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лаборотиялық жұмыс (Морфология) . Алматы, 1992

№4 лекция.

Тақырыбы: Сөз таптары

Қаралатын мәселелер:

  1. Тілдегі сөздерді топтастыру мәселелері.
  2. Сөздер тобына тән ерекшеліктер.
  3. А. Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері.
  4. Қазақ тіліндегі негізгі сөз таптары.

Қысқаша мазмұны: Сөз таптары және олардың жіктелуі. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы, топтастырудағы мағыналық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері мен синтаксистік қызметтері. Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай атауыш, көмекші, одағай сөздер деп топтастыру. Сөздерді топтастыруда олардың мағыналық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері мен синтаксистік қызметтері ескерілетіні. Сөздердің іштей бір категориядан екінші категорияға ауысу құбылыстары: заттану («субстантивтену»), сындану («адъективтену»), есімдену немесе есімдікке айналу («прономиналдану»), үстеулену («адвербиалдану»), етістіктену («вербалдану») . Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары, олардың зерттелуі, қиындықтары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лаборотиялық жұмыс (Морфология) . Алматы, 1992

№5 лекция.

Тақырыбы: Сөздің морфологиялық құрылымы

Қаралатын мәселелер:

  1. Негізгі морфема, оған тән белгілер.
  2. Қосымша морфема, оның түрлері.
  3. Көмекші морфеманың қызметін атқаратын көмекші сөздер.

Қысқаша мазмұны: Негізгі морфема дер әрі қарай бөлшетеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема аталады. Мысалы, жел, дала, ауа, тау, тас т. б. Қазіргі тілдің даму сатысында бқл морфемалар осы құрамда лексикалық мағынаны білдіреді, әрі қарай бөлшектесе мағына бермейді, сондықтан бөлшектенбейді.

Көмекші морфема деп өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөздің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі грамматикалық мағына үстейтін морфемалар аталады. Көмекші морфемалар әр түрлі: 1) қосымшалар; 2) көмекші сөздер.

Көмекші морфеманың өосымша түрі сөздің дыбыстық құрамына кіріп, яғни сөзбен бірге жазылып, оған түрлі мағына қосады. Осымен байланысты көмекші морфеманың өосымша түрі екіге бөлінеді: 1) грамматикалық мағыналы қосымшалар; 2) сөзжасамдық қосымшалар.

Грамматикалық мағыналы қосымшалар деп грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін, грамматикалық категориялардың көрсеткіші саналатын қосымшалар аталады.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Шалқарова Г. И., Сатыбаева А. Т. Салыстырмалы грамматика. Алматы, 2012.
  6. Ысқақова, Ш. Қ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Текст] : оқу-әдіст. құрал ҚМПИ. - Қостанай: ҚМПИ, 2015. - 122 б.
  7. Жұмағулова, Ө. А. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Мәтін] : Оқу-әдістемелік кешен - Көкшетау: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ баспасы, 2016. - 251б.

№6 лекция.

Тақырыбы: Зат есім.

Қаралатын мәселелер:

  1. Зат есім жайлы түсінік.
  2. Зат есімнің мағыналық сипаты.
  3. Деректі, дерексіз мағыналы зат есімдер
  4. Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы.
  5. Адамзат есімдері және ғаламзат есімдері.

Қысқаша мазмұны: Қазақ тілінде зат есімдер кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді. Зат есімдердің осылай екі топқа бөлінуі басқа тілдердің зат есімдерінен өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А. Ысқақов персондық және бейперсондық деген атаулар енгізді, яғни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалық сұраққа жауап беретін сөздер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жатқызды. Ғалым бұл терминдерді "Қазіргі қазақ тілі» оқулығының 1974 жылғы басылымында адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері деп өзгертті. Сондай- ақ кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерді өз ішінде тағы да бірнеше мағыналық топтарға бөліп көрсетті:

а) адамға тән атаулар: бөпе, бала, ұл, қыз т. б. ә) туыс атаулары: аға, іні, нағашы, жиен т. б.

б) іс-әрекетпен кәсіп-мамандық иелерінің атаулары: студент, оқытушы, дәрігер, заңгер т. б.

в) әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, әкім, директор т. б.

г) кісі атаулары: Арман, Дәурен, Әлия, Раушан т. б.

Проф. А. Ысқақов не? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлық жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады дей келіп, оларды-деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары, өсімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен құстың атаулары, балық аттары, құрт-кұмырсқа, бақа-шаян аттары, мекен, қопсы, құрал-жабдық атаулары секілді бірнеше түрлерге бөлген.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Шалқарова Г. И., Сатыбаева А. Т. Салыстырмалы грамматика. Алматы, 2012.
  6. Ысқақова, Ш. Қ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Текст] : оқу-әдіст. құрал ҚМПИ. - Қостанай: ҚМПИ, 2015. - 122 б.
  7. Жұмағулова, Ө. А. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Мәтін] : Оқу-әдістемелік кешен - Көкшетау: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ баспасы, 2016. - 251б.

№7 лекция.

Тақырыбы: Көмекші есімдер

Қаралатын мәселелер:

  1. Көмекші есімдердің жалпы сипаты
  2. Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы
  3. Көмекші есімдердің түрлену қабілеті
  4. Көмекші есімдердің түп төркіні жайлы ғалымдардың пікірі
  5. Көмекші сөздердің кейде дербес қолданылуы.

Қысқаша мазмұны: Көмекшi есiмдердiң лексикалық мағыналары бiрде бүтiндей сақталып, бiрде солғындап, өзге сөздермен тiркесу ерекшелiктерiне қарай, синтаксистiк жағынан кейде жеке-дара мүше есебiнде, кейде күрделi мүшенiң құрамындағы дәнекер элемент есебiнде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есiмдерше түрленетiн жәрдемшi сөздерге айналады.

Көмекшi сөздердiң атаушы сөздерден өзгешелiгi көмекшi есiмдер бiр затқа қатысы жөнiнен белгiленетiн кеңiстiктi, мекендi өзектiң бойы атайды. Сондықтан бұлардың мағынасы басқа бiр атаушы сөзге телiнiп жұмсалғанда ғана айқын танылады. Атаушы сөз бен көмекшi есiм қосылып конкреттi мекен жөнiнде бiр ұғым бередi. Көмекшi сөздердiң мағынасындағы, жұмсалуындағы бұл ерекшелiк осы сөздердiң морфологиялық дербестiгiне де әсер еткен. Көмекшi сөздердiң көпшiлiгi түбiр күйiнде жеке жұмсала алмайды. Бiрқатар көмекшi есiмдер алды, арты, асты, үстi өзiнiң бастапқы түбiрiнен адасып, тек тәуелдеулi формада ғана ұшырайды.

Судың беті, таудың басы, таудың бауыры, таудың етегі деген тіркестерде қолданылып тұрған беті, басы, бауыры, етегі деген сөздерде нақтылы, дербес лексикалық мағына жоқ, бірақ олар мүлде мағынасыз да емес. Мұның барлығы таудың бір бөлшегі деген мағынаны білдіріп тұр. Екінші сөзбен айтқанда, таудың басы дегенде таудың көпке қараған ең жоғарғы жағын, таудың етегі дегенде таудың жазықтықпен ұштасқан бөлшегін айқын танимыз. Бірақ сол мағынаны басы, етегі сөзі жеке тұрғанда бере алмайды. Көмекші сөздерді осындай мағыналарына қарай төмендегіше топтастыруға болады:

  1. Түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі дегендер мекендік мағына береді. Мысалы, жартастың түбі, ауылдың шеті, ауылдың маңы т. б.
  2. Алды, үсті, беті, бойы дегендер мекендік мағынамен қатар жазықтықты, созылыңқылықты білдіерді. Мысалы, үйдің алды, үйдің арты, өзеннің бойы, дөңнің беті, сырдың бойы т. б.
  3. Арасы, ортасы дегендер аралық мекенді білдіреді Мысалы, екі ауылдың арасы, көп кісінің ортасы т. б.

Іші шеңбердегі мекенді білдіреді. Мысалы, әйелдердің ішінде отыр.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Салқынбай А., Қазіргі қазақ тілі Алматы, 2013
  6. Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі ( Морфология) Алматы, 1991
  7. Шалқарова Г. И., Сатыбаева А. Т. Салыстырмалы грамматика. Алматы, 2012.

№8 лекция.

Тақырыбы: Зат есімнің құрылымы

Қаралатын мәселелер:

  1. Зат есімдердің жалаң және күрделі болып бөлінуі
  2. Негізгі және туынды түбір зат есімдер
  3. Күрделі зат есімдердің жасалу жолдары

Қысқаша мазмұны: Зат есiм құрылымына қарай жалаң (дара) және күрделi болып екiге бөлiнедi. Жалаң зат есiмдер:

1. Түбiр зат есiмдер

2. Туынды түбiр зат есiмдер болып екіге бөлінеді.

Түбiр зат есiмдер деп -сөздiң морфемаларға бөлшектенбейтiн, тек бiр ғана түбiр морфема (сөз) ретiнде қабылданатын заттық атауларын айтады. Мысалы, тау, тас, адам, ағаш, мектеп, бала, гүл, кiтап, теңiз, жер, аспан, тамақ, ауа т. б.

Туынды түбiр зат есiмдер деп - түбiр морфема мен қосымша морфемаға бөлшектенетiн, яғни түбiр сөзге сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы кейiннен жасалған жаңа заттық ұғымдарды айтады. Мысалы, мал-шы, киiм, ег-iн, тұз-дық, кiсi-лiк т. б.

Күрделi зат есiмдерге - кемiнде екi не одан да көп дербес мағыналы түбiр морфемалардан құралған сөздер жатады. Ондай зат есiмдер қазақ тiлiнде мыналар:

1. Бiрiккен зат есiмдер

2. Қосарланған зат есiмдер

3. Тiркескен (құрама) зат есiмдер

4. Қысқарған зат есiмдер.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Сыздықова Г. Қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2012.
  2. Момынова Б. Қ., Саткенова Б. Қазақ тілінің тарихи морфологиясы. Алматы, 2014.
  3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
  4. Оралбай Н., Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2012
  5. Салқынбай А., Қазіргі қазақ тілі Алматы, 2013
  6. Ысқақов А., Қазіргі қазақ тілі ( Морфология) Алматы, 1991
  7. Ысқақова, Ш. Қ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы [Текст] : оқу-әдіст. құрал ҚМПИ. - Қостанай: ҚМПИ, 2015. - 122 б.
  8. ОразовМ., Етістік А. 2001

№9 лекция.

Тақырыбы: Зат есімнің көптік категориясы

Қаралатын мәселелер:

  1. Зат есімнің жекелік және көптік категориясы
  2. Көптік мағынының нольдің форма арқылы берілуі
  3. Зат есімінің көптік мағынасы мен нақтылы көптік мағынасының айырмасы
  4. Көптік мағынаның берілу жолдары мен қолданылу ерекшеліктері.

Қысқаша мазмұны: Зат есiм құрылымына қарай жалаң (дара) және күрделi болып екiге бөлiнедi. Жалаң зат есiмдер:

1. Түбiр зат есiмдер

2. Туынды түбiр зат есiмдер болып екіге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Етістіктің грамматикалық категориялары
Етістік категориялары
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Модификациялық етістіктер
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz