Жерді есепке алудағы автоматтандыру жұмыстары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
Жер учаскелерін есепке алу.
Жер учаскесін тіркеге алу.
Есеп беруді құрастыру және автомттандыру.
Жерді есепке алудағы автоматтандыру жұмыстары.
ІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Республика аймақтарының климаттық‚ топырақтық және экономикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан‚ облыстар мен жалпы республикада жер кадастрын жүгізудің ең бір маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өнірісінің табиғи эканомикалық аймақтары және әкімшілік аудандары бойынша жағдайларын, даму ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Облыста және республикада жер кадастрының обьектісі сол әкімшілік - аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табылады. Мұнда жер кадастары жұмыстарын жүргізуде сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс - зерттеулуріне, құжаттарына, жерге орналастыру мелиорация және басқа жобалардың мағұлматтарына сүйенген кадастрдың ең негізгі әдісі - құжаттық әдіс қолданылады.

Негізгі бөлім
1.1. Жер учаскелерін есепке алу.
Республика, облыстардың жер ресурстарын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану ауыл шаруашылығында топырақ құнарлығын жоғарлату және пайдалану тиімділігін көтермеумен қатар, жер қорын жер санаттары арасында қайта үйлестіруде құнды жерлердің сақталуын және экономикалық қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан қәзіргі кезде жерлерді тіркеу мен есепке алудың ролі өсіп отыр.Жер учаскелерін тіркеу кадастрлық іс - әрекет ретінде жер кадастрының барлық құқықтық бөлігінің негізі деп санаймыз. Оның үстіне нарықтық қатынастарға көшумен, Қазақстанда жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік енгізумен байланысты мемлекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық қорғалуының қажеттілігі туындап отыр.Тіркеуді мемлекетік жазу деп қарау қажет. Оның негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер учаскелері жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекетік тіркеу әр түрлі құқық бұзушылыққа жол бермейді, жерді паудаланйдың тұрақтылығын және дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.Мемлекеттік тіркеуде есептік тірку бірлігі болып жер учаскесі алынады. Жер учаскесі бір уақытта пайдлану және меншіктеу құқығының обьектісіәр учаскеге құқық субьектісінің шаруашылық немесе басқа іс - әрекет обьектісі болып келеді.Жер пайдалану немесе меншіктеу құқығына рәсімделген акт және учаскенің құрастырылған жер кадастрлық құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.
1.2. Жер учаскесін тіркеге алу.
Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің міндеті - жерлердің құқықтық жайлары туралы мәліметтері жүйеленген және көрнекі түрде жинау мен сақтау. Сондықтан жер учскесі туралы барлық негізгі ақпарат компьютерге түсіріледі. Сөйтіп, қолда жер учаскесі бойынша ақпарат болғандықтан, ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық жерлері бойынша негізгі ақпарат компьютерге түсіріледі. Мұнда сақтаушыларға жер учаскелерінің тек қана құқықтық жайы туралы ақпарат түсірілмейді, сонымен қатар жер кадасатры жұмысының құжатындағы барлық ақпарат( учаскеге құқық субьектісі, орны, нысаналы арналуы, бөлінуі және бөлінбеуі, сетвитуттар, ауыртпалықтар, алқаптардың аудандары және құрамдары, оның сапалық сипаттамасы, бонитет балы, учаскенің құны туралы және т.б.мәліметтер) сақталады. Яғни, бір уақытта жерлерді негізгі және күнделікті есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді құрастыру процесі жүріп жатады.Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың кемшіліктенін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілер мен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы ауданын анықтау және жопар құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Жер учаскесін мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушының немесе меншік иесінің аттары, орны, оны беру негізі, ауданы нысанасы, орналасуы көрсетіледі. Пайдаланылатын жердің құқықтық жайларында болған өзгерістер мемлекетік тіркеу құжатында және жерлерді күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданының жер кадастар кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық учаскелер тіркеуге алыну керек.Учаскенің кадастарық номері, учаскеге құқығы бар субьектінің аты, оның орны, атқарушы органдардың актілері, мөлшері, учаскенің және жер пайдалану құқығының құны, нысаналы арналуы, бөліну және бөлінбеуі т.б. жер пайдаланушылар туралы мәліметтер сақталып, сақталатын мәліметтер тиісті әкімшілік аудандарда жинақталады. Осы көрсетілген мәліметтер меншік түрлері және жерлер санаттар бойынша жүйелендіріледі.
Жер кадастралық құжаттарына:
жер учаскесінң жер кадастарлық ісі;
тиісті әкімшілік - аумақ бірлігінің мемлекеттік кадастрлық кітабы;
жер акадастры картасы жатады;
Жерді есепке алу дегеніміз - жер ресурстарының мөлшері, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай - күйі туралы мәліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік шаралар. Есепке алудың ең басты мақсаты жер қорын, алқаптар құрамын, пайдалану туралы, мерзімділіге және аудандар, қалалар және әкімшілік - аумақтары бойынша сипаттама беру болып табылады.Мемлекеттік жерлерді есепке алу сапалы жоспарлы - картаграфиялық материалдар негізінде жер алқаптарының нақтылы жай - күйі бойынша жүргізіліп, суарылатын жерлерді есепке алуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда ауыл шаруашылығына және елді мекенге арналған жерлер мұқият есепке алынады.

1.3. Есеп беруді құрастыру және автомттандыру.
Қазақстан Респулбликасының жер қорын топтастырудың негізгі таксономиялық бірлігі ретінде негізуін жер қорын табиғи - ауылшаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық түрлері және жарамдылық санаттары, жер кластары, әр аймақтық түрі шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топтары ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Бухгалтерлік есептегі кәсіпорынның даму тарихы
Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Жел қондырғысының электр жабдықтары
Жерді бонитеттеу және оны бағалау
Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы
Жер ресурстары
Титан қожын алу цехына қысқаша мінездеме
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Пәндер