Демографиялық проблемалар


Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
Кафедра “Туризм және тілдер”
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Демографиялық проблемалар
Орындаған: Сармурзина Әсем
Туркменбаева Наргиза
Мурзабеков Асқар
Бурабай Қазбек
Тексерген: Арашова Набат
Ақтау 2023ж.
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Дүние жүзі елдерінің демографиялық көрсеткіші
II. 1 Жер бетіндегі халықтар саны
II. 2 Дамыған және дамушы елдердегі «Демографиялық жарылыс» және «Демографиялық дағдарыс» мәселесі
III. Қазақстандағы демографиялық жағдай
III. 1 Урбанизация
III. 2 Демографиялық саясат
III. 3 Қазақстандағы демографиялық ахуал IV. Қорытынды
V. Әдебиет тізімі
- Кез келген мемлекеттің демографиясы оның экономикасы мен саясатының жұмысы мен дамуына елдің ішінде де, сыртында да тікелей әсер етеді. Демографиялық күшті мемлекеттер әрқашан және барлық уақытта көршілес елдердің, континенттер мен әлемнің тағдырына әсер етті. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел Қытай өзінің халқының санына байланысты қазіргі Қытайға айналды. Сандық фактор ерте ме, кеш пе сапалық факторға айналады. Қазақстан өзінің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін ішкі резерв есебінен де (туудың өсуі мен өлімнің төмендеуі), сыртқы резерв есебінен де (этникалық қазақтар) .
ІІ.
%-ы
және қайнары










Соның ішінде Қазақстан 62-орында:

ІІ. 1. Жер бетіндегі халық саны 7, 3 миллиардқа жетті. Сондай-ақ, жыл сайын 81 млн. адамға артып отыр. Аталған деректер БҰҰ-ның Жер халқы және оның дамуы бойынша комиссиясының 48-сессиясында белгілі болды. Бұл туралы БҰҰ-ның ақпараттар орталығына сілтеме жасап Egemen. kz хабарлады.
Соңғы 25 жылда Жер халқы 2 млрд. адамға көбейген. 1990 жылғы дерек бойынша 5, 3 млрд. адам деп көрсетілсе, биылғы анықтамада әлем халқы 7, 3 млрд. -қа жеткені айтылған. Осы қарқынмен көбейсе, 2030 жылы 8, 4 млрд. адамға жетеді. Еуропадан басқа барлық құрлықта жан саны алдағы 15 жылдың ішінде кемінде 10 пайызға артпақ. Тіпті, Африкада 40 пайызға көбейеді. Ғалымдардың айтуынша, 2030 жылға қарай жер бетіндегі әр бесінші азамат африкалық болмақ. Ал Еуропада, керісінше, туу саны азаюына байланысты жан саны 1 пайызға кемиді. Сонымен қатар, 2015-2030 жылдары әлем бойынша 2, 1 млрд. бала дүниеге келеді. Бұл соңғы 15 жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп.
ІІ. 2. Дамыған және дамушы елдердегі «демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» мәселесі
Халық санының күрт артуына соғыс болмаған елдер мен демографиялық өсімге мүдделі мемлекеттердің саясаты себеп болды. Ал әлеуметтік сала мамандарының мәліметінше, бұдан бөлек адамзатты алаңдататын тағы бір себеп бар. Ол - адам санының сапалық жағынан артпауы. Яғни, күтпеген, жоспарланбаған немесе әйелдерге зорлық көрсетуден туған балалардың көбеюі. Соның салдарынан тастанды, болмаса денсаулығы кінәратпен дүниеге келетін сәбилер саны артуда. ХХ ғасырдың 60-жылдары адамның репродуктивтік құқығы үшін күрескен дүниежүзілік қозғалыс орын алды. Осы қозғалыстан кейін 1969 жылы БҰҰ жанынан UNFPA (United Nations Fund for Population Activities - БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры) құрылды. Ол - репродуктивті және жыныстық денсаулықты қорғау бойынша мамандандырылған мекеме. Сондай-ақ әлемдегі қыздардың тағдырына алаңдайтын, жасөспірімдер арасындағы некеден сақтануға шақыратын, дені сау баланы туу мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін жетекші агенттік. UNFPA кедейлікті жоюға бағытталған саясат пен бағдарламаларды жасау кезінде халық қоныстануы бойынша мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар әрбір жүктіліктің қалаулы, әрбір босанудың қауіпсіз болуын және барлық жастар өз потенциалдарын жүзеге асыру мүмкіндігін иеленуін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Осы ұйымның көптеген түйткілдердің түйінін тарқатуды көздеуі мен аталған қозғалыстың орын алуы өз тағдырын өзі билеу, өз болашағын өзі жасау арқылы қашан балалы болуды өзі шешу мүмкіндігін беріп, миллиондаған әйелдердің өмірін өзгертті.
UNFPA-ның құрылғанына биыл жарты ғасыр толды. Жеткен жетістіктеріне қарамастан, жақында жарыққа шыққан «Аяқталмаған жұмыс: барлық адамның таңдау құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету» атты UNFPA-ның баяндамасында көрсетілгендей, аталған ұйым әлем халқымен әлі де бірқатар шаруа тындыру қажет.
UNFPA-ның ұйымдастыруымен 1994 жылы Каирде Халықтың қоныстануы және дамуы (ХҚД) бойынша халықаралық конференция өтті. Оған әлемнің 180 елінен, оның ішінде Қазақстаннан да арнайы делегаттар қатысты. Бас қосқан мемлекеттер «барлық әйелдер мен қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қорғау, білім алуға қатысты құқықтарын қамтамасыз ету және олардың мүмкіндіктерін кеңейту - тұрақты даму кілті» деген тұжырымға тоқтаған. Баяндамада жазылғандай, әйелдер мен қыз балалар осы құқықтарын пайдалана алатын болса, олар өздері үшін пайдалы болатын шешімдерді жиірек қабылдай алады және жалпы әлеуметтік, экономикалық, тіпті экологиялық тұрақтылықты да сақтайды. Дегенмен, ХҚД конференциясы өткеннен бергі 25 жыл ішінде жүктіліктің алдын алуды немесе кейінге қалдыруды қалайтын 200 миллионнан астам әйел заманға лайық контрацепция әдістеріне және оны ұсыну қызметтеріне, оған қоса осыған байланысты репродуктивті таңдауға қол жеткізе алмауда. Нәтижесінде олар өз тәніне қатысты босану немесе жүктілікті жоспарлау сияқты шешімдерді қабылдай алмайтын көрінеді.
Аталған халықаралық ұйымның 50 жылдығы мен Қазақстан қатысқан ауқымды конференцияның 25 жылдығына орай елордада еліміздегі демографиялық ахуал,
репродуктивті денсаулық сақтау мәселелері талқыланған жиын өтті. UNFPA-ның Қазақстандағы өкілі Джулия Валезе ұйымның соңғы бес жылдағы жетістіктері мен алда атқарылатын істер туралы баяндады. Ол еліміздегі негізгі мәселелер ретінде жасөспірімдер арасындағы жүктілік, гендерлік теңсіздік, қыз балалардың таңдау құқығын атады. «Әйелдер үшін еркімен, сүйіспеншілікпен ана болуға және жұмыс істеуге болатындай атмосфера қалыптастыру қажет. Бұл тұрғыда ерлердің де жарын, жұбын қолдауы маңызды. Сондай-ақ жастарды отбасын құру және оның құндылықтары туралы сауаттандыруды ерте, оқушы кезден қолға алған жөн. Сонда ғана жоспарлы, мақсатты және ерікті отбасы құрылады. Ал ондай отбасында дені сау әрі саналы бала дүниеге келеді», дейді Д. Валезе. һОның айтуынша, Қазақстан саясаты демографиялық өсімді қолдайды, соның әсерінен болар - басқа мемлекеттермен салыстырғанда әйелдердің босану жиілігі жоғары ел. Яғни, елдегі әйелдер босанғаннан кейінгі әлсіздікті, ағзадағы ауытқуларды қалпына келтіріп үлгермей, келесі жүктілікке жол береді. Бұл өз кезегінде ана мен бала денсаулығының нашарлауына және кей жағдайда өліміне алып келеді. Сондықтан репродуктивті денсаулық сақтау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып отыру керек.
Ал Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зауре Ахметова аталған халықаралық конференцияда қабылданған бағдарламаның елдегі өзгерістерге әсері болғанын айтады. Соңғы 25 жылда атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Қазақстандағы туу көрсеткіштері 19, 6 пайызға өскені, бала өлімі көрсеткіші 3, 4 есе азайып, ана өлімінің көрсеткіштері 5 есе азайғаны байқалады. «Осындай нәтижеге жетуге халықаралық ұсынымдарға сәйкес акушерлік пен педиатрия саласында заманға лайық технологияларды енгізу, халықты отбасын жоспарлау туралы ақпаратпен, профилактикалық тексерістермен қамту да жақсы жәрдемдесті», дейді З. Ахметова.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz