Картографиялық жұмыстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Еліміздегі геодезиялық қызметтер

Орындаған:Аманқұлов Ерсұлтан

Тобы:23-ЗКК-3

Қабылдаған:Қапасов Азамат

Жасалған күні:18. 10. 2023жыл

1 Геодезияның жалпы даму тарихы

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінің мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын Ніл өзенінің су тасқыны жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бүл жерлерді қайта-қайта қалпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бұл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жургізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп «жерді өлшеу» (геометрия) және «жерді бөлу» (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі 12-14 ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті

Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді.

Жер үсті геодезиясы - геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі. Өлшеу кезінде жүмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады. Бұл қызмет еліміздің территориясының барлық жерінде жүргізіледі. Аэрогеодезия - аспаннан (әуеден) ұшақ арқылы жердің бетін суретке (фотоға) түсіреді де, арнаулы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді. Мысалы, адам аяғы баспайтын жерлерде: тайгада, шөлде, таулы жерлерде және т. б., сонымен қатар, жол қурылыстарын жобалағанда, орман шаруашылығында қолданатын тиімді түсіру әдісі.

Ғарыштық геодезия - ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотоға түсіріп, оны арнаулы әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі. Жердің жасанды серіктерінің, ға рыштық кемелер мен аппараттардың көмегімен жер беті нүк- телерінің геометриялық арақашықтықтарын, Жердің гравита- ция лық өрісін, жер бетіндегі табиғи жəне адамның инженер лік əре кеттеріне байланысты өзгерістерді зерттейтін геодезияның бір саласы. Ғылым мен техниканың кейінгі жылдарда қарқын- ды дамуы координаталар мен координаталар өсімшелерін анық- таудың ең дəл ғарыштық əдісін жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл əдісте геодезиялық тораптардың бекітілген (қозғалмайтын), ко- ординаталарын кез келген уақытта есептеп алуға болатын жыл- жымалы серіктері пайдаланылады.

Жерсеріктік навигациялық жүйелер

GPS, ГЛОНАСС, NAVSTAR, GALILEO деген сөздер бүгінде баршаға мəлім. Біз олардың қалай жұмыс істейтіндерінен де ха- бардармыз. Десек те ЖСНЖ (жерсеріктік навигациялық жұйелер) туралы түсінік бергенді жөн көрдік

GPS (ағылш. Global Positioning System - жаһандық позициялау жүйесі, Джи Пи Эс деп оқылады) - аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Жердің кез келген жерінде (полярлық аумақты қоспағанда), кез келген ауа-райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштық аймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Жүйені АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған. Системаны қолданудың негізгі принціпі - мекенжайды, уақытты өлшеу бағыты мен синхронды қабылдаулар арқылы спутниктік навигациялық антенналар арқылы табу. Үш өлшемдік координаталарын анықтау үшін GPS- қабылдағышқа төрт теңдік қажет: "арақашықтық күннің жарық шығаруына тең, сигнал қабылдағыштың әр түрлі моменттілігі және оның спутниктен синхронды сәулелену моменті".

ГЛОНА́СС Глобальдық навигациялық жер серіктік жүйесі кеңестік ресейлік жүйе КСРО Қорғаныс министрлігінің талабы бойынша әзірленген спутниктік навигация жүйесі. Бүгінде екі ғаламдық белсенді спутниктік навигация жүйелердің бірі(Қытайдың Бэйдоу спутниктік навигация жүйесі қазіргі уақытта өңірде ғана жұмыс істейді ) .

NAVSTAR GPS жүйесі NAVigation System with Time And Ranging Global-Positioning System (арақашықтық пен уақытты анықтаудың навигациялық жүйесі, позициондау глобальды жүйесі) . Бұл жағдайда «позициондау» деген сөзді координаттарды анықтау деу керек. Екі жүйе де әскери есептерді шешуге арналған, бірақ соңғы кезде геодезияда кеңінен пайдалануда. Координата өсімшелерін өте жоғары дәлдікпен, яғни орташа квадраттық қателігі 5 мм+D10 6 дәлдікпен, ал жеке қабылдағыш координаталарын 10 м ден 100 м-ге дейінгі орташа квадраттық қателікпен анықтайды.

Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті

Қазақстанда топографиялық-геодезиялық және картографиялық қызметті Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Комитеті басқарады. Геодезияның келешекте өркендеуіне жақсы жағдайлар жасалды. Оған 1940 жылдары Жамбыл мен Қарағандыда, 1946 жылы Талғарда ұйымдастырылатын геодезиялық отрядтардың, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әскери күштерін геодезиялық ақпараттармен қамтамасыз ететін «Оңтүстікгеодезия», «Астанатопография», «Алматыгеокарт», «Солтүстікгеодезия» сияқты орталықтарды ашылуы, сондай-ақ Қазақстанда геодезия мамандарын дайындайтын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеттің, Қ. И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің, Гумилев атындағы ЕВразиялық ұлттық университеттің еңбектері дәлел.

Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекеттік кеңес 1992 жылы құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдіктері кіреді.

Жоғарыда айтылған мекемелердің мекемелердің негізгі өндірістік міндеттері мыналар:

  1. Республикамыздың кең-байтақ территориясында геодезиялық тірек жүйесін дамыту мен карталар жасауда қажетті топографиялық түсірулержүргізуде жоғары дәлдіктегі жұыстарды ұйымдастыру.
  2. Әртүрлі мақсаттағы қажет карталарды, пландар мен атластарды жасау және оларды басып шығару.
  3. Әртүрлі мекемелерге геодезиялық және топографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру, олардың орындалу сапасын бақылау және барлық мәліметтерді бір жүйеге келтіру.

Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топографиялық жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 жылға дейін Қазақстан аумағының тек 13, 5 пайызына 1: 126 000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 жылы ол 86, 6 пайызға жеткізілді және масштабы 1: 100 000, 1: 200 000 топографиялық карталар жасалды. 1920-1945 жылдары 22 800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 жылы масштабы 1: 25 000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2-, және 3-класты мемлекеттік триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1: 100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтының Қазақстан филиалы Геодезия және картография Бас басқармасының картографиялық материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және ауыл шаруашылығының картасын жасады (1960ж) . Геодезиялық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.

Қазақстан Республикасында Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша 10-шы жұлдызында 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды. Осы Қазақстан Республикасың ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография-геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады. Мемлекеттік геодезиялық қадағалау басқармасы (МГҚБ) топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат береді, олардың орындалуына сапасын бақылап отырады, алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары) .

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму миниистрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ТМД қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондылау жөніндегі мемлкекетаралық кеңеске қатысты.

2013 жылы 20-24 тамыз аралығында Беларусь Республикасының «Беловежская пуща» Ұлттық паркінде Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 35 сессиясы өтті.

Аталған сессияда қазақстандық делегацияның басшысы - Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағасы Бауыржан Әміржанұлы Смағұлов өткен сессия шешімдерін орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасында геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етуді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары жөнінде айтты, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) базасында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау саласында мемлекетаралық ынтымақтастық бағыттарын кеңейту мәселісіне тоқталды.

Қазақстандық делегация бастамасымен 1942 жылғы координаттар жүйесінде жасалған кейбір картографиялық-геодезиялық материалдар мен деректердің режимдік шектеулерін алып тастау және Картографиялық-геодезиялық қорлардың материалдарын аналогты түрден цифрлы түрге ауыстыру туралы ереже әзірлеу мәселедері қарастырылады.

Іс-шара шеңберінде Мемлекетаралық кеңес мүшелері ТМД қатысушы мемлекеттердің Кеңестік деректер инфрақұрылымы пилоттық жобасын жүзеге асыруды, Достастық мемлекеттерінің бірыңғай геонавигаиялық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар дайындауды талқылады.

Сонымен қатар сессия барысында Мәскеу мемлекеттік геодезия және картография университеті (ММГКУ) жанындағы ТМД қатысушы мемлекеттерді өндірістік ұйымдарының инженерлік-техникалық мамандары және жоғары, арнайы орта білім беретін оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ғылыми-білім беру орталығы қазметін қаржыландыру моделі, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттердің Географиялық атаулар өзерістерінің электрондық бюллетенін модернизациялау жөніндегі жұмыстар барысы қарастырылды.

Мемлекетаралық кеңестің кезекті 36 сессиясы 2014 жылы Қазақстан Республикасында өтті.

Геодезиялық және картографиялық қызметтің негізгі бағыттары

1) ұлттық, салааралық маңызы бар қоғамдық жұмыстар;

2) Қазақстан Республикасының геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қажеттiлiгiмен айқындалатын арнайы және өнеркәсiптiк мақсаттағы қызмет деп бөлінеді.

Мемлекеттiк геодезиялық және картографиялық қызмет:

1) Жердің пішінін, өлшемін және сыртқы гравитациялық өрісін анықтау;

2) Жерді қашықтықтан зондтау және геодинамикалық зерттеу;

3) мемлекеттiк топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететiн тығыздық және дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық класстағы мемлекеттiк астрономиялық-геодезиялық, спутниктiк геодезиялық және нивелирленген желiлердiң, техникалық және гравиметриялық желiлердiң бiрiншi және бiрiншi деңгейлерiнiң техникалық қызметiн жасау, дамыту, тексеру, қалпына келтiру және техникалық қамтамасыз ету және т. б

Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры

Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры геодезиялық, картографиялық, гидрографиялық, әуедегі, гравиметриялық материалдардың және геодезиялық және картографиялық қызметтің нәтижесінде алынған, ұлттық, салааралық, арнаулы және өнеркәсіптік құны бар деректердің жиынтығы болып табылады.

Ведомстволық картографиялық-геодезиялық қорлар - геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, гравиметриялық және аэрофотосварты материалдардың және арнайы және өнеркәсіптік маңызы бар деректердің үйлесімі және тиісті орталық атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Қорғаныс министрлігінің Картографиялық-Геодезиялық қоры

Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерін пайдалану үшін аталған материалдар мен мәліметтерді (көшірмелерді) жасау, сақтау және жеткізу, сондай-ақ осы материалдар мен мәліметтерді іріктеу және олардың көшірмелерін жасау қызметтерін қамтитын алым алынады. Бұл қызметтер мемлекеттік органдарға тегін беріледі.

Картографиялық-геодезиялық жұмыстардың картографиялық және геодезиялық жұмыстарын жүргізу үшін материалды және деректерді пайдалану үшін мемлекеттік бюджеттен алынады, ол осы материалдар мен деректерді іріктеп алуға, олардың көшірмелерін жасауға, сондай-ақ олардың жеткізілуіне ғана жұмсалады.

Ұлттық картографиялық-геодезиялық қордың материалдары мен деректерін пайдалану үшін алынған қаражаттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетке жіберіледі.

Қазақстан Республикасы геодезия және картография саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту ниетінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады

Қазақстан Республикасының геодезия туралы заңы, ЖОО мен компаниялары

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында «Геодезия және картография туралы» заң қолданылады. Бұл заң 2002 жылғы 3 шілдеде қолданысқа ие болды. Бұл заңда геодезиялық негізгі ұғымдар, геодезия мен картография саласындағы заңдар, геодезиялық және картографиялық қызметтің объектілері мен субъектілері, негізгі бағыттары, қаржыландыру, ұлттық геодезиялық қор, геодезия мен картография саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы мәліметтер қамтылады. Заң 18 баптан тұрады.

Қазақстан Республикасында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша мамандарыды дайындайтын 4 ЖОО,

«Жерге орналастыру» бойынша 8 ЖОО, « Кадастр» бойынша 6 ЖОО жұмыс атқаруда.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті геодезия мамандығы бойынша мамандарды, инженерлерді дайындау жағынан Қазақстандағы ең мықты жоғары оқу орынның бірі болап табылады. Геодезия, кадастр және жерге орналастыру кафедрасы университеттегі ең алғашқы кафедралардың бірі. Бұл мамандық 1958 жылы 11 тамызда Өскемен қаласында Құрылыс-жол институтының дамуымен сәйкес келеді және жалпы білім беру пәні ретінде қолданылды. Кафедраның қызмет етіп бастаған күнінен бүгінгі күнге дейін, әртүрлі жер қатынастарының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 300-ге жуық маман иелері дайындалып шығарылды. Кафедраның түлектері геодезия саласындағы компанияларда алдыңғы қатарлы мамандар болып есептеледі.

Қазақстан Республикасындағы басты геодезия саласындағы компания «Қазгеодезия». Оның филиалдары Қазақтанның барлықжағында орналасқан. Олар: «Батысгеодезия», «Жамбылгеодезия», «Казгеокарт», «Орталықмаркшейдерия», «Республикалық картографиялық фабрика», «Солтүстікгеодезия», « Шығысгеодезия», «Шымкентгеодезия» .

«Казгеодезия» компаниясы

Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық істері, коммуналдық қызметтер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлыігінің, жер ресурстарын басқару жөніндегі «Казгеодезия» комитеті, координаттар геодезиялық өлшеуден бастап, топографиялық сауалнама, Геодезиялық және картографиялық жұмыстар толық тізімін өнімділігін ұсынады, әуе фотосуре, сандық жасау және жаңарту үшін топографиялық карталар жариялау және баспа карталарын дайындау жатады.

Өзінің өндірістік әлеуетін компания, жоғары білікті мамандар ментехникалық жабдықтардың болуы, топографиялық-геодезиялық, картографиялық жұмыстардың көлемі бірегей болып табылады.

РМҚК «Казгеодезия» ең қысқа мерзімде кез келген мөлшерде, геодезиялық-картографиялық және антеннадан зерттеу іске асыру қүрделілігі, озық жоғары дәлдікті технологияларды пайдалану қағидаттары негізінде өз қызметін айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Карта туралы жалпы тусінік
Картографиялық ақпарат көздері
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Жалпы географиялық карталар
Геoдезия – Жер турaлы ертеден келе жaтқaн ғылымдaрдың бiрi
Геодезия картография
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Геодезия және картографияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz