Абайдың қай тап ақыны екендігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ әдебиеті» пәнінің бағдарламалық-оқулықтық құрылымының жасалуы(1932-57жж. )

Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, қалыптасу және даму жолдары мен кезеңдері болады. «Қазақ әдебиеті»пәні де сондай жолдардан өтіп, өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. «Қазақ әдебиеті»пәнінің орта мектептерде оқытылу тарихының жасалуы оның әр түрлі кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді.

Ұлттық әдебиетті оқу пәні ретінде мектеп бағдарламасына енгізу, әдеби білім мазмұнын айқындау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе.

ВКПБ Орталық комитетінің 1932 жылғы 25 августке қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы»қаулысы, осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП(б) Орталық Комитетінің 1933 жылы қабылдаған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жандана түсуіне игі ықпалын тигізді/25. 199. /. Партиялық және мемлекеттік құжаттар еліміздің ғалым педагогтары алдына маркстік-лениндік педагогика ұстанымдарына негізделген тұрақты программалар мен оқулқтар жасау оқушылардың матерталистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жүйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша программалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ. Сол себепті пәннің мазмұнын айқындау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, ғылыми экспедициялар құрылды.

Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасу жолы 30-жылдардан басталды дейтін болсақ, одан бергі өткен жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі мәселелер шешілгенін айқын пайымдаймыз. Пәндер бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірбиенің болмауы, әдебиетті, оның теориясы мен оқыту әдістемелік жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды.

Отызыншы жылдардың басынан-ақ қазақ әдебиетінің өз алдында ғылыми пән ретінде оқытылуына байланысты мектептерге арналған алғашқы оқулықтар жазыла бастады. Қазақ әдебиетінен алғашқы оқулықтар мен хрестоматиялар жазуға С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М. Әуезов сияқты белді әдебиетшілер атсалыса кірісті. Қоғамдық-тарихи өзгерулерге байланысты әдебиет пәнін оқыту мен пән оқулықтарын жазып дайындау жұмысы да әр кезеңдердегі бағытты ұстанды.

Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты болған түбегейлі бетбұрыс 1933 жылы қабылданған программаларға көшу болды. Әдебиет пәні өз дербесігіне толық ие болып ұлт аймақтарында оның пән болып қалыптасу үрдісі басталды.

Одақ көлемінде ұйымдастыру формасы қалыпқа келген, даму бағыттары мен білім мазмұны айқындалған, мектептердің бұдан кейінгі дамуы 1941 жылға дейін қазақ әдебиеті пәні құрылымдық толықтығына жетіп оның пән ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуына жағдай туды.

Ол іс 1932-38 жылдар аралығында жалғасып 1932 жылы бастауыш оқу программасы нұсқасы, 1934 жылы орыс мектептері орыс әдебиеті программалы үлгісінде қазақ әдебиетінің оқу бағдарламалары 1938 жылдары мектептегі әдебиетті оқыту курсының үш буындық жүйесінің ана тілі (бастауыш сатыда), әдебиеттік оқу (V-VII кластарда ) әдебиет тарихын оқу (V-VII кластарда) құрылуы әдебиет пәнінің қалыптасуында маңызды белестер болды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ашық сұраныс күшейді, қазақ әдебиетінің жүйеге түскен тарихын жасау, оны жас ұрпаққа оқыту мәселелері бойынша қоғамдық ой-пікірлер өрістеді. Қазақ әдебиеті дербес оқу пәні болып 1932 жылдан бастап оқытыла бастағанмен оның қалыптасу кезеңі бұл қарсанда тиянақталған еді деп айта алмаймыз. Өйткені оқу пәнінің пәндік құрылымының басты компоненттері болып табылатын оқу бағдарламасы мен оқулықтар жүйесін жасау, бір қалыпқа келтіру 40-жылдарға дейін жүріп жатты. Оның үстіне қазақ мектептерінің кластық құрылымдары әлі толық болмай, сабақ жүйесі біртұтас болмады. Сабақтың курстық толықтығы болмаса, оқу пәні де толықтыққа жетпейді. Қазақстанда қазақ болмаса, оқу пәні де толықтыққа жетпейді. Қазақстанда қазақ мектептерінің толықтығы тек 40 жылдары ғана оқу пәнінің толық пән ретінде жүзеге асуына жақын келді.

«1935 жылы барлық қазақ мектептерінің 75, 3% бір ғана класс немесе екі ғана класс, әрі кетсе үш қана кластар болған. Ал жетіжылдық болып құрылған барлық 212 қазақ мектебінің 1936/37 оқу жылында тек 79 мектебінде ғана жетінші кластар болған, 17 қазақ орта мектебі бар деп есептелсе де, оныншы класс тек оның біреуінде ғана ашылған(Алматы қаласы №12 ) . Тек 1939/40 оқу жылына қарай қарай қазақ мектептерінің кластары мен ондағы балалар саны толыса бастаған. Бастауыш мектепте 277139, жетіжылдық мектепте 121616, орта мектепте 10053 қазақ балалары оқыған. Бұның өзі 1934 жылы Одақ көлемінде, 1935 жылы Қазақстан көлемінде бірыңғай бастауыш орталау және орта мектептер жүйесі құрылған соң ғана өрістей алды. 1935 жылдан соң барып Қазақстанда мектепке алудың тәртібі, оқушылардан оқу үлгеруін бағалаудың бес дәрежесі, оқу мезгілдері, сабақ уақытының ұзақтығы оқу жоспарларының міндетті орындалуы бір жүйеге түсті. 1937-38 оқу жылына орналған қазақ мектептері үшін оқу жоспары осыны дәлелдей түседі»/8. 255/.

Онда барлығы 19 оқу пәні апталық сағаттарымен көрсетілген. Оның ішінде қазақ әдебиеті пәні жеке пән ретінде аптасына бір сағат көлемде V-X кластардың әрқайсында берілген. Оқу жоспарындағы апталық сағаттың әр класқа өте аз бөлінуі әлі де болса оның пәндік мазмұнын қамтамасыз ете алатын білім мазмұны, әдебиет тарихының жүйеленуі, әдеби мұраны сұрыптау, әдеби зерттеулер, әдістемелік құралдар айқындала қоймағанын көрсетеді.

Академик Ә. Қирабаев «Қазақ әдебиеті» пәнінің-арнаулы курс есебінде мектепте оқытылуы- біраз кешеңдікпен басталған іс. Ол кезде қалыптасып, бір жүйеге түскен әдебиетіміздің тарихы жоқ болатын, ретке келтірілген программалар мен оқулықтарға қазақ мектептерінің қолы тек отызыншы жылдардың аяқ кезінде ғана жетті»/26. 11. /, -деп жазды.

Профессор Ә. Сембаев бұл пікірді «1939-1940 оқу жылына қарай қазақ мектептерінің барлық кластары үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жасалған программалардың бәрі де жеткілікті тиражбен басылды»/8. 319/, -деп дәйекті түседі.

1940 жылы қазақ жазуының орыс графикасына көшірілуі жазумен тікелей байланысты ғылым, мәдениет, баспасөз, ағарту ісінде айтулы серпін туғызды. Ол қазақ әдебиеті пәнінің біртұтас дербес пән ретінде жаңа даму кезеңінде аяқ басуымен қатар келді.

«Қазақ әдебиет»пәнінің құрылымдық жағынан толығуы деп, жалпы оқу пәнінің құрылымдық компоненттерінің толық қалыптастығын айтамыз:оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, сабақтың ұйымдастырылу формасының айқын жүйесі(кластық, курстық, курсаралық, 5, 6, 7, 8, 9, 10-кластар, 5-7 кластар, 8-10 кластар буыны арасындағы сабақтастық) кластық сабақ процесі, оқу әдістемелік құралдар, сабақ-оқу жабдықтары-бәрі құралып келіп оқу пәнін құрайды. Бұл әлемдік педагогикалық ой-санада таңылған пәннің тұтастық бітімі. Сөйтіп 1920-40-жылдардағы жоғарыда көрсетілген халық ағарту ісінің тарихи-қоғамдық жағдайы, «Қазақ әдебиеті»пәннің пән болып қалыптасуының шешуші кезеңі еді. Бұл жиырма жылға созылған пәннің қалыптасу кезеңі қазақ зиялы қауымының тарапынан әдебиетті мектепте оқыту мәселесінде ізденістерге толы болды.

Қай уақыт, қай заманда болмасын оқытудың мектептік, сыныптық жүйесінде адамзат өзінің ұзақ тарихында жинақтаған бағалы білім, тәжірбиелерін, ашқан, ғылыми жаңалықтарын, жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге үрдістерін келешек ұрпағында жеткізудегі негізгі құрал оқулық болып табылады.

Білім беру ісін қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұллтық дәстүр, рухани негізден бөлек ұйымдастыруға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен педагогиканың барлық талаптары да ескерілуі керек. Осы екі арна мемлекеттік оқу бағдарламаларында, сол негізде құрылған оқу құралдарында көрініс тауып кіріктірілуі қажет. Оқулық дегеніміз ғылымды педагогикалық тұрғыда баяндайтын құрал. Белгілі теоретик С. Г. Шаповаленконың «Оқулық-ғылым негіздерін меңгеру үшін оқушыларға арналған құрал. Оқулықтарда белгілі бір мөлшерде оқу пәндерін оқыту әдістемесі де көрініс табады»/27. 164. /, -деген тұжырымы, ғалым М. И. Скаткиннің «Оқулыққа белгілі бір мөлшерде оқыту әдістемесі де ендірілген. Бұл мағынада оқулық алдағы оқу қызметінің өзінше бір сценарийі (бастапқы нобайы, жобасы) болып табылады»/28. 140. /, -деген пікірлері оқулықтың іс жүзінде оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде де пайдаланылатын көрсетеді. «Педагогика энцеклопедиясында оқулық дегеніміз-оқытудың бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап, деп анықтама берілген»/29. 53. /, -дейді профессор А. Құсайынов. Шындығында оқулық оқу материалын қалай оқытып меңгертудің амал-әдістерін, тәсілдерін көрсетіп береді, сөйтіп оқулықта білім беру мақсаттары мен әдістер түрінде нақтыланады.

Мектепке арналған қазақ әдебиетінің алғашқы оқулығы 1933 жылы «Қазақстан»баспасынан М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевтардың құрастыруымен «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіңнің оқу кітабы» деген атпен басылып шақты. Бұл оқулық 7-сыныпқа арналды.

Алғашқы оқулық болғандықтан авторлар кітапты жазу үстінде көптеген қиыншылықтарға кездесті. Оған уақыттың тығыздығы, бекіген бағдарламаның, сыннан өтіп кемшілігі көрсетілген, бұрын жазылған оқытулықтың жоқтығы, айтылған дәуірдің экономикасын зерттеген материалдардың болмағандығы, ақын-жазушылардың өмір тарихы туралы тұрақты материалдардың болмағандығы сияқты мәселелер де себебін тигізді.

Оқулық үш бөлімнен тұрды. Авторлар оқулыққа тақырып етіп алған дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихын хронологиялық тәртіппен таныстыруды басты мақсат етіп алып, оны іштей үш кезеңде бөлген. Әр кезең ақындарын жеке-жеке қарастырмас бұрын сол уақыт шамасындағы құрылыс пен қазақ халқының бастан кешкен тарихында шамасындағы құрылыс пен халқының бастан кешкен тарихында болған елеулі оқиғалар мен өзгерістер, түрлі қозғалыстарды сипаттаған қысқаша шолулар беріп, олардың жыраулар мен ақындар поэзиясына тигізген әсерінің сырын ашуда нақты тұжырымдар білдіреді.

«Өлкеннің патша үкіметіне бағынып, отарлау дәуірінің әдебиеті»деп атаған кезеңге Бұқар жырау, Махамбет, Нысанбайларды жатқызып, олардың өмірбаяны мен шығармашылығына монографиялық сипаттағы әдеби-тарихи талдау жасайды. Оқулықты «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деп атай отырса да, XVIII ғасырда өмір сүрген Бұқар жырауды тұңғыш рет әдебиетіміздің тарихына кіргізіп өмірі мен шығармаларынан мол мәлімет берді. Бұқар толғаулары көтерген қоғамдық, әлеуметтік тақырыптарды саралай отырып, бірлікке, бейбітшілікке, адамгершілікке, әділеттілікке шақырған жырларына ерекше тоқталды. Авторлар Бұқар толғауларының ел бірлігін сақтау мен жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті жырлаудағы маңызын ерекше атап көрсетеді, оқулық сөз етіп отырған дәуір әдебиетін әдеби-тарихи тұрғыдан зерттеп, даму жолын танытуда жеке шығармаларға ғылыми талдау жасауға ерекше қадам жасаған оқу-құралдарға қарағанда, оқулық хрестоматияларда ақын-жазушының өмірінен қысқаша ғана мәлімет беріп өнерпаздық тұлғасына аз сөзбен баға берілген.

Оқулықтың «Бектік құлауға айналып өндіріс капитал дәуірі басталған кездің әдебиеті»деп аталатын екінші бөлімінде ұлы Абай шығармаларына кең орын берілген. Алдымен Абайдың туған жері, өскен ортасы, арғы ата тегі жайлы өте кең түрде айтылып, сол кездегі тарихи жағдайларға сипаттама беріледі. Қазақ жерінің округтерге бөлініп, оны сұлтандардың басқарғаны туралы тым ұзақ айтылады. Авторлар бұл мәліметтердің 7-сыныа оқушылары үшін өте ауыр екенін, олардың жас ерекшеліктеріне сай емес екендігін онша ескермеген.

Оқулықта «Абайдың ақындығы» атты жеке тарау бар. Авторлар ақынның шығармашылығын төрт бағытта алып қарастырады.

1. Абайдың қай тап ақыны екендігі;

2. Абай тіршілік еткен дәуір тынысы, болмысы, тарихи шаруашылық өзгерістердің Абайға ықпалы;

3. Абай шығармаларында өз табының басынан кешірген өзгерістерді суреттеуде келген нәтижелері;

4. Сол кездегі пролетариат мәдениеті үшін Абайдың маңызы, рөлі.

Оқулықта Абайдың 12 өлеңі талданып, ақын шығармаларына баға беріледі.

Талдау барысында авторлар, төрт бағыттың алғашқысында көп тоқталады. Ақынның қай тап ақыны екенін оңай көрсететін екі өлеңі-«Қақтаған ақ күмістей кең маңайлы»-84 жол, «Аттың сыны»-86 жол. Осы екі жыр ақынның өлеңінде, өнерге қарай шындап бет бұрып ап, алғаш мойындап кіріскен жылдары деп саналады. Екі өлең тақырыбы да өзгелердей қоғамдық жайды қозғамайды. Бірі сұлу қыз, екіншісі жақсы, жүйрік ат жайында. Адамзаттың сұлуы әйел мен малдың тұлпары ат жайында жалпы сұлулық туралы айтылған кішкене ғана тақырыптар екенін айта отырып оқулықта:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып койған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген іш қайнайды.

Бұл оқулықта осылай сұлу әйел яғни, адамзатты сипаттау мен

жүйрік атты суреттеудің төрт жолын алады.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығынқы майда жалды,

Ой желке үңірейген болса сағақ.

Осы екі суреттеу ұқсас дейді.

Авторлар бұл жерде ақынға ат әрекет, жұмыс үшін емес, тып-тыныш қарап отырып, тамашалау үшін көзді, алдандырып көлік болу үшін, жарастық үшін де керек. "Міне, Абайдың үстем тап, ерке таптаң

екенін осы "азғана жайлардың өзі де көрсетеді" /30. 72. /, - дейді.

Бұл жерде авторлар эстетикалық талдауға әрине барған жоқ. Олар

тек сол заман тұрғысынан қарап Абай текті жерден шыққан соң ат оған сұлу мүлік ретінде ғана қажет деп санады. Оқулықта сонымен қатар "Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да" өлеңіне де талдау берілген. Бұл өлеңінде Абай бұрынғы құрылыстың бұзылып өзгеріп бара жатқандығын сөз етеді. 86 жол жазылған "Қыран бүркіт не алмайды салса баптан" атты өлеңінде Абай некен-саяқ жалғыз боп кездесетін қыран мен көп күйкентай көк қарғаны салыстырып қарайды. Өлең сыртқы құрылысымен аңшылық суретті көрсеткен сияқты. Бірақ, алғашқы кезде жазылған ақын шығармаларының ішінде бұл өлең құр ғана көрініс суреті болмай, терең мағыналы коғамдық бір кейіпті баян еткен шығарма болып өзге өлеңдерден оқшауланып

тұрады. Бұл өлең басқаларына қарағанда, тұспалдап үлкен ақындық суретпен айтылған таптық мағынасы өте зор өлең болып табылады. Сонымен қатар, бұл ақынның сол кездегі саяси таптық көзқарасын білдіретін өлең болды. Осы сияқты 87 жолды "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңінде жаңағы күйкентай дегендердің тұтас бір кейпін береді. Оқулыққа сонымен қатар, "Бөтен елде бар болса", "Болыс болдым мінекей", "Сәулең болса кеудеңде", "Мәз болады болысың", «Өлсем орным қара жер" өлеңдеріне талдау беріледі. Авторлар сөзімен айтқанда оқулықта сол сияқты "Абайдың оқымысты, өнерлі, мәдениетті ақын боп шығарған "Жылдың төрт мезгілі", махаббат

жайындағы, ән жайындағы өлеңдері тексерілген жоқ. Олардағы таптык, қоғамдык мазмұнды, мұғаліммен қосылып, шәкірттер өзі жазып баяндауы керек. Сыншылық тексеруде біздің осы жазғандарымыз жетекші болуға тиіс" /30. 95/, - деп оқулықтары Абайға арналған тарау аякталады.

Жалпы алғанда, алғашқы бұл оқулықта Абайдың 12 өлеңіне тоқталады, бірақ бірде-бір өлең мәтіні оқулықта берілмеген, талдау тек жалаң баяндау түрінде көрсетіледі. Оқулық алғашқы болғандықтан Абай шығармаларын оқытуға неше сағат бөлінді, тақырып қалай таңдап алынды, 7-сынып оқушыларының жас ерекшелігі, қисындық яғни, логикалық ойлау жүйесі, шығарманың әдеби білім мазмұнындағы орны, тәрбиелік мәні жан-жақты қарастырылып алынған жоқ. Бұған әрине, авторлар кінәлі де емес еді. Себебі ол кезде 1933 жылы тіпті бірінші бағдарламаның өзі де жоқ болатын.

Әдебиет пәнінен алғашқы бағдарлама 1934 жылы басылып шықты, дегенмен алғашкы оқулық бағдарламасыз жазылса да, елеулі кемшіліктеріне қарамастан, Абайға арналған беттерінде ақын өмірі мен шығармашылығын бұдан былайғы зерттеп жүрген жазушыларға мол мағлұмат берді. Бұл оқулықтан соң 1934 жылы С. Сейфуллин мен О. Турманжановтың " Көркем әдебиет" атты оқулығында (6-сынып үшін) Абайдың туған өлке табиғатын жырлаған жылдың төрт мезгілі, аңшылық жөніндегі тамаша өлеңдері талданып, бұл оқулықтың алғашқы оқулықтан ғылыми және әдістемелік дәрежесі әлдеқайда биік болды. 1936 жылы шыққан М. Әуезовтің " Әдебиет тарихы" оқулығында (6 сынып үшін) Абай өлеңдеріне ерекше назар аударылып, асқан шеберлікпен талдау жасалынды.

Ақын әрі ғалым Ә. Тәжібаевтің 1938 жылы құрастырған әдебиет хрестоматиясында Абайдың жылдың төрт мезгілі өлеңіне берген кішкене ғана түсіндірмесінде ұлы ақынның суреткерлігін балалар ұғымына жеткізіп беруді нысана етілген. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған

"Жаз", "Жазғытұры", "Күз", "Қыс" өлеңдері хрестоматияда

лирикалық өлеңдер делінген. Абай бұл өлеңдерінде асқан суретші ақын екендігін дәлелдейді. Сол сияқты "Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан" дегенде жан-жануарларды қалтырата бастаған жаңбырлы суық желді күзді сезе кетеміз. Ақын жалғыз табиғат құбылысын ғана емес, сол жағдайдан ескі ауылдың кескінін де көрсетіп береді.

1939 жылы жазылған Е. Ысмаилов пен Т. Ақшолақовтың оқулық хрестоматиясында да Абайдың өміріне, көзқарасына баға беріліп, саяси-әлеуметтік лирикасына орын берілген.

Отызыншы жылдардағы оқулықтардың идеологиялық жанынан

жетістіктері баршылық болса да, әдістемелік құрылымы мен баяндау тәсілінде олқылықтары аз емес еді. Олар тек материалды баяндаудан

ғана тұрды да, оқулықтардың ғылыми дидактикалық негізіне, методикалық құрылымына көңіл бөлінбеді. Оқулықтардың екінші бір кемшілігі шығарманың көркемдік сапасын, әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танытуға айтарлықтай мән берілмегеніне байланысты еді.

Сөйтіп, 30-жылдардағы алғашқы оқулықтарда Абай шығармаларын оқытудағы әдеби білім мазмұны мен әдеби танымның кеңеюі бірте-бірте ілгерілеп дамып отырғанын ақын мұрасын бағалау критерийлерінің әлемдік өлшемдерге жақын бағдарланғанынан байқаймыз.

Қазақстанда сонымен, қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспарына кіргізіліп, 1932 жылы оның ең бірінші программасының нұсқасы жасалды, әдебиет пәнінің программасын жасау әдебиеттану ғылымының қандай дәрежеде екеніне тығыз байланысты болды. Бұл жерде "Мектепте оқытылатын әрбір пәннің программасы әдетте, сол пәнді тексеретін ғылымға арқа сүйейді, соны таяныш, негіз етеді, программаның мазмұны сайып келгенде сол ғылымның өсу, даму дәрежесіне сай болады " /31. 20. /, - деген А. Ысқақовтың пікірі өте орынды.

Программа жасау мен оқулықтар жазу мәселесі әдебиеттану ғылымына тірелетін болса, отызыншы жылдардары қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық, әрі ғылыми-зерттеу еңбектерінің міндетін атқарды. Осы дәрежеде көрінген ең алғашқы еңбек С. Мұқановтың 1932 жылы шыққан "ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті" атты оқулығы. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл оқулық XX-ғасыр басындағы қазақ әдебиетін және жазушының өз шығармашылығын тексерген ғылыми-зерттеулерде әр түрлі баға алып келді.

Әйтсе де, отызыншы жылдардағы әдебиет тарихын зерттеу ісінде оқшау тұрған және әдебиет тарихын белгілі бір себептермен орағытып өтетін еңбектің мақсатына және объективтік сипатына, ғылыми жетістігі мен қате кемшілігіне назар аудармасқа болмайды. Себебі қазақ әдебиеті тарихының ең күрделі кезеңін дәуірге бөліп зерттеуінде батыл қадам жасаған сол дәуір әдебиетінің басты сипаттарын ашуға талпынған "әрбір ақынның, жазушының өмірбаяның бір-бірлеп, өзгеше әдісін, ақындық күшін, түрін, шығармаларының мазмұнын, не туралы жырлағанын көрсетуді басты мақсат тұтқан еңбек болды. Шындығына келгенде,

қазақ әдебиеттану ғылымында осы сипаттағы оқулықтардың жазылуына

яғни, қазақ әдебиетін тарихи курс ретінде жүргізуге алғашқы бастаманы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз соңында бірер шумақ өлең жолдарымен аяқтасам
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Жүсіпбек аймауытов – әдебиет сыншысы
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік
Абайтану ғылымы туралы
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz