Жеміс шаруашылығының маңызы


Жоспары
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2. 1. Жеміс шаруашылығының маңызы;
2. 2. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы;
2. 3. Әлем бойынша жеміс шаруашылығы;
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Жеміс шаруаылығы - өсімдік шаруашылығының маңызды саласы, оның басты міндеті халықты жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Жемістер мен жидектер жақсы дәмдік қасиетке ие, сондай-ақ құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер, минералдар, көмірсулар, органикалық қышқылдар, ақуыздар және басқа да заттектер бар. Олардың көпшілігінің, мысалы, қара қарақаттың, бүлдіргеннің, сермененің, итмұрынның, лимонның, өріктің жемістерінің дәрілік қасиеттері бар. Жемістер мен жидектердің балғын түрлері тосап, джем, жеміс сусынын, повидлоны, жеміс қағынан жасайтын тосап, мармелад, ликерлер, шырындар және шараптар жасау үшін қолданылады. Жеміс өсімдіктері саябақтар мен алаңдарда, қала көшелерінде және басқа елді мекендерде, әр түрлі мақсаттағы орман және жол бойындағы қорғаныштық екпелерді құру үшін сәндік дақылдар ретінде отырғызылады. Көптеген жеміс-жидек дақылдары жақсы балды өсімдіктер болып табылады; көптеген ағаштар (алмұрт, грек жаңғағы, өрік және т. б. ) құнды майда-шүйде жасайтын ағаш береді. Жаңғақ жемістілерді қоспағанда, барлық дақылдар аз мөлшердегі (1% - ға дейін) ақуыздар мен өте аз (0, 1 % көп емес) майларға ие, бірақ көмірсуларға, минералды заттектерге және органикалық қышқылдарға бай. Піскен жемістер мен жидектердегі көмірсулардың негізгі массасын ағзаның жеңіл сіңіретін қанттары - глюкоза, фруктоза және сахароза құрайды. Құрамы бойынша қанттің «чемпионы» жүзім болып табылады: бұл көрсеткіш бойынша басқа жеміс-жидек өсімдіктерінен екі есеге алда. Калийге ерекше бай шабдалы, өрік, жүзім, қара қарақат және қарлыған болып табылады.
Негізгі бөлім
2. 1. Жеміс шаруашылығының маңызы.
1. Тағамдық. Ерте заманнан адам баласы жеміс пен жидектерді пайдаланды. Олардың құрамында жеңіл сіңетін қаныттар, органикалық қышқылдар, витаминдер, белоктар, майлар, минералды тұздар, дубілді, пектинді, көптеген иісті тағы басқалай заттар болады. Жемістер биологиялық активті қосылыстарға бай.
Адамның толық тағамдық рационы тек қана оның калориясымен ғана емес сондай-ақ құрвмы витаминдер мен биологиялық активті заттармен, минеральді тұздармен, органикалық қышқылдармен тағыда басқа организмге қажетті физиологиялық және биологиялық қызыметтерді атқаратын, құрамалармен теңестірулі болу керек.
Медициналық негізделген мөлшер бойынша бір жылда адамға қажет жеміс пен жидектің төменгі шамасы 100 кг-ға тең. Осы мөлшер жеміс шаруашылығының даму барысын жобалағанда анықтаушы көрсеткіш болып табылады.
2. Емдік. Құрамында активті заттары мол жеміс-жидек өнімдерінің емдік қасиеті өте зор. Жеміс өнімдерін аурудың алдын алғанда пайдаланған жөн.
Мына тарап кеткен аурулардың:жүрек пен қан тамырлардың, қан аурулары, асқазан мен ішек, тағы да инфекциялық аурулардың алдын алуға және тиімді емдеу үшін жемістерді үзбей жегенні пайдасы зор. Сонымен қатар организмнің сәулелік зақымды ауруларға төзімділігін күшейтеді.
3. Шикізаттық. (тағам жіне қайта өңдеу өнеркәсібінде) .
Зәйтүн жемісінен әлемдегі ең жақсы май зәйтүн майын шығарады. Тамаша майлар сондай-ақ грек жаңғағының, алхорының, өріктің т. б дақылдардың дәнінен алынады. Кайта өңдеу өнеркәсібінде де жемістердің маңызы зор. Олардан әр-түрлі шарап, тосап, компот, джем, желе, мармелад, сироп (жемісшырыны), қақ және таза шырынын өндіреді. Бұл өнімдер тұрғындарды жыл бойына жеміспенен қамтамасыз ету проблемасын шешуді жеңілдетеді. Экологиялық жүйедегі. Үлкен алаптағы өнеркәсіптік жеміс егістіктері, үй маңында отырғызылған саны бірталай жеміс өсімдіктері ауаның дұрысталуына (тазалануына) әсер етеді, желді бәсендетеді, адамға қайырымды эстетикалық әсер береді. Шаруашылық. Көптеген жеміс өсімдіктері-жақсы шырын береді. Жеміс өсімдіктері агромелиоративтік мақсатта, желден қорғау мен эрозияға қарсы егістіктер ретінде пайдаланылады.
4. Сәнділік. Жеміс өсімдіктерінің ішінде небір түрлі-түсті табиғи формалары, ерекше тартымдылығыменен дараланатындары да бар. Бұларды сәнділік өсімдіктер ретінде пайдаланганның үлкен эстетикалық және санитарлық-гигиеналық (тазалық) маңызы бар.
5. Экономикалық . Жеміс өсірумен айналысатын шаруашылықтар әдетте мол пайда табады. Көп жағдайда мұндай шаруашылықтардың экономикалық жағдайын, алған бағытының дұрыстығы мен ұйымдастыру шаралары шешеді. Соңғы кездердегі болжам бойынша өнім мөлшерін көтерудің бірден-бір жолы шаруашылықты мамандандыру, интенсивтендіру және жұмыскерлердің ынталығын көтеру (жекеменділік, т. б) .
2. 2. Қазақстандағы жеміс шаруашылығы.
Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс - жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т. б. ), жартылай бұталар (таңқурай, т. б. ), лиандар (актинидия, жүзім, т. б. ) . Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т. б. ), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т. б. ), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т. б. ), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т. б. ), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т. б. ), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т. б. ), тропиктік (банан, ананас, т. б. ) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақылының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.
Жеміс - құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді.
- Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т. б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек.
- Шырынды жемістің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т. б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ. т. б
Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады.
Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т. б пайдалы заттар орнын толықтырады.
Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы, 1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны 0, 3 мың га болса, 2001 жыл бір мыңға жетіп отыр. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А. Н. Кацейко, М. П. Левина, А. Д. Виновец, Н. Ю. Нұртазина, М. Т. Нұртазин, т. б. ) . Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К. Г. Карычев, И. П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А. Жанғалиев, И. С. Голованов, Ю. Л. Кудасов, Е. Г. Раузин, А. С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С. Г. Долгих, Н. П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С. Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау жәнебақ агроценозын құру (Г. П. Адрианова, Е. М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М. М. Исин, Г. Н. Қайырова), егістіктерді суару (В. Х. Арст, А. И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж. Мағажанов) мәселелері зерттелді.
Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған. Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс - жидек тағамдарымен толық болмаса да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шарушылықтардың саны 0, 3 мың га болса, 2001 жылы бір мыңға жетіп отыр. Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Отан соғысы мен одан кейінгі кездері және 1950-51-ші, 1954-55-ші жылдардағы катан қыстың салдарынан жеміс шаруашылығы үлкен зардап шегеді.
Елуінші жылдардын аягында жеміс шаруашылығының дамуында жана кезең басталады. 1965-жылы жеміс-жидек дақылдарының көлемі 79, 3 мың гектарга жетеді, ал 1970 жылы ол 108, 3 мың гектар болды, бұдан соң ескі, жемісі кем бауларды шауып тастаудан жеміс дақылдарының көлемі кеми бастайды. Осы жылдары жеміс пен жидектің жалпы өнімі, 1950 жылғы 13, 5 мын тоннадан 1981-1985 жылдардағы орташа жылдық өнім 214 мың тоннаға дейін өсті. Х1-бесжылдықта (1980-1985ж ) республикада жеміс пен жидектің орташа жылдық өнімі 232, 2 мың тоннаға жетті.
Қазіргі таңда республика тұрғындары үшін бір жылда медициналық мөлшер бойынша 1200 мың тонна жеміс кажет екен. Ең өнімі мол болған 1986 жылы республикада 544 мың тонна жеміс жиналған, бұл тұрғындардың қажеттілігінің 46% гана. Тұрғындардың жеміске қажеттілігін тек екі облыста: Алматы-122, 8%-ға және Шымкентте 173%-ға, толығынан қамтамасыз етеді. Республикада орасан мүмкіншіліктер бола тұра басқа аймақтардан жылына көптеген мөлшерде жемістер мен онан өңделген өнімдерді алып келеді. Бұл мәселені шешу үшін алдымен республиканың ең қолайлы аудандарында орналасқан шаруашылықтарды осы салада ары карай тереңінен мамандандырылуға бағыттау керек. Осы саладағы шаруашылықтарды интенсивті өндіріс пен арендалық қатынасқа көшірген жөн.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, 1996 жылы жеміс шаруашылығының көлемі 96, 5 мың гектар болса, 2000 жылы 65, 1 мың гектар. Сондай ақ жалпы өндірілген өнімнің мөлшері 1996 жылы. 341 - мың т. болса, 2002 жылы 202, 0 т болады. Жалпы өндірілген өнім мөлшерінің азаюы, тікелей жан басына шаққанда, дәрілік норма бойынша 95 кг өажет болса, соңғы 1996 2000 жылдары 7-14 кг аралықта өндіріледі.
- Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А. Ж. Жанғалиев, А. П. Драгавцев, А. Н. Кацейко, В. П. Вонамаршук, В. И. Васильев, А. П. Андронов, Б. Г. Матаганов, К. Г. Карычев, Е. Г. Раузин, О. А. Үкібасов. жатады.
Жеміс шаруашылығының Қазақстандағы болашағы (орналасуы) 2001ж. 1 кантарга берілген статистикалық есеп бойынша. Қазақстанның кең байтақ 2, 72 млн. кв. км жер көлемінен өндірістік жеміс дақылдарын өсіруге, аса қолайлы топырақты климатты жағдайы бар аса үлкен емес оңтүстік тау аймақтарының тау бөктерлерін жатқызуға болады.
Атап айтқанда Талдықорған, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау және тау бөктеріндегі егін шаруашылығы өңірлері.
Жеміс дақылдары тек Оңтүстік Қазақстанның жазықты аудандарында табысты өсіріледі. Бұл өндірістік жеміс шаруашылығының Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс аймағы деп аталады да, мұнда жеміс-жидек өсімдіктерінің жер көлемінің 77. 2% шоғырланған.
Ал өнімділігі республикадағы жалпы жеміс шығымының 90% артығын қамтиды (өндіріледі) . Алматы облыстарының жеміс мен Бұл аймақта, Оңтүстік Қазақстан шаруашылығын дамытуға ең үлкен мүмкіншіліктері бар, бұлар республиканың бау шаруашылығында ірі агроөнеркәсіптік аймағы болуға тиіс.
Болашақта мысалыға, Оңтүстік Қазақстан облысының үлесін, өте құнды жеміс дақылдарын өсіруде - 40%-га, ал асханалық жүзімді 60%-ға дейін жеткізу керек. Ол үшін қосымша 10-20 шаруашылықты мамандандыру кажет. Мұндай мамандандыруды қазақтың жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының кепілдемесі (ұсынысы) бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Сары-Ағаш, Қазыбек би, Түлкібас, Сайрам аудандарының, Жамбыл облысының Мерке мен Қордай аудандарының, Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Шелек, Ұйғыр және Талгар аудандарының, Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының, Семей облысында Үржар мен Мақаншы аудандарының, Талдықорған өңірінде Талдықорған мен Үйгентас атындағы аудандардың негізінде іске асыруға болады.
2. 3. Әлем бойынша жеміс шаруашылығы;
Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған.
Ендігі кезекте әлем бойынша жемістерді ең ірі экспорттаушы ердерді айта кететін болсақ:
- Нидерланды - 2 786 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Гватемала - 2 866 миллион тонна жеміс-жидек экспортталды;
- Оңтүстік Африка - 2 879 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Италия - 2 880 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Филиппиндер - 3000 миллион тонна экспортталған жемістер;
- Мексика - 3 284 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Америка Құрама Штаттары - 4 262 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Коста-Рика - 4, 490 млн тонна экспортталған жеміс;
- Эквадор - 6 139 миллион тонна экспортталған жеміс;
- Испания - 7, 228 млн тонна жеміс-жидек экспортталды;
Бұл таңдауда әлемдегі ең ірі 10 жеміс-жидек экспортерлары атап өтілді және олардың үлесіне 2014 жылы шығарылған жемістердің жартысынан астамы тиесілі. Жемістер өндірісі - бұл елдің ауылшаруашылық өндірісінің бөлігі.
Басты назар экспортталатын жаңа піскен жемістерге аударылатын болады. Консервіленген жемістер сияқты өңделген немесе мұздатылған жемістер де қосылмайды. Groentenen Fruit - бұл алғашқы 10-дың негізгі көзі, ал қосымша ақпаратты World's Best Exports, Дүниежүзілік банк, Fresh Products экспорттаушылар форумы, Fresh Plaza және Produce маркетинг қауымдастығы ұсынды. 2015 жылға арналған сандар болғанымен, нұсқасы 2014 жылдың нақты сандарына назар аудару болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек экспортының пайыздық үлесінен гөрі, әр ел өзінің экспорты көлемімен өлшенді.
- Марихуананы қолдануды заңдастырумен танымал Нидерланды әлемдегі барлық жеміс-жидек экспортының 3% -на жауап берді. Алмұрт пен алма осы елден жемістердің негізгі экспорты болды.
- Ұлттық құрамадағы алғашқы Орталық Американың құрамына енген Гватемала бүкіл әлем бойынша жеміс-жидек экспортының шамамен 4% құрайды. Банан - оның негізгі жеміс экспорты. Соңғы жылдары ананас пен манго жеміс-жидек экспортының үлкен пайызын құрады.
- Оңтүстік Африка әлемдегі жүзімнің, алманың және алмұрттың негізгі экспорттаушыларының бірі болып табылады және осы іріктеуде әлемдегі ең ірі 10 жеміс экспорттаушылардың арасында сегізінші орында. Тек 2014 жылдың өзінде Оңтүстік Африка елі бүкіл әлем бойынша 225 миллион тонна жүзім экспорттады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz