Жасушаның алуан түрлілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
- Сабақтардың мақсаты мен міндеттері
Клетканың қызметі мен құрылысының қазіргі көріністерін молекулалық биология және молекулалық генетика ғылымдарының жетістіктерінің жаңа әдістерін кірістіре отырып оқу
- Сабақтардың мазмұны, Цитология, гистологияның зерттеу әдістері, Жасушасының құрылысы мен қызметі, Жасушаның тіршілік циклі: жасушаның өсуі, дифференциялануы және жасуша патологиясы, Күрделі құрылымды цитоплазмалық жүйенің құрылысы, Пластидтер, Клетка ядросының қүрылысы және химиясы: хроматин (хромосомалар), ядрошық, кариоплазма, ядро қабықшасы. Интерфазалық ядро, Ядрошық, кариоплазма, ядро қабықшасы. Интерфазалық ядро, Лизосомалар.Рибосомалар, Митоз немесе клетканың күрделі бөлінуі, Амитоз немесе клетканың тура бөлінуі, Жасушалардың тұрақталуы, дерттануы. Жасушалардың жіктелуі, оның себепшарт тары (факторы- генетикалық, эпигеномдық, ұрықтық демеуші, сұйықтық, жүйкелік және гормоналды), Ұлпа туралы түсінік, Эпителий ұлпалары, Бұлшық ет ұлпасы, Нерв ұлпасы.
- Меңгерілетін білім, білік және дағдылар (құзыреттері)
Жасушалардағы, ұлпалардағы және жүйелердегі, сондай-ақ адам мен жануарлардың бүкіл ағзасындағы тіршілік үрдістерін және оларды реттеу механизмдерін бағалайды, өсімдіктердің химиялық құрамын және ұлпалар мен жасушалардағы зат алмасу үрдісін талдайды.

№ 1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Цитология, гистологияның зерттеу әдістері
Сабақты өткізу түрі: презентация, ауызша
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Цитология, гистологияның зерттеу әдістерін меңгерту
Сабақты өткізу жоспары:
1.Цитология, гистологияның зерттеу әдістері.
2.Жарық, электронды микроскоптарда жасушалар мен ұлпаларды зерделеу әдістері.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Цитология (гр. κύτος -- қойма, бұл жерде: жасуша и гр. λόγος -- оқу, ғылым) - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология,тәнтану,эмбриология,физио логия,генетика,биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.

Гистологиялық зерттеу әдістері
1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия -- жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі;
2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі;
3) ультракүлгіндік микроскопия -- әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. 4)Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия -- флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген. Флуоресцентті микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, сәулелі энегия көзі ретінде, тым жоғарғы қысымдағы сынап немесе ксенонды шамдар қолданылады.
5) авторадиография -- жануарлар ұлпалары мен жасушаларындағы радиоактивті изотоптармен белгіленген заттарды анықтауға арналған цитологиялық әдіс.
6) электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000- нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа тым нәзік микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді зерттелуін қамтамасыз етеді. Микроскоптың үлкейту дәрежесі обьектив пен окулярдың үлкейтуіне тәелді, сан жағынан олардың үлкейту шамаларының көбейтііндісіне тең. Қазіргі микроскоптардың үлкейту шегі 1500 еседен артпайды.
Тірі материал мөлдір және жеке клеткалардың қалың болуына байланысты зерттеуге қолайсыз. Сондықтан көбінесе фиксацияланған материалмен жұмыс істелінеді. Одан жұқа кесінділер дайындап, түрлі бояғыштармен бояйды. Қалыңдығы 5-10 мкм-дей кесіндіні арнайы микротомдар арқылы дайындайды. Сапалы бекіту обьектінің тірі күйіндегі құрылымын айтарлықтай өзгертпейді. Бекітулі ұлпаны тығыздайды және автолиз процестерін тоқтатады. Кейбір бекітуші сұйықтар белгілі құрылымдардың бояулар мен боялу қабілетін арттырады. Жиі қолданылатын бекіткіштер формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Сұйық қоспалар жақсы бекіткіштер деп саналады. Олардың көпшілігі ұсынған зерттеушілердің атымен аталады (Буэннің, Карнауаның қоспалары). Біткеннен кейін обьектіні ұлпаға сіңетін ортаға батырады (мысалы, парафинге). Тығыздаушы заттар жақсы сіңу үшін ұлпаның бөлшегінен этил спиртінің көмегімен суды ығыстырып шығарады, содан кейін ксилолға,толуолға салады. Алдын-ала жасалатын бұл кезең ұлпаға парафин сіңу үшін қажет. Жылы сұйық парафин сіңеді де қатып қалады. Микротомның көмегімен парафин блогінен шыныға бекитін жұқа кесінділер дайындайды. Кесіндіден парафинді ксилолдың көмегімен ығыстырып шығарады. Осыдан кейін кесіндіні бояйды. Көбінесе ұлпаны гемотоксилин және эозинмен бояйды. Гемотоксилинмен боялатын құрылымдарды базофильдік деп атайды. Эозин қышқыл бояу, сондықтан оны байланыстыратын клетканың компаненттерін ацидофилдік немсе эозонофилдік дейді. Осы құрылымдарды тірі клеткаларда белсенділік күйінде көру үшін әр түрлі микроскоптарды шығарған. Фаза-контрастық, поляризациялық, флуоресценттік тағы басқаларын. Бұл микро-скоптардың бәрі жарықты пайдалануға негізделген.
Орындауға арналған тапсырмалар: Цитология, гистологияның зерттеу әдістері.
2.Жарық, электронды микроскоптарда жасушалар мен ұлпаларды зерделеу әдістері.
Бақылау сұрақтары:
1.Цитология, гистологияның зерттеу әдістері.
2.Жарық, электронды микроскоптарда жасушалар мен ұлпаларды зерделеу әдістері.
3.Жасушаның тіршілік циклі: жасушаның өсуі, дифференциялануы және жасуша патологиясы
Үй тапсырмасы: презентация, цитоплазманың сурет салу
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Мырзағалиева А.Б. Цитология: Оқулық А.Б. Мырзағалиева. Алматы: Дәуір, 2013-216 с. (ҚР БЖҒМ Оқулық орталығы), экз-20
2.Есимсеиитова З.Б. Гистология [Мәтін]: Оқу құралы З.Б. Есимсеиитова.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 142б.-2экз
3.Сапарова Ж.И. Цитология және гистология [Мәтін]: Оқу құралы Ж.И. Сапарова, А.М. Бердалиева - Шымкент, 2018.- 92б.-2экз
Қосымша әдебиеттер
1.Сапарова Ж.И Цитология және гистология Лекция жинағы -2018, 52б 1экз
2.Сапарова Ж.И Гистология Лекция жинағы -2018, 96б 1 экз
3.Бердалиева А.М. Цитология және гистология-кешен, 2020ж 1экз
Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https:emirsaba.org
https: ppt-online.org
https:www.youtube.com

https:stud.kz

№ 2 практикалық сабақ

Тақырыбы: Жасушасының құрылысы мен қызметі.
Сабақты өткізу түрі: презентация
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Жасушасының құрылысы мен қызметі танысу.
Сабақты өткізу жоспары:
1.Жасушаның құрлысы мен қызметі.
2.Жасушаның алуан түрлілігі.
3.Жасушадағы туынды заттар.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Жасушаның микроскопиялық және субмикроскопиялық структурасы және тіршілік әрекеті жөніндегі ғылымды - цитология деп атаймыз. Алғашқы рет жасушаны бузинаның жабындық ұлпасын тозды зерттеу барысында ағылшын жаратылыс зерттеушісі Р. Гук көрген. Ол 1609 ж Г.Галилей және әкелі балалы Янсендердің ойлап тапқан микроскоптарын жетілдіріп, оны өсімдіктер мүшелерінің жұқа кесінділерін зерттеуге пайдаланған. Өзінің зерттеулерінің нәтижесін Р. Гук 1665 ж. жарық көрген Микрография деген шығармасында толық баяндаған және осы еңбегінде ол алғашқы рет клетка, яғни жасуша деген ұғымды қолданған. Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғыш еңбек жазған ағылшын ғалымы Н. Грю мен итальяндық ғалым М. Мальпиги болды. Олар бір-біріне қатысы жоқ өсімдік ұлпалары мен жасушаларының құрылымын зерттей келе М. Мальпиги 1671 жылы Өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет, ал Н. Грю 1682 жылы Өсімдіктер анатомиясының бастамасы атты еңбектерін жарыққа шығарды. 1831 жылы ағылшын ботанигі Р. Броун ядроны ашып, оның жасуша тіршілігі үшін аса маңғызды рол атқаратыны туралы келелі пікір айтты, ал 1839 жылы Чех физиологы Я. Пуркинье жасуша ішіндегі сұйықтықты зерттеп, оны протоплазма (протопласт) деп атады. Неміс ғалымдары ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн 1838-1839 ж.ж. жасуша теориясының негізін қалады. Бұл теорияның мәні мынада, жасуша барлық тірі организмдердің - өсімдіктердің де жануарлардың да негізгі қарапайым структуралық бірлігі болып табылады. Жасушалық теория өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің, құрылысының және эволюциясының бір екендігін дәлелдеп берді.
XIX ғасырдың екінші жартысында жаңа ғылыми жаңалық ашылды.
И.Д. Чистякованың, Э. Страстбургердің аса жоғарғы дәлдікпен жүргізілген эксперименттік зерттеулердің негізінде жасушаның бөлінетіндігін анықтады. Одан кейінгі зерттеулер нәтижесінде 1892-1894 жылы В.И. Белялов мейоз жолымен бөлінуін дәлелдеп берсе, 1898 жылы С.Г. Навшин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты. XIX ғасырдың аяғында цитология жеке ғылым ретінде түпкілікті қалыптасты. Жасушаның алуан түрлілігі.
Өсімдік жасушаларының пішіні мен мөлшері әр түрлі, ол жасушаның өсімдік денесінде орналасуына және атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Жасушалардың формасы негізінен көп қырлы денешіктер түрінде болып келеді. Олардың формасының бұлай болып қалыптасуы, жақын орналасқан жасушалардың бір-біріне қысым түсіруімен тікелей байланысты. Еркін өсетін жасушалардың формасы шар, жұлдызша, цилиндр тәрізді және тағы басқаша болып келеді. Жасушалардың алуан түрлі формаларын паренхималық (латынша - тең, грекше энхима - құйылған) және прозенхималық (грекше прос - бір бағытқа қарай) деп екі типке бөлуге болады. Паренхималық жасушалардың ұзыңдығы енімен бірдей не-месе одан 2-3 еседен артық болмайды немесе бір-бірінен айырмашылықта болмайтын изодиаметрлі жасушалар. Бұған жапырақ жасушалары, жемістердің жасушалары мысал бола алады. Ал прозенхималық жасушалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жасушаларының орташа ұзындығы 10-100 мкм-ге тең. Ең үлкен паренхималық жасушалардың ұзындығы бірнеше миллиметрге жетеді және жай көзге көрінеді. Оларға қарбыздың, лимонның жемістерінің және картоптың түйнегінің жасушалары мысал бола алады. Әсіресе зығырдың, қалақайдың, раманың, кенепшөптің сабақтарының прозенхималық жасушалары үлкен ұзындыққа жетеді. Бірақта бактерияның жасушаларының кішкентай болатындығы сонша (0,5-5 мкм), оларды оптикалық микроскоптың ең үлкен үлкейткішінің өзімен зорға көруге болады.
Орындауға арналған тапсырмалар: Жасушаның құрлысы мен қызметі, суретін салу
Бақылау сұрақтары:
1.Жасушаның құрлысы мен қызметі.
2. Жасушаның алуан түрлілігі.
3. Жасушадағы туынды заттар.
Үй тапсырмасы: презентация, жасуша суретін салу
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Мырзағалиева А.Б. Цитология: Оқулық А.Б. Мырзағалиева. Алматы: Дәуір, 2013-216 с. (ҚР БЖҒМ Оқулық орталығы), экз-20
2.Есимсеиитова З.Б. Гистология [Мәтін]: Оқу құралы З.Б. Есимсеиитова.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 142б.-2экз
3.Сапарова Ж.И. Цитология және гистология [Мәтін]: Оқу құралы Ж.И. Сапарова, А.М. Бердалиева - Шымкент, 2018.- 92б.-2экз
Қосымша әдебиеттер
1.Сапарова Ж.И Цитология және гистология Лекция жинағы -2018, 52б 1экз
2.Сапарова Ж.И Гистология Лекция жинағы -2018, 96б 1 экз
3.Бердалиева А.М. Цитология және гистология-кешен, 2020ж 1экз
Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https:emirsaba.org
https: ppt-online.org
https:www.youtube.com

https:stud.kz

№ 3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Жасушаның тіршілік циклі: жасушаның өсуі, дифференциялануы және жасуша патологиясы
Сабақты өткізу түрі: презентация, ауызша
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Жасушаның тіршілік циклі: жасушаның өсуі, дифференциялануы және жасуша патологиясы меңгеру
Сабақты өткізу жоспары:
1. Жасушаның алуан түрлілігі.
2. Жасушадағы туынды заттар.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.
Ол 4 кезеңге бөлінеді:
пресинтетикалық
синтетикалық
постсинтетикалық
митоз
Пресинтетикалық кезеңде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының(көмірсу,май және белок) синтезделуі қажет.
Синтетикалық кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.
Постсинтетикалық кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді,себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.
Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.
Митоз фазалары
Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздық хромосомаларға айналады. Профаза аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғасып тұрады.
Метофазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне жалғанып бөлінуші клетканың ортан беліне- экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хроматидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Олардың пішіні Х таңбасына ұқсас болады.
Анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен толық ажырасады да әртүрлі полюстерге қарай тартыла бастайды.
Телофазада бөлінуші жасушаның полюстеріне жиналған хромосомалар жіңішкеріп, ұзарып хроматин жіпшелеріне айналады, ядро шырыны, ядрошық, ядро қабықшасы пайда болып екі жаңа ядро түзіледі. Ядро екіге бөлінгеннен кейін цитоплазмада екіге бөлінеді.Сөйтіп, митоз негізінде бір жасушадан жаңа екі жасуша пайда болады.
Бақылау сұрақтары: Электронды микроскоппен өсімдік жасушасының көрінісі суретін салу
Үй тапсырмасы: презентация, жасуша суретін салу

Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Мырзағалиева А.Б. Цитология: Оқулық А.Б. Мырзағалиева. Алматы: Дәуір, 2013-216 с. (ҚР БЖҒМ Оқулық орталығы), экз-20
2.Есимсеиитова З.Б. Гистология [Мәтін]: Оқу құралы З.Б. Есимсеиитова.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 142б.-2экз
3.Сапарова Ж.И. Цитология және гистология [Мәтін]: Оқу құралы Ж.И. Сапарова, А.М. Бердалиева - Шымкент, 2018.- 92б.-2экз
Қосымша әдебиеттер
1.Сапарова Ж.И Цитология және гистология Лекция жинағы -2018, 52б 1экз
2.Сапарова Ж.И Гистология Лекция жинағы -2018, 96б 1 экз
3.Бердалиева А.М. Цитология және гистология-кешен, 2020ж 1экз
Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https:emirsaba.org
https: ppt-online.org
https:www.youtube.com

https:stud.kz

№ 4_ практикалық сабақ

Тақырыбы: Күрделі құрылымды цитоплазмалық жүйенің құрылысы
Сабақты өткізу түрі: презентация
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақты өткізу жоспары:
1.Күрделі құрылымды цитоплазмалық жүйенің құрылысы
2.Жасушаның алуан түрлілігі.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Цито-, эндоплазмалық торды (грек. жасуша, iшкi; ретикулум) 1945ж. К.Р.Портер ашты. Жұқа жарғақшалар цитоплазма iшiнде жайпақ ұзынша түтiкшелi, көпiршiктi жүйе түзiп орналасады. Онда ферменттер жүйесi көп болатындықтан белок қоюлығы өте жоғары болады. Эндоплазмалық тордың (ЭПТ) даму деңгейi, құрылыс ерекшелiгi әртүрлi жасушалардың атқаратын қызметiне сәйкес өзгерiп тұрады. Оның үш - түйiршiктi, түйiршiксiз (тегiс), бiр-бiрiмен байланысқан жерiнде өткiншi түрлерi болады.
Түйiршiктi ЭПТ барлық жарғақша, жасушадан шығатын ақуыздар түзiлуiн, ақуыз молекулаларының бастапқы ферменттер арқылы ыдырауын, генетикалық ақпаратты иРНҚ тiлiнен ақуыздағы амин қышқылының тiлiне аударуынан кейiнгi өзгерiсiн қамтамасыз етедi. Жайпақ жарғақша, қуыс, түтiкше көпiршiктерден құралған. Қуыстарының енi 20 нм жуық, диаметрi бiрнеше мкм жетуi мүмкiн. Бұл ЭПТ атқаратын қызметiне орай, өзгерiп отыратынын көрсетедi. Гиалоплазмада рибосомалар, полисомалар түйiршiктi ЭПТ жарғақшасымен байланысып орналасады, қуыстарды (цистерналарды) жұқартатын ерекше ақуыздар сақтайды. Түйiршiктi ЭПТ аталық жасушадан басқа барлық жасушаларда кездеседi, әсiресе, арнайы ақуыз түзетiн (асқорыту ферменттерiн бөлетiн) ұйқы без ацинустары бездi эпителийi, коллаген, басқа ақуыздар түзетiн фибробластар мен иммуноглобулиндер бөлетiн плазмалық жасушаларда жақсы байқалады. Жасушалар цитоплазмасында шоғырланған эндоплазмалық торға негiздiк боялу тән. Нейрондарда ол бояғыш сүйгiш негiз, Ниссль денешiгi аталып, жарық микроскопта жақсы көрiнедi.
Түйiршiксiз ЭПТ-ды 20-100 нм диаметрлi түтiкше, өзекше, цистерна, көпiршiкше ұштасқан жарғақшалар торы түзедi, олардың бетiнде рибосомалар болмайды. Олар липидтердi, гликогендi, холестериндi түзедi; iшкi, сыртқы әсерлерден пайда болған заттарды уытсыздандырады; кальций иондарын жинақтап, атқаратын қызметiне қарай, әр түрлi шоғырландырады. Кейiнгiнi стероидты гормондар бөлетiн бүйрек безi қыртыс затындағы жасушалардан, ен Лейдиг жасушаларынан, аналық бездегi лютеоциттерден көруге болады.
Бақылау сұрақтары: Күрделі құрылымды цитоплазмалық жүйенің құрылысы
Үй тапсырмасы: презентация, жасуша суретін салу
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Мырзағалиева А.Б. Цитология: Оқулық А.Б. Мырзағалиева. Алматы: Дәуір, 2013-216 с. (ҚР БЖҒМ Оқулық орталығы), экз-20
2.Есимсеиитова З.Б. Гистология [Мәтін]: Оқу құралы З.Б. Есимсеиитова.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 142б.-2экз
3.Сапарова Ж.И. Цитология және гистология [Мәтін]: Оқу құралы Ж.И. Сапарова, А.М. Бердалиева - Шымкент, 2018.- 92б.-2экз
Қосымша әдебиеттер
1.Сапарова Ж.И Цитология және гистология Лекция жинағы -2018, 52б 1экз
2.Сапарова Ж.И Гистология Лекция жинағы -2018, 96б 1 экз
3.Бердалиева А.М. Цитология және гистология-кешен, 2020ж 1экз
Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https:emirsaba.org
https: ppt-online.org
https:www.youtube.com

https:stud.kz

№ 5 практикалық сабақ

Тақырыбы: Пластидтер
Сабақты өткізу түрі: презентация
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақты өткізу жоспары:
1. Хлоропластар .
2.Лейкопластар.
3.Хромопластар.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Пластидтер - тек өсімдіктердің жасушасында ғана болатын органойд. Олар туралы алғашқы мәліметтер Д.Ливенгуктың (1676) еңбектерінде келтіріледі. Ал 1882 жылдан бастап жасуша құрамындағы пластидтермен айналысқан А.Шимпер оларды 3 типке бөледі: 1) түссіз (мөлдір) лейкопластар, 2) түсі жасыл хлоропластар, 3) түсі қызыл-сары, сары хромапластар. Бұл жүйелеу осы уақытқа дейін сақталып, пайдаланып келеді. Сонымен қатар пластидтерді зерттеуде К.А. Темирязев, В.В. Сапожников, М.С. Цвет, В.Н. Любименко, Т.Н. Годнев және т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Олардың айтуы бойынша пластидтер ұрық пен түзуші ұлпалардың жасушаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болады. Бұл органоидтардың сыртында екі қабат мембранасы бола - ды. Бұл мембраналардың шала өткізгіштік, сұрыптаушылық қасиеті бар. Жоғарыда аталып кеткендей пластидтерді түсіне қарай үш топқа бөледі: көк түсті - хлоропластар; сары, қызғыш, қызыл түсті - хромопластар; түссіз - лейкопластар.
Хлоропластар. Хлоропласттарды - 1791 жылы жасуша құрамынан алғаш тапқан Компаретти болатын. Олар балдырлардың талондарындағы, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жапырағындағы, жас сабағындағы, піспеген жемісіндегі жасушаларының құрамында болатын жасыл түсті пластидтер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде хлорапласт пішіні дөңгелек немесе сопақша, линза тәрізді көбінесе дәнге ұқсас болып келеді. Әдетте олардың саны 1-2-ден 50-ге дейін жетеді. Ал олардың диаметрі 4-6 мкм, қалыңдығы 1-3 мкм-ден аспайды. Сондықтан олардың жасушаларындағы хлоропластарды хлорофил дәндері деп, ал балдырлар жасушасындағы хлоропласты хромотафор деп атайды. Хромотофорлардың жасуша ішінде саны аз болғанымен көлемі үлкен, пішіні алуан түрлі (6-сурет). Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты.
Орындауға арналған тапсырмалар:Пластидтер, олардың түрлері, суретін салу
Бақылау сұрақтары:
Электронды микроскоппен өсімдік жасушасының көрінісі суретін салу
Бақылау сұрақтары:
1.Хлоропластар .
2.Лейкопластар.
3.Хромопластар.
Үй тапсырмасы: презентация, жасуша суретін салу
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Мырзағалиева А.Б. Цитология: Оқулық А.Б. Мырзағалиева. Алматы: Дәуір, 2013-216 с. (ҚР БЖҒМ Оқулық орталығы), экз-20
2.Есимсеиитова З.Б. Гистология [Мәтін]: Оқу құралы З.Б. Есимсеиитова.- Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 142б.-2экз
3.Сапарова Ж.И. Цитология және гистология [Мәтін]: Оқу құралы Ж.И. Сапарова, А.М. Бердалиева - Шымкент, 2018.- 92б.-2экз
Қосымша әдебиеттер
1.Сапарова Ж.И Цитология және гистология Лекция жинағы -2018, 52б 1экз
2.Сапарова Ж.И Гистология Лекция жинағы -2018, 96б 1 экз
3.Бердалиева А.М. Цитология және гистология-кешен, 2020ж 1экз
Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https:emirsaba.org
https: ppt-online.org
https:www.youtube.com

https:stud.kz

№ 6 практикалық сабақ

Тақырыбы: Клетка ядросының қүрылысы және химиясы: хроматин (хромосомалар), ядрошық, кариоплазма, ядро қабықшасы. Интерфазалық ядро.
Сабақты өткізу түрі: презентация
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алатын жасушаның негізгі органойды. Олар тек көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда болмайды, онда ядроның орнына ядро заты нуклеопротейдтер жасуша ішінде шашырап орналасады.
Сабақты өткізу жоспары:
1.Ядроның химиялық құрамыны.
2.Ядро қабықшасы
3.Нуклеоплазма.
4.Хромосомдар.
Қысқаша теориялық мәліметтер: Ядро жасушадағы тұқым қуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ол осы жасушаның және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу, өсу, даму және көбею процесін басқаратын, цитоплазманың органойдтарының қызметін бақылайтын орталық болуымен қатар ақуыздардың, ферменттердің синтезделуін реттеп отырады. Егер жасушадан ядроны бөліп алып тастар болсақ, онда ол жасуша көп кешікпей өледі.
Ядроның химиялық құрамының негізгі заты - күрделі ақуызды протейдтер. Протеидтердің ішіндегі маңыздылары - нуклеопротеидтер, яғни нуклейн қышқылдарымен қосыла алатын ақуыздар - 22,6%, қалған ақуыздар - 51,3%, ДНК - 14%, РНК - 12,1%. Сондай-ақ құрамында су және кальций, магний иондары бар.
Әдетте жасушада бір ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда көп ядролы жасушалар болады. Өсімдіктің түріне, жасына, жасушаның күйіне, ұлпалардың типтеріне байланысты ядроның мөлшері өзгеріп отырады. Ал ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте жасушаның формасына сәйкес келеді: паренхималық жасушаларда ядро көп жағдайда шар тәрізді, ал прозенхималық жасушаларда линза тәрізді немесе ұршық тәрізді болып келеді. Жабық тұқымды өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің жасушаларының ядросының диаметрі әдетте 10 -- 25 мкм.-ге тең. Зең саңырауқұлақтарының ядросының диаметрі 1 -- 2 мкм.-ден аспайды, ал хара балдырларында ол 2,5 мкм.-ге дейін жетеді. Онтогенез процесінің барысында ядроның фор - масы, мөлшері және жасушада орналасқан жері өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, жас жасушаларда ядроның көлемі мен протопластың жалпы арасалмағы 1:4-тен 1:5-ке дейін, ал толық жетілген және қартайған жасушаларда 1:20-дан 1:200 дейін барады. Мұндай арасалмақтың бұзылуы не жасушаның бөлінуіне, не оның өлуіне әкеліп соғады.
Оптикалық микроскоппен қарағанда ядро 1 -- 3 қара дақтары, яғни ядрошықтары бар көпіршіктер түрінде көрінеді (1-сурет).
Ядроның құрылысы жөніндегі қазіргі кездегі көзқарас, оны фазалық контраст тәсілін қолдануға және электронды микроскоппен қарап зерттеуге негізделген. Ядроның құрылысының жалпы жоспары барлық жасуша - ларда (өсімдіктердің де, жануарлардың да) бірдей болады. Ол мынандай органойдтардан: ядро қабықшасынан (мембранасынан), нуклеоплазмалардан (ядро шырынынан), хромосомдардан жәнә ядрошықтан тұрады.
Ядро қабықшасы. Ол ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады.
Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (өзгеріп отыра - ды). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60 -- 80 нм. тең. Қабықшаның ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаның шығу тарихы
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Клетка туралы ілім.
Жасушаны зерттеу
Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша
Жануарлардың гендерінің сипаттамасы
Жасуша органоидтары, олардың химиялық құрамы мен қызметтері
Жасушалық теория
Өсімдік жасушаларын биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану жайлы ақпарат
Нуклеин қышқылы
Пәндер