Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
Пән: Философия
Тақырыбы: Өмірдің мәні.
Қабылдаған:Саян Шылмамбетов Орындаған: Мәлік Ақтоты
Тобы: ЭЭМ-111
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Өмірдің мәні - философияны мәңгілік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Руханилық - адам өмірінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Кіріспе
Өмір философиясы дегеніміз - адамның немесе топтың өмір салтын басқаратын және өзін-өзі тану жолында олардың мінез-құлқын басқаратын қағидаларға, құндылықтарға және идеяларға сілтеме жасайтын өрнек.Өрнек грек тілінен шыққан философия сөзінің мағынасын алады, ол даналыққа немесе білімге деген сүйіспеншілікті білдіреді және өмір толықтырушысын қосады. Демек, өмір философиясы өмір сүрудің даналығына деген сүйіспеншілік болады.Бұл өрнек адамның немесе адамдар тобының барды қабылдау тәсілін сипаттау үшін жиі қолданылады.Мысалы: Менің өмір философиям - кімге қарамай жақсылық жасау. Ол сондай-ақ өмір баламасы ретінде еркін қолданылады. Мысалы: Оның өмір философиясы көпшілікке ыңғайсыз.Қоғамда өмір философиясының түрлері өте көп. Олардың көпшілігі діндерден немесе христиан, иудаизм, ислам, буддизм, даосизм және т.б. Алайда, кез-келген дін өмір философиясын қамтығанымен, кез-келген өмір философиясы дінді құрай бермейді. Агностикалық сипаттағы өмірлік философиялар да бар.. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы өмір ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, өмір - дүниенің абсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді:
1. ) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады.
2. ) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.
Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе тарихи нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді ішкі жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі.
Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу.
Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.
1. Өмірдің мәні - философияны мәңгілік мәселесі.
Адам өмірінің мәні. Өмірдің мәні мәселесін адамзаттың рухани мәдениеті тарихындағы ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Өмірдің мәні туралы ойланбаған адам, өмірдің мәнін түсіндіру мақсатында ізденбеген философиялық мектеп жоқ шығар.Индивидтің тұлға ретінде қалыптасу деңгейі де оның осы мәселені өзі үшін анықтау дәрежесіне тікелей байланысты, себебі өмірдің мәні адамға дайын күйінде берілмейді, оны түсініп, санасына сіңіру және жүзеге асыру адамның тек өзінің қолында. Өмірдің мәні мәселесін ұғыну арқылы адам өзінің бүкіл тағдырын айқындай алады десек, артық емес. Өкінішке орай, өмірмәндік сауалдар адамның санасында көбіне тым кеш, өмірдің қызылды-жасылды дәурені өтіп, бойдан қуат, ойдан сәуле кеткен кезеңде туындайды. Мәнсіз өмір өкіндіріп, өмірдің мәнінің жауабын таба алмай, адам дағдарысқа тап болады, философия тілімен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Бұл құбылыс адамның өзі үшін де, ол өмір сүріп отырған қоғам үшін де аса қауіпті.
Нақты мәселелерді зерттеумен шектелетін басқа ғылымдардай емес, адам қызметімен тікелей байланысты, адам, оның өмірі туралы іргелі мәселелерді тереңдеп тексеретін философия ғылымы ғана осындай гиперрефлексияға тап болған адамның жанын жазып, өмірмәндік мәселеге сабырлы көзқарас қалыптастырады, сол арқылы тұйықтан шығуға ықпал етеді. Өмірдің табалдырығынан енді аттағалы отырған жас адамға да мәнді өмірді таңдауға көмектесетін ғылым - философия. Өмірдің мәні мәселесінің философия тарихындағы барлық дерлік бағыттардың жалпы, ал ХХ ғасырдағы экзистенциализмнің негізгі зерттеу объектісіне айналуы да сондықтан.
Өмірдің мәні психологиялық және этикалық категориялар болып та саналады. Бірақ бұл ғылымдар көбіне адам өмірдің мәнін таба алмай немесе жоғалтып, экзистенциалдық вакуумге түскен жағдайларда көмекке келеді. Философия болса, мәселенің алдын алуға, оны теориялық жағынан тереңдеп түсінуге, адамның адам ретінде мәнді өмір сүруіне қажетті өмірлік жол таңдауға ықпал ете алады. Философия адамды жан-жақты зерттеуші ғана емес, оның рухани келбетін қалыптастырушы екенін де баса айту керек.
Өмірдің мәні мәселесінің түбіне эмпирикалық жолмен бойлауға да, өзінің ғана емес, басқа адамның өмірінен үйрене отырып та жетуге болады. Бірақ бұл жол тым ұзақ, оны таңдаған адам өмірдің мәнін кеш түсініп, өмір көшінен қалып қоюы мүмкін.Ал философия ғылымының көмегіне жүгінген адам өз бойында дұрыс, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру арқылы өмірмәндік мәселенің түбіне тереңдеп бойлай алады және адам, өмір, қоғам туралы философия берген біліміне сүйене отырып, өмірдің әртүрлі жағдайларынан жол тауып, қысылмай шығады.Өмірдің мәні мәселесінің қиындығы адам табиғатының күрделілігімен тығыз байланысты. Дүниеде адамнан жұмбақ ештеңе жоқ. Адам тіршілік етуші ретінде жарық дүниеге келген уақыттан бері өзін-өзі танып білуге талпыныс жасап келеді. Бірақ, басқа ғылымдарды айтпағанның өзінде, адамды негізгі зерттеу объектісіне айналдырған дін мен философия адам болмысын толық ашып берді деп айта алмаймыз. Өркениеттің тарихи дамуының әрбір кезеңі адам табиғатын түсіну ісіне белгілі бір жаңалық, азды-көпті үлес қосып отырғанын жоққа шығармасақ та, адамның өзі әлі күнге дейін ашық проблема күйінде қалып отырғанын мойындауымыз керек. Сократтың "Өзіңді-өзің танып біл!" қағидасын басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі дүниесін тереңдеп тексеруге ұмтылған адам өзі ойламаған қиындықтарға тап болары сөзсіз. Индивид өзін танып-білудің тура жолы жоғына және "Адам дегеніміз кім?" деген сауалға түпкілікті жауап болуы мүмкін емес екендігіне көзі жетеді, ол өзі үшін де, басқалар үшін де шешілмес проблема болып қала береді.
Бір-біріне тамшыдай ұқсас индивидтер жоқ екендігі белгілі. Әрбір адамның кім екенін оның өзіне де, басқаға да түсіндіріп беретін дайын анықтама берілмеген, оны іздеп табу керек. Адам экзистенциясының қиындығы да осында. Адам бұл мәселенің түйінін тарқатудың қиындығынан қорқып, оны елемеуге тырысқан сайын немесе алдамшы шешім қабылдап, өзін де, басқаларды да өтірік алдарқатқан сайын, мәселе ушыға түседі. Сондықтан да адам ерте ме, кеш пе (әрине, ертерек болғаны дұрыс) өмірмәндік мәселені шешу жолына түсуі тиіс.
Адам өмірінің мәні категориясының мазмұны да өзіне жақын басқа ұғымдардың негізінде қалыптасады, солар арқылы жаңа, бұрынғыдан да күрделі мазмұнға толады. Бұл категориялардың арасындағы ең негізгісі - өмір категориясы.
Өмір - адам тіршілігінің негізі, оның сан алуан қажеттіліктері мен талап-тілектерін, мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыруының жалғыз, абсолюттік мүмкіндігі. Өмір болмаса адамның өзі де, өмірдің мәні туралы ойлары да, іс-әрекеті де, қуаныш-қайғысы да болмайды. Өмірдің мәні туралы ойланып, өмірмәндік гиперрефлексияға берілмес бұрын адам осыны ойлаған жөн. Көне гректерше айтсақ, Prіmum vіvare deіnde phіlosophare - әуелі өмір сүру, содан кейін ғана философиялық ойлау. Қандай жағдай болмасын, өмір мәнге ие, "өмір мәнсіз" деген эгоистік және субъективтік принцип жарық дүниенің баға жетпес құндылығын төмендете алмайды. Өмір - адамға берілген болмыс, оның мәні - адамның осы болмыстың барлық көріністерінен мән іздей отырып өмір сүруінде. Бірақ бұл ізденісті өмірді тәрк етуге айналдыруға болмайды. Аталған құбылыс әсіресе ой еңбегімен айналысушы адамдарға, интеллектуалдарға тән. Олардың көбі өмірді нақты сезіне білуден өмір туралы пайымдауды жоғары қояды да, өмірдің өзінің құндылығын бағалауға дәрменсіз күйге ұшырайды.
Бір жағынан алып қарағанда, адамның өмірдің мәні туралы терең ойға берілуі құптауға тұрарлық құбылыс. Өмірмәндік толғаныс - адамның тұлғалық сипаты, себебі бұл іс кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Бірақ өмірдің мәні туралы мәселені тым әсірелеу, ақыл-ойды сезімнен, нақты іс-әрекеттен ажырату (гиперрефлексия) адам үшін де, ол өмір сүріп отырған қоғам үшін де қауіпті. "Өзін-өзі танумен" тым әуестенген, рационалдық танымды сезімдік танымнан жоғары қойған адам өзін қоршаған дүниенің қызығына көңілі толмай, өзінің ішкі дүниесінен ғана жұбаныш тауып, оны тым асыра бағалап, томаға-тұйық, өзімен-өзі өмір кешуге ұмтылады. Мұндай адамдар өмір көшінен сырт қалғандай әсер тудырады. Әрине, бір рет қана берілетін өмірді қалай кешу әркімнің өз еркі. Бірақ тым оқшау өмір кешу, философия тілімен айтсақ, жаттану, өмірдің құндылығын бағаламаудың, өзін өмірден де, басқа адамдардан да жоғары құндылық ретінде қате түсінудің жемісі секілді. Бұл туралы орыс философы Н.Н.Трубников жақсы айтқан. Оның пайымдауынша, жаттану дегеніміздің өзі бос сөз. Жаттану туралы айтудан жалықпайтын, өзінен жоғары тұрған әлеуметтік дүниені зұлымдықтың бастауы ретінде қарастыратын адам адамнан тыс және адамнан жоғары ешқандай да әлеуметтілік, ешқандай да реалдылық жоқ екендігін, әлеуметтіктің өзі индивидуалдықтан басталатындығын ұмытып кетеді. Ішкі дүниесіндегі қайшылықтарға жауап беруден қашқан адам өзінің микроортасы мен микросоциумында "ештеңе өзгертуге қабілетсіз болғандықтан ол өзінің билігі жүрмейтін жалпы социум жөнінде айтудан танбайды. Мұндай адам өз өмірінің мәнсіздігі мен өмірдегі сәтсіздіктерінің себебін өзінен емес, өмірден, қоғамнан, өзін қоршаған адамдардан іздейді, соларды ғана кінәлап, жаттану мен өгейсіну, өмірдің мәнсіздігі, дүниенің қисынсыздығы туралы жар салады". Бұл пікірмен толығымен келіспесек те, негізінен алғанда жаны бар ой. Әрине, адамның жаттануындағы қоғамның рөлін жоққа шығаруға болмайды, бірақ негізгі жауапкершілік индивидтің өзінде екендігін ұмытпаған жөн.Неміс философы Г.Риккерт те өмірді ұғынуды адам уайымымен, қайғыруымен байланысты қарастырады, бірақ оның көзқарасы біз қарастырған жаттанған адамның түсінігінен өзгеше. Г.Риккерттің пайымдауынша, қазіргі адам үшін ең басты нәрсе "уайымдау" болса, осы "уайымдаудың басты объектісі - өмір". Г.Риккерт бұл жерде "уайымдау" ұғымын экзистенциалистік түсінікте, тереңдеп ойлану мағынасында қолданып отыр. Адам әдетте не туралы терең ойланады, уайымдайды? Өзін мазалаған, жан-жақты танып-білгісі келген нәрсені ғана адам уайым объектісіне айналдырады. Риккерттің терең ойлауды уайыммен салыстыруы кездейсоқ емес. Уайым мен қайғыны басынан кешкен адам ғана өмірдің соңында өлім бар екенін бұрынғы тыныш өмірдегіден анығырақ түсінеді, өмірдің, тіршіліктің құндылығын бағалай біледі. Қазақтың өмір мен өлімді салыстыра келіп, "Мың күнгі тамұқтан бір күнгі жарық", "Өлі арыстаннан тірі тышқан" немесе "Тірі адам тіршілігін жасайды" деп, өмірді жоғары бағалауы да сондықтан. Ойымызды қорытсақ, қазіргі заманғы жастарға өмір туралы мынадай үш тұжырымды ұсынуға болады:
1.
Өмір туралы көбірек ойлан.
2.
Өмір - баға жетпес құндылық, оған жететін ештеңе жоқ, сондықтан әр күніңді бағалап өмір сүр.
3.
Маңдайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге тырыс.
Бұл іс адамның өз қолында. Өмірге мән беретін адамның өзі, оның іс-әрекеті. Дүниеге екі келмек жоқ, сондықтан өмірден өз орнын тезірек тауып, мәнді өмір сүруге де адамның өзі жауапты.Өмірдің құндылығын және оның мәнін анықтаушы - өмірмен диалектикалық бірлікті құрайтын өлім. Ол өмірден тыс нәрсе емес, үнемі қатар жүріп отырады, өмір бар жерде өлім міндетті түрде бар, ол өмірдің екінші жағы. Философия ғылымында өлім мәселесі өмірдің мәні секілді "мәңгілік", шешімі қиын мәселелер қатарында. Бұл түсінікті де. Өлім туралы ойлану қарапайым адам үшін өмірдің мәні туралы пайымдаудан да қиынырақ. Осы сауалдың төңірегінде ой қозғаудан адам мүмкіндігінше қашып бағады, себебі өлім кім-кімге де қорқынышты, бірақ одан құтылу мүмкін емес. Жақын адамыңды жоғалту, өліммен бетпе-бет келу адам өмірінің шектеулігі жөнінде ойландырмай қоймайды. Күнделікті өмірдің күйбең тіршілігіне алданып, өлімнің бар екендігін ұмытып кететін пенде өмірінің қайғылы кезеңдерінде өмір өзінің дамуын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz