Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорын дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мектептің толық аты

Бағыты

Секциясы

Тақырыбы Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың

сөздік қорын дамыту

Ғылыми жетекшісі

Орындаған сынып оқушысы

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .., , ... ... ... ... ..6

І. Негізгі бөлім

1. Сөздік қорды дамытуда ойын сабағы ең негізгі орын
алады ... ... ... ... ... ... .8

2. Тиімді әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16

3. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Аннотация

Зерттеудің мақсаты:  Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс
–тәсілдер туралы анықтап, талдау жасап жинақтау;

Зерттеудің міндеті: 
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.
- Диалогтік сөздің қалыптастыру.
- Түсінгенін айта білу.
- Сауатты жазуға дағдыландыру.

Зерттеу әдіс-тәсілдері: зерттеу барысында өз бетімен іздеу, мағұлмат алу,
жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрлымы: ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайданылған әдебиеттерден тұрады.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру белгілі бір
жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді
жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа
технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың
ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін
дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түсер еді.
Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы
келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада
жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Атақты американдық жазушы Е. Градин You cannot effectively learn a foreign
language until you make a million mistakes in that language. So hurry up
and made your million mistakes деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын
тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп,
шыңдалады.

Аннотация

Цель исследования: обобщить и проанализировать методы и приемы развития
словарного запаса учащихся.

Задача исследования:

- Формирование грамматики речи.

- Формирование диалогического слова.

- Знать, что понимает.

- Привитие навыков писать грамотно.

Методы и приемы исследования: в ходе исследования использовались методы
самостоятельного поиска, получения информации, обобщения, сравнения,
анализа.

Структура исследовательской работы: научный проект состоит из введения,
основной части, заключения, использованной литературы.

Актуальность темы: формирование словарного запаса учащихся осуществляется
на основе комплексных работ и упражнений, при которых формирование
словарного запаса учащихся осуществляется по определенной системе,
ожидаемые результаты знаний с использованием новых технологий обучения
будут основываться на развитии навыков устной речи учащихся, в результате и
возможности развития речи учащихся, обогащения словарного запаса. При
формировании у школьников навыков устной речи, учащийся в будущем привык
свободно разговаривать в общественно-социальной среде, систематически,
умело говорить в литературных нормах.

Известный американский писатель Е. Градин You cannot effectively learn a
foreign language until you make a million mistakes in that language. Как
сказал So hurry up and made your million mistakes", любой человек изучает
английский язык, отправляя миллионы ошибок в разговорной речи

Аnnotation

The purpose of the study: to summarize and analyze the methods and
techniques of vocabulary development of students.

Research problem:

- Formation of speech grammar.

- Formation of a dialogical word.

"To know he understands."

- Instilling skills to write correctly.

Methods and techniques of research: in the course of the study, methods of
independent search, obtaining information, generalization, comparison,
analysis were used.

The structure of the research work: the scientific project consists of an
introduction, the main part, conclusion, references.

The purpose of the study: the study, analysis and comparison of
superstition and commonalities of Kazakh and English;

The relevance of the topic: formation of students ' vocabulary is based on
the comprehensive work and exercises in which the formation of vocabulary
of students is carried out on a particular system, the expected results of
the knowledge using new learning technologies will be based on the
development of oral communication skills of students as a result of
development of speech of pupils, the enrichment of vocabulary. In the
formation of oral speech skills in students, students in the future used to
talk freely in the social environment, systematically, skillfully speak in
literary norms.Famous American writer E. Gradin "You cannot effectively
learn a foreign language until you make a million mistakes in that
language. As so hurry up and made your million mistakes " said, anyone
learns English by posting millions of mistakes in spoken language

Кіріспе

    Мектепте тәрбиелеу-оқыту жұмысында оқушылардың тілін дамыту, сөздік
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

      Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың
негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

      Ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын,
түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

      Мектепте оқушылардың сөздік қорларын дамыту ісінде:

- оқушылардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.

     Осы аталған міндеттерді оқушы үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Оқушылардың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

І. Негізгі бөлім

1.1. Сөздік қорды дамытуда ойын сабағы ең негізгі орын алады.

Оқушылардың бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады.

      Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, оқушылардың
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

        Сонымен қатар ойын барысында оқушы үлкендермен, өз құрбыларымен
қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан
да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн.

       Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш
түрлі етіп өткізуіне болады.

       Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану
арқылы өті леді. Мысалы: Дәл осындайды тауып ал, Find similarity
Салыстыр да, атын ата, Compare and call, Қай ағаштың жапырағы, By
what leaf of the tree, Бірдей ойыншықты тап, Find similar toys,
Қайсысы көп, қайсысы аз Where more, where less, т.б.

       Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, By what subject
like? Қай сурет тығылды?, Which figure is hidden?, Бір сөзбен ата,
Give one word, Кім байқағыш, Who observant, Қиылған суреттер,
Ұқсасын тап, Spot the difference , Есіңде сақта, Remember .

        Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап
айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: Сөз
ойла, Remember the words, make words, Жұмбақ ойла, Make a puzzle,
Жақсы-жаман, Good or bad, Жалғастыр, Continue .

        Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, Пішіндер көрмесі, Gallery of figure, Remember the
figure, Қиын жолдар, Difficult road , Суретті жалғастыр, Continue
picture Биші адамдар, Dancers , Көңілді таяқшалар  Funny sticks
тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл
аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

       Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды
даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

      Оқушылардың ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып
табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың
белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

        Сонымен оқушылардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

         Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы
баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең
негізгіалдыма қойған мәселем.

         Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да
ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.    

      

 Оқушылардың саусағын ойната отырып, тілін дамыту

 

  Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен
мәні бар мәдени шығармашылық.

   Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе
өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.

   Саусақ ойыны арқылы оқушылардың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті
дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын
ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-
жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-
қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және
өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын
болады. Сонымен қатар оқушылардың екі қолын қимылдата отырып, оң, сол,
жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.

    Ал ағылшын тілі сабағында тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы
қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде
дамымайды.

    Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

    Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде
ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр
қимылы көрсетіледі.

    Мысалы: Саусақтар сәлемдеседі ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр
саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. Адамдар келеді.  Hello. How are you?

    Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.
Мысалы, Моншақ.

           Қызыл-сары көк моншақ.

           Мен жасаймын көп моншақ.

Red beads, blue beads

I did a lot of beads

    Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре
отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін
өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

    Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік
қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен
ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай
меңгеруіне дайындайды.

Оқушыларға әр сабақтың жаңа сөздерімен сөз тіркестерінің сөздігін жасатуды
қалыптастырдық. Бұл жұмыстың пайдасы зор. Оқушы әр сабақтағы жаңа сөздер
мен сөз тіркестерін өз сөздігіне жазу арқылы ол сөздердің жазылуын,
аудармасын қайталайды, оның есінде сақтау мүмкіндігі артады. Оқушы өз
сөздігін кез келген уақытта пайдалана алады. Сөйлеуде, кітап оқуда, керек
жағдайдың бәрінде өз сөздігінен керек сөзін тауып алып пайдалануына болады.

Сондай – ақ , оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі,
сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны
атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).

Жалпы өз тәжірибемнен алып айтатын болсам, мен өзімнің әрбір сабағымда
оқушыларға үй тапсырмасы ретінде сөздік жаттауды міндетті түрде беріп, ал
келесі сабақтарда сол сөздікті сұрауға арнайы уақыт бөліп отырамын. Яғни
оқушылардан сөздікті не жазбаша түрде, не ауызша түрде қайтадан сұрап
отырамын.Себебі бұл шет тілі болғандықтан біздің әрбір сабағымызда жаңа
сөздердің болмауы мүмкін емес. Ал егер әрбір сабақтағы жаңа сөздерді оқушы
жаттап алып отырса, онда бірінішіден ол оқушының сөздік қоры жаңарады,
екіншіден, бұл әдіс оқушының келесі сабақты да жақсы түсінуіне түрткі
болады деп ойлаймын. Оқушылардан сөздікті жазбаша түрде сұрауымның себебі,
олар тек ауызша ғана жаттап алып қоймай сөздің орфографиялық жағына да мән
беретін болады. Мысалы, бір сабақтың үстінде бір оқушыдан ауызша сұрасам,
бір оқушыдан жазбаша сұраймын. Яғни, оқушы сонда ауызшаға да, жазбашаға да
дайындалып келетін болады.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы - оқушының лексикалық
материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде
белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге
асырамын.
Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп
қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы,
оқушы, оқы, кітапдеген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген
жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. Нашар ұстаз шындықты қайталайды,
жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді деп ұлы ойшыл А. Дистерверг
айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді
үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.

Оқушылардың сөздік қорын дамытуда , мен айтар едім, ақпараттық
-коммуникациялық технологияның, түрлі қарапайым ойындар мен рөлдік
ойындардың, диалогтың, яғни, коммуникативтілік әдістің ,сондай – ақ түрлі
көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор дер едім,

Сабақ барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей,
мультимедияның ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық
зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық
бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол
жеткізуге болады

- әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін
(тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;

- оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу
мүмкіндігіне ие болу мүмкіндіктері;

- оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен
қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;

- Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында
компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және
интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
Көбіне мен өзімнің сабақтарымда компьютерді жаңа сабақ
түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды
сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын
тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Сөздерден сөйлем құрау
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Оқушылардың айтылым дағдысын дамыту құралы ретінде ағылшын тілі сабақтарында дебат технологиясын қолдану
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау
Пәндер