Аурухана ішілік инфекция



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
З.Г. Мурзагулова атындағы Даналық Жоғары медициналық колледжі

Мамандығы 09130100 Мейіргер ісі
Біліктілігі 5АВ09130101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Аурухана ішілік инфекция.

Орындаған: Ақылбекова Ғалия Балхашқызы __________
А.Ж.Т. қолы

Жетекші: Бейсенова Светлана Сайлауовна __________
А.Ж.Т. қолы

Бағасы: _______

Астана
2023

Мазмұны

Кі‎рі‎спе
3
1.
Негізгі бөлім
5
1.1
Аурухана ішілік инфекциялардың жалпы сипаттамасы және олардың Қазақстандағы ағымдағы жағдайы

5
1.2
Аурухана ішілік инфекциялардың таралу себептері
7
1.3
Аурухана ішілік инфекция қоздырғыштары
10
2.
Практикалық бөлім
12
2.1
Ауруханаішілік инфекцияны бақылау және оларды алдын алу
12
2.2
Ауруханаішілік инфекцияны алдын алу мақсатында сауалнама жүргізу және олардың нәтижелері

17
2.3
Ауруханаішілік инфекцияны алдын алу шаралары
23
Қорытынды
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

Кіріспе

Мәселе: Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, аурухана ішілік инфекциялар мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ) сарапшыларының қорытындысы бойынша, ешбір елде медициналық ұйымдардың ешбір түрі МКБИ пайда болу тәуекелінен азат бола алмайды. ДДҰ деректеріне сәйкес, дамыған елдерде МКБИ пайда болу жиілігі 7,6%-ті құрайды. Дамушы елдердегі жағдайды деректердің жоқтығы немесе қолда бар деректердің анық еместігі себепті бағалау қиынырақ, алайда мониторинг тетіктері бар елдерде МКБИ пайда болу жиілігі шамамен 15%-ті (емдеуге жатқызылған 100 пациентке шаққанда 15 жағдай) құрайды
Тақырыптың өзектілігі: Соңғы жылдары ауруханаішілік инфекциялар мәселесі әлемнің барлық елдері үшін айрықша маңызға ие болды. Осыған байланысты біздің еліміз де ерекше орында тұр. Емдеу мекемелерінің қарқынды өсуі, медициналық (терапиялық, диагностикалық) жабдықтардың жаңа түрлерін жасау, иммуносупрессивті қасиеттері бар жаңа препараттарды қолдану, ағзалар мен тіндерді ауыстырып салу кезінде иммунитетті жасанды басу - осы, сондай-ақ басқа да көптеген факторлар науқастар мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында инфекциялардың таралу қаупін күшейтеді.
Диагностика әдістерін жетілдіру бізге белгілі болып көрінетін инфекциялар эпидемиологиясының бұрын зерттелмеген деректерін (мысалы, В вирустық гепатиті) тануға және Аурухана ішілік инфекциялар санатына жататын инфекциялардың (С, D, F вирустық гепатиттері, АИТВ-инфекциясы және т.б.) жаңа нозологиялық нысандарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мақсаттары: Аурухана ішілік инфекциялар тақырыбын теориялық зерттеу және оны зерттеудегі мейіргердің ролін қарастыру.
Міндеттері:
1. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу және оларға шолу жасау.
2. Ауруханаішілік инфекция тақырыбын және алдын алудағы мейіргердің рөлін анықтауда зерттеулерді анализдеу.
Зерттеудің объектісі: Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ №1Көп бейінді аурухана МКК.
Зерттеу пәні: Аурухана ішілік инфекция.
Зерттеу әдісі: Әдебиеттерді теориялық талдау. Ауруханада мейіргерлер арасында анкета жүргізу және оларды қорытындылау.
Курстық жұмыстың теориялық және қолданбалы (практикалық) маңыздылығы: Егер аурухана ішілік инфекциялар туралы мейіргерлерге ақпараттандыру жүргізілсе, ауруханада инфекциялармен зақымдану аз болар еді.

1. Негізгі бөлім
1.1 Аурухана ішілік инфекциялардың жалпы сипаттамасы және олардың Қазақстандағы ағымдағы жағдайы

Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) - бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру.
Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: Аурухана ішілік инфекция - бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру.
АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады.
Қазақстан Республикасында жүргізілген Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды бақылау мен алдын алу жүйесіне (бұдан әрі - ИААИБ жүйесі) талдау қазір қолданылып жүрген жүйенің фрагменттелгендігін, заманауи талаптарға сай емес болып келеді.
ДДҰ ұсынған ИААИБ жүйесінің алты компоненті Қазақстанда нысаналы жағдайдың тек 17,9%-іне ғана сай келіп, тек ең базалық түрінде ғана кездеседі. Сонымен қатар, бағыттардың (блоктардың) бір де біреуі бойынша ДДҰ ұсынымдарына тіпті 25%-ке сәйкес келмейді.

Сурет 1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияларды бақылау мен алдын алу жүйесінің алты компоненті

Бар деп белгіленген элементтердің бір бөлігі іс жүзінде тек ішінара ғана немесе ресми түрде ғана орындалады. ИААИБ жүйесі үшін ең маңызды проблемалар мен ұлттық деңгейдегі проблемалар мыналар болып табылады:
- МКБИ жағдайлары мен тәуекел факторлары бойынша деректер жинау мен талдаудың пәрменді құралдарына негізделген эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесінің болмауы;
- Көптеген мүдделі тараптар үшін ИААИБ іс-шаралары бойынша практикалық нұсқаулықтар мен алгоритмдердің болмауы;
- Іс жүзінде мүдделі тараптардың барлығына арналған МКБИ және ИААИБ проблематикасы бойынша, сондай-ақ білімнің аралас салалары бойынша қазіргі заманғы түсініктер мен дәлелді тәжірибеге сәйкес келетін тереңдетілген білім алу мүмкіндігінің болмауы;
- ИААИБ шектерінде жүзеге асырылатын іс-шараларды мониторингілеу жүйесінің болмауы. Қолданыстағы инфекциялық бақылау жүйесінде мониторинг пен эпидемиологиялық қадағалаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру үшін қажетті тетіктер мен білімдер жоқ.

1.2 Аурухана ішілік инфекциялардың таралу себептері

Аурухана ішілік инфекциялардың өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б.
Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады.

Сурет 2. Аурухана ішілік инфекциялардың ішінде кең таралғандар

Келесі және аса маңызды себебі болып табылатыны - көпшілік антибиотиктердің және дезинфекциялық заттардың әсеріне төзімді, вируленттілігі және патогенділігі жоғарылаған, қоршаған ортада тұрақты, микроағзалардың жеңіл жойылмайтын ассоциациясының аурухана ішінде қалыптасуы мен таралуы.
Мұндай селекция, қолдануы жеткіліксіз негізделген немесе жеткіліксіз дозада және аз уақыт антибиотиктерді, әсіресе, әсер ету спектрі кең антибиотиктерді кеңінен қолданудың, дезинфекциялайтын химиялық заттардың концентрациясын, қолдану режимін, сақтау жағдайы мен мерзімін сақтамаудың, бактерицидтік шам сәулесімен зарарсыздандырудың дозасы мен уақытын сақтамаудың нәтижесі болып табылады. Егер антибиотиктік кезеңнің басында көп ауруларды, оның ішінде АІИ-ды да, емдеуге антибиотиктерді қолдану орасан зор төңкеріс жасаса, қазіргі кезде микробтардың антибиотиктерге төзімді штаммдарының пайда болуына, жаңа антибиотиктерді синтездеп үлгермейді.
Сондай-ақ, практикаға инвазивті күрделі емдеу және диагностикалық әдістерді: бронхоскопияны, гастрофиброскопияны, цистоскопияны, колоноскопияны, амниоцентезді, гемодиализді, тамырларға түтік сүңгі (катетер) салу, жасанды қан айналымын және басқаларды енгізу де, АІИ өсуіне себеп болды. Бұл әдістердің көпшілігі, медицина практикасында жиі қолданылады. Бірақ, бұл әдістерде қолданылатын аспаптарды зарарсыздандыру үшін басқа әдістер қажет, мысалы, хирургиялық саймандарды зарарсыздандыру әдістеріндей емес, себебі, бұл аспаптардың құрамына өте байқап ұстауды қажет ететін, құрам бөліктер кіреді. Мұндай аспаптарды деконтаминациялау жөнінде анық айтылған нұсқаулар әзірше жоқ.
Соңғы жылдарға тән, дәрілік препараттарды парентералдық жолмен енгізу, қан және оның құрам бөліктерін құю, қуыстарға пункция жасау, сүңгімен тексеру сияқты, медициналық әрекеттер де, ауру адамдарға да, медицина қызметкеріне де, аурухана ішілік инфекция жұғуы себептерінің бірі болып табылады.
Медицина қызметкерінің аурухана ішіндегі тәртіпті және жеке басының гигиенасын сақтамауы сыңайлы АІИ дамуының себебін де, ерекше айтып көрсеткен жөн.

Сурет 3. Аурухана ішілік инфекциялардың таралу себептерінің бірі

АІИ көздері, жиі жұқпалы аурулардың жедел, жасырын немесе созылмалы түрлерімен ауыратын немесе денесінің әр түрлі жерінде іріңді жаралары, іріңді-қабыну үрдістері бар аурулар, медицина қызметкері, ас блогының қызметкері, ауруға келіп-кететіндер, сондай-ақ, студенттер, интернатурадағы дәрігерлер және басқа да емдеу-алдын алу мекемелерінде болатын адамдар.
Дені сау және аурудан жаңадан сауыққан бактерия тасымалдаушы адамдар да, қоздырғыштардың көзі болып табылады. Ең қауіптілері - медицина қызметкері және ауруханада ұзақ уақыт жатқан аурулар, себебі, олар микробтардың тұрақты госпиталдық штаммдарын тасымалдаушыларға айналады. Медицина қызметкерлерінің ішінде, бәрінен де жиі АІИ көздері, аурулармен ұзақ уақыт байланыста болатын, мейіргерлер мен санитаркалар. Медицина қызметкерінің арасында 15%-дан 80% дейін вирулентті инфекция тасымалдаушылар болу мүмкіндігі көрсетілген.

1.3 Аурухана ішілік инфекция қоздырғыштары

АІИ қоздырғыштары әр түрлі жолдарымен беріледі: жанаспалы-тұрмыстық, ауа-тамшылы, алиментарлық, нәжіспен ластанған заттармен ауыз арқылы. Соңғы жылдарда әр түрлі инвазивті медициналық әрекеттер кезінде, артифициальді жолмен берілуі жиірек кездеседі.
Қоздырғыштар берілетін факторлар, өте көп түрлі нысандар болуы мүмкін. Олар, ауру адамдар мен медицина қызметкерінің қолы, шаштары, киімдері, аяқ киімдері, қоздырғыштар жұққан құрал-саймандар, медициналық аспаптар, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ауруларға күтім көрсетуде қолданылатын заттар, құйылатын қан және қан алмастырушы заттар, парентералды жолмен енгізуге арналған ерітінділер, тігетін және таңатын материалдар, стерильді емес және концентрациясы жеткіліксіз дезинфекциялаушы заттар, түтік сүңгілер, науқастардың биосубстраттары (қан, нәжіс, зәр, қақырық, шырышты қабықшалардың бөлінділері), тағам, су, т.б.
АІИ қоздырғыштары- патогенді және шартты-патогенді микроағзалар. АІИ ең жиі тудыратын патогенді микрофлораға гепатит В, С, ЖИТС, грипп, аденовирус инфекциялары, полиомиелит қоздыратын вирустар, Коксаки, ЕСНО вирустары және басқа да, бұрыннан белгілі, бактериялық инфекция қоздырғыштары жатады. Бірақ, АІИ дамуында негізгі рольді шартты-патогенді микроағзалар атқарады. Оларға жататындар стафилококктар (St. aureus, St.epidermidis, St. saprophyticus), стрептококктар (Str. pyogenes, Str. viridans, Str. pneumoniae), протей (Pr. vulgaris, Pr. mirabilis), эшерихалар (E. coli), сальмонеллалар, Pseudomonas, клебсиеллалар, бактероидтер, энтерококктар, клостридийлер, көк-іріңді таяқша, Candida, Aspergillus текті саңырауқұлақтар, пневмоцисталар, т.б.
АІИ этиологиялық құрылымында үнемі белгілі бір өзгерістер болып тұратынын айта кету керек. Мысалы, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында стрептококк инфекциялары, газды гангрена, сіреспе, көкжөтел, қызылша, дифтерия, желшешек жиі кездесетін. 50-60 - жылдарда басым -стафилококк инфекциялары болды, оларды ең жиі қоздыратын St. aureus. болды. 20 ғасырдың екінші жартысы грамм терісмикроағзалар: протей, эшерихалар, көк-іріңді таяқша, және аурухана ортасында бұрын сирек кездесетін, легионеллалар, иерсинийлер сияқты, микроағзалар тудыратын АІИ-дің жиілігі едәуір өсуімен сипатталды.
Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі. Бұл, бұрыннан белгілі жұқпалы аурулар - қызамық, қызылша, вирустық гепатит, сальмонеллездер, тілме, желшешек және басқалар болуы мүмкін. АІИ басқа топтарына жалпы (сепсис) және жергілікті сипаттағы іріңді-септикалық (іріңді ісік, флегмона, отит, желін сау, қуықтың қабынуы, уретрит, пиелонефрит, пиодермия т.б.) аурулар жатады. АІИ құрылымында іріңді-септикалық инфекциялар бірінші орын алады, екінші орында - балалардың жедел ішек инфекциялары, үшінші орында - парентералды инфекциялар.
Аурухана ішілік инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болып табылады. АІИ хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бүйрекке, өкпеге және басқаларға өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В,С және Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады. АІИ қосылуының барлық жағдайларында да, аурулардың стационарда болу уақыты немесе амбулаторияда емдеу мерзімі едәуір ұзарады, мұндай ауруларды емдеуге кететін шығын және олардың өздерінің материалдық шығындары да көбейеді.

2. Практикалық бөлім
2.1 Ауруханаішілік инфекцияны бақылау және оларды алдын алу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) пациенттердің қауіпсіздігін арттыру жүйесін құру мен нығайтуды және медициналық көмектің сапасын жақсартуды Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің негізгі бағыттары деп таниды. Халыққа медициналық көмек көрсету сапасының маңызды критерийі медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейі болып табылады.
АІИ өсуін ескере отырып, мейіргерден: медперсоналдың, пациенттердің және айналасындағы адамдардың (туыстары, техникалық персонал, ЕПМ-ге келушілер) инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете білу, яғни санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтау бойынша білімі мен іскерлігі болуы талап етіледі.
Санитариялық-эпидемияға қарсы режим-бұл пациенттер арасында инфекциялық аурулардың пайда болуының, таралуының және оларды жоюдың алдын алуға және медициналық қызметкерлердің кәсіби залалдануының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешені.
Мейіргер өз жұмысында асептика, антисептика, дезинфекция ережелерін қатаң сақтауға міндетті
ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы. №111 бұйрығы бойынша Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.
Ем-шаралар (процедура)
Қолды тазалаудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)
3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану)
1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу
Мақсаты: қолдың мирофлорасын механикалық әдіспен тазарту. Донорлар мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сурет 4. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу (антисептик қолдану)

Көрсеткіштері:
- донорларды қабылдау алдында, кейін, қызметкерлердің тамақтану алдында, кейін;
- әжетханадан кейін,
- әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін, кейін.
Ескертпе: Инфекциялық аурулармен қатынаста болғанда барлық жоғарыда аталған жағдайларды қолдың гигиеналық түрі жуылуы қажет.
Жабдықталуы: шынтақ дозаторы бар сұйық сабын, бір реттік салфетка.
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.
Ем-шараға дайындық:
oo қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу;
oo шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
oo кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);
Ем-шараны орындау:
- кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 23 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, 30 сек, суреттегі қимылдармен қолды сабыннан тазартып жуу.
2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету
Көрсеткіштері: биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болғанда және микробтармен ластану мүмкіндігінен кейін; инвазивті ем шара кезінде;
Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату қорабы.
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауруханашылық инфекциялар, себептері мен алдын алу
Заманауи АІИ-ң эпидемиға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру қағидалары
Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес
Ауа тамшылы инфекция
Ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиясы
Госпитализациялау шарттары, инфекциялық стационардың тәртібі
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Асептика және Антисептика туралы
Пәндер