Орман шаруашылығы экономикасы


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ С. Сәдуақасов атындағы агротехникалық институт

"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" кафедрасы

Өндірістік тәжірибе есебі

Өндірістік практика өткен орын: Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бұқпа орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі»

Практика түрі: өндірістік

Өткізілген уақыты: 02. 05. 2023ж-13. 05. 2023ж

Ұзақтығы: 2апта

Дайындаған: Алдашбек Жанерке

Мамандығы: 6В08301-Орман ресурстары және орман шаруашылығы(ЛРиЛК-201)

Қабылдаған: Болатов Е. Е

Көкшетау, 2023

Мазмұны

Кіріспе
  1. Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар
  2. Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Негізгі бөлім
  1. «Бұқпа» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі құрылутарихы
  2. Қазақстандағы Орман шаруашылығы қызметін зерттеу жәнедамыту
  3. Көшет отырғызу жұмысының мерзімі мен ағаш және бұталарды отырғызуға дауындау жұмыстары
  4. Ормандарды молықтыру, орман өсіру және зиянкестерменжұмыс
  5. Орман ресурстарын сақтап қалу.
Қорытынды
  1. Кіріспе.

Тәжірибе - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен - Шохан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, 6В08301 Орман шаруашылығы және орман ресурстары 3-ші курс студенті Алдашбек Жанерке 2мамыр-13мамыр аралығында Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы «Бұқпа»орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне -не жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсатым - орталықтың құрылу мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, сараптама жасайтын өнімдерін, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру жұмыстарын зеттеу. Жалпы, ағаштар мен көшеттерге сараптама жасау және өз мамандығымды тәжірибе жүзінде шыңдау болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада құзіретті жұмыскерлерге қойылатын талаптарды барынша игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді алдыма қойдым:

  • орталықтағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
  • басшылықтан белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақытылы орындау;
  • орталықта белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;
  • орталықта барлық іс- шараларға қатысу.
Өндірістік практиканың мақсаты:
  • студенттердің өндірістік практиканы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту;
  • практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүзеге асырылады.
Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі міндеттер мен шарттар

Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеде жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады. Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды.

Жетекшінің қолтаңбасы бар мөр басылған студенттің зертхана күнделігі және есептеме шығарылған зертхана, өндірістік және жалпылама жұмысқа арналған мінездемесі.

Жетекшінің практика кезінде құқығы бар:

  • Студенттің жақсы жұмыс істеуін бағалауға.
  • Қажетті жағдайда факультеттің деканына, университеттің ректорына өз уақытында мәлімет беру.
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
  • Студенттің тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмыстық күшке еніп, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қозғалысымен, белгілі бір тәртіпке таныс болуға тиіс.
  • Тәжірибе өту кезінде әрбір студент күнделік жүргізеді және де күнделікте олармен жасалынған күні белгіленеді.
  • Тәжірибе өту аралығында студент міндетті:
  • Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу
  • Техникалық- қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және де оқу.
  • Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарға қатысу.
  • Тәжірибе күнделігін жүйелі құру, өту туралы уақытында есеп беру.
  • Ұжымға келгеннен бастап, студент тәжірибе уақытын білуі тиіс. Ұйым өндірісі мен технологиясымен басқару жүйесімен танысу, мәліметтер мен ақпараттарды жинау.
  • Студент тәжірибе орнына университеттің бұйрығымен келеді, тәжірибе жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс жасайды. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыру тиіс.
Негізгі бөлім

1997 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің №31 бұйрығына сәйкес «Бұқпа» орман шаруашылығы құрылды. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министірлігі 2000 жылдың 20 ақпанында жануарлар дүниесін қорғау қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекеменің жалпы жер көлемі 315613 га. Оның ішіндегі меншіктегі 188298 га жер қоры 127315 га. Орман қоры жерлерін орман өсімдік қауымы жағдайлары бойынша аудандастыру жүйесіне сәйкес «Бұқпа» орман шаруашылығы Бұқпаның орман өсімдік қауымы ауданына кіреді.

Жалпы мекеме туралы сипатама:

Жалпы атауы: "БҰҚПА" ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІ" КММ

Мекен-жайы: АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ, КОКШЕТАУ Г. А., Г. КОКШЕТАУ, УЛИЦА КЕНЕСАРЫ, 209 "А"

Директоры: БАТТАЛОВ ГАЛЫМБЕК КАРГАНБЕКОВИЧ

БИН: 000540001500 РНН: 361800011848 ОКПО: 39288945

Орман шаруашылығы- экономиканың бір саласы.

Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан

және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небары 4, 2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%) . Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын

дайындау жұмыстары жүргізіледі. Орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктері

Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:

  • шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман) ;
  • солт-тегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы) ;
  • оңтүстік-шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
  • оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады. Егістікті қорғау үшін қолдан отырғызылған орман жолақтарының ауыл шаруашылығында атқаратын рөлі зор.

Қазақстан Республикасының орман қоры, Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде

90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе

тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т. б. ) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3, 8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т. б. ) бұл көрсеткіш 0, 1%, ал Шығыс Қазақстан, Сол түстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24, 3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т. б. ) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал

бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде

өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер.

Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3. 10. -сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар.

Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2. 10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2- қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады.

Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады.

Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті

төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған. Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады . Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді.

Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 1/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы) ; b - қатар аралығы, м; l - өсімдіктер аралығы, м. Көшет отырғызғыш машинаның бір жұмысшы жүрісіне қажетті су мөлшерін мына формуламен есептеп шығарады:, л мұндағы: Q - машинаның бір жұмысшы жүрісі үшін қажетті су мөлшері, л; n - машинадағы отырғызғыш секция саны; l - бір жұмысшы жүріс ұзындығы, м; q1 - бір көшетке керекті су мөлшері (0, 4-0, 7) л; l1 - өсімдік аралығы, м. Машинаның бір жұмысшы жүрісіне керекті көшет санын мына формуламен есептейді: K1=l·n/l1, мұндағы: К1 - бір жұмысшы жүрісте отырғызылатын көшет саны; l1, n және l

- жоғарыда көрсетілген шамаларды білдіреді.

Ағаш кесу бойынша алғашқы жұмыстар

Экономикалық саладағы негізгі қызмет табиғи ресурстарға тәуелді болып табылады. Планета ұсынатын нәрселерден (су, егін, жер, минералдар . . . ) тамақ немесе шикізат ретінде қызмет етуге арналған өнімдер алынады. «Бастапқы» атауы осы экономикалық қызметтердің басқалардың негізі болып табылатындығынан туындайды. Табиғи ресурстарды пайдалану арқылы алынған шикізатсыз қалған экономикалық салалар дами алмады.

Ағаш кесу - бұл негізгі жұмыстардың бірі. Бұл ежелгі дәуірдің бірі, өйткені адамдар әрқашан ормандар мен джунглилер ұсынған нәрсені пайдаланды.

Орман шаруашылығы экономикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының экономикаға тиімділігі
Исландия энергетика саласы жағынан озық
Табиғат пайдалану төлемдері
Ресей Федерациясы
Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі
Тыва (Тыуа) Республикасы (тыуаша Тыва Республика, орыс. Респу́блика Тыва́ (Тува́)) — Ресей федерациясының құрамынағы субъект
Орман шаруашылығының экономикалық тиімділігі жайлы ақпарат
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағында дәрі жеміс-жидек өсімдіктерін тиімді пайдалану
ТМД Елдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz