Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1.
ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

5
1.1
Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі

5
1.2
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны
7
1.3
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
9
2.
ҚАЗАҚСТАНДА ДИДАКТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

13
2.1
Қазақстанда дидактиканың қалыптасу тарихы
13
2.2
Дидактиканың дамуына үлес қосқан шетелдік және қазақстандық педагогтардың зерттеу жұмыстарының жетістіктері

19

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
24

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр didaktikos - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Білім беру деп -- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті -- білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары пен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойылған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Ж. Баласағұн, А. Игүнеки, С. Бақырғани т.б. дидактикалық дастандарда бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Дидактиканың зерттейтін пәні - ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың міндеті: нені оқыту және қалай оқыту керек (Я.А. Каменский бойынша) - деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:
oo оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;
oo оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;
oo оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;
oo оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика туралы жалпы түсінік бере отырып, оның Қазақстандағы пайда болуы мен дамуын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізін зерттеу.
Қазақстандағы дидактиканын даму тарихын зерттеу.

1. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі

Дидактика (гр.didaktikos - үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні - адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика - теориялық және сонымен қатар нормативті - қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми - теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті - технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика - бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
2. Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру (преподавание) - оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру - оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
3. Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің қандайда бір болымын болжайды.
Дидактиканың заңдарының бір бөлігі динамикалыққа жатады. Онда объектінің бастапқы жағдайы оның әрі қарай өзгеруін бірмәнді анықтайды. Дидактикалық заңдылықтардың ерекшелігін сабақ беру, оқу және білім беру мазмұнының арасындағы тәуелділік сипаттайды. Дидактикалық заңдылықтар жекелеген оқу пәндерінің мазмұнына тәуелсіз. Негізгі дидактикалық заңдылықтар: оқытудың әлеуметтік сұранысқа және қоғамдық жағдайға тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-қалыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты, оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі т.б.
Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әр түрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі), жүйелілік (сабақ берудің, оқудың және білім мазмұнының бірлігі), эволюциялық (оқушылардың жасына және даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің құрымының өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.

1.2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны

Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады.
Дидактикалық принциптер - оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Дидактиканың даму тарихы
Дидактиканың даму тарихы
Я.А.Коменский
Я.А.Коменский
И.Г.Песталоций
И.Г.Песталоций
Ж.Ж.Руссо
Ж.Ж.Руссо
К.Д.Ушинский
К.Д.Ушинский
Н.К.Крупская
Н.К.Крупская
А.С.Макаренко
А.С.Макаренко
М.Жұмабаев
М.Жұмабаев
Ж.Аймауытов

Ж.Аймауытов

А.Байтұрсынов
А.Байтұрсынов
Ы.Алтынсарин
Ы.Алтынсарин
В.А.Сухомлинский
В.А.Сухомлинский



Сурет 1. Дидактиканың даму тарихына үлесін қосқан ғалымдар

Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы оқытудың табиғатқа сәйкестігі деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы өз әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне әсері болып бөлінеді.
2. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:
1. Оқытудың мақсаты тәуелді:
а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына;
б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне;
в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.
2. Оқытудың мазмұны тәуелді:
а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына;
б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына;
в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне;
г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне;
д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.
3. Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді:
а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге;
в) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және көлеміне;
в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне;
г) оқушылардың оқығандығына;
д) оқыту уақытына.
4. Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді:
а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына;
б) оқыту мақсатына;
в) оқытудың мазмұнына;
г) оқушылардың жасына;
д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне;
е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне,
ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
5. Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тәуелді:
а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына;
б) түзетуші әсердің дұрыстығына.
6. Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады:
а) оқытудың мотивтері
б) сыртқы қоғамдық, экономикалық, педагогикалық стимулдардың.

1.3 Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары

1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген көлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу өнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың жасату жолы тыңдау жолынан 6-7 есе өнімді.
2. Танымдық гносеологиялық заңдылықтар. Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің көлеміне, білімдерді, іскерлікті практикалық қолдану көлеміне тікелей пропорционалды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы өзара байланысты білімдердің, іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру көлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.
3. Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың өнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.
4. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және көлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.
5. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың өнімділігі танымдық контактінің көлеміне және қарқындылығына, интеллектуалдық ортаның деңгейіне, өз-өздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.
6. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: төрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады. Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының кестесіне де тәуелді болады.
4. Оқытудың принциптері ұстанымдары мен ережелері:
Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар өз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.

Сурет 2. Оқытудың принциптері

Көрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым көпшілігінде көру органдары ең үлкен сезімділікке ие, көру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез және берік орын алады.
Жүйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту - оқыту процесінің екі өзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.

Сурет 3. Дидактиканың оқыту теориясы

Шамаға лайықтылық принципі оқытудың көп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады: жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, оңайдан күрделіге.
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.
Оқыту принципінің талаптары ережелер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ереже - бұл нақты жағдайда белгілі бір мақсатты орындаудағы педагогикалық іс-әрекетті суреттеу. Көбінесе оқытудың ережесі деп қандай да бір принципті қолданудың жекелеген жақтарын ашатын басшылықтық жағдайларды түсінеді.
2. ҚАЗАҚСТАНДА ДИДАКТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1 Қазақстанда дидактиканың қалыптасу тарихы

Қазақстанда дидактиканың туындап қалыптасуымен байланысты мәселелер республикада болып өткен тарихи жағдайларды зерттеу және талдау жұмыстары нәтижесінде қол жеткізуге болады.
ХХ ғасырдағы Қазақстанда болып өткен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар дидактикамен байланысты мәселелердің зерттелуіне, оның қалыптасуы барысында тұйыққа тіреліп тоқырауға ұшырауына және кейінгі уақыттарда әрі қарай үдемелі дамуына күрделі ықпал жасаған қозғаушы күш болды. Негізінен бар мәселе Ресейдегі Қазан төкерісінің нәтижесінде саяси платформаның өзгерілуімен тығыз байланысты болғандығы белгілі. Атап айтар болсақ олар:
Қазан төңкерісінен кейінгі 1919-1921, 1931-1933 жылдар аралығындағы Қазақстандағы азамат соғысы;
- мал басының жойылуы;
- ауыл шаруашылығының тұйыққа тірелуі;
- жұт;
- аштық;
- өмір сүру жағдайының ауырлауы;
- одан кейінгі жылдардағы қазақ зиялы қауымының қуғын-сүргінге ұшырауы және бұдан да басқа жағдайлардың көптеген адам шығынына әкеліп соқтырды. Осы және басқада сол уақыттағы Қазақстанда болып өткен тарихи оқиғалар туралы объективті мәліметтер академик М.Қозыбаев, тарихшылар М.Қойгельдиев, Т. Омарбеков, К Нұрпейісов, К. Әбеуов, жазушылар Ә.Әлімжанов, В. Михайлов, филолог М.Мырзахметовтың т. б. ғалымдардың көптеген зерттеулерінде толығынан баяндалады. Сондықтан біздер аталған тарихи жағдайлардың республикадағы дидактиканың дамуына тигізген жағымды және жағымсыз жақтарына ғана тоқталуды жөн көрдік. Осы жағдайлардың барлығы әрине Қазақстанда халыққа білім беру ісінің, педагогика ғылымының, оның ішінде дидактиканың дамуына кері әсерін тигізгеніне сөз жоқ. Бірақ, сонымен бірге жаңа өкімет орнап күш ала бастаған соң сол қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыру міндетін шешу мақсатында
Қазақстанда оқу-ағартудың қалыптасуына байланысты жүргізілген іс- шаралар өз дәрежесінде республикада заманға лайықты дидактиканың қалыптасып дамуына жағымды ықпалын тигізгеніде мәлім.
Қазақстанда дидактика мәселесінің қалыптасуы мен дамуына еліміздің басынан өткізген түрлі тарихи жағдайлардың елеулі әсер еткенін көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының негізгі мақсаты білім берудің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сай сапалы азаматтар дайындау.
Сапалы азамат дайындау яғни оқушы жастардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, дербес даралығын, белсенділігін арттырып, қоғамда пайдалы іс-әрекетпен шұғылданатын саналы азамат дайындау деп атайды.
Тарихи құжаттар мен әдебиеттерге, оқу-құралдарға т.б. көптеген өзіндік із қалдырған ғылыми еңбектерге сүйену, қазіргі таңда оқу-тәрбие үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруда педагогикалық іс-әрекетті шығармашылықпен құруға мүмкіндік туғызады.
Аталған тарихи құжаттар мен ғылыми еңбектерге сүйенсек Кеңес өкіметі Қазақстанның оқу-ағарту мәселесінің қалыптасуына зор ықпал еткен. 1917 жылғы қазан төңкерілісінен кейін орыс және ана тілдеріндегі мектептер көптеп ашылып, сауатсыздықты жою мақсатында көптеген жұмыстар атқарыла бастады. Бұл жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен болуына байланысты азық-түлік пен күн көріске қажетті деген заттар тапшы болды. Оқу-құралдарының тапшылығы, мектепте сабақтың дұрыс ұйымдаспауы және мұғалім кадрларының жетіспеуі, ұстаз шеберлігінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер орын алды. Осындай елдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар оқу-ағарту ісінің қажетті деңгейінде дамуына өзінің кері әсерін тигізді. Кеңес өкіметі кедейлер мен қызыл әскерлердің балаларын толығымен қамтамасыз етуге тырысты, әйтседе жаңа өкімет ашылған барлық мектептерді оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері келмеді. Революцияға дейінгі оқулықтар жарамсыз деп саналды. Оқулықтар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту теориясы
Дидактика жөнінде түсінік
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Қысым жасамай оқыту
Биологияны оқыту процесінде дидактикалық принциптер мен ережелерді қолдану
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
ШЕТ ТІЛ ЕКІ ШЕТ ТІЛІ
Пәндер