Тұлғааралық махаббат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумидев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАХАББАТ КОНЦЕПТІСІ

Орындаған: Нүкебай Гүлназ
Тобы: МШФ-11
Тексерген: Дуйсекова К.К.
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Концепт ұғымына анықтама 4
2. Махаббат концептісін ағылшын және қазақ тілдеріндегі шығармалар негізінде талдау 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Жұмыста қарастырылатын негізгі мәселе: махаббат концептісі. Ғылыми жұмыстың негізгі бағыты ағылшын және қазақ тілдеріндегі махаббат концептісі. Концепт дегеніміз не? Концептінің лингвистикадағы мағынасы. Махаббат концептісі және оның лингвокогнитивті сипаты және түрлері.
Тірек сөздер: махаббат концептісі, сүю, жақсы көру, объективті махаббат, тұлғааралық махаббат.
Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағдарлар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары белсенді сипат иеленіп отыр. Сондықтан лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы - когнитивтік лингвистика. Кез-келген халықтың көне замандардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары- сол халықтың ғұмыр жолының айнасы. Өткен замандардан жеткен мұралары - бүгінгі ұрпақ үшін тек тарихтың қарапайым куәгері ғана емес, сонымен бірге қазіргі сан тарау мәдениетіміздің бой көтерген берік тұғыры да.
Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мәнін белгілі ғалым Ж.А.Манкеева: Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып отыр, деп анықтайды (1,15). Осымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады. Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші (2,5).

Концепт ұғымына анықтама

Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика, когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалык зерттеулер тереңдей түсті.
Кең мағынада концепт - жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны, елестететіні.
В.А.Маслованың анықтауынша, концепт ұғымы эмоционалдық, экспрессивтік, бағалауыштық мәнімен айрықша танылады.
Концептіге осы көрсетілген түсіндірулерден өзге анықтамалар да бар. Концепт -- ментальдік және психикалық ресурстарды түсіндіретін және адамдардың білімі мен тәжірибесін бейнелейтін термин.
Концепт -- оперативті есте сақтау бірлігі, әлемнің адам психикасында көрініс табуы.
Концептілер -- сөз және экстралингвистикалық шындықтың арасындағы дәнекерлер.
Концептінің осыншама түрлі анықтамаларының болуы, оның келесі вариантты белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:
- сөз арқылы вербалданатын және өрістік құрылымы бар адамзат көзқарасындағы өз тәжірибесінің минималды бірлігі;
- білімді сақтаудың, өңдеудің, айтып жеткізудің негізгі бірліктері;
- концепт жылжымалы шегара мен нақты функцияларға ие;
- концепт әлеуметтік, оның ассоциативті өрісі оның прагматикасын көрсетеді;
- бұл мәдениеттің негізгі ұяшығы ( 3).
Сонымен, концепт - адамзаттың әлем бейнесі туралы жинақталған түсініктерін беретін тірек ұғымдар деп түсінуге болады.
Қазіргі таңда концепт ұғымына қатысты мәселелер қазақ тіл білімі ғылымында да кеңінен қарастырылып, зерттеу нысандарына айналуда. Бұл бағытта концептінің мән-мазмұны зерттеуші ғалымдар Ж.Манкеева, Н.Уәли, Г.Смағұлова, Г.Мұратова, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Қ.Жаманбаева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашова, Ж.Жампейісова, Ф.Қожахметова т.б. еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келеді.
Концепт терминінің теориялық негіздерін ғалымдар Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнов, Е.С.Курбяков, А.Н.Мороховский, Н.К.Репцев, В.В.Колесов, А.П.Бабушкин, В.А.Маслов, А.Л.Туревич, А.Вежбицкая, Ю.А.Степанов т.б. ғалымдардың ізденістерінде өзіндік қырларынан көрінген.Концепт адам санасындағы ұлттық бірліктерді, психикалық ресурстарды, адам білімі мен тәжірибесі арқылы жинақталған ақпараттық құрылымды, ментальдық лексиконның, концептуалдық жүйенің адамзат психикасында бейнеленген барлық әлем бейнесінің оперативті мазмұндық бірліктерін түсіндіреді.
Бүгінгі таңда лингвистика ғылымында концепт терминінің қарастырылуы
лингвистика мен философияның өзара бір-біріне деген әсерінің күшеюіне байланысты туындаған. Логикада "концепт" термині "ұғым, түсінік" терминдерімен тең. Ресей тіл білімінде "концепт" термині алғаш рет ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болды.
Концепт ұғымы адамзат іс- - әрекеті нәтижесінің мазмұны, тәжірибе мен білім мазмұнын бейнелейтін ұғымдар, әлемді тану процесі туралы танымдарға жауап береді. Концепт- латынша "conceptus" көптеген формалардың мазмұнын өзіне жинақтаушы және солардың бастауы дегенді білдіреді. Концепт терминінің мағына ауқымының кеңдігі соншалықты, зерттеуші тарапынан оған берілген анықтамалар әрқилы және сан алуан. Негізінен бәрінің ой - -пікірлері концепт деген ұғымға саяды [1,42].
Ал, концепт ұғымы дегеніміз - адам санасына тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, дүниетаным негізінде белгілі-бір ұрпақтан өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық [2,31].
Н.Д. Арутюнова мәдени концептілер туралы былай дейді: Каждое из этих слов обладает своими законами, сочетаемости, своим лексиконам, фразеологией, риторикой и шаблонами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя язык каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответствующему понятию.
В.В.Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени концепт ұғымымен байланыстыра келе былай деп жазады: Концепт - сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі әрі дамудың ең соңғы шегі. Мәдени таңба ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегі
алғашқы мағына - соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады. Концептілер ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де маңызды және олар тілде де көрініс тапқан, яғни белгілі - -бір концепт төңірегінде тілдік белгілер оның мән-мағынасын ашуда бірден - бір маңызды орын алады. Концептілерге талдау жасағанда, әр тілде мәдени-ерекше концептілер басым болады [3].
Белгілі зерттеуші ғалым Ш. Елемесова:" Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланылатын сөздермен байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі''-деп атайды [4,85].
Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларына талдау жасау арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісін, өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады.
Мәдени концептілер белгілі - -бір халықтың, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, дүниетанымын түсінудің кілті. Олар халықтың өзіндік мәдениетін өз ішінен ұғынуға көмектеседі. Мәдени концептілерді талдау арқылы ұлттық мәдениеттің даму қалпын, оның қазіргі өмірдегі жай күйін білеміз. Мәдени концепт ретінде танылатын тілдік бірліктің концепт құрудағы өзіндік лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атауларды білеміз. Солардың бірі ретінде Махаббат ұғымын қарастыруға болады.
Бұл жұмыста қазақ және ағылшын тілдеріндегі күрделі эмоцияларды білдіретін махаббат концептісі негізге алынды. "Махаббат" концептісінің негізгі логикалық моделі мынадай: сүю, жақсы көру, жан тәнімен шексіз сүю, махаббаты үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қатынастар
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Концептінің лингвистикадағы мағынасы
Отбасының типтері, отбасының түрлері
Ерлі - зайыпты жұптардың қатынасы психологиялық феномен ретінде
ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Махаббат концептіге қазіргі заманауи лингвистикалық экскурс
Қақтығыстарды шешу
Ата - аналар функциясы
Тұлғааралық кикілжің
Пәндер