Педагогика ғылымының әдістері


- №2 -Дәріс тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістеріОқу нәтижелеріСтудент:Педагогика әдістемесін: оқыту мен тәрбиелеу және білім беру әдістемелерін пәнде жүргізудің жолдарын үйренеді және тәжірибе жүзінде қолданадыДәріс жоспары:1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік. 2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. 3. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Дәріс тезистеріПедагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік. Педагогика әдіснамасының деңгейлері. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Таным теориясы. Жүйелік тәсіл(тұғыр) -құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Әлеуметтендіру теориясы. Педагогикалық теория мен практикасының әрекеттестік диалектикасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру. Педагогика ғылымының әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің технологиясы. Ғылыми зерттеу бағдарламасы мен процедурасы. Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері. Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Негізгі ұгымдар:педагогикалық зерттеулер, әдіснамалық негіз, педагогика ғылымының әдістері, зерттеушілік инновациялық іс-әрекет, мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, зерттеуші-мұғалімнің әдінамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеттің әдістері.
Студенттерге ұсынылатын талдау сұрақтары:
- -Жүйелік тәсіл(тұғыр) -құбылыстардың жалпы байланыстарының бейнеленуі. -Тұлға теориясы. -Іс-әрекет теориясы. -Құндылықтар теориясы. -Басқару теориясы. -Әлеуметтендіру теориясы. -Педагогикалық теория мен практикасының әрекеттестік диалектикасы.
- Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті
Дәріс 2
Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.
Педагог-зерттеуші бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі - оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:
- педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;
- білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғынуы;
- педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т. б. Педагогика ғылымының әдіснамасы
Педагогика ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі ретінде дамытылып, екі негізгі философиялық тұжырымдамалар бағытында қалыптасқан. Бірінші тұжырымдамада Сократ пен Платонның идеялары жинақталған. Олардың айтуынша, адам дамуының негізгі факторлары - оның табиғи қабілеттері . Ал сыртқы жағдайлар адамның дамуына елеусіз әсер етеді. Екінші тұжырымдамада Гераклит, Демокрит, Эпикурдың идеялары біріктірілген: адамның дамып, тәрбиеленуін, ең алдымен, қоршаған орта және сыртқы жағдайлар белгілейді.
Тұжырымдамалардың нәтижесінде педагогикада осы күнге дейін педагогикалық теорияны жасауда әртүрлі пікірлер айтылуда. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жекетұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың, соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде іске асады. Сонымен қатар, бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі белсенділігінің де маңызды орын алатындығын алға тартады , әрі зерттеушілерге өзіндік белсенділіктің көтерудің жолдарын табудың қажеттігін түсіндіреді.
Материалистік философия мен педагогика қоғамда әлеуметтік және рухани қатынастардың жетілуімен адамның өзі де жетіліп, әрі дамып отырады, оның өзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды бағытта өзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі педагогика қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, қоғамдыө ілгерілеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды.
Зерттеушілер Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. есептеуінше, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында, теориялық тұжырым жасауда болсын жоғарыда айтылған бүгінгі педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалисттік бағытты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланған жөн.
Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні - жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі - оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.
Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді:
- Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
- Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар) .
- Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
- Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім. Педагогикалық зерттеулер әдіснамасының негізгі мәселелері.
Тәрбие теориясы мен практикасын дамыту мақсатында қазіргі уақыттағы кейбір өзекті мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Бұндай мәселелердің топтары: 1) педагогика ғылымының пәні мен педагогикалық құбылыстарды танудың логикасының анықтаудағы әдіснаманың фундаментальды мәселелері; 2) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселесін, педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда мұғалім өз қызметін орындауда оның дайындық деңгейі мәселелерін зерттеудегі әдіснамалық тұрғының ерекшеліктері.
Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:
- Педагогика ғылым ретінде, оның пәні;
- Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және өзара байланысы;
- Педагогиканың басқа адамтану ғылымдармен өзара байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы ғылымдардың негіздерімен байланысы;
- Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері.
- Дидактика және жеке пәндер әдістемесі бойынша зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары;
- Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның ерекшеліктері) ;
- Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық шарттары;
- Мектепке дейінгі тәрбиенің әдіснамалық мәселелері;
- Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы;
Әдіснамалық мәселелер тек педагогиканың жалпы негіздерін талқылауға ғана емес, сонымен бірге тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіру, оқыту, тәрбие және дамытудың нақты сұрақтарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Бұл мәселелердің барлығы жаңа емес, олар түрлі деңгейде педагог-ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта және кәсіби мектептердегі реформалар педагогика ғылымының алдына өзекті теориялық және практикалық мәселелерді қоюда: мектептердің әлеуметтік қызметін, статусын көтеру; жалпы және кәсіби білім беруді жетілдіру; оқу-тәрбие үрдісінің өндірістік еңбекке оқытудың, мамандыққа бағыттаудың сапасын көтеру; педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру; білім беру жүйелерінің оқу-материалдық базасын жетілдіру және т. б.
Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.
Педагогика ғылымының дамуының маңызды факторы - оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Ең алғаш педагогикалық теорияға әдістерді енгізген Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б.
19 ғасырдың аяғы-20 ғасырдың басында эксперименталдық педагогика кең етек алды. Оның көрнекті өкілдері: неміс педагогы В. Лай (1862-1926 ж. ж. ), Э. Мейман (1862-1915 ж. ж. ), американ педагогтары және психологтары С. Холл (1846-1924 ж. ж. ), Э. Торндайк (1874-1949 ж. ж. ) .
Ғылыми-педагогикалық зерттеу
- жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.
Педагогикалық зерттеулер, ең алдымен, әлеуметтік қалыптасу мен тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде дамушы жеке тұлғаның іс-әрекеті пәнін зерттеуге бағытталады. Педагогикалық құбылыстар, эмпирикалық бақылаулардың сыртқы жақтарын ғана зерттеумен шектелмей, педагогикалық факті, құбылыс және үрдістерді терең және жан-жақты зерттеу, олардың мәнін, заңдылықтарын ашу, диалектикалық ойлау тәсілдері - индукция және дедукцияны, талдау, жинақтау, абстрактілі ойлаудан нақтылауға көшу т. б. қолдану керек.
Педагогикалық зерттеулердің
негізгі компонеттері
:
зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру.
Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.
Педагогикадағы зерттеулердің 3 деңгейі белгіленген: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Бірінші деңгейде ғылымның жаңа фактілерін және олардың негізінде эмпирикалық заңдылықтар қалыптастырады. Екінші деңгейде - бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады. Үшінші, әдіснамалық деңгейде эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды, теорияларды құрастыру, зерттеу әдістері мен жалпы ұстанымдар жасалады.
Педагогикада эмпирикалық және теориялық әдістер кең тараған.
Эмпирикалық әдістер зерттелетін педагогикалық объектіге тікелей бағытталған және бақылау мен эксперименттің жинақталған тәжірибесіне сүйенеді. Теориялық әдістер педагогиканың түсіндірмелі аппаратының жетілуі мен дамуына байланысты және ақиқат шындықты оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарын жан-жақты тануға бағытталған.
Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің әдістеріне мыналар жатады: бақылау, анкета, әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, педагогикалық эксперимент. Бұл әдістер зерттелетін мәселелер бойынша фактілік материалдарды жинақтау үшін қолданылады.
Теориялық зерттеу әдістеріне талдау және жинақтау, индукция және дедукция, ұқсастық, айырмашылық логикалық әдістері жатады.
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.
Әрбір ғылымның нақты ғылыми әдіснамасы және оның практикасы салыстырмалы түрде өзара ерекшеленетін ұстанымдарда және зерттеу әрекетіне қойылатын талаптарда көрініс табады. Олар теорияны мен практиканы біріктіреді, практикада қажетті ғылыми негізделген бағыттар ұсынады.
Ұстаным
және
талаптың
айырмашылығы мынада: ұстаным терең және жан-жақты
ғылыми
негізделген (объективті заңдылықтарды есепке алу негізінде әлеуметтік мәнді мақсаттарға жету тәсілдерін белгілейді) және
жалпылама
сипатқа ие (осы салада кездесетін барлық ситуациялардағы зерттеулерде қолданылады) . Ұстанымды міндетті түрде орындау қажет. Талап теориялық жағынан терең және жан-жақты зерттелмеуі мүмкін, педагогикалық ситуацияның тек бір бөлігіне қатысты қолданылады. Нақты талаптар белгілі бір ұстанымнан туындайды, бірақ оларды қолдану ситуация ерекшелігінен шығады.
Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын жалпығылымилық ұстанымдары:
- объективтілік ұстанымы- құбылысты тудыратын факторларды, жағдайларды есепке алу, объект жайында шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін зерттеу тұрғылары мен әдістерінің сәйкестігі, фактілерді жинақтау және бағалауда субъективтіліктің болмауы. Бұл ұстаным мына талаптарды белгілейді: дәлелдеу (зерттеудің негізділігі) және ғылыми ізденістің альтернативты сипаты.
- мәндік талдау ұстанымы- зерттелетін құбылыстың жалпы, ерекше және жеке сипаттарын сәйкестендіру, олардың даму факторлары мен жағдайларын, оларды мақсатты түрде өзгерту мүмкіндіктерін, олардың өмір сүру және қызмет ету заңдарын ашумен байланысты. Бұл ұстаным бойынша педагогикалық құбылыстарды сипаттаудан түсіндіруге, түсіндіруден болжауға көшу белгіленеді. Талаптары: зерттелетін педагогикалық құбылыстың үздіксіз өзгерісте, дамуда болатынын есепке алу қажеттілігі, зерттелетін үрдіс нәтижесін анықтайтын негізгі факторларды белгілеу, зерттелетін пәннің қарама-қайшылығын, оның сандық және сапалық анықталуын ашу.
- логикалық және тарихи бірлік ұстанымы- объектінің тарихын (генетикалық жағы), теориясын (объектінің қазіргі жағдайдағы құрылымы, қызметі, байланыстары) және оның даму бағыттарын зерттеуді ұштастыру. Талаптары: сабақтастық, өткен өмірден жинақталған тәжірибені, дәстүрді, ғылыми жетістіктерді есепке алу.
- тұжырымдамалық ұстаным- зерттеуде белгілі бір тұжырымдамаға сүйену, оны дамыту және жақтау.
- жүйелілік ұстанымы- жалпы жүйенің ішіндегі жеке бөліктердің бір-бірімен байланысын анықтайды. Бұл ұстанымның мәні мына қағидаларда көрініс тапқан: қоршаған ортамен салыстырғанда жүйенің бітұтастығы, оны ортамен тұтастықта зерттеу (білім беруді әлеуметтік және экономикалық дамуды қарастыру) ; тұтастықты элементтерге ажырату; жүйенің барлық элементтері өзара күрделі байланыстарда және әрекеттесуде болады, оның ішінен жүйеқұраушы байланысты табу қажет және т. б. Талаптары: тұтастық.
- тұлғалық ұстаным -адамның даоалық ретінде және адамгершілік дамуы мен құрметке деген құқығын, тұлғаның ерекшелігін мойындауды талап етеді.
- іс-әрекеттік ұстаным- жеке адам дамуындағы негізгі құрал және шешуші жағдай: фактілер педагогикалық зерттеу және практикада тұлғаның іс-әрекеті нәтижесінде дамып отырады. Оның мағынасын А. Н. Леонтьев өз еңбектерінде былай деп жазды: „Адамға мәдениеттің жетістіктерін меңгерту үшін әрбір жаңа ұрпақ өз қызметтерін көрсетулері, ұсынулары тиіс. Сондықтан, әрбір тәрбиеленуші өз бетімен өмір сүруге даярлануда және әрқилы әрекеттерге даярлануда маңызды деген әлеуметтік, рухани қарым-қатынас жасай білуге үйренуі өте маңызды”.
- мәдениетке сәйкестік ұстаным- адамның мінез-құлқы, қызметі, шығармашылық қызметі өседі. Бала өмір сүреді, оқиды, белгілі бір ортада өседі. Мәдени ұстаным этнопедагогикалық ұстанымға ауысады.
- Этнопедагогикалық ұстанымда ұлттық, тарихи құндылықтарда оқыту әдістері білінеді. Соңғы кезде ұлттық педагогика негізінде оқыту-тәрбиелеу әдісі дамытылуда.
- Антропологиялық ұстаным -барлық ғылымдардың адамды тәрбие құралы ретінде пайдалану және педагогикалық үрдісте қолдану арқылы жүзеге асады
Таным объектісі - бұл таным үрдісіне қатысатын шынайы объектінің байланыстары, қарым-қатынастары, қасиеттері. Зерттеу объектісі - белгілі бір қасиеттер мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Олар таным әрекетін жаскушыдан тәуелсіз өмір сүреді, бірақ ол үшін нақты ізденіс орны болып табылады.
Педагогикадағы зерттеу объектісі - зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс. Мысалы, тәрбиелеуші қарым-қатынастардың субъектілерінің даму үрдісі, жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу үрдісі. Бастауыш мектепті немесе жастар клубын зерттеудің объектісі деп алуға болмайды, себебі бұлар зерттеудің нақты базасы, немесе тым кең сала, оның барлық элементтерін бір жұмыстың аясында зерттеу мүмкін емес болып табылады.
Зерттеу пәні
өзінің мазмұны бойынша нақтырақ: зерттеу пәнінде жұмыс барысында арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынас жинақталады. Бір объектіде бірнеше пәндер ажыратылуы мүмкін. Пәнге осы жұмыста зерттелетін элементтер, байланыстар мен қатынастар енеді. Сондықтан зерттеу пәнін анықтау дегеніміз зерттеудің шекараларын белгілеуді білдіреді.
Зерттеу пәні
- бұл ракурс, бір нәрсеге қараудың нақты жағы. Ол зерттелетін нәрсенің арнайы айқындалған жақтарын, байланыстарын көруге мүмкіндік береді. Яғни, зерттелетін нәрсенің бір аспектісі: мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік (технологиялық), тұлғалық-мотивациялық, ұйымдастырушылық. Мысалы, басқарудың тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі теориялық моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау (іс-әрекеттік (технологиялық) .
Мақсаттылық - бұл адам іс-әрекетінің өте маңызды сипаты, ол адамды жануарлардан ерекшелейтін және бағытсыз іс-әрекеттердің алдын-алатын қасиеті. Шынайы педагогикалық қызметке адам іс-әрекетінің мақсатты және мотивацияланған болуы шарт. Педагогикалық зерттеудегі мақсат - мақсат жасаушы іс-әрекеттің нәтижесі. Ол білім беру субъектілерінің (педагогтар мен оқушылардың) мақсатты іс-әрекетін жобалайды.
Зерттеудегі мақсат қою - бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншілктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау болып табылады. Осындай ойша өзгерту мақсат қою болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz