Салыстырмалы шамалар


Тақырыбы: «Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері»
Жоспар:
1. Статистика ғылымының негізгі ұғымдарын түсіндіру.
2. Медициналық статистиканың негізгі мақсаттары.
3. Салыстырмалы өлшемдер.
4. Орта шамалар.
Статистика дегеніміз - статистикалық негізгі ұғым сандық және сапалық өлшемдердің өз-ара әрекет етуі арқылы қоғам өміріндегі әр түрлі маңыздылықтарды айқындайтын ғылым.
Статистикалық әдіс ғылымның барлық салаларында кеңінен қолданылады, олар техника, медицина, санитарлық гигиена, денсаулық сақтау салалары.
Медициналық статистиканың негізгі мақсаттары:
1. Халық денсаулығының өзгергіштігінің себебін анықтау және оған әсер етуші факторларды анықтау.
2. Емдеу сауықтыру мекемелерінің санын, және жұмыс нәтижелерін зерттеу.
3. Емдеу сауықтыру қызметтерінің тиімділігін анықтау.
4. Медицина қызметкерлерінің жұмысының сапасын зерттеу.
Статистика халық денсаулығының тексерудің негізгі тәсілі. Статистикалық зерттеулердің негізгі кезеңдері мынандай:
-зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау.
-мәліметтерді жинау.
-мәліметтерді өңдеу және топтастыру.
-мәліметтерді талдау және қорытынды жасау.
-зерттеудің нәтижелерін мекеме қызметіне ендіру.
Статистикалық зерттеуді жүзеге асыру оның жоспары мен бағдарламасын жасау, зерттеудің негізгі мақсаты мен қойылған міндеттерді анықтаудан басталады. Мақсатты белгіленгенде бүл зерттеу не үшін жүргізіледі соны білу керек. Осы жоспардағы мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстар мен міндеттер белгіленеді. Осыдан кейін зерттеу немесе бақылау объектісі анықталады.
Статистикалық жиынтық дегеніміз - белгілі бір кеңістікте және белгілі уақыт аралығында алынған сапасы жағынан біркелкі элементтердің (адамдар) салыстырмалы түрдегі бақылау тобы. Статистикалық жиынтық бақылау бірлігінің бірнеше сипаттамасы, белгілері болады. Зерттеу үшін тіркеуге екі белгі алынады:
-атрибутивтік - сөзбен алынатын. Мысалы: аурудың жынысы, тұратын жері, емдеу нәтижесі, кәсібі.
-сандық - сан арқылы анықталатын. Мысалы: бойдың ұзындығы, салмағы, емдеу ұзақтығы.
Статистикалық зерттеу кезінде біріне бірі әсер ететін белгілер кездеседі. Оларды екіге бөледі: факторлық, нәтижелік. Мысалы, баланың жасына сай бойының өсуі. Жасы - факторлық, бойы - нәтижелік белгі. Статистикалық зерттеу мына бөлімдерден тұрады: мәліметтерді жинау, мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді талдау.
Статистикалық әдістерді орта буынды медицина қызметкерінің әс-әрекеттерінде маңызды орын алады. Орта буынды медицина қызметкерінің статистикалық жұмысы өзіндік және дәрігердің бақылауымен жүргізіледі және келесілерден тұрады:
1. Алғашқы тіркеу жүргізу.
-аурушылдық жағдайын, жарақаттануды, өлім жағдайын, уақытша жұмысқа жарамсыздық және т. б.
-медициналық қызметкерлердің әр түрлі емдеу-профилактикалық іс-әрекеттерінің элементтерін, науқас халықты зерттеу ағымы және т. б.
2. Антопометриялық өлшемдер жүргізу, оларды тіркеу, жеке тұлғаның және ұйымның физикалық даму деңгейін бағалау. Бұл мәліметтер әр түрлі халық топтарының физикалық даму деңгейінің мәліметтер көзі болып табылады.
3. Емдік-профилактикалық мекемелердің жыл сайын толтырылатын ресми есеп формаларын құруға қатысу.
4. Дәрігерге халықтың әр түрлі топтарының арнайы әлеуметтік-гигиеналық, клинико-әлеуметтік зерттеулер жүргізу кезіндегі статистикалық жұмыстар жүргізуде көмектесу.
5. Алынған статистикалық материалдарды өңдеу, мәліметтерді есептегіш техниканы және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып дұрыс дайындау.
Орта буынды медицина маманының статистикалық жұмысы мемлекеттегі жобалау, басқару және ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырудағы негізігі фундамент болып табылады.
Салыстырмалы шамалар
Статистикалық жиынтықтың құрамындағы белгілерді немесе құбылыстарды зерттеу және оларды сипаттауда статитикалық мөлшерлерді пайдаланады. Статистикалық мөлшерлердің екі түрі бар: абсолюттік және салыстырмалы. Егер статистикалық жиынтық белгілерінің бір-бірімен байланысын тауып, оларды салыстыру қажет болса, онда салыстырмалы мөлшерлерді пайдалынады. Салыстырмалы мөлшерлер екі абсолюттік мөлшерді салыстыру, бөлу және сол бөлшекті 100, 1000, 1, 1-ға көбейту арқылы табылады. Сондықтан пайызбен, промиллимен, продецимиллимен және просантимиллимен белгіленеді.
Салыстырмалы мөлшерлердің түрлері :
1. үлестік немесе экстенсивті көрсеткіш;
2. қарқынды немесе интенсивті көрсеткіш;
3. ара қатынас көрсеткіші;
4. көрнекті көрсеткіш.
Үлестік немесе экстенсивті көрсеткіш (ЭК) - бүтінің бөлшегін немесе оның құрамдас бөлігін көрсетеді. Мысалы: халық құрамы - жынысы, жасы, мамандығы, т. б. Бүл көрсеткіш пайызбен белгіленеді. Жалпы құрамы 100% деп алынады.
бүтіннің бөлшегінің абсолюттік мөлшері
ЭК= × 100
бүтіннің жалпы абсолюттік мөлшері
Қарқынды немесе интенсивті көрсеткіш (ИК) - немесе жиілік, таралу көрсеткіші деп аталады. Бұл көрсеткіш бір белгінің немесе құбылыстың жиынтықтың жиілігін анықтайды. Әлеуметтік медициналық зерттеулерде халық арасында аурушаңдықтың, мүгедектіктің, жарақаттанудың, өлімнің, т. б. жиілігін көрсетеді.
зерттелетін жағдайдың абсолюттік саны × 1000
ИК=
сол ортаның абсолюттік саны
Мысалы:
бір жыл ішіндегі өлгендердің саны × 1000
1. Өлім көрсеткіші =
халық саны
бір жыл ішіндегі туылғандардың саны × 1000
2. Туу көрсеткіші =
халық саны
3. Уақытша еңбекке жарамсыз күндерінің 100 жұмысшыға шаққандағы көрсеткіші (УЕЖ)
уақытша еңбекке жарамсыз күндерінің саны × 100
(УЕЖ) =
жалпы жұмысшылар саны
Осы зерттеу жағдайлары жиілікке байланысты 100, 1000, 1, 1-ға есептелінеді.
Қарқындылық көрсеткіштің пайдалануы:
- Зерттелетін жағдайлардың деңгейін, жиілігін, таралуын анықтау үшін.
- Зерттелетін жағдайдың түрлі жиынтықтағы жиілігін көрсету үшін.
Мысалы: әр түрлі мемлекеттердегі туу көрсеткіштерін салыстыру үшін,
немесе 10жыл ішінде сәбилер өлімінің динамикасын салыстырып білу үшін.
Ара қатынас көрсеткіші (АҚК ) - бір біріне ұқсамайтын екі жиынтықтың қатынасын көрсетеді. Көбінесе бұл көрсеткіш жалпы халық санына есептелінеді. Мысалы: тұрғындардың дәрігерлермен, жедел жәрдем машиналармен, төсектермен, орта буын мамандармен қамтамасыз етілуі және т. б.
бір жиынтықтың абсолюттік саны × 1
АҚК=
екі жиынтықтың абсолюттік саны
Мысалы:
төсек саны × 1
тұрғындардың төсекпен қамтамасыз ету көрсеткіші =
халық саны
Көрнекі көрсеткіш (КК)
Көрнекі көрсеткіш - бір тектес мөлшерлерді: абсолюттік, салыстырмалы немесе орта шамаларды салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы мөлшерді есептегеннен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледі. Ол статистикалық көрсеткіштерді көрнекі етіп көрсету мақсатымен жасалады. Графикалық бейнелеудің бірнеше түрі бар:
1. диаграммалар - сызықты, тарамдалған, бағаналы.
2. картограммалар.
3. картодиаграммалар.
Сызықты диаграмма - құбылыс жиілігін уақыттағы өзгерісін көрсетеді.
Тарамдалған диаграмма - сызықты диаграмманың бір түрі. Тұйықталған уақыт аралығындағы құбылыс динамикасының графигін сүреттеуде пайдалынады.
Бағаналы диаграмма - біркелкі, бірақ бір бірімен байланыспаған интенсивтік көрсеткіштерді сүреттеуде пайдалынады.
Картодиаграмма - интенсивтілік көрсеткішінің немесе ара қатынас көрсеткішінің деңгейіне қарай әр түрлі қарқындылықпен штрихталған территориялары бар географиялық карта болып табылады.
Картограмма - географиялық картаның диаграммамен ара-қатынас.
Динамикалық қатарлар
Құбылыстың уақыттағы өзгерісін талдауда динамикалық қатарлар пайдалынады. Динамикалық қатарлар абсолюттік және салыстырмалы сандардан, орта шамалардан тұрады. Мысалы: халықтың йодтық профилактикасымен қамтылуы.
Бақылау сұрақтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz