Білім беруде ақпараттық технологияның маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Білім беруде ақпараттық технологияның маңызы

Садуова Гүлжазира Аскаровна
Жоғары көпсалалы Болашақ
колледжінің оқытушысы

Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды қолдану арқылы студеннтердің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру - аса маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азамматтық практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желіге шығу делінген.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Бүгінгі басты мәселеміз білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы Қалай нәтижелі оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір - оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Жаңа ақпараттық технология дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Технология гректің teche- өнер, шеберлік және logos- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру
2. ақпараттық сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы бағдарламалық құралдарды меңгерту; жаңа бағдарламалық құралдарды меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру үдерісінің ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Яғни, білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
- пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Адамзат өркениетті Жер бетінде орныққалы бері одан өз орнын ойып тұрып алып келе жатқан мемлекеттердің жөні өзінше бір бөлек. Солардың бірі Малайзия елі. Бұл елдің ғажайып тарихы, бүгінгі әлемде экономикасы өте жоғары. Сондай-ақ, дамыған ел ретінде салмағы да ерекше. Оның үстіне Малайзияның Еуразиядағы ықпалдастықтың ең белсенді қозғаушысы ретіндегі беделі де барған сайын арта түсіп келеді. Екі мемлекеттің, яғни Қазақстан мен Малайзия өзекті әлемдік және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ұйымдардағы өзара тиімді ықпалдастыққа ұмтылысы қуантады.
Кәсіби іскерлікті қалыптастырудың әлеуметтік мәні адамгершілік қасиеттерден тұрады десек, жеке тұлғаның даму бағыттылығы, кәсіби іскерлігі оның арнайы іс-әрекет орындау үдерісіндегі қарым-қатынас мәдениетінің деңгейіне байланысты. Бұл үшін ғылымның, мәдениеттің, өнер мен әдебиет әлемінің және имандылықтың, рухани білім тәжірибелерінің үндесуі қажет болған жағдайда аталмыш елдің рухани-адамгершілік және этно-мәдени құндылықтарын өз рухани азығыма айналдырмақпын.
Жаңа ақпараттық технологияларды іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі таңда шығармашыл ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық жете меңгерген , мамандық шеберлегі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін маман болу маңызды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір студенттің шығармалық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай - ақ ізденуге , өз жұмысының нәтижесін көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп, сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақты жоспалаудың негізгі талаптары:
1.Студенттердің сабаққа бар зейінін аударып, ықыласпен, ынта - жігермен тыңдауын ұйымдастыру.
2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.
3.Оқытушының тақырыпты терең және жан - жақты меңгеруі.
4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі , тиімді әдіс- тәсілдері.
5.Мысалдарды өмірімен байланыстырудың баланы ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.
6.Оқушы меңгергенін іс - тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы.
7. Топпен, жеке оқушымен жұмысты жүргізу.
8. Көркені құралдардың нақтылығы, әсерлілігі, мазмұндылығы.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып студенттердің шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта мынадай іс - шараларды қолданудың маңызының зор екеніні байқадым. Жаңа ақапараттық технология құралдарын (жаңа типтік комьютерлер, телекомуникация, виртуалды орта және мултимедия технология) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық - техникалық бейне файлдар базасын жетілдіру. Осындай жолмен берілген оқыту материалдары теориялық білімді жетілдіруге және іс - әрекеттің орындалу үрдісін экраннан көріп отыруға толық мүмкіндік береді. Міне, осы тәсілді мен дәріс бергенде де, практикалықсабақтарда да жаңа материалды өту кезінде де, оларды түсіндіру барысында жаттығу жұмыстарын орындау да, оқушылардың білімін бағалауда да қолоданып келемін. Мен студенттерді оқыту барысында мультимедиалық презентациялардан басқа экранда көптеген іс - әрекеттерді толық көрсете алатын Windows Movie Maker бағдарламасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Технологияның артықшылықтары
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Жаңа форматты сабақтың шығармашылық принциптері
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Пәндер