Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«СЫДЫҚ АБЛАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: «Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы»

Пәні: Жаратылыстану

Орындаушы: Тажетдин Балгүл. 6 сынып .

Жетекшісі: Мынжасарова А. К

2023 жыл.

Аннотация

Зерттеу жұмысының нәтижесінде қамыстың қолданылу аясын анықтап, керексіз су өсімдігінің адам өміріндегі маңыздылығы түсіндірілген. Қамысты зерттеп, оның қолданылуы туралы мәлімет жинақтау арқылы, оның маңыздылығына көз жеткізу, өмірде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған. Қазақ халқы ежелден қамысты тұрмыстық жабдық әрі мал азығы ретінде пайдаланып келген. Соңғы жылдары осы үдеріс бәсеңдеп, халық табиғи зиянсыз шикізаттың орнына зиянды синтетикалық шетелдік өнімдерді қолдануда. Осы жобада жергілікті жердің флорасын ұтымды пайдаланудың қағидалары қарастырылған.

Аннотация

В результате исследовательской работы определена сфера применения тростникового камыша и объяснено значение этого растения в жизни человека и его хозяйственной деятельности. Изучая свойства тростника и собрав информацию о его свойствах, приведены примеры его рационального использования в хозяйственной жизни. Казахи издревле использовали тростник в качестве домашнего инвентаря и корма для животных. В последние годы это стало не актуальным и не модным, и вместо натурального безвредного сырья люди используют вредные синтетические импортные продукции. В этом проекте предусмотрены принципы рационального использования местной флоры.

Аnnotation

As a result of the research work, the scope of application of reed reeds was determined and the significance of this plant in human life and his economic activities was explained. By studying the properties of reed and collecting information about its properties, examples of its rational use in economic life are given. Since ancient times, Kazakhs have used reed as household equipment and animal feed. In recent years, this has become neither relevant nor fashionable, and instead of natural, harmless raw materials, people use harmful synthetic imported products. This project provides principles for the sustainable use of local flora.

2

МАЗМҰНЫ:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктері.

2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

2. 3 Қамыстан ши тоқу технологиясы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

3

Зерттеу мақсаты:

  • Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
  • Жергілікті жерде қамыс өсімдігін шаруашылықта және тұрмыста пайдаланудың жолдары мен пайдасын айқындау

Міндеттері:

  • Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
  • Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
  • Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.

Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Байзақ ауданына қарасты ауылдық мекендердегі Талас өзені, «Базарбай» каналының тоғандары алқаптарында өсетін қамыс алқаптары алынды.

Зерттеу жаңалығы:

Жергілікті жердегі қамыс өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып, оның пайдалы жақтары, тұрмыста, өндірісте қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Зерттеудің болжамы:

Қамыс - арзан және экологиялық таза, қауіпсіз құрылыс материалы, қол жетімді, сіңімді мал азығы, тұрмыста түрлі бұйымдар жасау материалы, отын ретінде қолдануға болатын және шығынсыз өсірілетін ерекше өсімдік.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

Бұл жұмысты дүниетану, жаратылыстану, биология сабақтарында қосымша мәліметтер мен ақпараттар ретінде қолдануға болады.

4

Кіріспе

Табиғатты ұтымды пайдалану - адамның өз қызметі барысында оны сақтау және жағымсыз салдардан қорғау негізінде табиғатпен қарым-қатынасын басқаруды білетін қоршаған ортаға үздіксіз әсер етуі. Табиғатты ұтымды пайдалану экология заңдылықтарын қолдауға, қолда бар ресурстарды пайдаланудағы, сақтау мен молайтудағы ұтымдылыққа негізделген бүкіл табиғи жүйенің өзара әрекетін білдіреді. Табиғатты пайдаланудың мәні әртүрлі табиғи жүйелердің өзара синтезінің бастапқы заңдылықтарына негізделген. Сонымен, табиғатты ұтымды пайдалану деп биожүйені талдау, оны ұқыпты пайдалану, қорғау және ұдайы өндіру, экономика салаларын дамытудың ағымдағы ғана емес, болашақтағы мүдделерін де ескере отырып, адам денсаулығын сақтау деп түсінемін.

Жуырда телеарналар мен газеттер бетінен Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Венера Тайлақбаева қамысты кәдеге жаратып, табыс тауып отырғаны туралы көрідім. Айтуынша, оған шетелдіктердің қызығушылығы ерекше. Бұрын соңды естімеген кәсіпті қолға алған Венера Тайлақбаева ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр. "Жастардың еңбекке құлшынысын арттыруымыз керек" дейді ол. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттық құрылтайда айтқан болатын. "Біз құрып жатқан жаңа қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық", - деді Мемлекет басшысы.

Ғажап қой! Нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Осы жаңалықтардан соң мен де өзім тұрып жатқан Байзақ ауданы, оның ішінде Байзақ ауылының табиғаты мен топырағы, суы мен ауасы осы өсімдік түріне жайлы екенін біліп, қамыстың көп таралуына, табиғи жағдайда өздігінен жақсы өсетіні туралы ақпараттарды зерттей бастадым

«Сулы жер - нулы жер», - деп халық тегін айтпаған. Бұл мақал өзен, көл, жылға, бұлақ, қайнар су көздерін адам өзі ұдайы қамқорлыққа алып, қорғап отыруы қажет екендігін еске салады. Өзім тұратын ауылдың шығу тарихына қарап отырсам, ертеде ауыл бойымен ағып жатқан Талас өзенінің төменгі ағысы жақтарын, Ботамойнақ ауылының бас жағынан ағып өтетін «Базарбай» каналының тоғандары жағасын қалың қамыс басқан екен (Қосымша -1) Міне, сол қамысты ата - бабаларымыз шаруашылықта кеңінен қолданған.

5

Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған. Осы орайда қамыстың жергілікті жердегі алқаптарын аралап, оның қасиеттерін атаммен бірге толық зерттеп, жоба жазуды ұйғардым (Қосымша- 2)

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктері.

Дүниежүзі бойынша қамыстың 250 - ден астам түрі белгілі. Оның биіктігі 2, 5 м - дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамып, еліміздің түпкір - түпкіріндегі сулы аймақтарда, көл жағасында тұқым арқылы өсе алады. Қамыстың жер астындағы тамырын қазақ тілінде борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі. Сонымен қатар саси бастаған, борсыған иісті суды да борық деп атайды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылым болып жатады. Ауа температурасы қатты суытқан кезде ғана қатады. Су қатқаннан кейін адамдар қамысты шауып, оны баулап, ықтырма тоқиды. Сол борықтың буындарынан сүйрік көктеп шығады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік, көп гүлді масақтары сыпыртқы гүл шоғырына топталған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.

Дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650 - дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см - ден

6

30 - 40 м - ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм - ден 20 - 30 см - ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Туыс Қамыс (Пһрагмітес) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Пһ. цоммұніс) . Оның биіктігі 0, 8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Түр Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см - дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.

2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсатту арқылы одан мол өнім алуға болады.

7

Бүгінгі ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың дені тығыздалған ағаш, қамыс жоңқалы тақталар шығару қолға алынды. Қамыстың суда өсетіні белгілі және ағашқа қарағанда 48%ылғалға төзімді болып келеді. Сондықтан жылдар бойы жете мән бермей жатқан қамысқа деген сұраныстың күрт өсуі түсінікті жағдай. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұранысы артуда ( Қосымша -3) . Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Қамыс көгіне сиыр, жылқы, қой ұстап сүт, қымыз, ет секілді арзан мал өнімдерін өндіруге және қамыс пішенін орып - жинап, жем - шөп қорын жасауға немесе баулап базарға сатуға да болады. Қамыс деген нағыз кәсіп пен табыстың көзі. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Жалпы себеттерден тоқылған түрлі бұйымдар жасап жатқандығын да көреміз (Қосымша -4) . Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады шатыр төбелерін(шифер) жабуға

да пайдаланады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол - жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс үйдің жылуын сақтап тұрады. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршауын да жасаған. Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Оны біздерде қалқыма паром деп атайды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады. Қамыстың тағы бір пайдасы химиялық өңдеу жолымен қағаз алынады, қамысты отын ретінде де пайдаланамыз. Отқа жаққанда немесе нан пісіргенде, балық ыстағанда қамысты пайдаланады. Қазақ халқы киіз үйдің қабырғасына қамыстан тоқыған шиді пайдаланған. Шимен киіз үйдің сыртын айналдыра ораған. Өйткені шидің қызметі жел болған жағдайда суырылған құмдарға кедергі ретінде, ал жазды күні ауа соғып тұруға қолайлы болған және шыбын - шіркейлерден қорғануға септігін тигізген. Ал тоқылған шиді төсеніш ретінде, жерден ыза өтпеу үшін, киіздің астына салынған. Күздік қамыстарды «нар» - қамыстар деп атайды. Нар қамыстардан өткелдер жасап, қамыстарды бумаға буып, қайық жасаған. Қайық арқылы сулардан немесе көлдерден балық аулап, азықтарын тауы отырған. Нар қамыстарды орып алып, тоқып үй құрылысына пайдаланған. Үй құрлысын салған кезде салған кезде фундаменттің астына салып отырған. Себебі нар қамыс

8

спираль қызметін атқарған. Көктемде жер босаған кезде қамыс сабанының бойына ауа кіріп қыста көтеріледі. Сонымен қатар қалың ну тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зақым келтіреді. Онымен күресу үшін тереңдігі 30 - см дей қазып тамыр сабақтарын тазартып отыру керек.

Бұл құбылысты ғалымдар дәлелдеген. Қазақ, ұйғыр халықтары арасында кең тараған қоянды аулаудың бір түрі - қиылған қамыс ұшына қоянды арандатып аулау. Аңшылар бұл әдісті, әдетте, қыстың жерді қар басқан күндері қолданған. Ол үшін өзен - көл бойында қалың болып өсетін қамыс, қоғаларды мұзбен бірге қатып қалған түбірлерін бір қарыстай қалдырып, өткір орақ, не шалғымен қиғаштап орып алып, түбірлердің ұш жағын өткір де үшкір істік етіп тастайды. Сыртқа жайылуға шыққан жабайы қояндар аңшылардың иттері қуып бергенде бар пәрменімен аттап-бұттап қамыс ішіне қайта қойып - қойып кеткенде қамыстың істік түбірлеріне еріксіз арандап, үсті - басып қан - қан болып, соған малтып, шалажансар болып, қолға түседі. Міне, осы тәсілге қатысты халық аузында «Ерді намыс өлтіреді, Қоянды қамыс өлтіреді» деген мақал қалыптасқан. Қазір де Қазақстандағы жаңадан ашылған қамыс зауыттары (Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Атырау облысының Құрманғазы аудандарында қамыстан құрылыс материалын өндіретін зауыттар бар) отандық кәсіпорындар санын арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға ықпал етеді деп болжануда.

Қамыстың суда өсетіні белгілі болса да, ағашқа қарағанда 48 пайыз ылғалға төзімді болып келеді екен. Ата-бабаларымыз шаруашылықта қамысты кеңінен қолданған. Қамыстан үй тұрғызу, малға азық ету, ши тоқу сияқты шаруашылыққа пайдаланған. Кәзіргі заманда Қазақстанның әр түкпірінде өсетін қамыстың 70-80 пайызы орылмастан қалатынын ішім сезеді. Осындай игілігі мол, табыс көзі болатын қамысты бүгін дұрыс тұтынып жүрміз бе? Құрылыс материялдарының құны аспанға шарықтап, үй тұрғызу қиынға түсіп тұрған бүгінгі заманда табиғаттың маңдайымызға берген байлығын бағалап заманға сай технологияға ыңғайлап пайдалануға болатын шығар? Мысалы, қазір үйдің төбесін түрлі синтетикалық көбіктермен, пластикалық материалдармен жылытып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Ата-бабамыз осы қамысты төсеп, балшықпен сылаған. Қазіргі таңда ел мал қораларын цемент қосылған пескоблоктармен соғады, шатырын темір қаңылтырмен жауып қоя салады. Нәтижесінде қыста аяздан малдар ауырып, көп зиян шегіп жатады. Ал осы

9

мал қораларды қамыстан жасалған тақташалармен қаптап, шатырын қамыспен қаптап саз балшықпен сыласа мал қораның ішіндегі температура екі-үш есе жылы болар еді (Қосымша -5)

Ал осы қамыстың тағы бір түрін еңбекқор қытай халқы өсіреді екен. Қытайлықтар қамысты өсіру үшін алдымен тұқымын жерге терең қазып көмеді, сосын тыңайтқыш қоса сеуіп көмеді де үнемі суарып отырады. Алғашқы жылы қамыс тұқымында ешбір өзгеріс болмайды. Сондықтан келесі жылы ол тұқымды тағы да үнемі суарып, отырғызылған жеріне тыңайтқыш себеді. Екінші жылында да қамыс тұқымы топырақ бетіне шығып, бүр жармайды. Тіптен үшінші, төртінші жылы да қамыстың қыңыр тұқымы қанша суарып, тыңайтса да бүр жармайды. Қытай азаматтары аса сабырлылық танытып оны 5 - ші жылы да тыңайтқыш сеуіп, суара береді екен. Тек бесінші жылдың соңына қарай ғана қамыс ағашы бүр жарып 6 аптаның ішінде шамамен биіктігі 27 метрге дейін өседі дейді. Сосын қамысты орып алып, кептіріп, баулап сатқан кездегі пайдасы ұшан - теңіз. «Жаһандық жылыну үрдісі» атты дәуірлік қауіпте қыр астынан бас көтере бастады. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз¬жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6, 4 градусқа жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе - дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу.

Болжам бойынша 2030 жылы әлемдік тұрғыда энергияның барлық түрлеріне сұраныс артып, оны қолдану екі есеге артпақ. Бұған байланысты халықаралық сарапшылар «болашақта көмір тек энергия есебінде ғана қолданып, мұнай шикі күйінде экспорттала беретін болса, аталмыш ресурстардың қоры азаяды. Сондықтан био¬экономикаға, сол арқылы био¬отынға ден қою қажет» деседі.

Шетелдерде биоотын сала¬сының дамуы бірқатар салық преференцияларымен ынталандырады. Ал бізде бұл жүйе енді ғана мемлекеттік деңгейде қолға алына бастады. Ғалымдар ауыл¬шаруашылық қалдықтарынан өндірілген екінші буынды био¬отын жылына 3, 8 млрд литрді құрап, мұнай импортын 5 пайызға қысқартуға және жылына 350 млн доллар табыс әкелуге, 40 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп отыр. АҚШ - та құра¬мында биоотыны бар бензин өндірушілер үшін бір литр биоэтанолға 13 цент, бір литр биодизельге 25 цент және де қолданылған өсімдік майынан өндірілген биодизельге 13 цент кө¬лемінде салық преференциялар қарастырылған.

10

2. 3 Қамыстан ши тоқу технологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобадан күтілетін нәтижелер
Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер
Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы «Бағлан» шаруа қожалығында жыртылған жерлерін орналастыру жобасы
Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
Ақ амурдың (Ctenopharyngodon idella) морфобиологиялық сипаттамасы
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі
Өлкенің өсімдік жамылғысы
Қазақстанның табиғи зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz