Есімдік пен есімдіктің тіркесі


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
Филология факультеті
№2 БОӨЖ
Тақырыбы: Есімді, етістікті сөз тіркестері.
Орындаған: Сагинтаева Ғ. Е.
Тексерген: Жазыкова Р. Б.
Ақтөбе, 2023 оқу жылы
Ж О С П А Р
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
2. 1 Сөз тіркесі жайындағы түсінік
2. 2 Сөз тіркесінің жасалу жолы
2. 3 Сөз тіркесінің құрылымы
2. 4 Есімдіктің басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшелігі
2. 5 Етістіктің басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшелігі
III. Қорытынды
К І Р І С П Е
Қазақ тіл білімде сөз тіркесі 1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтып келеді. Онда да сөз тіркесіне толық анықтама беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі болып отыр. Алайда арнайы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі -профессор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахском языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркесінің құрылымдық түрлері есімді, етістікті сөз тіркестерін, шылаулы меңгеру мен септікті, сияқты көптеген мәселелерін жақты көрсетеді. (5. 3)
Профессор М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы-бірінші туынды. Мұнда автор сөз тіркесінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты алып береді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды.
Бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және олардың синтаксистік қатынастсарын сөз етеді. Сөз тіркестерінің байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп қарастырады. Профессор М. Бақалаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшелерінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонымен қорыта келгенде, сөз тіркесі және сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатынасы бола отырып әрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Бұл әсіресе қазақ тілі негізінде жазылған профессор М. Бақалаевтың еңбектерінде дұрыс нақтылы көрсетілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобынсөз тіркесі дейміз.
Бұл сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып
отырмыз.
Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс.
Екіншіден, сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады.
2 1Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға
қарап тұрды.
3 (Т. Ә. « Сары сыбызғы»)
жұлдыздарға қарап тұрды
сабақтаса байланысқан
аспандағы жұлдыздарға
Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара қатынасын сөз тіркесіне
жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай
мүшелерді сөйлемнің өз құрамына байланысты, оның өрбуіне
қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің
сыйысу амалы деп аталды:
Көкшетау мен Айыртаудың салқындаған бұлағы,
күрсінген көлі, шулаған орманы ақынды ерте
әлдиледі. (Т. Ә. )
Көкшетаудың бұлағы әлдиледі
салаласа байланысқан
Айыртаудың бұлағы әлдиледі
Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің қатарына
жатқызады.
Бірыңғай мүшелердің қатысуымен құрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Мысалы, Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы бағы-ныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы,
Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста:
Көкшетау мен Айыртау.
Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пай-да болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды:
қызыл балық, ақ боз, көк ала. Мысал ретінде келтірген сөздер-
күрделі сөздер.
Сөздердің байланысу тәсілдері туралы сөз болғанда, ол сөздердің
қалай, не арқылы байланысатынына назар аударылса, сөздердің
байланысу түрлеріне қатысты әңгіме қозғағанда, синтаксистік бай-
ланыстың түрлері (формалары) еске алынуға тиіс. Сөздердің син-
таксистік байланысының мынадай 5 формалары бар: қиысу, мең-
геру, матасу, қабысу, жанасу. Оған төменгіде бөлек тоқталамын. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқылық-басыңқылық қатынаста келіп отырады. Сөз тіркесіне қатысты негізгі мәселенің бірі - оның басыңқы сыңары. Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компонентті түгелдей өзіне лайықты етіп бағындырып тіркестіреді.
Бағыныңқы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды
толықтырады, анықтайды: мекенін
мезгілін білдіреді.
объектісін атайды т. б.
Осыған орай сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы компонент
пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен
анықтауыштық
толықтауыштық
пысықтауыштық
деп топтап, жинақтап атауға болады.
ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС
алтын ол
жаңа кітапты
екі сағат үш рет оқыды
табылған мәнерлеп
мына кеше
(таблица 1) (таблица 2)
Бірақ кейде осы айтылған түрлері туралы қайшылықтар да кездесіп отырады.
Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формаларын профессор М. Балақаев, Сауранбаев сияқты ғалымдар топтауы бойынша 5-ке бөлінеді. Олар:
- Қиысу
- Матасу
- Меңгеру
- Жанасу
- Қабысу
Кейінгі ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олар Исаев, Ағыманов, Абылақов сынды ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формасын 3-ке бөледі.
1. Матасу
2. Меңгеру
3. Қабысу
Есімді сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады.
Етістікті тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Автор оқулықта:
Меңгеру сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің ба- сыңқымен мағыналық үйлесімді негізінде септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы.Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, көмектес (іліктен басқа) жалғауларының бірінде тұрады да, меңгерілетін сөз етістік, есім, не сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған қарай меңгеруді үшке бөледі дейді. Осы пікірді Абылақов та қолдайды.
(7. 37)
Сөз тіркестерін енді басыңқы сыңарына қарай:
меңгеру есімді қойдан жуас
етістікті терезені ашты
ортақ басыңқы қардай ақ еді
етіп үшке бөлді.
ЕСІМДІ ТІРКЕС Темір күрек
ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС Желдей еседі, бұлбұлдай сайрайды. Матасу сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының ба- ғыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы. осылайша бірімен-бірі қарама қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі Ілік жалғау- да, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады.Есімді тіркес : ағаштың бұтағы
Бұлар да - сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестер емес, -
түйдекті тіркестер .
Түйдекті тіркестер синтаксистік қарым-қатынасты білдіре алмай-
тындықтан, сол тіркескен тобымен сөз тіркесінің бір сыңары
(кейде екі сыңарының да) қызметінде айтылады:
кітап оқып кетіп бара жатыр еді.
бағ. с. бас. с.
Осылай, сөз тіркесінің құрамында түйдекті тіркестер болғанда ға-на, олардың құрамындағы сөздердің саны екеуден артық болады
да, сөз тіркесі күрделі деп есептеледі.
Сөйлем ішінде бір сөз тіркесінің басыңқы сыңары келесі бір сөз тіркесінде бағыныңқылық қызметте болуы да мүмкін.
Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде жатыр екен.
Үлкен ағаш
бағ. с. бас. с. -«-- тың көлеңкесі-
-«-нде жатыр екен.
Жалпы қиыса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары ре-
тінде есімдіктің барлық түрлері де жұмсалады деуге болады.
Ал басқа байланысу формасында да басыңқы сыңарда есімдіктер
жиі жұмсалады.
Қабыса байланысқан сөз тіркесі.
а) Сын есім мен есімдіктердің тіркесі.
Біз көргендерден жөнді ештеңе қалмапты ғой. (Ғ. Мұстафин)
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Бірақ әкесінен өзге ешкімге қарамастан келе Абайды құшақтай
алды. (М. Ә)
б) Сан есім мен есімдіктің тіркесі.
Валенсаның мұртының сөз болуы бір бұл емес екен.
(«Егеменді Қазақстан»)
г) Есімше мен есімдіктің тіркесі.
Кінәсі жоқ жас адамды,
Қатты соққан не еткенің. (Абай)
Меңгеріле байланысқан толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі.
Табыс жалғаулы есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Қожа қазынасыз қалды. Бірақ амал не? Әкелген оны өзі. (Ертегі)
Барыс жалғаулы есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Мен саған кіммін. (С. Ерубаев) .
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі.
Зат есімдер мен етістіктердің тіркесі.
Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Заводтың бәріне солай. (Ғ. Мүсрепов) .
Есімдіктер басыңқы сыңарда жұмсалғанда көбіне нөлдік тұлғада
таза күйінде және жоғарыдағы сөйлемдерден көргендей есімдік-
терге көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы да келе береді.
Матаса байланысқан сөз тіркестері.
Есімдік қаншалықты зат есімдердің де орнына жұмсалады дегені-
мен, бәрі бір бұл сөз табының қатысты сөздердің тәуелденуі бар-
шылық. Мұның өзі есімдіктердің басыңқы қызметте үнемі сөйлем-
нің ішінде де келе беретінін көрсетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz