Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы


Практикалық сабақ №1
Экологиялық фактор дегеніміз - ағза бейіндеушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы.
Экологиялық фактор
биотикалық абиотикалық антропогенді
- тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты.
- ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды . Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды темпиратуралар болуы қажет.
- түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.
- экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos - тар), ал төзімділгі жоғары түрлер - эврибионтты - (грек тілінен аударғанда eyros - кең) деп атайды.
- стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды.
t o - температураға
эвритермді стенотермді
тұздардың концентрациясына
эвригалилі стеногалилі
жарыққа
эврифотты стенофотты
Қоректену
эврифагты стенофагты
Жалпы ағзалардың t o байлынысты болінуі
Пойкилотермді
(грек тілінен poikilos - алуан түрлі) заталмасу деңгелі тұрақсыз денесінің t o -сы тұрақсыз.
Гомойотермді
(грек тілінен homoios - бірдей) зат алмасу деңгеиі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.
Гетеротермді
Белсенді жағдайда дене температурасы саластармалы түрде жоғары және тұрақты болса, тыныштық күйінде дене температурасының сыртқы орта температурасынан айырмашылығы болмайды.
Термофиттер психрофиты псаммофиттер криофиттер петрофиттер
Альбедо - әр түрлі денелердің бетінің жарықты шағылыстыруға қабылеті.
Биолюминесценция - тірі ағзалардың жарық шығару қабылеті.
Жарыққа байланысты өсім-дің түрлері
Гелиофиттер
(жарық сүйгіш түрлер)
Сциофиттер
(көлеңке сүйгіш түрлер)
Факультативті гелиофиттер
(көлеңкеге төзімді өсімдіктер)
Ылғалғы байланысты өсімдіктер тобы
гидрофиттер
(грек тілінен hudor - су) құрылық - су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады.
ксерофиттер (грек тілінен xeros - құрғақ) құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.
суккуленттер
склерофиттер
Құрлық жануарлары ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі
Гидрофилдер
Ылғал сүйгіш, маса, былқылдақденелілер мен амфибиялар.
Мезофилдер
Оташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін, бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер.
Ксерофилдер
Құрғақшылықты сүйетін. түйе, кемірушілер, бауырмен жорғалаушылар.
Фотопериодизм
Ағзалардың морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғықты өзгеруі.
Өсімдіктердің тыныштық күйінің 3 түрі
Органикалық тыныштық
Жемістер, түйнектер мен бүршіктерге тән.
Анабиоз- тіршілік процестерінің баяулауы сонша, оларда тіршілік белгілері білінбейді.
№2 Демэкология
Экологияда популяция дегеніміз - бір бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территоряда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
Даралардың кеңістікте таралуы
Популяцияның негізгі қасиеттер і
Гомеостаз - тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-тендікті ұстап тұруға қабілеті.
1929ж У. Кеннон
Биотикалық фактор - дегеніміз даралар мен популялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері.
Биотикалық факторларды ң
Топтық эффект - топ құрып тіршілік ету.
Бәсекелестік
Симбиоз (селбесу) - дегеніміз әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі.
Әріптестік бірігіп тіршілік ету
Жыртқыштық - популяциялардың біреуі екіншісіне қолайсыз әсер ете отырып, пайда алады.
Паразитизм - гр. т. арамтамақ, иесінің есебінен тіршілік ететін тұраралық қарым - қатынастардың түрі.
Паразитизм
Эндопаразит
Ағза ішінде тіршілік етеді. (Мысалы аскарида, бауыр құрты т. б )
Эктопаразит
Ағза сыртыңда тіршілік етеді.
(Мысалы кене, бит, маса )
Экологиляқ қойма дегеніміз - ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орның, яғни қоршаған ортаға, көбейетін орнына, баспанасына және т. б.
№3 Синэкологиясы
Гаузе принципі бойынша - экологиялық жағдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.
Синэкология гр. т. бірге
биоценоз
1877 ж. К. Мебиус
биогеоценоз
1940 ж. В. Н. Сукачев Биоценоз+битоп
Экожүйе (1935 ж. А. Тенсли) - дегеніміз зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
Экожүйелердің жіктелуі
құрлық экожүйелері
тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейіт, шөл, тропиктер, тау.
тұщы су
ағынсыз су (көл, тоған), батпақтар.
ағнды су (өзен, бұлақ, саркырамалар)
теңіз экожүйелері
теңіздер мен ашық мұхит
Экожүйелердің энергетикасы
Экожүйедегі ағзалар трофтық (қоректік) .
Өндірушілер Продуценттер
бірінші ретті өнімді өндірушілер
өсімдіктер.
Консументтер
( лат. тіл-пайдалану ) жануарлар, микроорганизмдердің
көпшілігі, бунақдене-қоректі өсімдіктер.
Редуценттер Ыдыратушылар
( лат. тіл-қалпына келтіруші, деструкторлар ) . бактериялар,
саңырауқұлақтар, сапрофагтар,
копрофагтар.
Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдері
Автотрофтар Гетеротрофтар
грек тілінен аударғанда -өзі. бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер) .
Фототрофтар-( фотосинтез) -жасыл өсімдіктер, көк жасыл балдырлар.
Хемотрофтар -(хемосинтез) -күкірт бактериялары мен және т. б.
грек тілінен аударғанда -әр түрлі. дайын органикалық заттармен қоректенеді(жоғары сатыдығы паразит-өсімдіктер, саңырауқұлақтар, кейбір микроорганизмдер, барлық жануарлар мен адам) .
Дж. М. Андерсон.
Некротрофтар-( грек тіл. -өлі ) - қоректену объктісін өлтіреді (адам, жыртқыш)
Биотрофтар -( грек тіл. - тірі ) - басқа тірі ағзалар есебінен қоректенетін ағзалар(паразиттер, қаңсорғыштар)
Сапротрофтар-( грек тіл. - шірік ) - өлген органикалық затпен қоректенеді .
Негізгі тіршілік орталары.
Гидробионттардың экологиялық жіктелуі.
Планктон (грек тілінен аударғанда planktos - қалықтаушы) негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз.
фитопланктон
зоопланктон
Бентос (грек тілінен аударғанда benthos - тереңдік) - су қоймаларының түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді.
Зообентос
Фитобентос
Бактериобентос
Топырақ - тіршілік ету ортасы
Дәрістік кешені
ДӘРІС №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы
Мақсаты: Студенттерге экология және оның қысқаша даму тарихы, экологияның ғылым ретінде анықтамасы, мақсаты, міндеттері және әдістері, ғылымның қысқаша тарихы. бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология туралы түсінік бере отырып, экологияның басқа ғылымдармен байланысын, экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролін түсіндіру.
Жоспары:
1. Экология туралы түсінік.
2. Экология қалыптасуының және дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
4. Экология бөлімдері.
5. Экологияның зерттеу әдістері.
Негізгі түсініктер: экология, аутэкология, синэкология, биоиндикация, лихеноиндикация, қоршаған орта. Экология туралы ұғым.
1-2. Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз. Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо. Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э. Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу. Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ. б. э. д) жазған, ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ. б. э. д) жазған. Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К. Рулье, Н. Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты. А. Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік және Оңтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібірді, Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды. XIX ғ. ортасында Ресейде К. Ф. Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы экологиялық бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды. XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды . Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде. XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау. Экология ғылымының негізгі міндеттері: 1. организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу; 2. табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау; 3. адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу; 4. биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру; 5. биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру; 6. көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру; 7. экологиялық қауіпсіздікті сақтау. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым». Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады. Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады. Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады. Ф. Энгельстің айтуынша, «ғылымның ең бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді», дейді.
3 . 1. Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда, осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді. 2. Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді. 3. Синэкология - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
4. Экологияның негізгі бағыттары Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар: 1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді. 2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді. 3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі. 5. Экологиялық зерттеу әдістері. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т. б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т. б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде - далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
2. Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
3. Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
4. Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
5. Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
6. Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1. Р. С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003 2. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000. 3. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990. 4. Ақбасова А. Ж., Саинова Г. Ә. Экология. Алматы:Бастау, 2003 Қосымша әдебиеттер: 1. Николайкин Н. И. и др. Экология М. : Дрофа, 2003. 2. Шилов И. А. Экология. М. : Высшая школа, 1997.
ДӘРІС № 2 Тақырып: Аутэкология. Организм және қоршаған орта. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.
Мақсаты: Студенттерге экологияның аутэкология бөлімінің ерекшеліктері, тірі организмдердің таралған негізгі тіршілік орталары, тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері туралы білім беру.
Жоспары:
1. Аутэкология -экологияның бір бөлімі.
2. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.
3. Тіршіліктің пайда болу теориясы.
4. Биосфера эволюциясы.
5. Организдердің негізгі тіршілік орталары:
6. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
Негізгі түсініктер: биологиялық ырғақтар, фотопериодизм, биолюминесценция, гидробионттар, геобионттар.
1. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.
2. Жер бетінде организмдердің таралуы. Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді. Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады- тропикалық жауынды орман, таулы орман, тундра, тайга, сованна немесе шөлдала. Биогеографиялық облыстар : 1. Голарктикалық (Солт. Америка Гренландиясыз, Евразия Индиясыз, Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка) 2. Палеотропикалық (Оңт. Африка, Мадагаскар, Индия және ИндоКитай) 3. Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания) 4. Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка) 5. Антарктикалық (Антарктика)
3. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. 1. абиогеноз теориясы(тірінің өліден пайда болуы) 2. биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы) Тіршілік - зат алмасу және көбею сияқты ерекше қасиеттермен сипатталады. Жердегі тіршілік дегеніміз негізінен нуклейн қышқылдары мен ақуыздың өзара әрекеттесу функциясы болып табылады. Нуклеин қышқылы-нуклеотид полимерлері болып табылады, ал ол кезегінде азоттық негізден, центоздан және фосфаттан тұрады. Ақуыздар-бұлар да полимерлер және амин қышқылдардан тұрады, ақуыз функциясы - ферментативтік. Джон Берналдың теориясына сәйкес, тіршіліктің пайда болу тарихы 3 негізгі бөлімге бөлінеді: атомнан молекулаға дейін, молекуладан полимерге дейін, полимерден организмге дейін. 1-сатысында өмір үшін сипатты содан метаннан және аммиактан аралық молекула қалыптасқан. Олар, негізінен көміртектік азоттық қосылысты, жай күрделілігі бар қосылыстар-амин қышқылдар және органикалық негізді-аденин. Олар Опаринмен Холдейн гипотезаларына сәйкес «первичный бульон» құрамды бөлігі болып саналады. 2-сатыдағы процесс-бұл молекулалардың полимеризациялануы, шешуші жағдайға алып келетін динамикалық ұйымдастыру процесінің пайда болу, оны біз тіршілік деп атаймыз. 3-сатысында организмдердің дамуы және олардың ішкі ұйымдастыруларының қалыптасуы жүреді, ол жәй метаболизмдік ортадан организмдік деңгейге ауысу, яғни қоршаған өлі табиғаттан даралану.
4. Палеонтологиялық мәліметтер бойынша: 1. протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын) - бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2. палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) - жер беті өсімдіктер, амфибиялар пайда болды; 3. мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын) - сүтқоректілер, құстар, қарағай өсімдіктері пайда болды; 4. кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) - қазіргі заманғы өсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz