Көз алмасының қабықтары


Дәріс кешені
1 КІРІСПЕ. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ. АНАЛИЗАТОРЛАРДЫ ДЕФЕКТОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ.
«Есту, көру және сөйлеу органдарының анатомиясы, физиологиясы және патологиясы»пәні спорттың сан алуан түрінен жаттықтырушыларды және дене тәрбесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық курс. Оның негізгі мақсаты тек қана білім объектісін емес, мамандардың болашақ қызметін де қамтамасыз етпек. Сонымен қатар, олар осы бағдарлама арқылы тәжірибе жүзінде көптеген нәтижелерге қол жеткізбек.
Пәннің мақсаты - студенттерді адам ағзасының құрылысымен, оның қоршаған ортамен қатынасының тарихи дамуымен, организмнің адам жасына байланысты және жеке тұлғалық ерекшеліктерімен, дене тәрбиесі мен спортпен айналысудың организмге тигізетін ісерін зерттеу.
Пәннің міндеттері:
- студенттердің диалектикалық-материалистік дүниетанымының қалыптасуына ықпал ету;
- студенттердің жалпы биологиялық, теориялық және әдістемелік даярлығының ауқымын кеңейту;
- адам организмінің құрылысын оның барлық ұйымдастыру деңгейінде тереңдете оқыту;
2. КӨРУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ АНАТОМИЯСЫ
2. 1Көз алмасы
2. 2Көз алмасының қабықтары: сыртқы, тығыз ақ қабықша, ортадағы тамырлы қабықша, тор қабықша
2. 3 Көз алмасының ішкі ядросы: көз бұршағы, шыны сияқты дене, көз сұйықтығы
2. 4 Көру органның қосымша аппараттары
2. 1 Көз алмасы
Көз - көз алмасынан және оны қоршап жатқан қосымша (қосалқы) ағзалардан тұрады.
Көз алмасының сызбанұсқасы: 1 - көз алмасының бұлшыкеттері; . 2 - қантамырлары; 3 - жүйке талшықтары; 4 -көру жүйкесі; 5 - шыны тәрізді дене; 6 - ақ қабықша; 7 - кірпік бұлшыкеттері; 8 - қабақ; 9 - кірпік; 10 - касаң қабықша; 11 - көз бұршағы; 12 - нұрлы қабықша; 13 - торлы кабықша
Көз алмасы көз шарасында жайғасқан шар тәрізді дене. Көз алмасында мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латералды жатқан артқы полюсті ажыратуға болады. Екі полюсті қосатын түзу сызық оптикалық немесе сыртқы көз білігі деп аталады.
Көз алмасы; горизонталды жазықтықтағы көрінісі (үлгі) . Кірпікті бұлшықеттің жиырылуы (Б) және босансуы (А) кезіндегі көзбұршақ
кисығының өзгеруі.
2. 2 Көз алмасының қабықтары: Көз алмасы (глазное яблоко, ) шар іспетті, алдынан азғана дөңестенген. Ол үш қабықтан және ішкі ядродан тұрады.
1. Сыртқы, тығыз ақ қабықша.
2. Ортадағы тамырлы қабықша.
3. Тор қабықша
Тығыз ақ қабықша көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды. Тығыз ақ қабықша екі бөліктен тұрады:
1. алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық;
2. артқы ақ қабық.
Көздің алдыңғы мөлдір қасаң қабығы (роговица) - әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізіп тұрады. Оның негізі дәнекер ұлпа, алдында көп қабатты жазық кілегеймен, артында - эндотелиймен қапталған. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды, жүйке ұшына өте бай.
Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық - склерага айналады. Тамырлы қабық қан тамырына өте бай. Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады:
1. алдыңғы - нұрлы қабықша;
2. ортадағы - кірпікті дене;
3. артқы - меншікті тамырлы қабық.
Нұрлы қабықша (радужная оболочка) ортадағы тесік - көз қарашығын қоршап тұрады. Оның түсі ашық көгілдір түстен, мөлдір қараға дейін болады. Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті, көз қарашығына және кірпікті денеге қараған екі шеті бар. Кіріпікті дене (ресничное тело) нұрлы қабықшаның жуандаған жері. Меншікті тамырлы қабық (собственная сосудистая оболочка) көздің ортаңғы қабатының көп бөлігі осы қабықтан тұрады. Ол сыртында көздің қасаң қабағына, ішкі бетінде тор қабыққа қараған. Бұл қабық артерия, вена тамырларына бай.
Көздің торлы қабықшаның құрлысы: таяқша тәрізді жасушалар; колба тәрізді жасушалар.
Күндізгі жарықты қабылдайтын колбашалар мен ымырттағы жарықты қабылдайтын таяқша жүйке жасушалары. Көру жүйкесі көз алмасының барлық қабықтарынан өтіп тор қабықшадан шығып миға барады.
Тор қабықшадан көру жүйкесінің шығатын жерінде сопақша дөңес бар. Бұл дөңес "көру жүйкесінің" дискісі деп аталады. Бұл жерде жарық жасушалары болмайды, сондықтан ол жерді "соқыр нүкте" деп атайды. Тор қабықшаның ортасында, қарашықтың тура қарсысында "сары нүкте" бар.
2. 3 Көз алмасының ішкі ядросы
Көз алмасының ішкі ядросына:
1. көз бұршағы,
2. шыны сияқты дене
3. көз сұйықтығы жатады.
Көз бұршағы (хрусталик) тікелей қарашықтың артында орналасқан. Оның пішіні дөңес линзаға ұқсайды. Хрусталиктің ортасы қатты, шеті бостау болады.
Шыны тәріздес дене (стекловидное тело) мөлдір, таза хрустальдей, көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады. Көз бұршағы мен шыны тәріздес денеде жүйке талшықтары, қан тамырлары болмайды.
Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага) көздің алдыңғы және артқы қуысын толтырады.
Көз бұршағынаң, шыны тәріздес денеден, көз сұйықтығынан көздің оптика жүйесі пайда болады. Көзге түскен сәулені олар сындырып тор қабыққа түсіреді.
2. 4 Көру органының қосымша аппараттары.
Көру органының қосымша аппараттарына көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.
Көздің қорғаныш аппаратына қабақ, кірпік және көз жасының безі жатады. Қабақ жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жауып тұратын, тер қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді. Оның жоғарғы жағында қас доғасы жатады. Қас маңдайдан аққан тердің т. б. заттардың көзге түспеуінен сақтайды. Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Олар көзді шаң-то-заңнан сақтап тұрады. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының қасаң қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы «коньюнктив» деп атайды.
Көз жасынық аппараты. Екі қабақтың біріккен жерін көз бұрышы деп атайды, оның кеңірек келген ішкі бұрышын «көз жасының көлі» дейді. Көл түбінде ет өсіндісі жатады. Ал әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады.
Олар жас түтікшелерінін ашылатын тесіктері. Осы көлдің жоғарғы және төменгі жағында қос тесік-тесікшелер жатады.
Көздің бұлшық еттері. Көз алмасын қимылға келтіріп тұратын еттері болады, олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер деп атайды.
Тік еттері көз шарасының түбіндегі шеңберлі сіңірден басталып, көз алмасының төрт жағынан ортаңғы белдеуіне (экваторына) тіркеледі. Бұл еттерге жоғарғы, төменгі, ішкі, сыртқы тік еттері жатады. Олар жиырылғанда көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қимылдатады.
3. КӨРУ ОРГАНЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
1) Көру сенсорлық жүйесі
2) Көздің сәуле сындырғыш аппараттары
3) Көздің рефракциясы
5) Көру аймағы және көздің өткірлігі
3. 1Көру сенсорлық жүйесі
Сыртқы ортадағы әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды түйсінуде, көру. Көздің жарық өткізгіш орталары мөлдір келеді. Олар мүйізгек қабықтан, алдыңғы камера сұйықтығынан, көз бұршағынан және шыны тәрізді денеден тұрады.
Көз алмасының артқы полюсінің маңында көру жүйкесінің кірген жері бар. Мұны соқыр дақ дейді, өйткені мұнда ешқандай жарық сезгіш элементтер жоқ. Ең артқы полюсінде сары дақ орналасқан. Ортасында орталы шұңқыр бар. Көз алмасына сыртқы көз еттері жабысады. Олардың жиырылуы көз алмасының түрлі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Организм тұңғыш тітіркенулерді жалпыланған түрде түйсінеді. Мысалы, арнайы машықтанбаған адам арқасына тигізген циркуль аяқтарының арасы 60-100мм болса арақашықтығын айыра алмайды.
3. 2 Көздің сәуле сындырғыш аппараты. Бір ортадан екінші ортаға өткенде сәуле сынады-рефракция. Көздің сындырғыш аппараты өте күрделі, торлы қабығында заттардың айқын бейнесін алу үшін жасалған оптикалық жүйе. Тегістікке перпендикуляр түскен сәуле сынбайды, ал басқа сәулелер сынып барып бір нүктеге тоғысады. Параллель келген сәулелердің тоғысқан нүктесі фокус деп аталады.
Көздің негізгі сындырушы ортасы мүйізгек пен бұршақ тәрізді дене.
3. 3 Көздің рефракциясы. Параллель келген сәулелер сынғанда, фокус торлы қабықта болу үшін, көздің барлық сындырғыш ортасының қосынды күші, оның ұзындығына сәйкес келуі керек.
Нормальды рефракцияда параллель сәулелердің сынуына көздің ұзындығы толық сәйкес келеді де, фокус тура торлы қабықта.
Жақыннан көру рефракциясы. Көздің іштен туа біткен алдыңғы-артқы бағыттағы ұзындығы, көлденеңінен артық болуынан болады. Көздің сындырғыш күшінің көп болуына байланысты, параллель сәулелердің сынығы торлы қабықтан ілгері түседі.
Алыстан көру рефракциясы. Көздің алдыңғы-артқы диаметрі қысқа болуына байланысты миопия және гиперметропия рефракцияларында сәуле шашыраңқы түседі.
Аккомодация және көз қарашығының рефлексі. Аккомодация деп көз бұршағының сәуле сындырғыш қасиетін торлы қабыққа объектілерді айқын түсіру үшін өзгерте алатын бейімделуді айтады. Нормальды рефракцияда бір нүктеден көзге түскен сәулелер параллель болса қабық та тоғысады.
3. 4 Көру аймағы және көздің өткірлігі. Көз алмасы қимылсыз тұрған сәттерде, көрініп тұрған кеңістіктің шекарасын көру аймағы дейді. Әдетте, ақ түс үшін көру аймағы көз қарашығына түсетін сәулелерге кедергі жасайтын, көз ұясының қабырғасымен шектеледі.
Көру аймағыы ақ түске қарағанда бояулы объектілерге аз болады. Бұл жағдай торлы қабықттың шет алаңдарында құтышалардың жоқ блолуы түсдіріледі.
Көру бұрышы 1минутке тең уақытта көздің екі нүктенің жеке көру қабілеті. Мұны көздің өткірлігі дейді. Зерттеу үшін пайданылатын арнауы таблицаларда көздің өткірліогі бір цифрмен бағаланылады. Бұл көру бұрышы1минутке тең деген сөз. Көздің 0, 5 өткерлігіне екі көру бұрышы сәйкес, 0, 1-10 көру бұрышына тең.
4 КӨЗ МҮШЕСІНІҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
4. 1 Көздің дамуының ауытқулары. Көз қабағының аурулары. Жақыннан көргіштік.
4. 2 Көздің қабыну ауытқулары. Коньюнктивит
4. 3 Көз мүшесінің жарақаты және ісіктері. Көздің мүйіз қабағының жарасы. Суқараңғы ( Глаукома) . Көз жарақаты.
4. 4 Балалардың көз мүшесін сақтау және негізгі өткізілетін шаралар. Балалардың көру қабілетін сақтау. Көзді жарақаттап алғанда не істеу керек?
4. 1 Көздің дамуының ауытқулары. Көз қабағының аурулары. Жақыннан көргіштік.
Көз қабағының аурулары Көз қабағының құрылысына қысқаша тоқтала кетейiк. Жоғарғы және төменгi қабақтардың арасындағы бос аумақты көздің ашык саңылауы дейдi. Қабақтың сыртқы қабаты терi, оның асттыңғы қабаттары бұлшық еттер мен шемiршектен тұрады. Қабақтың терiсi жұқа және өте нәзiк, ол үнемi қозғалып тұратындықтан жиырмалы қатпаршақ тәрiздi болып келедi. Әр кiрпiк 3-4 айда бiр рет түсiп, қайтадан өсіп жаңарады
Блефарит. Көз қабығының кiрпiктi жиегiнiң қабынуын блефарит деп атайды. Адам өмірiнде көздiң бұл сырқаты өте жиi кездеседi. Блефарит қарапайым (жай), яғни қабыршақты және жаралы болып екi түрге бөлiнедi.
Терiскен. Адам көзiнде өте жиi кездесетiн көз ауруларының бiрi терiскен. Терiскен қабақ жиегiндегi май безiне немесе кiрпiк түбiндегi ұяшыққа iрiндеткiш микробтардың кiрiп кетуiнен пайда болады. Терiскен шыққанда қабактың бiр жерi қызарып, томпайып iсiп кетедi.
ЖАҚЫННАН КӨРГІШТІК (МИОПИЯ) Бір адамның алыстан нашар көруiнiң, ал екiншi бiреудiң жақыннан жақсы көруiнiң себебi не? Бұл туралы «Көз рефракциясы дегенімiз не?» деген тақырыпта да айтылды.
Алыстан нашар көрiп, жақынан жақсы көрудi жақыннан көргiштiк (миопия) деп атайды. Ғалымдардың көп жылдан берi жүргiзiп келген зерттеу жұмыстарының деректерi бойынша, дүние жүзінде жақыннан көргiштiк көз ақауы бар балалардың саны жыл сайын көбейiп, оның диоптриялық дәрежесi жоғарылай беретiнi анықталып отыр.
Сондайақ жақыннан көргiштiк кемiстiгi бар оқушылардың саны олар есейген сайын көбейiп, бұл кемшiлiктiң диоптриялық дәрежесi де өсе бередi. Әдетте миопия үш дәрежеге бөлінеді. Бастапқы дәрежесi - З диоптрияға (диоптрия - оптика шынысының, линзасының, сындырғыш күшi) дейiн. Орта дәрежелi - 3, 0-ден 6, 0 диоптрияға дейiн, жоғары дәрежелi - 6 диоптриядан жоғары.
4. 2 Көздің қабыну ауытқулары Коньюнктивит
Көздiң кiлегей қабығының қабынуын коньюктивит деп атайды. Коньюнктивит кенет және созылмалы түрде өтуi мүмкiн.
Кенет басталатын коньюнктивиттi әр түрлi микробтар (Кох-Викса таяқшалары, пневмококк, стрептококк, т. 6. ) тудырады. Кенет басталатын көз ауруының (коньюнктивиттiң) белгiлерi мынадай: көздiң үстi қызып, көзге құм түскендей болады, көп iрiң-жас ағып, таңертең уйқыдан түрғанда кiрпiктерi бiр-бiрiмен жабысып қалады да, адам көзін аша алмайды. Көздiң қабақтары қызарып iсiнедi, адам жарықтан жасқанып, күнге қарай алмайды. Кейде көз алмасының кiлегей қабығында әр түрлi дәрежеде қанталауда болады. Адам көз алмасын жан-жаққа бұрғанда ол қатты ауырады.
4. 3 Көз мүшесінің жарақаты және ісіктері. көздің мүйіз қабығының жарасы Адам көзiнiң құрлысы өте нәзiк және сезiмтал келедi, кейде тіптi болар-болмас ұсақ қоқым-соқымның түсуiнің өзi-ақ көздi ауыр ауруға шалдықтыруы ықтимал. Мәселен, көзге түскен болмашы ғана бөгде зат сiрi қабықтың бетiн сыдырып кетсе, сылырылған жерге iрiндеткіш микробтар түсiп, бұдан кейiн мүйiз қабықта қабыну процесi пайда болады.
Катаракта Көз бұршағының қарауытуын медицинада катаракта деп атайды. Көздiң бұл ақауы күнделікті дәргерлік тәжiрибеде жиi кездесетiн хирургиялық көз сырқаттары ның бiрi. Олай дейтін себебiмiз мынау.
СУҚАРАҢҒЫ (ГЛАУКОМА) «Глаукома» грек тiлінде «көк түс» деген сөз. Өйткенi, бұл аурудан соқыр болған кезде қарашықтың көлемi ұлғайып, оның ортасы көмескi қара немесе көкшiл сары болмаса су құйылған тәрiздi болып көрiнедi. Сол себептi көздiң бұл ауруын халық арасында «көксу», «суқараңғы» деп те атайды. Суқараңғының басты белгiсi көздiң iшкi қысымының өз нормасынан жоғары (көтерiңкi) болуы. Сау көздiң iшкi қысымы сынап бағанасы бойынша 18 мм-ден 26 мм-ге дейiнгi шамада болады. Ал суқараңғы ауруы бар көзде оның iшкi қысымы 40-50-60 мм-ге дейiн көтерiледi.
4. 4 Балалардың көз мүшесін сақтау және негізгі өткізілетін шаралар. Балалардың көру қабiлетiн сақтау. Балаларға жасынан үйде және мектепте түзу отыруды үйретiп, көз гигиенасы туралы үнемi ақыл-кеңес берiп отырған жөн. Сабаққа дайындалғанда көздi әлсiн-әлсiн тыныктырып, үзiлiс жасап отырудың қажет екенiн балаларға әрдайым ескертiп отырған дұрыс.
Жыл сайын оқу жылы басталғанда оқушыларды бойына сәйкес парталарға отырғызуды естен шығармау керек. Оқушыларды бойына сәйкес парталарга отырғызу - кеөдiң көру қабiлетiн сақтаумен қатар, олардың денесiнiң сұлу, сымбатты болып есуiне де септiгiн тигiзедi. Көз кемiстiгiнен күнi бұрын сақтану үшiн оқушылардың көру қабiлетiн жылына бір рет тексерiп, ал керек жағдайда оған көзiлдiрiк жазып беру қажет.
КӨЗДІ ЖАРАҚАТТАП АЛҒАНДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Көзi зақымданған адамға медициналық, жәрдем неғұрлым жедел көрсетiлсе, көздi аман сақтап қалу соғұрлым оңайға түседi. Көзге түскен бөгде заттарды саусақпен, қол орамалмен, қағазбен, тiлмен, т. 6. тәсiлдермен аламын деп босқа әуреленбей, дереу медицина қызметкерлерiне барғаны дұрыс.
5. КӨЗДІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
5. 1 Жарық пен қараңғыға бейімделу.
5. 2Көру өткірлігі
5. 3 Кеңістікте көру.
5. 4 Түсті ажырату.
5. 1 Жарық пен қараңғыға бейімделу. Жарықтану азайған сайын көру талдағышының сезімталдығы арта түседі. Мұны қараңғыға бейімделу дейді. Жарықтану көбейген сайын талдағыштың сезімталдығы төмендей. Мұны жарыққа бейімделу дейді. Жарық жерден қараңғы жерге ауысқанда, көру талдағышының сезімталдығы он, жүз, мың есе өседі. Алғашқы екі үш секунтта шамалы, үш төрт секунттен он бес жиырма секунтке дейін сезімталдығы тез көтеріледі. Әрі қарай баппен өсіп, отыз қырық минут қараңғыда болғанда максимумға жетеді. Сондықтан адам жарық жерден шамалы жарықтанған бөлмеге көшкенде, бастапқы кезде маңайдағы заттарды айыра алмайды, ал ондаған секунт пен минуттен кейін олар айқындала бастайды. Қараңғыдан жарыққа көшкенде қабылдағыштар сезімталдығы тез төмендейді, ал өте жарық жерде бұл процес бір екі минут аясында аяқталады.
Көру аймағы және көздің өткірлігі. Көз алмасы қимылсыз тұрған сәттерде, көрініп тұрған кеңістіктің шекарасын көру аймағы дейді. Әдетте, ақ түс үшін көру аймағы көз қарашығына түсетін сәулелерге кедергі жасайтын, көз ұясының қабырғасымен шектеледі.
Көру аймағыы ақ түске қарағанда бояулы объектілерге аз болады. Бұл жағдай торлы қабықттың шет алаңдарында құтышалардың жоқ блолуы түсдіріледі.
Көру бұрышы 1минутке тең уақытта көздің екі нүктенің жеке көру қабілеті. Мұны көздің өткірлігі дейді. Зерттеу үшін пайданылатын арнауы таблицаларда көздің өткірліогі бір цифрмен бағаланылады. Бұл көру бұрышы1минутке тең деген сөз. Көздің 0, 5 өткерлігіне екі көру бұрышы сәйкес, 0, 1-10 көру бұрышына тең.
Орталық шұқырдың ортасынан қашықтаған сайын көздің өткірлігі нашарлай береді. Шетінде орналасқан таяқшалар бұрын көрініп тұрған объектілердің жоғалуын немесе көру аймағында жаңадан пайда болған объектілер тұралы ақпараттайды. Бас пен көз қимылдарының нәтижесінде тиісті объектілер орталық шұңқырған проекцияланып барынша анық ажыратуды қамтамасыз етеді. Сондықтан, орталық шұңқырдағфы қабылдағыштармен байланысты талдағыш элементтерін ажырату талдағышы деп атаса, ал торлы қабықтың шетіндегі элементтермен байланыстыларын қимыл талдағышы дейді.
5. 4 Түсті ажырату. Түсті қабылдап түйсіну торлы қабықтың құтышалар аппаратымен қамтамасыз етіледі. Тек қана таяқшалар жұмыс істеген кезде адам түстерді ажырата алмайды,
Адам көзінің қабылдағыштары, әдетте сәуле толқынының ұзындығы 400-750 миллимикрон аралығында қозады.
Әрбір түс ренкімен қоюлығымен және ашықтығымен сипатталады. Реңк деп түсті обьектінің ақтан айырымын айтады. Түтің қоюлығы оған қосылған ақтын мөлшерімен сипатталады. Түстің ашықтығы сәуле тарату интенсивтігінің дәрежесі. Спектор түстері табиғатта ренк байлығын көрсете алмайды. Бір спекторлы түстің қоюлығы мен ашықтығын өзгерте отырып, мың түрлі ренк алуға болады.
Кеңістікті түйсіну. Адамның кеңістікті түйсінуі бірнеше физиологиялық механизмдерге байланысты. Кеңістікті түйсінуде көру түкпірі маңызды рөл атқарады. Көру түкпірінің арқасында адам алыста орналасқан түрлі заттардың тұрған жерін тура айыра алады.
5. 3Көру өткірлігі. Көздің анықтап қарайтын заттың өте ұсақ бөлшектерін айыра алу қабілетін көру өткірлігі деп атайды. Оны әріптер мен циферлер ал мектеп жасына дейінгі балалар үшін шамасы жоғарыдан төмен қарай кішірейе беретін әртүрлі заттар бейнеленген таблицаның жәрдемімен анықтайды. Олар 10-12 қатар құрайды. Адам көзінің өткірлігін анықтау үшін таблицаны бес метр қашықтықта іліп, әріптерді атауды ұсынады. Алдымен оң көздің, одан соң, керісінше сол көздің көру өткірлігін анықтайды. Егер таблицаның ең соңғы жолы оқылатын болса, онда көру өткірлігі бірге тең болады. Төмен қарай ауысқанда әрбір келесі жолды шығару көру өткірлігі 0, 1 кемитігін білдіреді.
Бинопулярлық көру. Затты екі көзбен қарап қабылдаудан ғана қалыпты әрі толық көру түйсігі пайда болады. Бұнда екі торлы қабықтың да бейне түсетін нүктелері бірдей дәрежеде тітіркенеді, ал оларда пайда болған импульстер ми қыртысының тиісті учаскісіне беріледі, бұл жерде анализ және синтез жолымен заттың екі көз ішіндебірдей денесі шығады,
Егер заттың денесі әрбір көздегі торлы қабықтын әртүрлі жеріне тсетін болса зат қосарланып көрінеді. Бұл ми қыртысының тиісті учаскісіне беріледі. Затты екі көзбен бірдей анықтап қарау сәтінде көз алмасын бүйшр жағынан қолмен ептеп басу арқылы осындай қос бейнені көруге болады.
5. 2 Кеңістікте көру. Көз алмасының әртүрлі бағытта еркін қимылдауы көзден әртурлі қашықтағы заттардың айқын бейнесін көруге мүмкіндік береді.
Көз алмасы қимылының көлемі заттың шамасы, формасы және бедері туралы сондай ақ егер қарайтын зат көру алаңында қозғалатын болса, оның жылдамдығы мен бағыты туралы ой топшылауға мүмкіндік береді. Мұнда көздің аккомадациясы айрықша рөл атқарады
Егер екі көзде өзінің құрылысы бойынша ғана емес, сондай ақ функциясы жөнінен де өзара ұқсас болса, яғни олардың көру осьтері қарайтын затты түйшсетін болса, заттың бейнесі барынша жақсы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz