Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 1. XVII ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы. Жеті Жарғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ...13
Кіріспе
XVI ғасырдың аяғы - ХVII ғасырдың басы - Қазақстан тарихындағы ерекше кезең, қазақ мемлекеттігінің, көршілес елдермен және халықтармен қазақтардың белсенді әскери - саяси, сауда және мәдени қатынастарының нығаю уақыты. Бұл кезде қазақтардың билiгi Ташкентке, Түркістанға, Сауранға, Әндіжанға жүрiп тұрды, олар үшін қазақ билеушiлерi мен Аштарханилер арасында үнемі соғыстар жүргiзiлдi. Шайбани ұрпақтарынан кейiн (1500-1598 жж.) бір жарым ғасырдан астам (1598-1743 жж.) уақыт бойы Мауараннахрды билеген Аштарханилерге ортаазиялық авторлардың бірқатар шығармалары арналған, олар: Сухайлдың Имамкули хан-наме, Мұхаммед Талибтің Матлаб ат-талибин, Мұхаммед Юсуф Муншидің Ламахат мин нафахат əл-кудс, Тарих-и Муким-хани деген еңбектерi және басқалары. Бұл шығармалардың мағлұматтарында қазақтардың Имамкули хан тұсында (10201611-10511642 жж.) Аштарханилердiң саяси iстерiне қатысуына едәуiр орын берiлген. Имамкули билік еткен кезең аласапыран заман болды. ХVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ сұлтандарының арасында Есім (1598 жылы Тәуекелден кейiн ресми түрде хан атағын мұраға алған, Түркістанда билік еткен), Тұрсын, Абылай, Ханзада сұлтандар басқарған, өзара бақталас бірнеше топтар болды. XVI ғасырдың аяғы - XVII ғасырдың басындағы аты белгiлi емес және белгiсiз қазақ хандары мен сұлтандары Әбу-Лайыс сұлтан (Мусаххир әл - билад), Назар хан (Имамкули хан-наме), Мұрат сұлтан (Ламахат мин нафахат әл - кудс) туралы мағлұматтар маңызды болып табылады. XVII ғасырдағы қазақ әміршілерi мен Аштарханилер тартылған саяси оқиғалар олардың өзара қатынастарының тұрақсыздануына себепші болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақтармен алмасып отырады. Мәселен, Түркістан мен Ташкенттен жасақталған 5 мың қазақты бастаған Есім хан 1611 жылы Иранға және Уәли-Мұхаммедке қарсы күресiнде Имамкули ханға көмек көрсеткен. Алайда бұл одақ уақытша сипатта болды және Имамкули хан қазақтарға қарсы талай рет жорықтар жасады. Тарих-и аламара-йи Аббасиде Имамкулидің қазақтарға қарсы Ташкентке екі жорық: 10201611 жылдың басында бiреуiн, ал 10221613 жылдың басында екіншісін жасағаны суреттеледi. Бiрiншi жорықта Имамкули хан Самарқанға дейiн жетiп, қазақтармен бiтiсiп, олардың Ташкент пен оның аймағына үстемдігі құқығын таныды. 1613 жылы Имамкули хан Балх әскерiн басқарған Нәдір-Мұхаммед ханмен бiрге Ташкентке жорық жасап, қазақтарды жеңiп шықты. Осы жеңістен кейін ол өзiнiң ұлы Ескендір сұлтанды Ташкент билеушiсi етiп тағайындады. Көп кешікпей ташкенттiктер Ескендірді өлтiрдi де, Имамкули хан Ташкентті тағы да басып алып, сұмдық қырғын салды. Ташкент Бұхара ханының билiгiнде ұзақ болған жоқ. Қазақ әміршілерінің Бұхара хандығымен өзара қатынастарының мән- жайы Тарих-и аламара-ий Аббасиде, Бахр әл - асрарда және Иван Хохловтың Статьялық тізімінде суреттеледі . Бұл деректерде Имамкули хан мен Ташкентте отырған қазақ ханы Тұрсын - Мұхаммед арасындағы соғыс туралы (10301620-1621) айтылады. Ескендір Мұңшының айтуына қарағанда, екi рет тас- талқан болып жеңілген Имамкули қазақтармен татуласуға мәжбүр болған. Бұл туралы Иван Хохловтың Статьялық тiзiмiнде мынадай неғұрлым егжей-тегжейлі мәліметтер бар: Бұхараның Имамкули патша... Ташкенттің Тұрсын сұлтанымен соғысы болды, мұның себебі: осының алдында сол Тұрсын сұлтанды өз адамдары қуып шығып, Имамкули патшаның аяғына жығылған; сонда Имамкули патша оған жақтасып, оны мемлекет басына отырғызған; ал оның мемлекеті - Ташкент қаласы, ал оның адамдары көшпелі, ол Қазақ Ордасы деп аталады, ал Қазақ Ордасында ханзадалар көп дейді; ал Тұрсын үлкенi болған, сондықтан олардың (мұсылмандық) заңы бойынша патшалық соған жеткен. 1613 жылы Имамкули хан қазақ сұлтаны Тұрсынды Ташкент билеушісі деп жариялады. Кейін Тұрсын хан аштархани Имамкули ханның сюзерендігін танудан бас тартты, өз теңгесiн соғып, баджды (бажды) және харажды (жер салығын) өз пайдасына ала бастады. Осы оқиғалар мен Тұрсын сұлтанға қарсы өзара қырқысқан күрестен кейін Есім хан өзінiң қол астындағы қазақ және қырғыз ұлыстарымен бірге Қырғызстанға кетуге мәжбүр болды. XVI - XVII ғасырлардағы оқиғалар туралы баяндалатын деректемелерде қазақтар мен қырғыздардың одақтастық қатынастары туралы айтылады. Қырғыздардың ата-бабалары туралы бір аңызда Дайыр деген келімсек аталады, ол содан соң қазақтарға барып, қазақтардың жалайыр (басқасы бойынша - албан) тобының негізін салушы болған.

1. XVII ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы
Қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы күресінің тарихы сан ғасырға созылған күрделі процесс. Бұл мәселе қазақ халқы құралған кезінен пайда болып, оның бүкіл тарихымен біте қайнасып отырды. Қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі дамуы, көлбеу және тік байланыстары, иерархиялық қатынастар, өзінің құндылықтар жүйесі, халықтық мінез-құлықтың қалыптасу ерекшелігі талай рет тарихтың қатаң сынағынан өтуге тиiс болды. Соңғы орта ғасырларда да солай болған, жаңа уақытта да солай болды. XVII ғасырдың 30-50-жылдары қазақтарда мемлекеттілігі дамуында белгілі бір рөл атқарды, бұлар - түрлі аймақтардың өзара байланыстарының неғұрлым тығыз ұштасуы, қалалардың дамуы, қоғам құрылысында кейбір сословиелер мінез-құлқының өзгеруі, хан билігінің артуы, қазақ қауымына түрліше қол сұғушылыққа тойтарыс беруді ұйымдастыру. Түркістан, Жанкент, Сауран, Сайрам, Жаңақорған, Созақ, Шолаққорған қалалары мен басқа да қалалар басты маныз алды. Қазақстан шонжарлары қалаларды басқару iсiне, олардың жағдайын реттеуге белсене араласты. Қазақтардың ықпал өрiсi ұлғая берді. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында да өзгерістер болды. Сұлтандармен қатар билер институты жанданады, батырлардың әлеуметтік сословиесi көтерiледi. Қазақ мемлекеттiлiгiнiң категориясы ретiнде сұлтандар рөлі артты. Шыққан тегі ғана емес, сонымен қатар жеке бас қасиеттері де маңызды рөл атқара бастады және егер олардың әлдебiреуi жұртты өз соңынан ерте алатындай ықпалға қол жеткізсе, бұған ол өзiнiң аксүйектігі арқылы емес, қайта жеке қасиеттерi арқылы жететін; бiрақ жеке қасиеттерімен өздері арасында жай қырғыздар, қара халық та дәл сондай ыкпалға ие болатын. Бұрынғы ақсүйек феодал - шонжарлармен - Шыңғыс ұрпақтарымен қатар қауымдар мен руларда жаңа әлеуметтiк категориялардың маңызы өсті. Билер осындай болды. Егер Шыңғыс ұрпақтары өздерiн жер иелену құқығы болғандықтан, халықтың қалған топтарының бәрінен жоғары қойса, ал билер байырғы қазақ рулары арасынан ақсақалдар және рухани тәлімгерлер ретінде көтерілді. Бұл да ежелден атақты тектен шығуына қарай орын алып келген еді. Алайда XVII ғасырдан бастап бiлiмi мен өмiрлiк тәжiрибесi жетiк билердiң қызметi арта түсті. Олар рулар көшiп жүретiн жерлерге билік етті және өз қызметімен айналысуын iскерлiк қасиеттерімен дәлелдеуге тиiс болды. XVII - XVIII ғасырлардағы билер туралы Шоқан Уәлиханов жазып калдырған. Батырлар институтында да өзгерістер болмай қалған жоқ. Бұл - әскери сословиенiң ерекше әлеуметтік тобы. Ақсүйек сұлтан немесе би, хан төңірегіндегілердiң кез - келгенi батыр бола алатын едi. Батыр деген терминнiң өзi қазақ фольклорында өте кең таралған. Бұл термин XIV ғасырдан мәлім. Жеке басының қасиеттерi арқасында қатардағы қауым мүшелері - қара халық ұрпақтары да батырлар қатарына көтеріле алды. Билер мен сұлтандар арасында қазақ қауымдарына саяси ықпал ету жолындағы күрес жүрді. Кейбір билердің билігі елеулi болды және олар сұлтандармен санаспады. Қазақ қоғамында үстемдік етушi сословиелер iшiнде қатты қайшылықтар болды. Бұл Есім ханға оның билiгi артуында тежеу салды. Есім хан тұсында рулық шонжарлардың қатысуымен билер съездерi мезгіл - мезгiл жиналып отырған деп жорамалдауға болады. XVII ғасырдың аяғында мұның Жеті жарғы заңдар жинағында ендi норма ретiнде көрсетілу фактісі осындай ойға жетелейді. Жалпы алғанда, XVII ғасырдың екiншi ширегінде Қазақ хандығы осындай болған. Қазақ халқының қорғайтын мемлекеттік аумағы да, оны қорғайтын адамдары да бар еді. Өзi билiк еткен жылдарда Есім ханның жоңғар факторымен үнемі санасып отыруына тура келді. Ол Есiмнiң сыртқы саяси қызметте негiзгi бағыты болды және қазақ қоғамының iшкi өмiрiне едәуiр ықпал еттi. Әр түрлі деректерге, мысалы, орыс жылнамаларына қарағанда, XVІ ғасырдың аяғынан бастап жоңғар иелiктерi Ертiстiң сол жақ жағалауында, Есiл мен Тобылдың жоғарғы ағыстарында болған. ХVII ғасырдың басына қарай жоңғарлардың көшіп жүрген қоныстары Ертiстiң орта бойы мен бас жағында, Қамыстыда, Тобылдың, Есiлдiң жоғарғы ағыстарында шашырап жатты, олардың кейбіреулері Жем, Жайық және Еділ өзендерінің аралығында орналасты.
Олардың арасында түрлі тайпалардың өкiлдерi - шорастар, дербенттер, торғауыттар, хошауыттар болды. Жоңғарлардың Ертiстiң жоғарғы ағысынан, Тарбағатайдан солтүстік - батысқа қарай ойысуын жайылым жолындағы күрес талап етті. Бұл жағдайларда қазақтар жоңғарларға елеулi қауіп төндірді. Жоңғарлардың Жайық пен Едiлге қарай жылжу барысы өте баяу жүрді. Бұған әр түрлі және қайшылыққа толы жағдайлар ықпал етті. Сөйтіп ол отыз жылдан астам уақытқа созылды. Кейде олар Оралға, Үлкен Ноғай Ордасына шапқыншылық жасап отырды. Бiрақ сонан соң қайтадан Тобылдың, Есiлдiң жоғарғы ағыстарына, Ертіске қайтып оралатын. Олар бытыраңқы иеліктер болды. XVII ғасырдың басына қатысты мұндай мысалдар аз кездеспейтін еді. Жоңғарлар қазақтардың көшiп жүретiн қоныстары мен Ресей жерi арасындағы аралық өңiрдi жайлады. Жоңғар қауымдары жауынгерлік - әскери сипатта қалыптасты. Олар қазақтарға, башқұрттарға, ноғайларга, орыстарға қарсы соғысты. Олар Дешті Қыпшақ жерiнде, бұрынғы Алтын Орданың ұлан - байтақ аймағында қалыптасқан iшкi тепе-теңдiктi бұзып, ол жерлерден әр түрлі түркi тiлдес этностарды ығыстырып шығарды. Алтай және Жоңғар Алатауы шегiнде қазақтар мен қырғыздардан 1629 жылы жеңіліс тапқаннан кейін және iшкi қырқыстардың салдарынан Хоурлық (Хо-Урлюк) бастаған жоңғарлар солтүстiкке қарай бет алды. Бұл жолы Есілдің, Тобылдың, Ырғыздың, Торғайдың, Жемнiң бас жағындағы аудандарға екi мыңдай қожалықтың көшiп барып орналасуы Жоңғар қауымдарының жағдайын нығайтты. Жоңғарлардың басым бөлігінің Тобылға, Жемге, Жайыққа, Еділге қарай баяу жылжып барып қоныстануы қазақтар, башқұрттар, ноғайлар, хиуалықтар, орыстар пайдаланатын жер алаптарында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзды. Олар белгiлi бағытта: Есiл мен Тобылдың жоғарғы ағыстары арқылы Жем мен Жайыққа қарай қозғалды. Онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының заңдары
Қазақтың атақты билері
Жеті жарғы заңдары
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және жыраулық поэзияның қалыптасуындағы тарихи әлеуметтік жағдай
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Пәндер