Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Международный казахско-турецкий университет им. Ходжи Ахмеда Ясави ...

БӨЖ

Пән: Ясауитану

Тақырыбы: «Диуани Хикметтегі пайғамбар туралы хикметтер».

Қабылдаған: Бейсенов Айбек

Орындаған: Мәлік Ақтоты

Тобы: ЭЭМ-111

Кіріспе . . . 3

1. Қожа Ахмет Яссауи . . . 4

Даналық кітабы . . . 6

Қорытынды . . . 9

Пайдаланылған әдебиет . . . 10

Кіріспе

Қожа Ахмет Яссауи (1093 ж. ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) - 1166 ж. Түркістан (Иасы) ) - түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

Негігізгі бөлім
https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-11/1478327523_d9dc98eb1dd5ae7ba0a9afb6572859dd.jpg Қожа Ахмет Яссауи - түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі - Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана) . Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар - медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахмет тің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді.

Яссауи дың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Яссауи дың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Яссауидың алғашқы шәкірті - Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі - Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”) . Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Яссауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Яссауидың шәкірттері саналады. А. Беннигсон Қожа Ахмет Яссауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Яссауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Яссауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді.

“Диуани хикмат” ( “Даналық кітабы” ) - түркі тілді халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А. Қ. Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі ұлан-ғайыр өлкеде көшіп-қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті болатындай ауыз-екі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.

Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сақталмаған. Ең ескі

нұсқасы XV -ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887 және 1901 ж. ), Стамбул ( 1901 ж. ), Ташкент (1902 және 1911 ж. ) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.

Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болвп табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.

Түркия ғалымы М. Ф. Кепрюлю-заде Ахмеи Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт-бағдарын тұңғыш рет әдабиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.

Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Яссауи жырларының осы басылымые негізге алып жүр.

Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А. К. Боровков, Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерленріне тигізген әсері зор болғаны ерекше атап көрсетті.

Сондай-ақ Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рустамов, Н. М. Маллаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.

“ Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: “шариғат”- ислам заңдары мен әдет-ғұрыпының жинағы, “тариқат”- сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”- дін жолын танып, білу; “хақиқат”-құдай және оған жақындау. Ахмет Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз”, “тариқат”, “тариқатсыз”, “маьрифат”, “маьрифатсыз”, “хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

Түркі халқы ислам діні мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы көк Тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінен, өнерінен, жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айырыла бастаған еді. Сонымен бірге, араб-парсы тілдері мен исламның оқу-білімі бұқара халыққа көпке дейтін жат көрініп, түсініксіз болып келеді.

Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өлең құрылысы жағынан көне түркі поэзиясының табиғатына жақын етіп жазылған, әрі оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген Ахмет Яссауи жырлары жергілікті халықты рухани өмірінде зор роль атқарды. Ақынның Даналық кітабы атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымының философиялық ой-пікірлермен танысты.

Рас, әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмет Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрект жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген такаппар жандарды әшкерлеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:

Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,

Құлдық қылып, ғазиз жанды еткен құрбан.

Тағам тапсаң, шын пейілмен күткен мейман,

Халықтан естіп бұл сөздерді айттым, міне…

Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,

Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.

Ей, бейхабар, болиа күмән, сені асырар.

Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны…

Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,

Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұрар.

Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,

Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер…

… Алла дадын айта алмай, өліп кетсем,

Ессіз өмірім арманда өтер достар…

… Хақиқат дариясынан ішкен кісі,

Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты…

… Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпендер,

Тозақта жүз мың азап тартар достар…

Әділетсіз залым патша болғаны-ай,

Ордасына өңшең қудың толғаны-ай.

Бірін-бірі жиналысып, қолпаштап,

Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай…

Сонымен, бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын Ахмет Яссауидің ғажайып жырларын оқып-үйренуге, зерттеуге, жариялауға біздің еліміздің соңғы кезге дейін тиым салынып келгені мәлім. Тек елімізде қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана Ахмет Яссауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу, тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады.

Бұған 1990 жылы қазан айының 23-27 жұлджызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша “Яссауи әлемі” деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгрестің материалдары толық дәлел. Ахмет Яссауи мұрасын танып-білу, оны қоғам игіліне пайдалану қажеттігі осы халықаралық маслихатта ерекше атап көрсетілді.

Есімдері әлемге машһур Сағди, Хафиз, Жәми, Низами, Руми сияқты шайырлар кезінде сопылық ағымының ұтымды сарындарын пайдалана отырып, гуманистік идеяға құрылған жыр-дастандар жазғаны мәлім. Түркі тілінде сопылық-мистикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Яссауи хикметтерінің әлеуметтік астары тереңде жатқаныа аңғару қиын емес. Мәселен, ақын жалған ғалымдар мен жағымпаз жандарды өлтіре сынайды:

Білгірі заман ақыр залым болды,

Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды,

Сойқанды елге ашық айта алмаудан

Ішіме менің дертті жалын толды.

Ахмет Яссауи өзінің ұзақ жылғы өмір жолын түйіндей келіп бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:

Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,

Ақиқатты ары таза сүйе біл.

Дүниеқорлық кетсін бықсып өзімен

Халық қана дүниеге ие бұл.

Сөйтіп, Ахмет Яссауи тек дін насихатшы ғана емес, сонымен бірге, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын.

Белгілі әдебиет зерттеушісі Р. Бердібаев қазақ көркем сөз өнері мен Ахмет Яссауи поэзиясы арасындағы дәстүр жалғастығы туралы айта келіп, “түркі әдебиетінде жиі ұщырайтын “иман нұры”, “заһар көзі”, “сырдың көзі”, “тариғаттың ләззаты”, “махаббат майданы”, “маьрифат бостандығы”, “хақиқат дариясы”, “ғашықтың дерті”, “махаббат бостандығы”, “гүл шарабы”, “көңіл кәбәбі”, “Дәрислам сарайы”, “ақиреттің азығы”, “шариғаттың көйлегі”, “ғашық дүкені”, “мехнаттың дариясы”, “дүрдің кені”, “жанның дауасы”, “шайтан жолы”, “нәпсі шайтан”

тәрізді бейнелік қатарлар бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүр айдынына апарaды”, -деп жазды.

Ахмет Яссауи жырлары тек қазақ елінде ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мұра екені мәлім. Арада сан ғасырлар өтсе өзінің мән-мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бұл ғажайып хиқмат-жырлар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде өмір сүре беретіні даусыз.

Ахмет Яссауидің сопылық-мистикалық сарындағы ой-пікірлері оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хиқат-жырлар жазғаны мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы
Діни туризм (2 нұсақасы)
Қожа Ахмет Яссауи жайлы
Діни туризм
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Арыстан баб
Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz