Кеніш атмосферасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

https://kz.h-index.com/web/uploads/images/Df0LUh.png

Реферат

Тау кен өнеркәсіпорындарының аэрологиясының өндірістегі маңызы және оның міндеттері

Тексерген: Муканова А. Қ.

Орындаған: Орынбасар А. А.

2023-2024 о. ж.

Аэрология(аэро . . . және . . . логия) - метеорологияның атмосферадағы физикалық құбылыстарды және оларды зерттеу әдістерін қарастыратын бөлімі; метеорологияның бір бөлімі. Ол құбылыстар сипаты туралы ақпаратты өздігінен жазып алып, жерге радио арқылы жіберетін арнайы автоматты аспаптарды ұшыруға (өздігінен, ұшақпен, зымыранмен, кейде метеорологиялық жер серігімен) негізделген. Метеорологияның атмосферадағы физикалық құбылыстарды және оларды зерттеу әдістерін қарастыратын бөлімі; метеорологияның бір бөлімі. Ол құбылыстар сипаты туралы ақпаратты өздігінен жазып алып, жерге радио арқылы жіберетін арнайы автоматты аспаптарды ұшыруға (өздігінен, ұшақпен, зымыранмен, кейде метеорологиялық жер серігімен) негізделген

Кеніш ауасын кондициялау - шахтада сыртқы (ауа райы, жыл мезгілі) және ішкі (адамдар, жылу көздері, ылғалдылық, әр түрлі газдар, шаң) факторлар әсеріне қарамастан ауаның құрамы мен қалыпты күйін сақтауға мүмкіндік тудыратын кешенді шаралар жиынтығы. Әдетте кеніш ауасын кондициялау деген ұғым тек ауаның тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, оған қоса ауаның қозғалу жылдамдығын, ылғалдылығын және оның температурасын бір қалыпты сақтау деген ұғымды білдіреді. Ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді тәсіл шахтаның (кеніштің) немесе учаскенің тау-кен-геологиялық жағдайларының жиынтығын есепке ала отырып, таңдалуы қажет.

Тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы - тау кен ғылымының бір саласы, мұнда кеніш ауасының құрамы, ауа қозғаласының заңдары, ауаның газ, шаң секілді қоспаларды тасымалдауы, жерасы қазбаларымен шаңдар мен жылудың тасымалдануы, кеніш аэромеханикасы мен аэродинамикасы және т. б. маңызы зор мәселелер зерттеледі. Жалпы, тау кен кәсіпорындарының аэрологиясы кенішті желдетудің ғылыми негізі ретінде, инженерлік тұрғыдан оның әдістері мен құрал-жабдықтарын қарастырады. Кенішті (шақтыны) желдетудің негізгі мәселесі ол - жерасты ғимараттарына таза ауа беріп, оларды қазбаларға, бөлімшелерге, телімдерге және т. б. бөлу (тарату) және олардағы ласталған ананы сыртқа шығару.

Кен кәсіпорындарының аэрологиясы төменде келтірілген мынадай ең негізгі бөлімдерден тұрады:

  1. Кеніш атмосферасы. Бұл бөлімде жер асты қазбаларындағы ауа қозғалысқа түскенде оның өзгермелілігі, кеніш ауысын құрайтын газдардың қасиеттері, газдардың кеніш ауасына түсуі, кеніш шаңдарының жану әрі жарылу себептері және олармен күресу жолдары (шаралары) қарастырылады.
  2. Кеніш аэромеханикасы. Бұл бөлімде кеніштегі ауа қозғалысының заңдары, ауа ағымдары мен ағыншалары арқылы газбен шаңдардың тасымалдануы және олардың бөлінуі, ауа мен тау кен жыныстарының өзара жылу алмасуы процестері қарастырылады.
  3. Кенішті желдету. Кенішті ауамен қамту жабдықтары мен техникалық тәсілдері,

ауа құрамын бақылау және осы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Ауаның ластану себептері:

а) технологиялық көздер - жарылыс жұмыстары, іштен жанатын қозғыштардың жұмысы, шыңтастан пайдалы қазбалар мен бос жыныстарды бұзу, тасу, тасымалдау, түсіру, тиеу үдірістері т. б.

б) табиғи көздер - тау-кен жыныстарын жалаңаштау. Бос жыныс пен көмірлерді ұсақтау, тау-кен қазбаларымен қилысып өтетін минералды көздер, жарықшақтар, геологиялық бұзылымдар т. б. Кеніш ауасындағы газдың құрамы оның жиынтығымен сипатталады, демек белгілі бір газдың салмағының (көлемінің) сол ортаны құрайтын газды ауа қоспаларының салмағына (көлеміне) қатынасын айтады. Газдың жиынтығын белгілі бір газ салмағының қоспа көлеміне қатынасы арқылы да өрнектеуге болады ( мг/л ) . Осы екі көрсеткіштің біреуі белгілі болса, екіншісін төмендегі теңдеу арқылы табуға болады. Мысалы, егер газдың көлемдік жиынтығы (G К' %) белгілі балса, онда газдың салмақтық жиынтығын G сол мг/л мына теңдеумен анықтауға болады

газбен уланудың төмендегідей түрлерін атап өтуге болады:

- жеңіл улануда адамның көз қабыршағы тітіркенеді, жоғарғы тыныс жолы қышиды, көзде ауру пайда болады, көзден жас ағып әр түрлі қызылды-жасылды дөңгелектер болады, жөтел, әрі кеуде қысылады;

- орташа улану да жүйке жүйесі уланады, бас айналады, әлсіздік, құсу, естен танады;

- ауыр улануда құсу, лоқсу, жүрек-тамыр жұмыстары мен дем алудың бұзылуы, естен тану, одан әрі өлім;

- егер адамға сутекті күкірт газының H 2 S ұзақ уақыт әсері тиген болса, онда көздің тұрақты ауруы, асқазанның, адам ағзасының бұзылуы, ұйқының бұзылуы, қан қысымы көтерілуі т. б. байқалады.

Тау-кен қазбаларын газсыздандыру. Тереңдік өскен сайын көмір шахталарындағы метан мөлшері күрт көбейе түседі де, тау-кен жұмыстарын тездету желдету әдісімен оның мөлшерін шектелген рұқсат шегінде ұстап тұру мүмкіндігі болмайды (ауаның көлемін көп көлемде өсірсек, онда оның қозғалу жылдамдығы өсіп кетеді және арнаулы желдеткіштерді жасау керек) . Метан мөлшері көп шахталарды желдету оңайға түскен болар еді (жеңілдірек), егер біз шахталарды алдын ала газсыздандырсақ, яғни жасанды әдіспен қазбалардан бөлініп шығатын газ мөлшерін азайтсақ осыдан "қазбаларды газсыздандыру" және "тау жыныстарын газсыздандыру" деген екі түсінік (анықтама) пайда болады. Мысалы, "тау жыныстарын газсыздандыру" дегеніміз - жыныстағы газдың мөлшерін азайтатын шаралар. Ал "қазбаларды газсыздандыру" дегенді өте кең мағынада түсіну керек. Бұл жоғары айтылған шарадан басқа, тағы да қосымша шараларды қамтиды: олар газды көмірдің өзінде сақтау (консервация), газдың тақтадан бөлініп шығу үдірісін азайту, сыздықтап шығатын газ мөлшерін сору (каптаж), қазбаларды кеңістікте тиімді өзара орналастыру т. б. Шахталарды газсыздандырудың әр түрлі тәсілдері ертеде болғанмен (XVIII гасыр), ең кең қолданылуы 1940-1945 ж. ж. басталған еді. Қазіргі уақытта газсыздандыруды барлық көмір бассейндері пәрменді пайдалануда.

Газсыздандыру әдістері:

- лездеме газсыздандыру - кенді блоктан, участкеден қазып алып жатқан мезетте; - ертерек газсыздандыру - бұл алдын ала тазалау жұмысын бастамай тұрып жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі
Қанжуған уран кен орнын жобалау
Вирустар, бактериялар және мтднқ геномдары. днқ-лы вирустар және рнқ-лы вирустар
Сақтандырғыш жарылғыш заттар
Мұнай кен орнын игеру
Экскаватордың шөмішіндегі көмірдің салмағы
Кен қабатының стратиграфиясы
Қабат кеніш
Қаражанбас кен орны
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz