Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Астана қаласының білім басқармасы
Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі мекемесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың пәндік-циклдік комиссиясы

ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ
Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс

_____ тобының студенті орындады
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Мухиденова С.А
Жетекшісі: Шаяхметова Д.А.
Арнайы пән оқытушысы

Астана 2023 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1.
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
5
1.1
Педагогика мамандығы жайында алғашқы ұғымдар
5
1.2
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
8
1.3
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі
10
2.
ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
12
2.1
Педагогтың кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі мен шеберлігі

14
3.
ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ
17
3.1
Педагогтың жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар
22

ҚОРТЫНДЫ
28

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
30

КІРІСПЕ

Әр қоғамның білім беру саласының алдына қояр мақсаттары мен одан туындайтын міндеттері ешқашан да бір - біріне ұқсаған емес. Ұстаздар қауымы алдына мемлекетіміз жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндетін қойып отыр. Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты - заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау - білім саласының басты мақсаты.
Жаңа заманның кәсіби мұғалімінің қалыптасуында қызметкердің өз міндеттері мен жауапкершілігін сезіне білу мүмкіндігінің де ролі зор. Мұғалімнің қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы, ата - аналар мен қарапайым оқушы алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті мүлтіксіз орындауға деген, тек қана қоршаған орта алдындағы сыртқы бейнесімен ғана емес, пәк күйдегі ішкі сезімінің болуы арқылы - қазіргі замандағы қарапайым мұғалім мен патриот, яғни шығармашыл, кәсіби мұғалім арасындағы басты айырмашылығын көреміз. Осының нәтижесі мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білу мүмкіндігі, өткен мен жаңаның байланысы арқылы тиімді тәсілдердің өміршеңдігін көрсете білуі, қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, оқушы бойындағы қиындықтарға және сенімсіздіктерге қарсы тұра білуі мен кез - келген құбылысқа (табиғи, әлеуметтік) жеке көзқарасын білдіру дайындығынан көрініп отырады, яғни мұғалімнің жұмысқа деген ниеттілігі деген тағы бір қабілеті байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Педагогика мамандығы және оның ролін зерттеу.

1. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Педагогика мамандығы жайында алғашқы ұғымдар

Педагогика (гр. 'PIαῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынсын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізгі алады. Сондай-ақ педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын қағидалары мен әдістерін оқытудың дидактикалық теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. Баланың тұңғыш ұстазы - оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалім. Екінші сөзбен айтқанда ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер ойшыл тұлға.

Сурет 1. Педагогика мамандығының маңызы
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодальдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдемге өзгерді.
Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогиккалық бағыт гуманизм деп аталды.(Ф.Рабие, Т.Мор, Т.Кампанелла).
Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогі Ян Коменскийдің (1592-1670) Ұлы дидактика еңбегімен беки түсті. Батыс Еуропада ағылшын философы Джонн Локк (1632-1704) Тәрбие туралы ойлар деген еңбегінде тәрбиенің психолгиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы таза тақтаға теңеді.
Францияда Жан-жак Руссо (1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге өңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы еркін тәрбие идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог демократы И.Пестолоций Лингард и Гертруда деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.
Н.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.Крупскаяның айрықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Көрнекті кеңес педагогі Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің ба тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу тәрбие процесін ұйымдастырды.

1.2 Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы

Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие-леу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

1.3. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі

Жалпы осы қазақ жерінде алғашқы қазақ мектептері ашыла бастағаннан бастап педагог және мұғалім сөздері жеке тұлға, қоғамда өзіндік алатын орны бар мамандық ретінде қарастырыла бастады. Алғашқы қазақ мектептерінде жұмыс жасау барыснда көптеген қазақ ағартушылары педагогикалық мамандықтың, мұғалімдік мамандықтың басты ерекшеліктерін сипаттай алды десекте болады. Қазіргі күндеде педагог жандардың бойынан біршама ізгі қасиеттерді байқап, педагогикалық мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтуге болады. мұғалім мамандығы -- ол биік те жауапты мұрат, оның мақсаты -- тұлғаны қалыптастыру жəне оның өздігінен анықталуына, адамның бойында адамның бекуіне дем беру. Білім жүйесіндегі барлық реформалар мен жаңғыртулардың басты тұлғасы мұғалім болып табылады, өйткені үнемі өзгеріп отыратын əлеуметтік-мəдени жағдайларда жолды еркін таба білетін шығармашыл, əлеуметтік тұрғыдан белсенді, білім беру процесінде жауапкершілікпен жəне кəсіпқой əрекет ететін тұлғасыз пəрменді педагогикалық жүйелер құру мүмкін емес.
Педагогикалық мамандықтың басқалардың қатарынан ерекшеленіп тұруы, ең алдымен, осы мамандық өкілдерінің ойлау образы, олардың өз міндеттері мен жауапкершілігін өте жоғары сезінуі. Оның ең басты айырмашылығы, ол өзгертуші де, басқарушы мамандықтардың қатарына бірдей жатады. Өз қызметінде тұлғаны қалыптастыру мен өзгерту мақсатын қоя отырып, педагог сол тұлғаның интеллектуалдық, эмоционалдық жəне физикалық даму процесін, оның рухани əлемінің қалыптасуын басқаруды мұрат етеді. Педагогикалық мамандықтың негізгі мағынасы -- адамдармен қарым-қатынас. Педагогтың басты міндеті -- қоғамдық мақсаттарды түсіну жəне өз оқушыларын соларға қол жеткізуге бағыттау.
Сурет 2. Педагог қызметкердiң құқықтары:

Мұғалім мамандығын басқалармен салыстырғандағы ерекшелігі оның қызметінің нысаны ерекше серпінділігімен, күрделілігімен жəне көпқырлылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл мамандық мұғалімнен арнайы білімді де, қандай да бір салалардағы білімдерді де талап етеді. Ал басшы ретінде ол оқушылардың қызметін жақсы түсінетін жəне білетін болуы керек, өйткені ол сол оқушыларды дамыту процесін басқарып отыр.
Осылайша, педагогикалық мамандық қос бірдей дайындықты талап етеді: адамтанушылық жəне арнайы.

2. ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ

Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.
Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық- педагогикалық көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нышар- тума іске жарамдылық белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі.
Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді.
Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді.
Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы.
Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады.
Мұғалімнің мамандық- көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы процесін басқарады. Бұл олардың педагогика ғылымының методологиялық негізі мен категориялары, оқушы дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты мен міндеті, әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің құралдары мен теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және баланың жас кезендеріне сай дара- психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, дайындықты талап етеді.
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

2.1 Педагогтың кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі мен шеберлігі

Мұғалімнің кәсіптік этикасы әрбір оқушының ар- намысын қорғау, оны құрметтеу, ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді. Мұғалім оқушының артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың мүмкіндіктері мен қызығуын білуі керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік этикасын ғана емес педагогтік қабілетін, методистік шеберлігін де көрсетеді.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда оқушылар мұғалімнің әділеттілігі мен шыншылдығына, білім мен ұйымдастырушылығана, ұстамдылығы мен сыпайылғына және қарым- қатынас жасауына айрықша мән беретінің көрсетеді. Егер мұғалім әділетсіздік жасаса, онда оқушылар оның сөзіне, әрекетіне, тіпті сенбестікпен қарайтын болады. Оқушыны ретсіз кінәлау, кемшіліктері мен сәтсіздіктерін орынсыз еске алу да мұғалімнің қасиетін дәріптемейді. Сондықтан кәсіптік этика әр уақытта мұғалім өз әрекетінің барлық жақтарына мән беріп, оқушының көңіліне, ақау салмайтындай, оларға сенетіндей болуын талап етеді.
Мұғалімнің оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасауында педагогтік әдептілік жетекші орын алады. Ол- мұғалімнің жоғары шындық, қайырымдылық, ұстамдылық, сабырлылық, әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым- қатынас жасай алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі. Мұнымен мұғалімнің педагогикалық жағдайы бағалау, оқушы ерекшелігін есепке алу, педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын- ала көре білу, өзіне үнемі бақылау жасау, оқушы ісіне көз тігу, ым, қимыл жасау арқылы әсер сияқты мамандыққа сай ептілік түрлеріне байланысты. Демек, педагогтік әдептілік- мұғалімнің сезімдік- эмоциялық дағдыларын- қызбалыққа салынбау, кепінен ашу- ыза танытпау, қандай жағдай болса да ұстамды болуын қажет ететін мінез- құлық белгілері.
Мұғалімнің оқушымен сабақта, сабақтан тыс және демалыс кезінде қарым- қатынасына байланысты педагогтік әдептілік түрлі формада байқалады. Мысалы, сабақтың жаңа оқу материалын баяндау кезеңіндегі оқушылар оқу материалын түсінбеуінен оны ұғынбауы, тыңдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда әдепте мұғалім оқушыны жазғырмай, өзінің білетінің дәріптемей, оқушылардың оқу материалын түсінетініне сенім артып, ынтымақтасып, зейінін, белсенділігін көтереді.
Сабақта оқушы білімін сынау бағалау кезеңінде мұғалім оқушының айтқанын мұқият тыңдап, сөзін бөлмейді, қате айтқанын бетіне басып табалмайды, қайта сен ойланып көр, асықпа- деп айтуға жағдай жасайды. Мұғалімнің әдептілігі оқушыға баға қоюынан да көрінеді. Егер мұғалім бағаны қалай болса солай қоя салмай, оқушының табысына қуанып, сәтсіздігіне реніш кейпін көрсетсе, онда мұғалім мен оқушы арасында дұрыс қарым- қатынас болып, белсенділігі арта түседі.
Ғылыми деректер бойынша өмірде бір мың төрт жүзден астам мамандық түрлері бар. Оның ішінде мұғалім- (оқытушылық қызмет) жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешетін болғандықтан. Ізгілік сипаты жоғары болуы керек.
Педагог қызметінде шәкірттерге өнеге көрсету, қарым- қатынас жасауға үлгі болу, өзгелерге әсер етудің тиімді тәсілін табу, шеберлік пен шығармашылықты таныту және кішіпейілділік пен адал еңбек ету дәстүрін білдіру қасиеттеру ізгілік сипатын білдіреді.
Тоқырау жылдарында жоғарыдан бұйрық беру, көз бояу сияқты әдіс- амалдар нәтижесінде педагогтік қызметтің ізгілік сипаты деформацияға ұшырады. Бұдан педагогтар қатарында өз ісіне шын берілген ізденіс жасайтын, баланы, мектепті сүйетін адамгемршілігі таза жандар жоқ деуге болмайды. Педагогтар арасында жақсы қасиеттерді көрсетіп жүргендер бар. Бірақ қоғамдық- әлеуметтік жағдай мұғалімдерде жақсы қасиеттердің кең етек алуына кедергі болды.
Қоғамызда орын алған жариялылық пен демократияға байланысты педагогтар қызметінде ізгілік сипат өріс ала бастады.
Мектептің негізгі міндеті оқушылардың қызығуы мен қабілетін есепке алып, білім және тәрбие беру болып саналады. Бұл іс әрбір жердің, ұлттың, оның дәстүрлі мен салтын есепке алып, оқыту мазмұны мен формасын ерікті таңдап, жоғарыдан қасымсыз өз мақсаттарына байланысты нәтижеге жеткенде ғана шешіледі.
Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуі, оған үйретуге, оқушының қолынан іс келетіндігіне сенуге, жеке басын құрметтеуге байланысты. Егер осы жағдай бұзылса, мұғалім мен оқушы сында жалған қарым- қатынас, тіпті келіспеушілік пайда болады. Бұл оқушының оқуға қызығушылығын төмендетеді. Кейбір педагогтар оқушының қуанышын, ренішін білуді, олармен ынтымақтасуды, бірге жүріп- тұруды, қажетті ақыл- кеңес беруді керек деп таппайды. Өзінің таза болғаның дәрежеге көреді. Мұндай жағдай мұғалім- оқытушы қызметіне ізгілік сипат бере алмайды, қайта оқу- тәрбие процесін тұйықтыққа тірейді.
Педагогтің шәкірт алдында бәрін білетін болып көрінуі орынды болар. Бірақ барлық кезде тек өзі ғана білетін бодып, оқушы тыңдаушы ретінде қарауы өнеге көрсетуге, қарым- қатынас жасауда үлгі болу немесе ынтымақтасу емес, жеке басын даралау болып саналады. Егер педагог оқушының барлық ісіне ымырашылықен қарап, олардың өмірінде не болып жатқанын көрмесе, болмаса оқушыны қорқынышта ұстап, шеңберден шығармаса, онда оқушылардың белсенділігі, талғамы төмендеп, соңында қоғамдық пікір, сенім, мәдениет өз мәнінде қалыптаспайды. Сондықтан оқушының әрекетіне талдау жасап, бағыт- бағдар беру, шеберлік үлгісін көрсету педагог ісінде ізгілік белгіні танытады.

3 ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РОЛІ

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі болып табылады. Бұл - білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Білім беруді жаңарту үдерісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иерархиясы кәсіби маңызды және маңызды қасиеттері
Педагогикалық қызмет түсінігі
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары: мазмұны және белсенді әдістемелері
Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Кәсіби жоспарларды таңдауға негізделген ақпараттанудың сатысы
Мұғалімнің мәнді қасиеттерінің моделі
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Пәндер