Құқықты түсіну



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі сыни ойлау

Орындаған: Аманжолова Қ.
Тобы: ФӨТҚБ- 02-22
Қабылдаған: Ертаев М.А

Шымкент 2023ж

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қоғамдық сана
2. Қоғамдық сананың өзгеруі мен модернизациялануы
3. Құқықтық сана
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе
Қоғамдық сана -- қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бұқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Философияда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндеттер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу процесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптернегізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады

Қоғамдық сананың өзгеруі мен модернизациялануы
Әлемнің барлық елдерінің назарында. Қоғамдық сана өзгеріске түсу процесінде жағымды жағына немесе негативті жағымсыз жағына өзгеретіні белгілі. Кезінде австриялық ғалым Карл Реннер ұлт, мемлекет өзінің дамуында өзі қаласын-қаламасын бәрібір үш кезеңнен немесе үш сатыдан өтеді. Ол: ұлттың оянуы, ұлттың дамуы және ұлттың гүлденуі деді. Алғашқы сатысы ұлттың оянуы немесе кейінгі сатылары ұлттың дамуы, гүлденуі болсын, олар қоғамдық сананың оянуы, өзгеруі, жаңғыруымен қатар жүреді. Осы тұрғыда біздің бәріміз де біздің мемлекетіміз, ұлтымыз қай сатыда тұр деген сұрақты өзімізге қоямыз. Міне, осы кезеңдер аталған факторлардың, яғни, мемлекет пен ұлттың қалыптасу мен өркендеу процесіне іргетас болып қаланады екен. Олай болса, біз ұлт ретінде ояндық па, өткеніміз бен бүгінімізге диагностика жасап, ертеңіміз қалай болады деген сұраққа жауап іздей отырып, болашаққа болжам жасай алдық па?! Біздің келешекке деген бағыт-бағдарымыз айқын ба?! Міне, осы сұрақ бәрімізді мазалайды. Осы тұрғыда Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру еңбегі көкейде жүрген түйткіл-сұрақтарға, оның ішіндегі қоғамдық сананың жаңғыруы: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселесіне жауап берді. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы Президент атап , маңызды екі процеске қадам жасауға мүмкіндік берді. Олар: саяси реформа мен экономикалық жаңғыру еді. Қалай дегенмен де, ыдыраған Кеңес Одағының қирандысынан шыққан Қазақстан саяси реформалар жасай отырып, экономиканы қалыптастыру, даму жолын ұстанды. Біз бірқатар елдер секілді дүм - пуге әкелген революциялық жолды емес, эволюциялық жолды таңдадық. Сондықтан болар, ішкі шиеленіс, көршілес елдермен қақтығыс бізде болған емес. Қырғызстандағы дүмпу, биліктің бір емес, екі рет күшпен ауысуы, өзбек-қырғыз шиеленісі, Тәжікстандағы азамат соғысы, Таулы Карабахтағы үздік-создық қайта басталып әлі өршіп тұрған әзірбайжан-армян қақтығысы, Грузиядағы, қазіргі Украинаның оң - түстік-шығысындағы ахуал сол ел - дер - - дің берекесін алғанын бәрімізде білеміз. Шиеленіс ошағына айналған аймақтарда өндіріс орындары тоқтады, жұмыссыздық өсті, халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады, сырттан инвестиция келмеді. Себебі, тұрақсыз аймаққа инвестиция құюға ешкім де мүдделі емес еді. Ал, бізде мұндай шиеленіс пен қақтығыс болған жоқ және оған жол берілмеді. Көршілес елдермен шекарамызды делиметациялап және демаркациялап алдық. Мүмкін, біреу келісер, біреу келіспес, дегенмен, бұл Елбасы саясатының жетістігі екендігін ешкім теріске шығара алмайды. Әрине, қиыншылықтар, проблемалар болды. Олар бүгінде бар. Барлық салада бар. Оны сіздер де білесіздер. Сондықтан да, бүгінгі күннің мәселесі: қордаланған проблемаларды шешудің жолы қандай. Қоғамдық сананың жаңғыруы, өзгерістер, жаңа реалды жағдайға беймделу, қоғамдық сананың трансформациялану процесі қалай жүруде. Қандай бағыт, қадам бізге неғұрлым тиімді, қолайлы деген сұрақ туа - ды. Тіпті кеңірек айтсақ, қандай даму моделі тиімді, қайдан, кімнен үлгі алуға болады деп ізденіс жасаймыз.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бір саладағыдаму моделіне,олардыңерекшеліктеріне назар аударамыз. Жапонның, немістің, шведтің даму моделін бізге қолдануға бола ма деп ойлайтынымыз да шын. Осы арада Елбасының аталған еңбегінен де жауап іздеп, бағыт-бағдар қараймыз және іздегенімізді табамыз. Тереңнен зер салсақ, Елбасының Бола - шаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақа - - ласы ұлттық рух пен ұлттық сананың нығаюына, олардың өзара ұштасуы мен кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді өркендетуге, одан әрі дамытуға, бағалауға, құрметтеуге, бүгінгі күн тұрғысында жаңғыртуға үндейтін, іргелі бағдарламалық құжат. Осы мақалада, терең ой жүгіртсеңіздер, Елбасы жаңғырған қоғамның өзінің тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу дейді. Осы арада ұлттық код дегеніміз не, ол қайда деген сұрақ туады? Ұлттық код - ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізді айқындайтын менталитетте және ұлттық мәдениетте. Ұлттық кодтың басты компоненттері осы. Бұл жаңалық емес. Осы арада ұлттық кодты сақтайтын ұлт деген факторға тоқталық өтелік Жоғарда аталған К.Реннер де ...егер біз ұлт дегеніміздің не екендігіне толық жауап бергіміз келсе, оның негізгі басты компоненттерін білуіміз қажет. Ұлт дегеніміз - тілдің бірлігі, территорияның тұтастығы, экономикалық өмірдің жақындығы, әдет-ғұрып пен мәдениеттің ортақтығы негізінде құрылған адамдардың қауымдастығы деп, осы аталған ұлтты құрайтын негізгі компоненттердің бірі жойылса, ол белгілі бір тарихи кеңістікте ұлттың жойылуының басы, деп ерекше тоқталды. Одан да тереңірек кетсек, ұлт болу үшін басты белгілері ұлттық құндылықтар болуы шарт. Олар: ұлттың тілі, территориясы, салт-дәстүрі, ұлттық менталитеті, мәдениеті мен тарихы болуы қажет деген қағида. Бүгін де әлем осы аталған құндылықтар жүйесінде өмір сүруде.Қоғамның даму процесінде мемлекеттің, ұлттың дамуы сапалық өзгерістерге түседі. Жаңарады, жаңғырады, басқадан қа - был - дайды, толығады. Бірақ, басқа ұлттармен ха - лықтармен араласу, жақындасу процесінде белгілі бір компоненттерді қабылдау барысында олардың тек жақсысын ғана емес, қоғамның басым көпшілігі қабылдамайтын жаман үрдістерді де қабылдады. Мысалы, ұзақ жылдар бойы Кеңестік кезеңде дін ұстануға белгілі бір шектеулер қойылғаны белгілі. Ал, тәуелсіздіктен кейін дін ұстауға еркіндік берілді. Қоғамдық сана жаңа өзгерістерге түсті. Жаңадан мешіттер салынды, дін ұстанушылар саны өсе бастады. Қазақ халқының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, ақыл-парасат, қайрымдылық - бұл ұлттық кодымыздың басты компоненттері. Одан да нақтыласақ - баланың ата-анасы алдындағы перзенттік парызы, оларды сыйлауы мен құрметтеуі, ата-ананың да өз балаларының алдындағы, елдің, халықтың алдындағы жауапкершілігі, бауырға қамқорлығы, қиыншылыққа душар болған жанға көмегі, адамгершілігі, үлкенге инабаттылық бұл қазақтың ұлттық коды, ұлттық құндылығы. Бірақ, әр түрлі факторлар ықпалынан қазақ қоғамында ұлттық құндылық жүйесі әлсіреп, ұлттық коды өзгеріске түсті. Оның негізі тереңде жатыр. Ресейлік патша үкі - метінің отарлау саясаты, кеңестік қуғын-сүргін, ашаршылық т.б. өзінің таңбасын қалдырып, қазақ халқының қоғамдық санасына өзгеріс енгізгені анық. Осы арада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды дегенді Шығарамын сөзімнен, - дегенін тағы бір еске алайық. Сондықтан да, жастардың адасуына жол бермеу маңызды және ұлттық құндылықтарға жат элементтердің еніп кетуі елдің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіреді. Қазақтың ұлттық коды ежелгі дәуір - ден бастап жинақталып, қалыптасты. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғырту басты мәселенің бірі. Бұл өзімізді жоғалтпау, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту болып табылады. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, оң-солын таныған баласына дейін ұят болады, жаман болады деп жағымсыз қылықтардан тыйып өсірген ата-ана баласына жақсылық пен жамандықтың не екенін айтып, баланың мінезін, тұлғасын қалыптастырады. Осы негізде қазақ халқында көргенділік, өнегелік категориясы қалыптасты, дамыды. Қазақ үшін ауыр сөз көргенсіз, өнегесіз екен сөз болды. Көргенсіз деу арқылы тек ата-анасы ғана емес, өскен ортасы, ағайын-туысы, жақын-жуығы бәрі айтылды емес пе. Ештеңе көрмеген, өнеге-тәрбие үйренбеген деу адамның ұлттық құндылықтарынан, ұлттық кодынан ажырап қалғанын көрсетіп тұр емес пе. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сана - ның дамуын Елбасы үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетті: бірі ұлттық сананың көкжиегін кеңейту,екінші ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып, белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жинақталған рухани қазына, мәдениет, мораль, дін, қоғамдық психология, өнер құрал-жабдық адамның шығармашылығынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірибені, білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған мақсат, міндеттерді белгілеп, адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды. Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды дамытумен бірге, өздерін де жетілдіреді.

Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моралдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қоғамдық сана - объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқыклық нысандары қоғамның экономи-калық қатынасын саяси және кұқықтық тілде, ал өнер-көркемдік образдармен, мораль - адамдардың мінез-құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына қарай әр түрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты етеді. Мысалы, феодализм дәуірінде дін үстемдік етті. Капиталистік қоғамда құқық пен саясат билік алып, философия, өнер мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді.Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - қоғамға пайдалы іс-әрекет құқық нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құқықтық белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құқықтық сана-сезім белгілері мыналар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықты белгілеу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықты түсіну.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықты құрметтеу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықты сақтауға дағдылану.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
-- Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Құқықтық сана - құқық нормаларының қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін себебіміз, құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқықтық норманың жалпы түсінігі, құрылымы мен түрлері
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықтық мәдениеттің элементі - құқықтық сана
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықты түсіндіру мәні
Құқық әлеуметтік иниститут ретінде
Пәндер