Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

К І Р І С П Е

Халық шаруашылығындағы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні - деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға - деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылыуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден

болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі таңда мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі қайтару, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істелініп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай гүлденіп, дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты стратегялық бағдарламасында “Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту” - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білуі қажет.

Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “ Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Еліміздің егемендік алып өз алдына ел болғанына да он жылдай уақыт өтті. Осы жылдардың арасында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

1995-ші жылғы желтоқсан айының 26-жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің “ Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар номері 2732-ші Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996-шы жылғы қараша айының 25-ші жұлдызында қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997-ші жылғы қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өз жұмыстарын жүргізе бпстады. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғырлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да “Негізгі құралдардың есебі және аудиті” тақырыбы бүгінгі күнгі актуалды тақырып болып табылады. Осы себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу үшін таңдалынып алынды. Диплом жұмысын жазу үшін “ЮПМ” ашық акционерлік қоғамының материалдары пайдаланылды.

1-Тарау. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізі

1. 1. Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы

Жабық нысандағы акционерлік қоғам Южполиметалл Қазақстан Республикасының әділеттік министрлігінің ОҚО әділеттік басқаруында кәсіпорын ретінде 22. 01. 1999 жылы тіркелді.

Құқықтық тұлғаның мемлекеттік тіркелу куәлігінің тіркеу нөмірі 10037-1958-АҚ.

Меншікті иелігі- жеке

АҚ негізгі қызметі: түсті, асыл, құнды, сирек кездесетін металдарды, өнеркәсіптік өнімдерді және металлургиялық өндірістің қалдықтарын өндіру, өңдеу, сақтау және сатумен қоса, минералды шикізаттарды өңдеу, түсті және қара металдардың сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сату, халық және әртүрлі ұйымдарға көрсету және тағы басқалары болып табылады. Іс-әрекеттердің негізгі мақсаты пайданы таба отырып акционерлердің мүддесін қорғау және өндірісті дамыту мен қоғамдық топтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттылған.

Южполиметалл ЖАҚ бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді, салық есебін, ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастыруда Заңды күші бар ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» жарғысына 26. 12. 1995ж. нөм. 2732, ҚР салық кодексіне, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына, басқадай ҚР заңды және нормативтік актілер мен ережелерге, тәжірибелік нұсқауларға, ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің нұсқауларына сүйенеді. ЖАҚ есептік саясатын құрастырғанда келесі принциптерді негізге алған: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, мағыналылық, дұрыстылық, тәуелсіздік, сапалылық, жан-жақтылық, толықтылық, аяқталғандылық, салыстырмалылық, реттік.

Южполиметалл ЖАҚ полиметалдық шикізаттардан қорғасын, жанама түрде кездесетін сирек түсті металдарды ала алатын өндірушілердің алпауыттарының бірі. Негізгі өнімі болып- халықаралық стандарттарға сай келетін қорғасын табылады. Ол Лондондық биржада 1989 жылдан тіркелген, тіркеу нөмірі 89/389.

ЖАҚ қорғасын, күкірт қышқылды және сирек кездесетін металдардың өндірістері, ең таза металдарды алатын қорғасын прокатын және басқадай қорғасыннан алынатын түрлі бұйымдардың цехтары бар.

Зауытта полиметалдық шикізаттан 13 элемент пен 30 түрлі өнім: рафинацияланған қорғасын, штейндегі мыс, возгондағы және сульфаттағы мырыш, антимонаттағы сурьма, перренаттағы рений, жоғарғы тазалылығы бар қорғасынды сурик, қорғасын прокаты және алтынды-күміс құймасы (ДОРЕ құймасы) .

Кәсіпорында қорғасын 1934 жылдан бастап өндіріліп келеді. 1946-1955 жылдары бірінші ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1960-1978 жылдар аралығында кейінгі қайта жөндеу жұмыстарымен қоса кәсіпорын қуатын жылына 167 мың тоннаға дейін өндіретін мүмкіндіктерін жасады. Осының нәтижесінде зауыт дүниежүзінде қорғасын өндірісінде 2-ші орынға ие болды. Зауытта қорғасын өндірісінің классикалық пирометаллургиялық құрылымы пайдалануда, 99, 999 пайыздан 999, 999 пайызға дейін таза қорғасын, висмут, кадмий, талий, телур және сурьма ала алатын жоғарғы өндірістік технология пайда болып өндіріске енгізілді. Жоғарғы тазалығы бар қорғасынды-суриктік құйманың өндірісі игеріліп, табиғи газ бен пешті бумен суытуды пайдалана отырып құрамында мырышы бар шлактардың жоғарғы тиімділікті фьюменгтік технологиясы пайдалануда. Бұл металлургия саласындағы жұмыс істейтін үлкен компаниялардың қызығушылығын тудыруда.

Шикізаттардың жоқтылығы мен өзіндік капиталдың жеткіліксіздігі бар жағдайында өндірістің құлдырауын басып өту үшін біздің- бизнес-жоспарымыз өндірісті тұрақтандыру бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл жергілікті және ТМД елдеріндегі шикізаттарды пайдалана отырып рафинацияланған қорғасынның өндірілуі айына 10 мың тонна болған кезде, алтынды-күміс құймасының және висмут, мыс штейні, қорғасын прокаты мен сурикінің өндіру көлеміе ұлғайтқанда ғана тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ал кейіннен күкірт қышқылды қорғасын мен қорғасын құймасын, оптикті-волокнолық кабельді шығаруды қолға алу.

Осындай өндіріс көлемінің нәтижесінде жоғарғы рентабельділікке қол жеткізу және инвестициялардың келуіне мүмкіндік туғызар еді.

Южполиметалл ЖАҚ негізгі құралдарына келесілер кіреді: жер, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары және басқалары. Балансты құру кезіндегі есептелген амортизация аударымын шегергендегі негізгі құралдардың алғашқы құны бойынша есепке алынады.

01. 01. 2004 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны: 1443802 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

  1. жер- 367 мың теңге;
  2. үйлер мен ғимараттар- 580343 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 787367 мың теңге;
  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 75639.

2004 жылдағы негізгі құралдарды енгізу алғашқы құны бойынша 259568 мың теңгені құрады, ал қалдық құны бойынша 131960 мың теңгені құрады. 2004 жылы 248985 мың теңгеге негізгі құралдар шығып кетті, соның ішінде: 27673 мың теңгеге сатылды, жарғылық капитал үлесіне 11822 мың теңге тиді және 209490 мың теңгеге негізгі құралдар ескіруге сәйкес алғашқы құны бойынша шығарылып тасталды.

Амортизация бір қалыпты түзу сызықты әдісі бойынша есептеледі / 2004жыл бойынша амортизациялық шығыстар 49921 мың теңге құрады, соның ішінде өндірістік негізгі құралдар бойынша 44719 мың теңге, жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша 48 мың теңге, өндірістік емес негізгі құралдар бойынша 927 мың теңге, жалға берілген негізгі құралдар бойынша 227 мың теңгені құрады.

2005 жылға ескірудің жинақталған соммасы 941574 мың теңгені құрады, ал 2004 жылға бұл 909614 мың теңгеге тең болды. 01. 01. 2005 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны 1454386 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер -8053 мың теңге;
  2. үйлер мен ғимараттар- 640974 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 744938 мың теңге;
  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 60421 мың теңге.

01. 01. 2005 жылғы негізгі құралдардың қалдық құны 544772 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер- 8053 мың теңге;
  2. үйлер мен ұимараттар- 307805 мың теңге;
  3. машиналар мен жабдықтар- 187148 мың теңге.

01. 01. 2005 жылға негізгі құралдардың қайта бағалануы нарықтың орташа бағаларының деңгейі жоғарылағанның нәтижесінде жүргізілмеді.

Амортизациясы және бюджетке аударымдар толық есептелген эксплуатациядағы негізгі құралдардың алғашқы құны 01. 01. 2005 жылы 370928 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер- 31642 мың теңге;
  2. үцлер мен ғимараттар- 13347 мың теңге;
  3. өткізу құрылғысы- 68526 мың теңге;
  4. машиналар мен жабдықтар- 255184 мың теңге;
  5. көлік құралдары- 1692 мың теңге;
  6. қосалқы заттар- 537 мың теңге.

Аяқталмаған құрылыстың құны 01. 01. 2004 жылға 180434 мың теңгені құрады, соның ішінде: қоймадағы жабдықтар- 180434 мың теңге құрады. Ал 01. 01. 2005 жылға аяқталмаған құрылыстың құны 202434 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. құрылыс материалдары- 4631 мың теңге;
  2. сонаждағы жабдықтар- 10135 мың теңге;
  3. қоймадағы жабдықтар- 187668 мың теңге.

2004 жылы негізгі құралдарды жөндеу жұмыстары 74608 мың теңгеге жүргізілді, соның ішінде:

  1. өндірістік негізгі құралдар бойынша- 73727 мың теңге;
  2. жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша- 584 мың теңге;
  3. өндірістік емес қорлар бойынша- 297 мың теңгені құрады.

Өндірістік және әкімшілік негізгі құралдарды жөндеу жұмыстар шығындарына 74311 мың теңге құқықтық тұлғалардан алынатын қосалқы құн салығы бойынша тек 23989 мың теңге шегеріске жіберілді, яғни бар болғаны 10 пайызға ғана.

Жарғылық қорға - 600 мың теңге аударылды;

Медициналық орталыққа - 11810 мың теңге;

2004 жылдың инвестицияларының қалдығы - 12410

мың теңгені құрады.

2007 жылдың балансынан

Активтер: Активтер
Жыл басы: Жыл басы
Жыл аяғы: Жыл аяғы
Ауытқулар(+ ; -):

Ауытқулар

(+ ; -)

Активтер: Негізгі құралдар
Жыл басы: 1443802
Жыл аяғы: 1454386
Ауытқулар(+ ; -): 10584
Активтер: Жер
Жыл басы: 453
Жыл аяғы: 8053
Ауытқулар(+ ; -): 7600
Активтер: Үйлер мен ғимараттар
Жыл басы: 580343
Жыл аяғы: 640974
Ауытқулар(+ ; -): 60631
Активтер: Машиналар мен жабдықтар
Жыл басы: 787367
Жыл аяғы: 744938
Ауытқулар(+ ; -): -42429
Активтер: Басқадай негізгі құралдар
Жыл басы: 75639
Жыл аяғы: 60421
Ауытқулар(+ ; -): -15218
Активтер: Жинақталған ескіру
Жыл басы: 941574
Жыл аяғы: 909614
Ауытқулар(+ ; -): -31960
Активтер: Қалдық құн
Жыл басы: 502228
Жыл аяғы: 544772
Ауытқулар(+ ; -): 42544
Активтер: Аяқталмаған құрылыс
Жыл басы: 180434
Жыл аяғы: 202434
Ауытқулар(+ ; -): 22000

Жалпы есепті жылда негізгі құралдар көбейді, оның құраған сомасы 10584 теңге болды. Бұл үйлер мен ғимараттардың көбеюіне байланысты болды, ол 60631 теңгені құрады. Сонымен қатар ол 42429 теңгеге төмендеді. Негізгі құралдардың белсенді бөлігі машиналар мен жабдықтар және басқадай негізгі құралдар 15218 теңгені құрады. Айта кететін жай, кестедегі мәліметтерге сәйкес кәсіпорынның негізгі құралдарының негізгі бөлігі ескірген, оны біз ескіру мәліметтері және қалдық құнынан көре аламыз. Мұндай негізгі құралдар кәсіпорындағы барлық негізгі құралдардың 2/3 бөлігін алып отыр. Сондықтан да кәсіпорын басшыларының алдында қазір негізгі құралдардың, әсіресе белсенді бөлігін жаңарту қажеттілігі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған орай бұл мәселе дипломдық жұмыстың талдау бөлімінде ашылып көрсетілген.

1. 2. Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі

Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 “Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі” -деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

“Негізгі құралдарға”- қозғалмайтын мүлік, жер участкілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірместен ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.

Барлық “негізгі құралдар” өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталынады.

“Негізгі құралдарды” халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын өызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.

Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалар) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбылдар, тағы басқалары) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар ментағы да басқалары) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар) ;

д) шаруашылық - құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары) ;

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары) .

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар”- деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған -деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық есептің түрлері
Материалдық емес активтер туралы түсінік
Материалдық емес активтердің есебі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау туралы
Материалдық емес активтерді түгендеу
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Материалдық емес активтердің амортизациясын есепту
Негізгі құралдардың амортизация есебі
«1С Кәсіпорын» жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz