Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары


Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанды арабтардың жаулауы және Қазақстанға ислам дінінің таралуы.
Орындаған: Әбдірайм Қызжан
Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа
Тобы: ФТФ-311
Жоспар.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
-Араб шапқыншылық жорықтары, ( Атлах ) шайқасы.
- Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізетін ықпалы және Қазақстанға дінмен бірге келген тарихи білім.
-Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Арабия түбегінде VII ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мұхаммед пайғамбарымыздың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державаға айналған Араб халифаты өзінің жаулап алушылық жорықтарымен сол кездегі Иран, Орта Азия және т. б. Орта ғасырлық мемлекеттер тарихына елеулі әсерін тигізгені бізге белгілі.
Араб-мұсылман өркениетінің тарихы сияқты, оның таралуына ықпал еткен факторлардың бірі болып табылатын араб жаулап алуларының тарихы да бұрмаланушылықпен қарастырылып келді. Европа және әсіресе орыс және кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде арабтар тұрпайы діндерін күшпен енгізіп отырған ашкөз, фанатик жаулаушылар ретінде көрсетілді. Кеңес тарихнамасы соғысқа баға беруде әр кез методологиялық әлсіздік танытты. Патшалардың, қолбасшылар мен ақсүйектердің әрекеттеріне объективті баға беруге кедергі келтіретін «таптық көзқарас» үстем болды. Объективті талдаудың орнына «Кеңес одағы халықтарының шетжерлік жаулаушыларға қарсы бірігіп күресудегі тағдырының ортақтығын» дәлелдейтін идеологиялық тапсырысты орындауға ұмтылыс байқалды. Ғаламдық ауқымдағы оқиғаларға баға беруде, әркез бірдей орынды бола бермейтін тұрпайы «моральдылыққа» бой бұрылды. Мысалы: араб жаулап алуларына қатысты, ол кейініректе қандай мәдени және моральдық нәтижелерге алып келгендігі анағұрлым маңыздырақ. Соғыстар, жаулап алулар құрбандықтар мен қиратуларсыз болмайды. Тарих тек жасампаз ғана емес, ол сондай-ақ қиратушы да. Арабтар, түріктер, монғолдар әлемдік тарихта әрдайым күні өткен мәдениетті қиратушылар рөлін атқарып отырды. Ерте дүниенің соңына қарай Римнің, Иранның, Орта Азияның және басқа да аймақтардың өркениеттері құлдырап кеткен еді. Ескі өркениеттің орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнауға тиіс болды. Мысалы, күні өткен антика өркениеті көшпелі халық - ғүндардың батысқа қарай қозғалысымен басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде талқандалып, орнына сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық қатынастар қалыптасты. Ерте замандардағы жаулаушылықтың рөлін дұрыс түсіну үшін бізге араб-мұсылман мәдениетінің өкілдері көмекке келеді. Атап айтқанда, XIV г. өмір сүрген атақты араб ойшылы Ибн Холдун мемлекеттер мен өркениеттердің пайда болу тарихында көшпенділердің рөліне аса зор маңыз берген.
Тақырыптың зерттелуі . Жалпы, араб жаулап алушылығы мәселесі дүниежүзі тарихшыларының назарына ертеден-ақ ілігіп келеді. XX ғ. Басынан бастап-ақ бүл мәселе төңірегінде батыстың атақты ғалымдары көп зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, араб жаулап алушылығы бұрмаланып келді. Соған қарамастан араб жаулап алушылығы мен исламның орнын, оның әлем халықтарының мәдени дамуына ықпалын объективті түрде зерттеуге ұмтылуы да жоқ емес. Осындай жүмыстардың қатарына А. Мецтің «Мұсылмандық Ренессанс» («Мусульманский Ренессанс») Г. Э. Фон Грюнебаумның «Араб-мұсылман мәдениетінің негізгі белгілері» («Основные черты арабо-мусульманской культуры») У. М. Уоттың «Исламның ортағасырлық Европаға ықпалы» («Влияние ислама на средневековую Европу») атты еңбектерін жатқызута болады. Ағылшын тарихшысы У. М. Уотт өзінің жоғарыда аталған еңбегінде ислам өркениеттің ұлылығы жөнінде айта келе, былай деп көрсетеді: «Христиандар мен мұсылмандар, европалықтар мен арабтар барған сайын «біртұтас әлемге» тартылып отырған қазіргі таңда исламның әлем халықтарына, соның ішінде Европаға ықпалын зерттеу аса өзекті. Ортағасырлардың христиан жазулары мұсылмандарды көп жағдайда заңсыз қаралағанын қазір көпшілік жұрт мойындап отыр. Әлі де болса, біз өзіміздің мәдени мұрамыздағы мұсылман ықпалының рөлі мен көлемін төмендетуге тырысамыз. Европалықтар өздерінің мұсылман мәдениетіне қаншалықты дәрежеде қарыздар екендігін мойындайтын уақыт жетті», - деп көрсетеді. Сонымен қатар араб жаулап алушылығын және араб-мұсылман мәдениетінің әлемдік тарихтағы орнын объективті көрсетуге тырысушы тарихшылардың қатарына сондай-ақ А. Р. Гибб «Арабская литература. Классический период», Э. Леви-Провонсаль «Арабская культура в Испании», Дж С. Тримингэм «Суфийские ордены в исламе», В. В. Бартольд «Ислам», Е. А. Беляев «Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье», О. Т. Большаков «История халифата», зерттеушілерді жатқызуға болады. Аталған еңбектерде араб жаулап алушылығы мен мәдениетіне объективті баға берілгендіктен де, мен өз жұмысымда бұл еңбектердегі тұжырымдарға сүйендім.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері . Жалпы тақырыптың мақсаты араб жаулап алушылығының қазақстан жеріне тигізген әсері мен тарихын, толық зерттеп, түсіндіру.
Негізгі бөлім
Араб шапқыншылық жорықтары “Атлах” шайқасы.
Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы VI-VIII ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін соғдылар мен түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, рухани тұрғыдан Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен жаңа Ислам дінінің арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды. VIII ғасырдың ортасында Орталық Азия күрделі геосаяси ахуалды басынан кешірді. Күн шығыстан Тан империясы Орталық Азияға үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Умәуилер ұдайы жорықтарын жасады. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Умәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін Умәуилердің көмегіне сүйенді. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілерлің көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы желбіреді. Яғни, Ислам дінінің қазақ даласына орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты. Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуеренахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастады.
Түркі ғалымы Бируни былай деп жазады:
“Хорезм тілінде жазып - сызғандарды, халықтың аңызын білгендерді, ғалымдарды, бәрін - бәрін қудалап жойды Қутайба. Бәріде түнекке оранды. Сол себепті бүгінгі таңда бұл аймақтың ислам дініне дейінгі тарих туралы ешбір шындық сақталған жоқ. ”
Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солтүстікке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776 - 780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен 8-10 ғасырлар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтүстік аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғасырда араб жиһанкезі Ибн Хаукал: “Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін”жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды.
Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізген әсері және Қазақстандағы дінмен бірге келген тарихи білім. Орта Азияның толық жүз жыл тарихы араб жаулап алушылығымен тығыз байланысты. Осы уақыт ішіндегі әскери қимылдар, жаңа саяси күштің және жаңа этникалық елементтердің пайда болуы елдің өміріне әсер етпей қоймады. Жаулап алушылықтың салдары көшпенділердің әдеттегі шабуылы секілді емес, терең болды. Орталық Азияда исламның орнығуы Мұхаммед пайғамбардың 4 серігі - Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Әзірет Әлі) сахабаларының әскери жорықтарымен бірге осы аталған 4 әулие-халифалардың тікелей ұрпақтары - қожалардың діни насихат қызметімен де байланысты болды. Уақыт өте қожалар халық құрмет тұтатын тұлғаларға айналды. Діни уағызды шейхтар кезбе дәруіштер, сопы-пірадарлар да жүргізді. Арабтардың әсерімен жергілікті елдің өз арасынан да діндар адамдар мен дінбасылар (молда, имам, ишан, қазы, қазірет, әулие, тақуа-дуаналар т. б. ) көптеп шықты. Арабтар Орталық Азияның экономикалық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Олардың араласуымен қала мәдениеті өркендеді, халықар. сауда жедел дамыды, Ұлы Жібек жолындағы қатынас жанданды. 8 ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде мұсылмандардың қамал-бекіністері - рибаттар салынды. Бұл қамалдардың бір бөлігі кейін ірі қалаларға айналды. Қала тұрғындары арасында ислам дінін қабылдағандардың көбеюіне байланысты Аллаға құлшылық ететін арнайы орындар - мешіттер мен ханакалар салына бастады. Мешіттер рухани орталықтар қызметін атқарды. Кейін мешіттер жанынан арабша сауат ашатын медреселер ашылды. Біртіндеп көне түркі жазуының орнын араб жазуы басты. Түркілер лексикасына араб сөздері кеңінен ене бастады. Хиджра жыл санауы енгізілді. Тұрмысқа жаңа діни мейрамдар қосылды. Қайтыс болған адамдарды мұсылманша жерлеу дәстүрі орныға бастады. Қазақ сахарасында Шығыстың «Мың бір түн» сынды классик. туындылары, исламды дәріптейтін Нұх пайғамбар, Құран хиқаялары, діни аңыздар, «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зілиха» т. б. дастандары кеңінен тарады. Қазақ даласына исламмен ілесіп дүниені жаңаша тануға бағытталған ғылым мен білім келді. Арабтар Қазақстанға шығыстың озық мәдениеті мен өнерін әкелді. Қазақ жерінде Әбу Наср әл-Фараби сынды әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ғұламалар өсіп шықты. Ислам басты дінге айналып, оның қағидаларын орындаушылардың қатары көбейді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранды құрметтеуге үйретіп, бір Аллаға бой ұсындырған жаңа дін түркі тілді жұрттардың туысқандық бірлігін нығайта түсті. Кейін ислам діні түркі халықтарын жаппай орыстандыру әрекетіне қалқан болды. Орталық Азияның арабтар арқылы ислам өрісіне тартылуы түркі жұртының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму үрдісін жеделдеткен фактор болды. Әл-Фараби философиялық көзқарастары ислам тарихының даулы мәселелері, әсіресе, Орталық Азиядағы исламның тағдыры мәселесін түсінуге көмектеседі. Егер ислам Орталық Азияға кездейсоқ еніп, күшпен танылды десек, басқаша айтқанда оның объективті алғы шарттары, негіздері болмады десек, онда арабтар кетісімен және Бағдадтық саяси бақылауы жойылысымен Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Азербайжан, Иран және басқа да аймақтар міндетті түрде исламнан бөлініп қалар еді. Өйткені, әл-Фарабидің түсіндіруі бойынша, мәжбүр етуші фактор жойылғанда мәжбүрлілік жолмен пайда болған бірігу жойылуға тиіс. Осы қағидаға байланысты ислам дінінің таралуының трихи заңдылығы дәлелденеді. Жаңа дін империя ыдырағаннан кейін жойылмақ түгілі, ол одан сайын нығайып, өрісі кеңейіп, терендей түсті.
Қазақ жеріне ислам дінінің таралуы және тигізген әсері. Қазақ даласына ислам діні арабтардың Орта Азияны бағындыру нәтижесінде кірді . Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В: “ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді, ”- деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz