Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Ф-ӘД-001026
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
6B01510 - География, 6B01512-География-тарих, 6B01562-Химия-биология, 6B01615-Тарих мамандығындағы білім беру бағдарламасындағы
Педагогика пәні бойынша
лекция жинағы
Түркістан 2022
Дәріс №2
Педагогиканың ғылыми әдіснамасы мен әдістері.
Дәріс жоспары:
1. Педагогиканың әдіснамасы және оның деңгейлері.
2. Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері: эмпирикалық және теориялық әдістер.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің қөрылымы
Дәріс мақсаты мен міндеттері: студенттерге педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері туралы мәлімет беру, олардың ғылыми мәдениетін қалыптастыру
ПОН 1- Педагогикалық процесті зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
ПОН 2- Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін талдайды;
Дәріс мазмұны:
2.1. Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік
Сіздер өткен тақырыпта педагогика ғылымының зерттеу пәні, объектісімен таныстыңыздар. Және педагогика философия, психология, физиология сиықты ғылымдармен байланысты екендігін түсіндіңіздер. Бұл тақырып өткен тақытыптардың жалғасы.
Әдіснама (методология) (грек сөзі methodos - зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos - сөз ұғым). Бірнше мағына береді. Олар: 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті көру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай-да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Педагогиканың әдіснамасы зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыруды және оның принциптерін таңдауды қамтиды.
Педагогика пәні педагогикалық процесті зерттейтінін білесіңдер. Педагогикалық процесс оқушыны мақсатты дамытуды көздейтін мұғалімның оқушыға бағытталған әрекеті. Педагогикалық процесс: білім беру, оқыту, тәрбиелеу және дамытуды қамтидын тұтас жүйе. Біз оны педагогиканың негізгі ұғымдары: білім беру, оқыту, тәрбиелеу деп қарастырған едік. Осы ұғымдардың өзара байланысын, ондағы баланың ақыл ойы мен іс әрекетіне ықпал ететін объективті және субъективті (мұғалім, оқушы т.б.) жақтарын, ондағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді педагогикалық құбылыс деп атаймыз.
Педагогика ғылымының әдіснамасы- бұл ғылыми педагогикалық құбылыстар мен ұғымдарды тануға көмек теседі. Педагогиканың әдіснамасы ғылыми зерттеудің формасы, әдістері, принциптері туралы ілім ретінде және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр түрлі аспектіден келу жүйесі. Педагогиканы зерттеу осы педагогикалық құбылыстардың мәнін ашумен байланысты. Ал педагогикалық құбылыстың мәнін - педагогиканың әдіснамасына сүйеніп танимыз.
Теориялық білім педагогиканың шынайы құбылыстардың әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал, теория - таным процесінің нәтижесі, әдіснама танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады.
Педагогиканың әдіснамасы - педагогиканың теориялық негіздерін танудың жолы. Ол теорияларға: оқыту, дамыту, тұлға, іс-әрекет, таным теориясы және тұтас педагогикалық процесс теориясы жатады. Әдіснамасы осы теориялардың объективті мәнін анықтауға, шындыққа жанасымдылығын анықтауға көмек теседі.
Қандай ғылым саласы болмасын ең алдымен философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялық, аксиологиялық түсіну философия ғылымың мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады. Дегенмен маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философия және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы оның әдіснамалық тұжырымдамасын құрайды, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді. Яғни, әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылады. Сондықтан педагогиканың әдіснамасы жоғарыда аталған теориялардың мән мағынасын ашуға көмектеседі.
Осы теорияларға қысқаша тоқталып өтеміз: оқыту теориясы (дидактика) оқытудың заңдылықтарын зерттейді, даму тұлғаның санысы мен ақыл ойының және физиологиялық дамуын зерттесе, тұлға адамның әлеуметтік, қоғамдық мәнін айқындайды, іс әрекет дегеніміз адамның болмысқа, қоршаған ортаға саналы қарым қатынасын білдіреді. Бұл теориялардың барлығы педагогикалық құбылыстармен байланысты.
Педагогиканың әдіснамасы құбылыстар мен заңдылықтары танудың диалекткалық принциптеріне сүйенеді. Яғни, болмысты танудың философиялық негізіне сәйкес болғандықтан педагогика философиямен байланысты.
Педагогика әдіснаманың үш деңгейі бар: 1.Философиялық, 2.Жалпы ғылыми, 3. Жеке ғылыми, 4.Нақты ғылыми болып бөлінеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей философия әдіснама ретінде ғылыми зерттеуде адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуіге, әлемнің тұтастығын анықтауға негіз болады. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама, жеке ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі.
1.2. Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері: эмпирикалық және теориялық әдістер.
Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану зерттеу мақсатына, объектіге , зерттеудің пәніне және де зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдарын жүзеге асыруға бағытталады.
Зерттеушінің теориялық ойлауы мен зерттеу мәдениеті негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол зерттеуші педагогтың ғылыми фактілерді жинақтауға оны түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан ажыратып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын іздестіруге, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға итермелейді. Объективті заңдылықтар арқылы анықталатын білім мен шынайы ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ой-пікірлердің басқа да диалектикалық әдістерін терең түсінуге көмек көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу әдістер: теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Яғни, зерттеу әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығын құрайды.
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
* Эксперимент
* Бақылау
* Әңгімелесу
* Анкета
* Сұхбат
* Мектеп құжаттарын зерттеу
* Социометрия т.б.
* Әдебиет көздерін зерттеу
* Синтез
* Анализ (талдау)
* Моделдеу
* Дедукция
* Индукция
* Абстракция
Теориялық зерттеу әдістері. Ғылыми-зерттеу әдістерінің бір тобы теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдістер зерттеушіге педагогикалық құбылысқа байланысты алғашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауға көмектеседі.
Теориялық зерттеу әдістері:
Біріншіден: Зерттеу мақсатына сай ғылыми әдебиет көздерін жинақтау зерттеудің бастапқы құрамды бөлігін анықтайды. Ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі де осыдан бастау алады. Зерттеу жұмысымен айналысушылар ғылымның өзі қарастырып отырған саласында, қандай мәселелер зерттелгенін анықтау мақсатында, зерттеу мәселесінің бұрын және қазіргі кездегі зерттелу деңгейін, оған қатысты барлық мәліметтерді сараптап, алынған тақырып бойынша әдебиеттермен танысуы керек.
Зерттеу мәселесі туралы ғылыми әдебиеттерді білу зерттеушінің ғылыми-мәдениетінің негізін қалайды. Зерттеу көзі болып отырған ғылым саласының жағдайы және оның дамуын айқындау барысында зерттеуші әр түрлі педагогикалық көзқарастар, тұжырымдар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың ішінен өзіне керекті әдебиеттерді таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білімдендіру процесіндегі қазіргі заманға сай тенденцияларды анықтауға көмектеді.
Алынған әдебиеттерді қарастыру барысында оларға талдау жасалып, салыстыру, саралау, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты іс-әрекеттер іске асырылады.
Екінші: талдау және синтездеу. Талдау (анализ) әдісінің эмпирикалық мәліметтерді механикалық төрғыдан бөлу; элементтердің тұтас құрамдағы өзара қатынас формаларын анықтау; білім құрылымының мәнін ашу; зерттеу нысанасының сипаты мен динамикасын айқындау сипаттағы түрлері бар. Талдау қарапайым сипатта болуы мүмкін және бұл талдауда элементтердің бір біріне, тұтас сипатта бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сонымен бірге, өзара қатынастық-логикалық сипатта да болады және бұл талдаудың барысында элементтердің бір біріне қатынасы көрініс береді. Талдау кезінде зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинақталады мұндай уақытта алшақтату тәртібі қолданылады, яғни күрделі пікір айтылған соң, тиянақты жинақталған сөйлесім әрекеті іске асырылады.
Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру). Оның екі түрі бар: талдау барысында қорытындыға келу және жекеге бөлу. Талдау барысында қорытындыға келу - көптеген бірдей заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтауды білдіреді. Жекеге бөлу - белгілі бір құбылысты зерттеу және талдау үшін зерттеуші өзіне қажетті қасиеттерді бөліп алып қарастыру процесі.
Дәріптеушілік- абстракциялаудың (дерексіздендірудің) - бір түрі және ол ғылыми танымның жеке әдіс-тәсілі ретінде қарастырылады. Дәріптеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын жаңа түсінік, белгі ендіреді.
Төртінші: тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалық деректерге қортынды жасалады, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай логикалы салдар айқындалып, жүйеленеді.
Бесінші: ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс заттар мен құбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ екендігін айқындау барысында іске асырылады.
Алтыншы: теория жүзінде мүмкін жағдайдың, педагогикалық құбылыстың немесе заттың моделдеу (үлгісін) жасау әдісі. Моделдеу - зерттеу нысанасына ұқсастық қатынастағы басқа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің түрі. Яғни, бірінші нысана түпнұсқа ал, екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні зерттеу барысында, алұан нәтижелерін ұқсастық және үйлесімділік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Үлгі және үлгілендіру әдісі түпнұсқаны зерттеу барысында қиын немесе мүмкін емес болұанда, немесе түпнұсқаны зерттеуге мол қаражат шыұынын талап еткен жаұдайда қолданылады. Үлгі мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болады. ұқсастық зерттеушінің үлгіні зерттеу кезінде алұан мәліметтерін түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары пайдаланылады. Үлгінің түпнұсқадан айырмашылыұы оны зерттеу еш қиындық туұызбайды, дегенмен оның қөрылымында үлгіге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттар, өлшемдер болуы қажеттілік. Үлгілендіру ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделілігіне қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz