Әскери педагогика құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

I тарау Педагогика ұғымы туралы түсінік3-7

  1. Әскери педагогика. 8-17
  2. Әскери педагогиканың тарихы және Қазақстандағы дамуы___18-22
  3. Әскери педагогика құрылымы23-32

2 тарау Әскери педагогиканың негізгі міндеттері33-36

2. 1 Әскери педагогикалық процестің жалпы сипаттамасы37-39

2. 2 Әскери педагогикалық процестің ерекшеліктері40-42

2. 3 Әскери психология мен педагогика43-58

Қорытынды59-60

Пайдаланған әдебиеттер тізімі61-62

Қосымша

Кіріспе

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т. б. ) қабылданары сөзсіз. Соның ішінде жалпы әскери педагогикалық тәжірибе казіргі кезеңде нұсқамаларда, нақыл сөздерде, жарғыларда, бұйрықтарда және тағы басқа жазба құжаттарда өзінің әсерін тауып отыр. Мемлекеттің тарихи даму жағдайы, сол және басқа мемлекеттің армиясының қалыптасу мәселелері, жеке құрамының ұлттық ерекшеліктері және тағы басқа әскери педагогиканың мазмұнына және оның даму барысына әсерін тигізді. Офицердің әскери-педагогикалық білімді игеруі үшін және оқу-тәрбиелік қызметті жүзеге асыруда маңызды әдістемелік және машықтандыру мәні әскери-педагогикалық үрдісті жүйе ретінде жүзеге асыруды қарастырады. Әскери-педагогикалық үрдіс - басшылардың, штабтардың, тәрбие құрылымының мамандарының, қоғамдық ұйымдардың белгіленген нұсқау бойынша жауынгерлер мен әскери ұжымдарды дайындау үшін оқу-тәрбие қызметінің мақсатқа бағытталған ұйымдасқан жүйесі болып табылады.

I тарау

Педагогика ұғымы туралы түсінік

Педагогика ғылым ретінде нені білдіреді? Бүгінгі күнге дейін оның анықтамаларының алуан түрлілігі ұсынылған. Алайда мыналарды ең қысқа және сыйымды деп санауға болады: педагогика - бұл білім туралы ғылым. Кез-келген ғылымның өзіндік объектісі мен пәні болады. Педагогика, әрине, одан тыс қалмайды. Сонымен, педагогика пәні - оқу барысында пайда болатын оқушының жеке басының қалыптасуы және оның дамуы. Педагогиканың объектісі - оқушыларға білім беру процесі. Сонымен бірге, өмірлік тәжірибені аға буыннан жасқа беру ретінде анықталады. Педагогиканың объектісі - оқушы деген қате пікір бар, өйткені тәрбиешінің оқу қызметі оған бағытталған. Бұл олай емес. Білімді игеру барысында жеке тұлғаның өзі өзгермейді, өзгерістер нәзік материя деңгейінде - адамның жеке басы деңгейінде болады. Сондықтан, психологтың қызметі көбінесе педагогикамен байланысты, және әрбір жақсы мұғалім, шын мәнінде, жүрегінде кішкентай психолог. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т. б. ) қабылданары сөзсіз. Тағы бір ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т. б. ) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді. Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр. Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады. тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы.

  • Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
  • Адам тәрбиесі туралы ғылым.
  • Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.

Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады. Педагогика пәні - ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы - қоғамның ерекше қызметі - тәрбие. Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық және әдістемелік негізін құру.

  1. Әскери педагогика

Сурет № 1. Әскери сабак үлгісі

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында әскери педагогика өз бетінше ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. М. В. Фрунзенің, М. Н. Тухачевскийдің, И. Э. Якирдің еңбектері, Азаматтық және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу тәсілдері қазіргі замандағы әскери педагогиканың қалыптасуына негіз болды. Арнайы әлеуметтік құбылыс ретінде армия пайда болған сәттен бастап әскери қызметтің маңызды бөлігі жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу болып отыр. Шын мәнінде осы тәжірибелік әскери педагогика - әскери қимылды жемісті жүргізуге жауынгерлерді жан-жақты дайындаудың міндетті, қажетті қүралы. Алғашқы әскери педагогика командирлер (бастықтар) мен бағыныштыларының арасындағы машықтанушылық қызмет ретінде туындады. Уақыт өте келе ұрпақтан ұрпаққа әңгіме, мақал-мәтел арқылы берілген жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу туралы білім жинақталды. Әскери қызметті күрделендіру шаралары мемлекетте

білім беру кезеңін дамытуда, тұрақты армия қалыптастыруда қажет, әскери-педагогикалық ой-пікірлер ары қарай дамуға мүмкіндік алады. Бұған сәйкес тәжірибелер нұсқаушылықтан, ұстаздықтан бұйрықтар мен жарғылардан және басқа да жазбаша көздерден көрінеді. Бүған үлкен үлес қосқандар 1 Петр, А. В. Суворов, М. И. Кутузов, Абылай хан, Жәңгір хан, Бауыржан Момышұлы. Әскери педагогика - әскери-педагогикалық үрдістің заңдылықтарын, әскери қызметші мен әскери ұжымды оқыту мен тәрбиелеуді, оларды ұрыстық қимыл мен әскери-кәсіби қызметті жемісті жүргізуге дайындауды зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Бұл Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жеке құрамына білім беру, оқыту және тәрбиелеу туралы, бөлімшені (бөлімді) әскери қызмет жағдайында жемісті әрекететуге дайындау туралы ғылым. Әскери педагогиканың ерекшелігі, әскери қызметшілер қызметте немесе ЖОО-да оқудың бірінші күнінен бастап эскери маман ретінде оқып және дайындалып қана қоймай, шынайы оқулық, қызметтік, ұрыстық тапсырмаларды шеше бастайды. Осыған сәйкес әскери-педагогикалық ықпал ету мен өзара біріккен қызмет тікелей тәжірибелік, қызметтік бағытта болады. Сол себепті әрбір әскери қызметші бірден әскери ұжымды қалыптастыруға қосылады, әскери-кәсіби қызметке кіріседі және оқу сапасына, өзінің мінез-құлқына, тәртіпке, тағайындалған міндеттерді шешуде жауапкершілікті (моральдық қана емес, сонымен бірге қүқықтық, заңдық) толықтай өз мойнына алады. Бұнда педагогикалық ықпал ету мен өзара біріккен әрекет субъектісіне 18 жастан асқан, белгілі дәрежеде өзінің көзқарастары, дүниетанымы, жеке тұлғалақ сапалары қалыптасқан ересек адамдар жатады. Әскери педагогиканың педагогиканың көптеген басқа салаларынан айырмашылыаы өмір мен денсаулық үшін тәуекелге баратын күрделі жағдайда әрекет етуге жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді үйрету, дайындау және қабілеттендіру қажет болатын жауапты тапсырмаларды шешумен байланысты, шынайы кәсіби қимылға дайындауда білім беру, оқыту, тәрбиелеу объектісін (субъектісін) тікелей қосу болар еді. Әскери педагогиканың ғылым ретінде қүрылымына әскери педагогика әдіснамасы, әскери педагогика тарихы, оқыту теориясы (әскери дидактиканың), әскери қызметшілерді тәрбиелеу теориясы, жоғары әскери мектеп педагогикасы, ұрыстық дайындықтың жеке әдістемелері мен басқа да көптеген бөлімдер жатады. Әскери педагогиканың мазмұнының қүрамы: әскери-педагогикалық жэне әскери-ғылыми зерттеудің және өмірлік бақылаудан алынған нәтижелердің мәліметтері; әскери педагогиканың тұжырымдамаларында, қағидаларында, заңдылықтарында, категорияларында көрінетін ғылыми толықтырулар; тәжірибелік тексеруді қажет ететін болжамдар; әскери-педагогикалық шынайылықты зерттеу әдістемесі; әскери қызметтің адамгершілік құндылықтар жүйесі. Әскери педагогика басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Аталған гуманитарлық және әлеуметтік ғылым ықпал ету мен өзара біріккен әрекеттің субъектісі мен объектісі ретінде адам мен ұжым туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Адамның биологиялық тіршілік етуі туралы мәліметтерді жаратылыстану ғылымының зерттеуіне береді. Ғылыми-техникалық және әскери-ғылыми білімді тәжірибеде қолдану әскери-педагогикалық үрдіс пен оның элементтерін үлгілеуге мүмкіндік береді. Әскери педагогика нақты категорияларға сүйенеді; олардың негізгілері мыналар: әскери педагогикалық үрдіс - басшылардың, штабтардың, тәрбие қүрылымы мамандарының. қоғамдық үйымдардың белгіленген нұсқау бойынша жауынгерлер мен әскери үжымдарды дайындау үшін оқу-тәрбие қызметінің мақсатқа бағытталған үйымдасқан жүйесі; әскери қызметшіні тәрбиелеу - әскери қызметшінің жеке тұлғасын, оның мінез-қулық ерекшелігің сенімін, көзқарасын, қарым-қатынасын, сапасын дамытуға ықпал етуге мақсатты бағытталған нәтиже мен үрдіс; әскери қызметшіні оқыту - басшылар (командирлер) мен бағыныштылардың оқушылардың бойында білім, білік және дағдыны қалыптастыруға мақсатты бағытталған өзара біріккен әрекет үрдісі; әскери қызметшіні дамыту - әскери қызметшінің кәсіби қызметінің, дене тұрғылық, ақыл-ойлық, психикалық және оның осыған сәйкес қасиеттерінің құрылымдық жетілуінің сандық-сапалық өзгерістері жиынтығының үрдісі; әскери қызметшінің психологиялық дайындыгы - әскери-кәсіби қызметті орындауға әскери қызметшілердің психикалық беріктігі мен дайындығын қалыптастыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері
Бастапқы әскери даярлық
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Мектепке дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағы (естияр топ)
Педагогика ғылымының құрылымы
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz