Куәнің жауаптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қылмыстық процесс принципі: куәлік айғақтар беру міндетінен босату

Орындаған: Жумашева Сандуғаш
Тобы: СПД-23-1К
Қабылдаған: Марал Абзалбекова

Қарағанды 2023

Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -13
2.1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік кайнар көздерінің түрлері.
2.2. Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы.
2.3. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын фонограммалардың, фотосуреттердің, киноленталардың, диапозиттердің, видеожазбалардың, үлгілердің, жоспарлардың, схемалардың және басқада көріністердің дәлелдемелік маңызы.
2.4. 28-бап. Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІV. Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (сот, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады1 . Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен, олардың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып, айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлілігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстык, істің материалдарын заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу занды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда ол бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді. Содан соң сот қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес жүзеге асырылатын өкілетті органдардын, іс-әрекеттер жүйесі қылмыстық процесс, яғни қылмыстык іс жүргізу деп аталады. Қылмыстық іс жүргізу ұғымы жөнінде айтқанда бұл қызметті сот, прокуратура және алдын ала тергеу (анықтау) органдары атқарумен қатар жеке тұлғалардың (азаматтардың) да іс жүргізуге қатысатындықтарын ескеру қажет. Жеке тұлғалардын іске қатысуларына байланысты олардың құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс жүргізу кезінде аталған мемлекеттік органдар мен олардын лауазымды адамдарының өз араларында және, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың араларында да құқықтық қатынастардың болатындығын білдіреді.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік кайнар көздерінің түрлері.
Дәлелдеу процесі -- іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарында тіркелген нақты мәліметтерді жинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің қызметі түрінде көрінеді. М.С.Строговичтің пікірі бойынша: дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі -- бұл шартты түрде дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту, дәледдемелерді тексеру, Дәлелдемелерді бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалык қызметтің органикалық бірлігі. Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК 62-67- баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі: -- іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдарға; -- өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушыларға; -- қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға. Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденген немесе дәлелденбеген деп тануға іс бойынша тергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысын шығаруға сол бойынша соңғы шешім қабылдауға кұқылы. Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу, беттестіру тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптама жүргізу арқылы және занда көзделген басқа тергеу мен сот әрекеттері бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәлелдеу процесінің элементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелдемелерді бекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәледемелерді бағалау (128- бап). Дәлелдеу процесінде заңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақтты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағаланады: а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасының орны бар екені туралы мәліметтер; б) қоғамға қауіпті іс-әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамның бар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар; в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәледдемелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар. Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруға негіз болып табылатын нақты мәліметтер жиынтығына өзінің табиғаты мен тәсілі бойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен оны кұрайтын элементтер сипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызықтыратындай мәліметтер енеді
Дәлелдемелерді жинау. ҚІЖК-нің 125-бабында дәлелдемелерді жинаудың амалдары және кімдер оны жүзеге асыра алатындығы көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып дәлелдемелерді жинаудың мынадай амалдары мен жолдары болатындығын айта аламыз:
1.Дәлелдемелерді жинаудың басты амалы тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу болып табылады. Тергеуші және анықтаушы қылмысты ашу үшін заңмен көзделген тергеу әрекеттерін қолдана отырып, сол арқылы дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер негізінен сотқа дейінгі өндіріс кезінде жиналады. Ал, сот алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған істің материалдары мен дәлелдемелердің негізінде үкім шығарады. Дегенмен, сотта істі қарау кезінде де дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Мәселен, тараптардың жаңа куәларды шақыру немесе заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдыру туралы өтініштеріне байланысты сотта қосымша дәлелдемелер жинау мүмкін болады. 2.Тергеу әрекеттерінен басқа да процессуальдық амалдарды қолдану. Ол амалдарға қылмыстық іс жүргізу органдарының ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардан, сондай-ақ азаматтардан іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды табыс етуді талап етуі жатады.
3.Қорғаушының өз өкілеттігінің шеңберінде қылмыстық іске маңызы бар мәліметтерді жинауы және дәлелдемелер тапсыруы. Бұл жөнінде ҚІЖК 125- бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: қорғаушы заң көмегін көрсету үшін қажетті дәлелдемелер тапсыруға және мәліметтер жинауға, адамдардың өз келісімдерімен білетіндерін сұрауға, ұйымдардан анықтамалар, мінездемелер және өзге құжаттарды сұратып алуға, қорғауындағы адамның келісімімен арнаулы білімі бір адамның пікірін сұратуға құқылы.
4.Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сондайақ кез келген азаматтар мен ұйымдардың дәлелдеме ретінде маңызы бар мәліметтерді (ауызша да, жазбаша да), заттарды және құжаттарды қылмыстық іс жүргізу органына өз еріктерімен тапсырулары. ҚІЖК 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, дәлелдемелерді жинау оларды табу, бекіту және алуды қамтиды. Дегенмен, біздің пікірімізше, жинау деген сөздің өзі дәлелдемелердің алынатындығын білдіреді. Дәлелдемелерді табу бұрын айтылған тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыстың іздері және басқа да заттай дәлелдемелер табылады. Куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу арқылы қылмыстық істін мән-жайларын көрсететін фактілі деректер анықталады. Дәлелдемелердi зерттеу Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды. Дәлелдемелердi бекiту Iс жүзiндегi деректер олар iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi.
Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iсәрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiштер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнiң қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.
Дәлелдемелерді бекіту мәселесіне ҚІЖК-нің 126-бабы арналған. Дәлелдемелерді бекітудің басты амалы хаттама жазу болып табылады. Яғни, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін жүргізу арқылы жиналған дәлелдемелер сол кезде жазылатын хаттамада көрсетіліп рәсімделеді. Мәселен, куәдан жауап алғанда тергеуші хаттама жазып, оны жауап берген адам және тергеушінің өзі қол қойып растайды. Соттың іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында жазылып көрсетіледі. Ал, қорғаушы немесе басқа іске қатысушылар не өзге азаматтар мен ұйымдар тапсырған құжаттар мен заттарды дәлелдеме ретінде қолданудың шарты оларды іске тіркеу (қосу) туралы қылмыстық іс жүргізу органының қаулы шығаруы болып табылады. Қорғаушының немесе басқа адамдардың, ұйымның қылмыстық іс жүргізу органына берген мәліметтері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы рәсімделген жағдайда ғана оларды дәлелдеме ретінде қолдану мүмкін болады.

2.2. Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы.
Куәнің жауабы деп алдын ала тергеу (анықтау) жүргізу кезінде немесе сот отырысында қылмыстық істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы бұл адам хабарлаған және хаттамаға түсірілген мәліметтерді айтамыз. ҚІЖК 119-бабының 6-бөлігіне көрсетілгендей, куәдан іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа да куәлармен өзара қатысы туралы жауап алынуы мүмкін. Куә жауабының пәнін негізінен қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлар құрайды. Сонымен қатар, куәдан өзінің айыпталушымен, жәбірленушімен және басқа да куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алудың олардың жауаптарын бағалап қолдану үшін маңызы бар. Куәдан жауап алатын тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, судья кімдерден куә ретінде жауап алуға жатпайтындығын ескеруге тиіс (судьядан -- қылмыстық істі жүргізуге қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы, қорғаушыдан -- өз қызметін атқаруына байланысты осы қылмыстық іс бойын-ша өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы және т.б.). Сонымен қатар, жауап алудың басында куәға өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының қылмысқа қатыстылығы туралы жауап беруден бас тартуға құқылы екендігі ескертіледі. Бұдан басқа жағдайларда куә жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартуға жатады. Куәнің жауабы дәлелдемелердің жиі қолданылатын түрі болып табылады. Яғни, әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу (анықтау) жүргізу кезінде және басты сот талқылауында куәлардан жауап алу және олардың жауабын дәлелдеме ретінде қолдану қажет болады.
Куә жауабының негізін тікелей оның өзі көрген не естіген жағдайлар немесе басқа адамнан естіген немесе құжаттардан білген мәліметтер мен фактілер құрайды. Егер куә істің мән-жайлары жөнінде басқа адамнан хабардар болса, онда ол адам туралы мәліметтерді хабарлауы тиіс. Өйткені, мұндай жағдайда куәнің жауабы туынды дәлелдемеге жататын болғандықтан, оған сүйене отырып алғашқы дәлелдеменің өзін табу қажет. Егер куә өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлімет дәлелдеме бола алмайды (ҚІЖК 119- бабынын, 6-бөлігі). Куә жауабын тексеріп бағалағанда қылмыстык іс жүргізу органы куәнің жеке басын сипаттайтын деректерді және оның іске мүдделі болуы мүмкіндігін ескеруі керек.
Мәселен, куәнің айыпталушымен немесе жәбірленушімен туысқандық не достық қарым-қатынастарда болуы, немесе жұмыс орны жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері
Жауап алу процессі
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Қылмыстық іс жүргізу
Азаматтық істер бойынша жазбаша дәлелдемелер
Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Жауап алу жəне беттестіру
Пәндер