Сағат саны


БАҒДАРЛАМА
элективті
гимназиялық (лицейлік) компоненттің арнайы курстары
мектеп және оқушы компоненттерінің курстары
«Эссе жазудың теориясы мен тәжірибесі»
10-сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 36 сағат
Копбаева Жанар Ордабековна
№173 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пікір жазғандар: Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар
кафедрасының РһD докторы Ә. Ә. Бияздықова
Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Н. А. Таирова
Алматы қаласы Әуезов ауданы «№26 мамандандырылған лицей» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Назипа Егемберді
Түсініктеме хат
Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған «Эссе жазудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы
Бүгінгі таңдағы жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушылардың өзіндік пікірінің қалыптасқан, сыни ойлай біліп, өз тұжырымын дәлелді қорғай білетін тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді. Осы ретте жоғары сынып оқушыларына «Эссе жазудың теориясы мен тәжірибесі» атты элективті оқу бағдарламасын енгізудің маңыздылығы артады. Өйткені эссе жұмысы оқушылардың дұрыс ойлау, мәселені жан-жақты көре білу, өз ойын түсінікті әрі дәлелді жеткізе білуге үйретеді.
Эссе - оқушылар үшін салыстырмалы түрде алғанда жаңа әрі өзіндік қиындықтары бар тапсырмалардың жиынтығынан тұрады. Эссе жұмыстары оқушылардың жеке көзқарасын қалыптастыруына зор ықпал ететін прозалық мәтін. Шығармадан ерекшелігі эссе жұмыстары қатаң түрде жоспарға негізделмеуі болып табылады. Бүгінгі таңда интернет ресурстарына тәуелділік күшейіп тұрған шақта оқушылардың томаға тұйық өмір сүруінен қарағанда өзіндік пікірі қалыптасқан, сыни ойлауы жетілген, өзіндік ұстанымы бар жан-жақты білімді қоғамның белсенді мүшесін тәрбиелеу аса маңызды болып отыр. Міне осы жоғарыда аталған асыл қасиеттердің қалыптасуына эссе жұмыстарын жаздырудың көп әсер етері сөзсіз. Сонымен қатар эссе жұмыстарын дұрыс жаза білуді үйрену арқылы оқушылар өзінің дүниетанымдық біліктілігін тиімді қолдана алу, шығармашылық қабілетін шыңдауға, ой жүйелігін реттеуге, ойын жеткізуде бірізділікті сақтай отырып, сөз орамдарын тиімді қолдана білуге үйренеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың бойында сөздік қор байлығының дамуына, талдау жұмыстарында қажетті терминдерді тиімді қолдану сынды құзіреттіліктердің қалыптасуына арқау болады.
Бағдарлама 34 сағат, аптасына 1 сағат көлемінде жасалды. Бағдарлама оқушыларға өзіндік пікірі қалыптасқан, өз тұжырымын дәлелді қорғай білетін қоғамның белсенді мүшесі ретінде бағытталып ұсынылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты алған білімін өмірде қолдана алу.
Бағдарламаның мақсаты:
- Оқушылардың мәселеге көңіл аудару, ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптастыру;
- Оқушылардың зияткерлерік дамуы мен тұлғалық қалыптасуындағы туындаған мәселелерді шешудегі шығармашылық ұстанымдарын жетілдіру;
- Оқушылардың айтылым, жазылым сынды дағдыларын қалыптастыру;
- Білім деңгейін көтеріп, ой-өрісі дамыған әрі өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алушылық;
- Шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
Бағдарламаның міндеті:
- Оқушы өзіне берілген мәтіндегі негізгі ойды түсініп, ақпараттарды дәл анықтай алады, ең бастысы түсінгені мен игерген білімін тәжірибеде шебер қолдана алады;
- Белгілі бір тақырып бойынша өз ойын білдіре алып, өз тұжырымдарын дәйекті түрде қорғай алу үшін оқушылының бойында ой қорыту дағдылары ашылады;
- Оқушы кез-келген мәселені салыстырмалы түрде саралай алып, қорытынды шешім шығарудың шеберіне айналады;
- Оқушы өз мүмкіндіктеріне баға бере алып, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, шығармашылқ тұлғаға айналады;
Бағдарламаның өзектілігі, күтілетін нәтиже:
- Оқушы эссе жұмыстарын жазудың құрылымдарын жетік біледі;
- Оқушы мәтіннен автордың ұстанымы мен көтерген негізгі мәселесін, мақсатын дәл анықтайды;
- Оқушының өзіндік пікірі қалыптасып, өз тұжырымдарын дәлелді қорғай алады;
- Өз ойын жеткізуде бірізділікті терең сақтап, ойы логикалық байланыстан тұрады;
- Оқушы өз ойын жеткізуде грамматикалық қүрылымдардың әртүрлілігін терең пайдаланып, тілінің лексикалық байлығын көрсете алады;
- Оқушы сыни тұрғыдан ойлап, тілі сауаттылығы қалыптасады;
- Тақырыпты шектеулі деңгейде түсінбей, кең көлемдегі дәлелдер келтіруде қазақ тілінің терминдері мен деректерді терең пайдалана алады;
- өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, ой-өрістері кеңейеді.
Курстың практикалық маңыздылығы:
«Эссе жазу теориясы мен тәжірибесі» курсы бойынша алған білімін, дағдыларын өз бетінше дамытып, игерген білімді тәжірибеде қолдана білу.
Қолданылатын әдіс тәсілдер: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту, өз ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, проблемалық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану.
Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат
Тұрақтылау немесе мазмұндық бөлім
- Кіріспе. Эссе: түсінігі, талаптары мен бағалау критерийлері (2 сағат)
- Эссенің жанрлық ерекшеліктері (2 сағат)
- Эссе құрылымы (2 сағат)
- Сипаттамалық эссе (2 сағат)
- Анықтамалық эссе (2 сағат)
- Хабарламалық эссе (2 сағат) .
- Салыстырмалы немесе кереғар эссе (2 сағат)
- Дәлелдемелік эссе (2 сағат)
- Аргументтік эссе (2 сағат)
- Әдеби эссе (2 сағат)
- Академиялық эссе (2 сағат)
- Сөйлемді дұрыс қолдану және грамматикалық сауаттылық (2 сағат)
- Грамматикалық қателіктер және оны түзету жолдары (2 сағат)
- Сыни ойлау (2 сағат)
- Эссе жазу стилі (1 сағат)
- Эссе және жазу мәдениеті (1 сағат)
- Мәтіннің шебер өңделуі (1 сағат)
- Эссе жазудағы тәжірибелік қадамдар (2 сағат)
- Эссе және жиі кездесетін қателіктер (2 сағат)
- Қорытынды (1 сағат)
Нормативті бөлім
Бөлім
Бөлімше
Тақырып
Лекция
Теория
Тәжірибе
Кіріспе. Эссе: түсінігі, талаптары мен бағалау критерийлері
(2 сағат)
Оқушылардың мәселеге көңіл аудару,
Білім деңгейін көтеріп, ой-өрісі дамыған әрі өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алушылық
Эссенің жанрлық ерекшеліктері
(2 сағат)
Ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптас-тыру;
Мәселелік оқыту, жазбаша жұмыс
Ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптастыру;
Дәріс-презента-ция, тәжірибелік жұмыс
Ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптастыру;
Дәріс-презентация, нақты шығармаларды талдау
Ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптастыру;
Дәріс, қазақ тілінің терминдерімен жұмыс
Ақпараттарды жинау және ой елегенін өткізе алу дағдысын қалыптастыру;
Пікір алмасу, жазбаша жұмыс
Эссе және жазу мәдениеті
(1 сағат)
Нақтылық, көпсөзділіктен ктеу, өз ойын нақты бере алу, көзқарасын дәлелді қорғау, ішкі мазмұнның
бірізділігі
Эссе жазудағы тәжірибелік қадамдар
(2 сағат)
Эссе және жиі кездесетін қателіктер
(2 сағат)
Қорытынды
(1 сағат)
Ақпараттық - әдістемелік бөлім
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz