Болмыс ілімнің онтологиясы


«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
БӨЖ
Тақырып: «М . Хайдеггердің онтологиясының негізгі түсініктері ».
Орындаған:Аманжолова Қарақат.
Тобы: ФӨТҚБ-02-22.
Қабылдаған: Ертаев М. А
Шымкент 2023.
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім. Болмыс ілімнің онтологиясы. М. Хайдеггер онтологиясы. Болмыстың герменевтикасы.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger) - неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
Мартин Хайдеггер
Негізгі бөлім
Болмыс ілімнің онтологиясы.
Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді. Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т. б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық:
1. Психикалық климат;
2. Әлеуметтік-материалдық қатынас;
3. Адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс.
Хайдеггер тілді лингвистикалық немесе тарихи құрылым деп ұғынбайды; оның ойынша тіл онтологиялық статусқа ие, демек, ол өзі жатқан бір болмыс, өйткені тіл болмыспен тығыз байланыста, сөз о бастан болмысқа тән нәрсе. Болмыс тек тілдің ғана тұзағына түседі, болмаса оны ұстау, немесе елестету мүлде мүмкін емес, ол тек тіл арқылы ғана көрініс береді. Міне, сондықтан ғана Хайдеггер тілді болмыстың үйі дейді. Тіл болмыс өзін қауіпсіздікте сезінетін кеңістік, тіл ең жақын арадағы нәрсе. Ол өз-өзін басқаратын нәрсе. Тіл субъект - объектке бөлінген адам орнатқан заңдылық емес. Тіл өзіндік әлемі бар дербес күш, адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді.
Ол өзінің «Болмыс пен уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Ол болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Ол болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Ол: «болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» - дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады». Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ, солай болсада, біріншіден, ешбір болмысты уақытша ретінде, екіншіден, ешбір уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер: «болмысты рационалды тануға болмайды» деген пікірге келеді.
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды. Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді. Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды. Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі.
Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер, Ханс Йонас, Эммануил Левинас, Ханна Арендт, Ксавье Зубири, Карл Левит, Морис Мерло-Понти, Жан-Поль Сартр, Жак Деррида, Мишель Фуко, Жан Люк Нанси, Филипп Лаку-Лабарт қатарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын. 1934 жылы нацистер тағайындаған ректорлықтан бас тартып, нацизмнен бойын аулаққа салғанымен, бәрібір 1933 жылы мамырдан 1945 жылы мамырға дейін неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының мүшесі болуы оның атына үлкен кір келтірді. Оның өз сөзімен айтқанда бұл іс оның "өміріндегі ең сорақы ақымақтық" есептеледі. Оны ақтап сөйлеген Ханна Арендт секілді жақтастар оның нацистерді қолдауын "пенделік жеке қателік" ретінде философиясымен қатысы жоқ іс деп есептеді. Ал, оған сын айтқан Эммануил Левинас. және Карл Левит. секілді оқушылары болса Хайдеггердің нацизммен байланысын кешіруге болмайтын моралдық қателік ретінде бағалап, бұл оның идеясының шикілігін көрсетеді деп есептеді. 1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы - "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі. Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.
2) Болмыс - болушының болуы. " Болмыс сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең жалпылық философиялық категория есептеледі.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау - міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты. " Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты тануды нақты болушыны (нәрсе) танудан айқын ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес. «Болмыс болушыны болушы етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі. »Болмысты тану арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады
Болмыстың герменевтикасы.
Герменевтика (грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт. Қазіргі заманғы философ-герменевттерге - Ф. Шлейермахерді, М. Хайдеггерді, Г. Гадамерді жатқызуға болады. Г. Гадамер (1900-1993) философия гносеологиядан (танымнан) герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод. Герменевтика философиясының негіздері». Гадамер адами тіршілік адамның өз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысыңда әрбір адам тәжірибе жинайды.
. «Дүние тәжірибесін» өткен шақтан осы шақка, одан келер шаққа жеткізу-кітаптар, мәтіндер, «тіл» арқылы жүзеге асады. Сондықтан мәтіндердің тілін ұғыну, оны түсіндіру философияның басты бағыты болу керек дейді, - Гадамер. Мәтінді түсіну адам өмірін экзистенциалды оқиға ретінде. ал өткен мәдениетті тұлға мен қоғамның өзіндік ұғынысу форрмасы ретінде қарастырды. Экзистенциализм (лат. т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде пайда болған. Көрнекті өкілдерінің бірі - М. Хайдеггер (1889-1976) - неміс философы. 1927 ж. «Болмыс пен Уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сол кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М. Хайдеггерге болмыс туралы ілім қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады. М. Хайдеггер үшін философия - болмыс туралы ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М. Хайдеггер Батыс философиясының классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз - философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, Хайдеггерше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы фи-лософияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал жалпы болмыстың үйі - тіл. Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым-қатынасынан тұрады. Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-жылдарының басында Франция жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - оның өкілдері шетінен жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді. Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (1913-1960) жатқызу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz