Сопылық әдебиет
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ОБӨЖ
Пән:Түркі мемлекеттер тарихы
Тақырыбы: Әуелбек Қоңыратбаев және көне түріктер әдебиет мәселесі
Орындаған: Мәлік Ақтоты
Тобы: ЭЭМ-111
Қабылдаған: Рустамбекова Мухаббат
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Әуелбек Қоңыратбаев . әдебиет тарихшысы
2. Әуелбек Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнері поэтикасының мәселелері
3. Әуелбек Қоңыратбаев . шығыстанушы ғұлама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымын зәулім биік сарайға теңесек, оның қазығын қағып, іргетасын құйғандар Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсыновтар еді де, қабырғасын қалап, биікке көтерген М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Х. Жұмалиев сынды көрінді. Қазақ әдебиетінің барлық саласында дерлік қалам тартқан Ә. Қоңыратбаев кытымыр заманда өмір сүріп, тағдыр қыспағына кеп ұшырағанына қарамастан артына мол мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан поэзиялық, прозалық, аудармалық, сыни- зерттеушілік, ғылыми, ғылыми-әдістемелік еңбектер кеңестік кезенде жазылғанымен де күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Керісінше, халқына адал еңбек еткен абзал азаматтың бүкіл шығармашылық қызметінен ұлттық мүддеге қызмет етудің асқан бір үлгісі көрінеді. Ұлттық мәдениет атаулыға қырындау қарайтын кездің өзінде де халқының рухани мұрасын игеруде ерен еңбек сіңірген ұлтжанды азаматтың қайтпас қайсар тұлғасы көз алдыңызға келеді. Коныратбаев 1905 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданының Керделі ауылында туып өскен. Ауыл мектебінде кейінірек Ташкент қаласындағы №5 балалар үйінде тәрбиеленген ол 1918 жылы қаладағы педучилищеге түсіп, оқиды. Осында жүргенде С. Қожанов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов. Х. Досмұхаметов сияқты алаш азаматтары аралас-құралас болады.
Училищені бітірген соң мектептерде мұғалім бола жүріп, Шолпан, Ақ жол сияқты газет-журналдардың жұмыстарына араласады. 1922- 1924 жж. Ташкенттегі алғашқы жастар газеті Жас қайратты шығарысады. Қызылорда округтық аудкомының жауапты хатшысы(1925), Сыр бойы газетінде партия бөлімінің меңгерушісі (1929), Арал аудандық Екпінді балықшы газетінің, республикалық Колхоз газетінің редакторы (1930) болады. 1932-1934 жж. Мәскеудегі Бүкілодақтық журналистика институтында оқиды. 1938 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология Фокультетіне оқуға түсіп, бітіріп шығады. Әуелбектің бүкіл саналы ғұмыры билік тарапынан саяси қуғын көрумен өткен. 1934жылы Ленинградта Киров атып өлтірілген соң Сталиннін тікелей нұсқауымен ішкі жауларды әшкерелеу науқаны басталғанда осындағы журналистика институтында оқып жүрген Ә.Қоңыратбаев та оппортунист ретінде айыпталып, Партия қатарынан шығарылады. Осы кезден бастап, Ә. Қоңыратбаев саяси жағынан сенімсіз адам ретінде ылғи да аңдуда, қуғын- сүргінде жүрді. Әуелбек ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыстар атқарып, болашақ филолог ұстаздарды тәрбиеледі. Оның алдынан кейіннен елімізге танымал болған филолог ғалымдар білім алып шықты.
Ол бір жағынан шәкірттерге дәріс оқи жүріп, екінші жағынан қазақ филологиясына елеулі үлес болып қосылған әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістерін жалғастырды. Ғылым саласында ұзақ жылдар бойы төгілген тер Ә.Қоңыратбаевты қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті өкілдерінің қатарына қосты. Қоңыратбаевтың Шолпанның ақындығы(1956), Жеті алып(1959), Әдебиетті оқыту методикасының очерктері (1962). Сұр көжек(1963), Эпос және онын айтушылары(1975). Шеберлік сырлары(1979) т.б еңбектері кезі тірісінде жарық көрген. Ал Қазақ эпосы және туркология (1987). Керуен (1989)т.б еңбектері кейіннен басылып шықты. Ғалымның еңбектері негізінен қамтылып, Ә. Қоңыратбаевтың 100 жылдығына орай шыққан он томдық шығармалар жинағы қазақ әдебиеттану ғылымында елеулі оқиға болды. Бірінші том ауыз әдебиеті, екінші түркітану және шығыстану, үшінші әдебиеттің тарихы, төртінші әдеби сын, бесінші Шолпан, Абай, Мұхтар жайлы, алтыншы педогогика саласындағы енбектерге, жетінші көркем шығармаларға, сегізінші аудармаларға, тоғызыншы түрлі ғылыми мақалаларға, оныншы эпистолярлық жанрларға арналған. Осыдан-ақ сан-салалы ғалым шығармашылығының қазақ әдебиеттану ғылымында алатын биік орны мен мән- манызы анық көрінеді. Ә. Қоңыратбаев қалдырған мол мұра туған халқының рухани игілігіне айналуда.

Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) - түрколог, филология ғылыми докторы, профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақ-фольлоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы, Қазақтың Қозы-Көрпеш-Баянсұлу жыры туралы, Әдебиетті оқыту методикасының очерктері жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. Мәдениет тарихынан алынатын таным (Қазақ әдебиеті, 1972, 28 қаңтар),Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), Фараби және Абай еңбектерінде Шығыс Әдебиеті мен қазақ
әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселелерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына тұсініктер жариялады.
Қоңыратбаев қазақ әдебиетінің тарихын ескі замандардан бастайды. Ол көне түркі жазбаларын мына ізде ұсынады: 1. Ертедегі аңыздар. 2. Аңыздық- генеологиялық эпос. 3. Түрік қағанаты кезіндегі жазба ескерткіштер. 4. Оғыз қыпшақ дәуірінің жырлары. 5. Қарахандар мемлекеті тұсындағы жазбалар. 6. Сопылық әдебиет. 7. Қыпшақ тіліндегі әдебиет Ежелгі әдебиетті зерттеп жүрген басқа да ғалымдардың жүйелеуіне қарағанда Әуелбекте мәселені кеңінен қамтығандығы, тарихтың тереңіне барыңқырағандығы көрінеді. Ескі әдеби мұраны тек өзбектікі, не болмаса, уйгырдікі дей келген пікірге қосылмайтын ол бұлардың барлығын түркі халықтарына ортақ санайды: қазақ әдебиетінің де қайнар бұлақтары деп біледі. Ғалым түркі тілінің және көне жазбалардың тілі, түркі поэзиясындағы аллитерация мен ұйқас, шекли және түрік сөзінің тегі туралы қызғылықты- байқаулар жасай алған. Мысалы, ол түрік сезінің төркіні төрдегі ел деген А. Кононовтың пікірімен келіспей, түрік төрдегі көшпелі ел емес, отрак, отырықшы деген сөзден туған сияқты деген өз ойын ұсынады.
Ол ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі болды. Әбунасыр әл-Фарабидің есімі елге белгісіз кезде оны қазақ мәдениетінің аса ірі қайраткері ретінде мақала жазып, жұртшылыққа таныстырды. Әуелбектің Қорқыттануға қосқан үлесі айтарлықтай. Қорқыт туралы бірнеше мақала жазған ол кейіннен Қорқыт ата кітабын тұңғыш рет қазақша сөйлетті. Сондай-ақ Сүлеймен Бақырғани, Қожа Ахмет Иассауи, Мәшһүр Жүсіп туралы зерттеулері де тың жерге түрен салғандай еді. Ол кезде Қожа Ахмет пен Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жайында мақала жазбақ түгілі, аттарын атаудың езі қиын шаруа тұғын. Дін апиын саналып келген заманда діни бағыттағы әдебиет өкілдерінің барлығы да реакцияшыл зиянды деп жарияланып, атеизмнің суық желі соғып тұрған Тіпті Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының зияндылығы жайлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті арнайы қаулы да шығарған болатын. Соған қарамастан діншіл бағыттағы әдебиеттің аса ірі өкілінің шығармашылығы жайлы мақала жазуы Ә. Қоңыратбаевтың ғалымдық тұлғасын айқындай түседі. Жалпы өткендегі әдеби муралар жайлы жазған еңбектері арқылы Әуелбек Б.Кенжебаев жазған казак әдебиетінің тарихы тереңде жатыр, оны зерттеп, халықтың рухани қажетіне жарату азаматтық парыз деп білген ғалымдар тобында көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастап жүргенде ғалым Кене түркі дәуірінен сага тартып, Шығыстың классикалық дәстүрінен нәр алған қазақ халқының төл әдеби мұрасы XV-XVI ғасырларда қалыптаса бастаған еді (Ә.Қоңыратбаев. Көп томдық шығармалар. III том. Алматы, 2005, 12-бет) деп жазды. Әуелбек қазақ әдебиетінің тарихына арналған оқулығын XV- XVI ғасырлардағы қазақ, өзбек ұлысының тарихын білдіретін, Шайбанинамадан бастаған. Алтын Орда ыдыраған соңғы XV-XVI ғасырлардағы әдебиетті Ноғайлы дәуірі атап, онын өкілдері ретінде Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез жырауларға тоқталған. XVII-XVIII ғасырлардағы жыраулық поэзиядан Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей жыраулардың шығармаларына сипаттама беріледі. Осы кездің аса көрнекті өкілі Бұқар жыраудың жырларында бір тарихи дәуірдің көрінісі берілген деп жоғары бағалайды.
Коныратбаевтың қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуі ары қарай XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті болып жалғасады.
Қоныратбаетың еңбектерінде Шортанбай, Мұрат, Дулат сияқты отаршылдыққа қарсы ашық күрескен әдебиет арыстары сөз болмайды.Өйткені бұлар кеңестік кезендегі қазақ әдебиеттануындағы жабық тақырырыптар еді. Ал діни бағыттағы Нуржан Наушабаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгірұлы сияқты ақындарды ағартушылық бағыттағы әдебиетке жатқызып, олардың шығармашылықтарына талдау берілуі сол кездегі қазақ әдебиетінің ғылымы үшін айтарлықтай табыс болатын. Әуелбек ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетін ағартушылық бағыттағы (Нұржан, Мәшһүр Жүсіп, Шәді, Тұрмағамбет) және сыншыл реализм әдебиеті (Спандияр, Мұхамеджан Сұлтанмахмұт,Сәбит Дөнентаев). 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған халық поэзиясы деп жіктеген. Мұның қазіргі діни - ағартушылық, ағартушы-демократиялық және ұлт-азаттық бағыттарға бөліп қарастырып жүргенімізден өзгешелігі көрініп тұр. Мұның басты себебі - кеңестік кезендегі қоғамдық ғылымдарда үстемдік құрған таптық теорияда жатқан болатын. Ә. Коныратбаев негізінен ауыз әдебиетін зерттеуші ретінде танылып, кандидаттық ("Қазақтың лиро-эпосы",1945), докторлық ("Көне түркі поэзиясы және қазақ фольклоры" 1971) диссертацияларын фольклортану ғылымынан қорғаған. Ол қазақ фольклорынан орта мектепке арналған оқулық жазган (1968). Оқулықтың қолжазбасы республикалық бәйгеде екінші орын алганына карамастан басылып шықпай, арада жиырма жылдан астам уакыт еткен сон барып "Казак ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz