PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІНІҢ ТЕСТ
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
АСТАНА 2014
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
ФУДЗИ ТАУЫНА ШЫҒУ
Фудзи тауы Жапониядағы белгілі тыныш жатқан вулкан.
Сұрақ 1: Фудзи тауына шығу
Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың 1 шілдесінен 27 тамызына дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200 000-ға жуық адам Фудзи тауының басына шығады.
Орташа есеппен алғанда, күніне шамамен қанша адам Фудзи тауының басына шығады?
- 340
- 710
- 3400
- 7100
- 7400
Сұрақ 2: Фудзи тауына шығу
Фудзи тауына апаратын Готемба жолының ұзындығы 9 километрге (км) жуық.
Жаяу жүргіншілер 18 км жүрістен 20. 00-де келуі керек.
Марат орташа есеппен бір сағатта 1, 5 километр тауға шығатындығын, ал төмен қарай оның жылдамдығы екі есеге көбейетіндігін есептеді. Бұл жылдамдық тамақ ішуге және демалуға үзіліс жасауға мүмкіндік беретін уақытты ескереді.
Мараттың есептеуін қолдансақ, кешкі сағат 20. 00-де қайтып келу үшін оның жүруді бастайтын ең кеш уақыты қандай?
. . .
Сұрақ 3: Фудзи тауына шығу
Марат Готемба жолындағы жүрісінде өзінің қадамдарын есептеу үшін қадам есептегішті киіп алды.
Оның қадам есептегіші оның жоғарыға қарай 22 500 қадам жасағанын көрсетті.
Мараттың Готемба жолындағы 9 км жүрісіндегі орташа қадам ұзындығын есептеңіз.
Жауабыңызды сантиметрмен (см) беріңіз.
Жауап: . . . см
АҒАШ ПОЙЫЗ БӨЛІГІ
Беріктің кішкентай қарындасы Айгүл өзінің ағаш пойызымен ойнағанды қатты ұнатады. Берік оған төменде көрсетілгендей иілген бөліктерден жол жасауға көмектесті.
3 cм
14 cм
α= 30º
α
Ескерту: Суретте масштаб ескерілмеген.
Сұрақ 1: Ағаш пойыз бөлігі
Шеңбер жол жасау үшін Берік пен Айгүлге жоғарыда көрсетілгендей қанша иілген бөліктер қажет?
Иілген бөліктердің саны: . . .
Сұрақ 2: Ағаш пойыз бөлігі
Осы ағаш ойыншықты өндіруші бұрышы α градуста иілген бөліктің екінші түрін шығаруды көздеп отыр. Өндіру үрдісін тежейтін бір ғана нәрсе α бұрышының градустары бүтін сан ғана бола алатындығында.
Өндіруші жаңа иілген бөліктегі α бұрышының
Ескерту : α
қасиеттерін осы жаңа бөліктерді ғана пайдаланып, толық
бұрышы бүтін
шеңбер жол салу мүмкін болатындай етіп ойластырған.
α
градустармен
өлшенген, º.
α бұрышының келесі қасиеттері болуы тиіс пе? Әрбір
қасиет үшін «Иә» немесе «Жоқ» дегенді айналдыра
сызыңыз.
Қасиеті
α жұп санды бұрыш болу керек.
Иә / Жоқ
α - 90°-тан аз болу керек.
Иә / Жоқ
ҚҰРЫЛЫҚ АУМАҒЫ
Төменде Антарктида картасы бейнеленген:
Сұрақ: ҚҰРЫЛЫҚ АУМАҒЫ
Картаның масштабын пайдалана отырып, Антарктиданың аумағын шамамен анықтаңыз.
Құрлықтың аумағын қандай тәсілмен анықтағаныңызды түсіндіріп, өз есептеуіңізді келтіріңіз.
(Жауабын беру мақсатында картаны пайдаласаңыз болады. Мысалы, картада сызбалар сызуға) .
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай озгергені көрсетілген.
Сұрақ 1: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?
- 0, 5 км
- 1, 5 км
- 2, 3 км
- 2, 6 км
Сұрақ 2: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды?
- Сөре сызығында
- Шамамен 0, 8 км белгісінде
- Шамамен 1, 3 км белгісінде
- Шамамен тас жолдың ортасында
Сұрақ 3: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
2, 6 км және 2, 8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады?
- Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды
- Машинаның жылдамдығы үлкейді
- Машинаның жылдамдығы азайды
- Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес
Сұрақ 4: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Төменде 5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:
Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы
мына тас жолдың қайсысымен жүрді?
НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР
Концертте аудиториядағы барлық адамдарға сахнаның жақсы көрінісін беру үшін залдағы орындықтар арасында бос орын қалдырылып қойылған. Ол төмендегі жоспарда көрсетілген.
Сахна
Бағана
A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S
…
…
Сұрақ 1: НӨМІРЛЕНГЕН ОРЫНДЫҚТАР
Алдыңғы тоғыз қатардағы орындықтардың жалпы саны қанша?
- 77
- 86
- 87
- 90

Дастан мен Ерік концертте кездесті.
билеті:
Орын
Орналасқан
жері
3 M
Оның 26 нөмерлі орындығы үшінші қатарда және М бағанасында орналасқан.
Еріктің орындығының нөмері 148.
Еріктің орындығының орналасқан жері қандай (қатары мен бағанасы) ?
Қатардың саны: . . .
Бағана: . . .
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Сұрақ 1: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті.
Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма?
Барлық заттардың температурасы бірдей болды
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады
Сұрақ 2: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған.
Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
- 70ºC және 10ºC
- 90ºC және 5ºC
- 70ºC және 25ºC
- 20ºC және 20ºC
НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Сұрақ 1: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?
- Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады
- Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді
- Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады
- Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады
Сұрақ 2: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Бірнеше сағаттан соң аспазшы қамырды өлшеп, оның салмағы біршама азайғанын байқады.
Суретте көрсетілген әрбір 4 тәжірибенің басында қамырдың салмағы бірдей. Аспазшы ашытқының қамыр салмағының жеңілдеуіне себепші екенін білу үшін қай екі тәжірибенің қорытындыларын салыстыруы қажет?
тығын
тығын
ыдыс
ыдыс
Ұн, су, тұз
Ұн, су, тұз
және
және
ашытқы
ашытқысыз
Таразы
1 Тәжірибе
Ашық шыны
Ашық шыны
ыдыс
ыдыс
Ұн, су, тұз
Ұн, су, тұз
және
ашытқысыз
ашытқы
Таразы
Таразы
3 Тәжірибе
4 Тәжірибе
- Аспазшы 1 мен 2 тәжірибені салыстыруы керек
- Аспазшы 1 мен 3 тәжірибені салыстыруы керек
- Аспазшы 2 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек
- Аспазшы 3 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек
Сұрақ 3: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз .
Көміртек атомының пайда болуына келесі
пайымдаулар дұрыс па?
Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.
Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының
құрамына кіреді.
Кейбір көміртек атомдары судан шығады
Сұрақ 4: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.
Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?
- Олардың молекулалары көбейеді
- Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
- Молекулалар саны көбейеді
- Олардың молекулалары сирек соқтығысады
КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған. .
90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.
Конвертерге түсетін газ
Конвертерден шығатын газ
Диоксид көміртегі Со 2
Диоксид көміртегі СО 2
Су (бу күйінде) Н 2 О
Су (бу күйінде) Н 2 О
Монооксид көміртегі (10%)
Монооксид көміртегі СО
Диоксид көміртегі СО 2 (90%)
Оксид, азот
Азот оксиді
Каталиторлық конвертер
Сұрақ 1: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз.
. . .
. . .
. . .
Сұрақ 2: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды.
« Атомдар » ЖӘНЕ « молекулалар » сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді
түсіндіріңіз.
. . .
. . .
. . .
Сұрақ 3: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай мәселенің шешімін табу керек?
. . .
. . .
. . .
ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру жаттығулары пайдалы.
Сұрақ 1: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма?
Денешынықтыру жаттығулары жүрек және қан тамыры
Иә/Жоқ
жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы
Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға
үйретеді
Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуға
көмектеседі
Сұрақ 2: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Бұлшық етті жаттықтыру барысында төмендегілер
болады ма?
Иә немесе Жоқ
Бұлшық еттің қан айналымы жақсарады
Иә/Жоқ
Бұлшық етте май жиналады
Иә/Жоқ
Сұрақ 3: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?
. . .
. . .
. . .
ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады
1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.
Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.
Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.
Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз
. . .
. . .
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» 1 БОЛА АЛАМЫН БА?
Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі.
Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек.
Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.
Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушысы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс.
Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиеттердің барлығы үміткермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
- «Алмасу оқушысы» біраз уақыт бойы, әдетте бір жыл бойы басқа елдегі қандай да бір отбасында тұрып оқиды.
Келесі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы беттегі «Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?» мақаласын қараңдар.
Сұрақ 1: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Бұл мақаланың басты ойы неде?
- Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау
- Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру
- Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу
- Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау
Сұрақ 2: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы) .
Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы) .
Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты.
Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.
. . .
. . .
. . .
Сұрақ 3: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?
- Өте жақсы оқу жетістіктері.
- Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.
- Шет тілін өте жақсы меңгеру.
- Мықты денсаулық.
Сұрақ 4: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛА АЛАМЫН БА?
Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін сонша маңызды екенін түсіндіріңіз.
. . .
. . .
. . .
ТЕЛЕФОН
Түркия аудандарының кодтары (сыртқы байланыс желісіне шығу қажет)
Сакарья
Самсун
Санлиурфа
Стамбул
Тарс
Элациг
... жалғасыКейбір халықаралық кодтар (сыртқы байланыс жолына шығу қажет)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz