Педагогикалық және мұғалімдер институттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Астана қаласының білім басқармасы
Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі мекемесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың пәндік-циклдік комиссиясы

ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
Педагогиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс

_____ тобының студенті орындады
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Сыздыкова Гаухар
Жетекшісі: Шаяхметова Д.А.
Арнайы пән оқытушысы

Астана 2023 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

5
1.1
Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы
5
1.2
Қазақстандағы педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері

7
2.
ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
14
2.1
Педагогика ғылымының қалыптасуы
14
2.2
Қазақстандағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары
16
2.3
Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары мен адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орны

18
2.4
Басқа ғылымдармен байланысы
22

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанды алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамытып қалыптастыруға пайдалану керек. Педагогикалық теория мен тәжірибені бірін-бірінен айыру - соңғы бір неше он жылдықтар бойында педагогтар санасында қалыптасып қалған, педагогикалық ойлау тәсілдеріне тікелей ықпал ететін, қазіргі педагогикалық шындық.
Алдымен, өзіміздің тарихымызды нақты айқындап алуымыз қажет, бұл - әрбір ғылымның саласына қатысты мәселе. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі саяси жүйеде қазақ ұлтының өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Қазіргі уақытта Тәуелсіз Қазақстандағы жаһандану үдерісі кезінде педагогиканы түбегейлі өзгерту мәселесін алдыңғы қатарға қойылып отыр.
Педагогика ғылымының тұжырымдамаларын қоғамдық өмірдің ағымын өзгертуге болатын әлеуметтік технология ретінде қолдану педагогикалық білімнің тиісті деңгейде дами алмауына себепші болды.Педагогика ғылымы саласындағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір құбылыс рухани мәдениеттің басым болмауы болып табылады. Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп-тамырларын елемеуге әкеліп соқтырды.
Педагогикалық ілімдер тәрбиенің абстрактылы, қайшылықсыз үлгілері ретінде қарастырылды. Педагогикалық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық рухани мәдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық педагогикалық ілімнің әлемдік педагогикалық бірлестіктен оқшаулануына алып келді. Әлемдік педагогикалық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық және әдіснамалық үнқатысуды жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің педагогиканың томаға-тұйықтығы тәрбие мен білім беру мәселелерінің практикалық шешімін іздеуде догматизм мен әдіснамалық әлсіздікке әкеліп соқтырды.
Қазіргі таңда педагогикалық іс-тәжірибені жаңғыртудың, қалыптастырудың негізгі көзі - педагогикалық инновациялар болмақ, ал оның негізінде ғылыми-педагогикалық зерттеулер жататындығы құпия емес. Қазақстан педагогикасының қалыптасуы мен дамуы педагогикалық сананы ұдайы жаңартып жүйелі түрде әсер ететін педагогикалық тетікке айналдыру заман талабы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуын зерттеу.

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Қазақстандағы педагогика ғылымының даму тарихы

Қазақстан жоғары мектебінің 1931-1940 жылдарда іс тәжірибесін зерттеуде және теориялық-әдіснамалық тұрғыдан пайымдауда және бұл кезеңде қалыптасқан тәжірибені жинақтауда тарих-педагогикалық еңбектер басшылыққа алынды (Х. Әбжанов, Ш. Әлжанов, Қ.Б. Бержанов, П.П. Блонский, А.С. Бубнов, К.И. Васильев, Р.Б. Вендровская, А.С. Выготский, Қ.Жаманбаев, Қ.Б. Жарықбаев, Т. Жүргенов, С. Қалиев, К.К. Құнантаева, М. Қозыбаев, А.П.Колмаков, И.Б. Мадин, Р.Г. Лемберг, К.Нүрпейісов, Г.П. Паначин, Т.С. Садықов, Ә.И. Сембаев,Р.Б. Сүлейменов, М. Татинов, Г.М. Храпченков және т.б.)
Педагогикалық оқу орындарының білім беру мазмұнын жетілдіруде КСРО Орталық, Атқару Комитетінің 1932 жылғы 19 қыркүйектегі Жоғарғы мектеп пен техникум бағдарламалары мен режим туралы қаулысы ерекше роль атқарды. Бұл қаулыдан кейін барлық оқу орындары басшыларының, кафедраларының, профессор-оқытушыларының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жауапкершілігі мен құқы қарастырылады, институттарда тәртіп күшейтілді, жоғары оқу орындары мен техникумдардың бірыңғай типтік жарғысы әзірленді.
Республикада алғаш ұйымдасқан Қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне жолдама берді. Бірақта республикада бір ғана педагогикалық жоғары оқу мұғалім кадрларын даярлау мәселесін шеше алмады. Сол себептен де 30-жылдардың бас кезінде бірнеше педагогикалық институт ашылды.
Педагогика (гр. 'PIαῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынсын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізгі алады. Сондай-ақ педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын қағидалары мен әдістерін оқытудың дидактикалық теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. Баланың тұңғыш ұстазы - оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалім. Екінші сөзбен айтқанда ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім-тәрбие нәрін шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер ойшыл тұлға.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодальдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдемге өзгерді.
Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты. XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогиккалық бағыт гуманизм деп аталды.

1.2 Қазақстандағы педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері

Республикада алғаш ұйымдасқан Қазақ педагогикалық институты 1931 жылы бірінші рет өз түлектеріне жолдама берді. Бірақта республикада бір ғана педагогикалық жоғары оқу мұғалім кадрларын даярлау мәселесін шеше алмады. Сол себептен де 30-жылдардың бас кезінде бірнеше педагогикалық институт ашылды.
Студенттердің әлеуметтік құрамын жақсарту мақсатында педагогикалық институттардың жанынан арнаулы жұмысшы факультеттері ұйымдастырылды. Жұмысшы факультеттерін бітіргендердің саны 1931 жылы институтқа қабылданғандардың 11,5 пайызы болса, 1932 жылы институтқа қабылданғандар саны 16,8 процентін құрады.
1934 жылы Алматыда Қазақтың мемлекеттік университетінің ашылуы қазақ халқының өміріндегі ерекше оқиға болды. Оның негізгі мақсаты-Республика және арнаулы оқу орындары үшін жоғары білімді ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау. Университет өз жұмысын бастағанда 5 профессор, 10 доцент және 10 ассисент, барлығы 25 оқытушы-профессор құрамымен жұмыс істеді. Алғашқы ұйымдасқанда институт физика-математика және биология факультеттері болса, кейін оларға химия және филология факультеттері қосылады. Университеттің тұңғыш ректоры болып, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері Ф.И.Оликов жұмыс істеді.
Қазақ университеті алғаш ұйымдасқан кезінде Москва университетінен белгілі ғалымдар И.Д.Молюков, Д,В.Сокольский, Қазақ университетінен профессор-К.Д.Персидский, басқа жоғары оқу орындарының профессорлары А.И. Бартенев, П.Н. Мишенко, В.П. Литвинов т.б. жұмысқа келді. Университет қабырғасында қазақ әдебиетінің классигі, заманымыздың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтың, ғұлама ғалым, Қазақ КСРО Ғылым академиясының бірінші президенті, академик Қаныш Сатпаевтің және басқа да республиканың ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлер еңбек етті.
Егер де 20 жылдардың аяғында Қазақстандағы бір ғана Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты жұмыс істесе, 30-жылдардың бас кезінде Орал, Семей педагогикалық институттары, Қазақ мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді, 30-жылдардың екінші жартысында Қызылорда педагогикалық институты және облыс орталықтарында Алматыда, Ақтөбеде, Семейде, Оралда, Петрапавлда, Шымкентте, Қарағандыда мұғалімдер институттары ашылды.
1937 жылғы оқу жоспарында педагогика-психология цикліндегі пәндерінің сағат саны арттырылды. 1937 жылғы оқу жоспарынан бастап, педагогика және психология пәндері бойынша курстан курсқа көшіру және институтты бітіру мемлекеттік емтихандар енгізілді.
1936 жылы тамыздың 31-нен қыркүйектің 2-не дейін педагогикалық институттардың педагогика және психология кафедрасы меңгерушілердің РСФСР халық ағарту Коммиссариатында педагогикалық институттар мен техникумдардың педагогикалық пәндер бағдарламаларын талқылау жөнінде кеңесі өткізілді. Педагогика пәні бағдарламасы (Пинкевич, Пистрак, Каменев) Педагогика тарихы бағдарламасын А.П. Пинкевич пен Е.Н. Медынский құрастырды. Бұл кеңеске Қазақстаннан профессор Ш.Әлжанов қатысып, республикада педагогикалық ой-пікірдің дамуы туралы өз ойын ортаға салды.
30-жылдарда педагогикалық институттарға арналған психология пәнінің бағдарламасы профессорлар С. Рубинштейн мен К. Корниловтың жетекшілігімен жасалды. 1935 жылы профессор Ш. Әлжановтың Марксистік педагогика оқу құралы баспадан шықты. Кейбір әдіснамалық кемшіліктерге қарамастан, оны педагогикалық институттардың студенттерді оқу құралы ретінде пайдаланды.
Ғылыми зерттеу институтының бірінші директоры болып, республиканың белгілі педагог-ғылымы профессор Ш. Әлжанов жұмыс істеді. Ш.Әлжанов 1932 жылдан 1938 жылға дейін КазПИ-де алғашында педагогика және педология, ал кейіннен педагогика және психология кафедраларын басқарды.
1944 жылы Қазақтың қыздар педагогикалық институты алғаш рет шаңырақ көтерді. Сонымен қатар соғыс жылдары Қазақ мемлекеттік консерваториясы, дене шынықтыру институты ашылды.
Соғыс жылдарында жоғары педагогикалық оқу орындарының жұмысында шешуші роль атқарған профессор-оқытушы құрамын ерекше атаған жөн. Бүкіл республика Халық ағарту коммиссариаты жүйесі бойынша 1941 жылы 501 адам жұмыс істеді: оның ішінде 17 профессор, 5 ғылым докторы, 61 доцент, 46 ғылым кандидаты болды.
Сонымен қатар жоғары педагогикалық оқу орындары майдан мен тылға материалдық жағынан көмек беруде игі істерді атқарды. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін күшейтті.
Бүкіл одақтық жоғары мектеп комитеті мен Қазақтың Халық ағарту комиссариатының ұсынуымен республика жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу жұмысын қайта құруға ерекше мән берді. Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары қайта қаралып, қорғаныс және халық шаруашылық мәні бар тақырыптарға ерекше мән берілді.
1942 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында және С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде асперантура қайта ашылды. Халық ағарту комиссариаты жүйесі бойынша бір жылдың ішінде 30-дан астам адам кандидаттық диссертация қорғады.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты студенттерге дәріс беруге Алматыға эвакуациямен келген атақты ғалымдарды кеңінен тартты. Олардың қатарында орыс тілінен академик И.Н. Мещанинов, физикадан академик В.Г.Фесенко сабақ берсе, КСРО Ғылым Академиясының корроспондент-мүшесі В.И. Чернышев орыс тілі кафедрасын басқарады, КСРО ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Н.И. Баранский экономикалық және география кафедрасының меңгерушісі болса, ғылым докторлары, профессорлар А.А. Глаголев, П.М. Рубинштейн, Н.Ф. Бельчиков, Ц.А. Фридман, Д.И. Макеев, Г.А. Капиев кафедра меңгерушілер қызметін атқарды.
Қазақстанға қоныс аударған ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары ерекше қорғаныс және халық шаруашылық мәні бар орасан зор жұмыс атқарды.
Республика алғаш рет психолг-маман кадрларын белгілі ғалым Төлеген Тәжібаевтің еңбегі ерекше еді. Бірақ та педагогика және психология бөлімі бар болғаны 1951-53 жылдардың арасында 3 рет өз түлектеріне жолдама берді. Бұл кезеңде жоғары педагогикалық мектептің екі жүйесі қалыптасты. Педагогикалық және мұғалімдер институттары. 1952 жылдан бастап, мұғалімдер институттары педагогикалық институттарға айнала бастады. Демек, орта мектептердің 5-10 сыныптарға мұғалім даярлау жүйесінің бірыңғай жүйесі қалыптасты.
Сонымен, 1954-55 оқу жылы басында республикада 10 педагогикалық және 3 мұғалімдер институттары жұмыс істесе, 1955-56 оқу жылынан бастап, педагогикалық институттардың саны 13-ке жетті. Педагогикалық институттарда оқитын студенттердің саны 1940 жылмен салыстырғанда 2-2,5 есе артты.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды.
Педагогикалық институттарды ғылыми жұмысты дамытуда Ғылыми жинақтау шығару ерекше роль атқарады. Ғылыми жинақтар Гурьев, Семей, Орал педагогикалық институттарында жарық көрді.
Сонымен, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда педагогика-психология ғылымдары жедел қарқынмен дамыды. Педагогика және мұғалімдер институттары соғыстан кейінгі жылдарда оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілмеді. Әсіресе, мұғалімдер институтының жағдайы өте қиын болды. Себебі олар педагогикалық институттардың оқу бағдарламасымен жұмыс істеуге тура келеді.
Сонымен қатар 50-жылдардың ішінде оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіруге және болашақ мұғалімнің ғылыми-теориялық және кәсіби деңгейін арттыруға арналған бірнеше байқау қадамдар жасалды. Жалпы оқу жоспары мен бағдарламаларында болашақ ұстаздар кәсіби-педагогикалық жағынан даярлауға жете мән берілді. Педагогика, психология, әдістеме пәндері және педагогикалық практика сағаттары арттырылды. Бірақ та педагогика-психология цикліндегі пәндер университеттердің оқу жоспарында өзінің тиісті орнын ала алмады. Оның сағат саны сан рет өзгеріске ұшырады. Соғыстан кейінгі жылдары педагогикалық институттар мен университеттердің студенттеріне арналған педагогика және психология оқулықтары жарық көрді. Бұл оқулықтар пайдаланылды. Педагогика және психологиядан алғашқы қазақ тіліндегі оқулықтар 60-70 жылдары дүниеге келді.
Педагогикалық білім беру проблемалары белсенді зерттеле бастады. Бұл проблеманы талқылауда педагогика ғылымының көрнекті ғалымдары проблемалық (мазмұндармен) мәселелермен айналысты. (Н.В. Дмитриев, Н.В.Кузьмина, К. Кузьмин, М.құдайқұлов, Р.Г. Лемберг, И.Т.Огоролников, Р.В.Петровский, А.И. Пискунов, В.К.Розов, А.В. Сластенин, Н.Д. Хмель, Г.А. Уманов).
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасының мүшелері профессор Р.Г. Лембергтің жетекшілігімен кешенді ғылыми тақырыппен айналысты. Оның ғылыми жетекшілігімен Мектептегі оқыту әдістері, Сабақтың психологиялық мәселелері, Оқушылардың білімі мен ептілігін есепке алу тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты мен Қазақтың мемлекеттік университеті педагогика және психология кафедралары республикамыздағы педагогика және психология ғалымының қалыптасып, дами түсуіне ықпал жасаған ғылыми орталыққа айналды.
Академик Т. Тәжібаев-тұңғыш рет республика педагогика ғылымы саласында докторлық диссертация қорғаған белгілі ғалым. Оның Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің даму тарихына арналған, әр жылдары жарық көрген монографиялық еңбектері жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында педагогикалық ой-пікірдің теориясы мен тарихына арналған көкейкесті проблемаларды зерттеуге негіз болды.
Ә.І.Сембаев Қазақстанда кеңес мектебінің даму тарихы, Қ.Б.Бержанов Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы тақырыптарында педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының профессоры Г.А.Уманов Қиын балаларды тәрбиелеу проблемаларына арналған бірнеше еңбектерге ғылыми жетекшілік етті. Бұл проблемамен Г.А. Умановтың жетекшілігімен аспиранттармен, оқытушылармен қатар студенттер де айналысты.
Осы институттың жоғары мектеп педагогикасы проблемасы бойынша профессор Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен комплексті ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. Оған республика жоғары оқу орындары оқытушылары мен аспиранттары кеңінен қатыстырылды.
Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында профессор М.А.Құдайқұловтың жетекшілігімен техникалық құралдар мен программалар оқытудың физик-студенттері кәсіптік-педагогикалық даярлау жүйесі жасалып, зерттеу жұмысы жүргізілді.
Қазақ тілінде оқу-әдістемелік материалдар даярлауда және басып шығаруда Алматының Абай атындағы мемлекеттік университеті педагогика кафедрасының іс-тәжірибесі туралы кафедра меңгерушісі, профессор Г.А. Умановтың хабарламасын Білім миниситрлігінің алқасында (31 шілде 1992 жылы) тыңдап, мақұлдап және оны республика жоғары оқу орындарында кеңінен тарату жөнінде ұсынылды. Сонымен қатар педагогика теориясының өте күрделі тарауларынан, Қиын балалар және олармен жұмыс профессор Л.К.Керимов), Қазақтың ұлттық өнері құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру (проф. С.А.Ұзақбаев), Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу (проф. Б.И.Мұқанова) және т.б. оқу-әдістемелік құралдары баспадан шықты.
Қазақ тілінде оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары дайындауда және баспадан басып шығаруда Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің профессоры Қ.Жарықбаев пен Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары ғылыми-зерттеу институтының профессоры С.Қалиевтің еңбектері өзіндік орын алады.

2. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Педагогика ғылымының қалыптасуы

Білім беру мен тәрбие қоғамның дамуының объективті қажеттілігі мен оның дамуының маңызды алғышартына айналды. Сол себепті, адамзат қоғамының белгілі бір даму кезеңінде, яғни құлиеленушілік құрылыстың едәуір кейінгі кезеңінде, өндіріс пен ғылым алға жылжығанда, тәрбие ерекше қоғамдық функцияға айнала бастады. Арнайы тәрбие оқу орындары, оқыту мен тәрбие мамандығына айналған адамдар пайда бола бастады. Бұл құбылыс көптеген ежелгі елдерде байқалды, бірақ ер балалар мектебі жайлы шынайы ақпарат Египет, Таяу Шығыс елдері, және антикалық Грециядан жетті.
Ежелгі дәуірдің өзінде қоғамдық қызметкерлер мен ойшылдар тәрбиенің қоғам дамуы мен әр адам өміріндегі ролін атап өткен. Мысалы, Солон ( шамамен б. з. д. 640 және 635 - 599 ж. ж.) заңдары бойынша, әкесі өз баласының белгілі бір еңбектегі арнайы икемін дамытуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Социалитік қоғам құруды аяқтау және коммунизм құруды өрістету дәуіріндегі совет мектебі және педагогика (1937—1980 жылдар)
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп психологиясы
Мамандық шеберлігін игеру
XXI ғасыр мұғалімі
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Тәрбие процесінің сипаттамасы
Ауыл-село мұғалімдерінің өсу жолдары, олардың құрамындағы сандық және сапалық өзгерістер
Қазақстан республикасындағы жоғарғы білім беру жүйесінің құрылымдық дамуы
Жаңа жүйедегі өтудің мәселері мен шарттары
Пәндер