Оба тектес қоздырғышы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
ЦМК №9 төрағасы Әдіскер
Байбулатова С. А. Исимова ЖТ. .
«___»2017 ж. «___»2017 ж.
0302000 «Медбикелік іс» мамандығы
0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша
«Микробиология және вирусология» пәнінен
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қаралды:
ӘКЦ отырысында
Хаттама №
«___»20__ж
Әзірлеген оқытушы: Аменова М. М.
Орал қаласы, 2017 ж
ОӘК құрылымы
ОӘК мазмұны:
-тақырыпты меңгеру мақсаттары мен міндеттері
-тақырып сұрақтарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
-тақырып көлемі, жұмыс бағдарламасынан көшірме
-тақырып көлемі, оқу ісінің тақырыбы және түрі бойынша сағаттар бөлу
-тақырыптың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі (әдебиет: негізгі және қосымша)
-тақырыптың материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етілуі /оқу процесінде/
-пайдаланатын қажет оқыту құралдарының тізбесі және оларды қолдану тәсілдері
Ақпараттық блок:
-дәріс конспектісі
-тақырып бойынша сұрақтар тізбесі
-тақырып бойынша тәжірибелік дағдылар тізбесі (нені білу және үйрену керек)
Оқушылардың өз бетімен жұмысы:
-сабақ жоспарлары (технологиялық карталар)
Пәнді меңгеру бойынша оқушыларға арналған әдістемелік ұсынымдар оқу ісінің түрлі сипатын және оқытудың ұсынылатын тәртібін ашады.
Өз бетімен жұмыс бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құрал. (Пәнді меңгеру үшін қажет уақытты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ұсынымдар, әдебиеттер және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар) .
Бақылаушы блок:
-бақылауды іске асыру бойынша материалдарға мыналар кіреді:
а) тақырып бойынша тесттілік бақылау
б) бақылаушы тарату материалдары (есептер, тапсырмалар, іс-әрекет стандарттары, графологиялық құрылымдар)
Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- Б. А. Рамазанұлы, Қ. Құдайбергенұлы «Жеке бактериология» Алматы 2010 ж.
2. А. Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Оқу жұмыс бағдарламасынан көшірме:
3. 2. Тақырыптық жоспар
Күндізгі оқу формасындағы оқу уақыты (сағ. )
Бекітілген денгей
Мамандық:
«Медбикелік іс»
Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Кіріспе
Микробиология пәнін оқытудың мақсаты - медбикелерге жалпы құрылым заңдылықтарының қалыптасуын, жер биосферасында әр сыныптағы микроорганизмдердің таралуын және тіршілік етуін түсіндіру; микроорганизмдердің патогенділігі туралы және жұқпалы аурулар туындаған жағдайда оны нақты жүзеге асыра алуы; жұқпа процесі дамыған жағдайда және иммунопатологиялық жағдай туындағанда макроорганизм жағдайында иммунитет туралы білуі; сонымен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін және арнайы емін қамтамасыз ететін дәрілер туралы жалпы түсінік беру.
Пәнді оқытудың міндеттері: Оқуды дұрыс ұйымдастыру қажет, біріншіден, жалпы биологиялық және клиникалық ойлауды қалыптастыруға себепші болатындай, екіншіден, келесі пәндерді оқытудың базасына қызмет ететіндей.Бөлім ?
11-бөлім. Ауа тамшы жұқпаларының қоздырғыштары.
Оқу ақпараты:
Құрөзек коринебактериялары: морфологиясы, тинкториалдық, дақылдық қасиетітері. Құөзек қоздырушының патогенді факторлары және оның сыртқы ортадағы резистенттілігі. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Құрөзектің негізгі клиникалық белгілері. Патогенезі және иммунитеті. Құрөзектің зерханалық диагностикасы. Арнайы профилактикасы. Күкірт және химиотерапия.
Көк жөтелдің бордетеласы және паракөк жөтел: морфологиялық, тинкториалдық және дақылдық қасиеттері. Көкжөтел қоздырғышының патогенділік факторлары және оның сыртқы ортадағы резистенттілігі. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Көк жөтелдің клиникалық белгілері. Патогенезі, иммунитеті. Көк жөтелдің зертханалық диагностикасы. Арнайы профилактикасы және емі.
12-бөлім. Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары
Оқу ақпараты:
Газды гангренаның клостридиялары (негізгі өкілдері) . Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Газды гангренаның қоздырғыштарының дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Ауру қоздырғыштарының патогенезі, экологиясы, эпидемиологиясының ерекшеліктері. Аурудың диагностикасы. Диагностикалық, алдын алу және емдеу препараттары.
Сіреспе клостридиялары. Сіреспенің қоздырғышының сипаттамасы (морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері, сыртқы ортадағы тұрақтылығы) және аурудың диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
Ботулизм клостридиялары: морфологиясы, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Негізгі вируленттілік факторлары. Эпидемиологиясы және клиникасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
Спора түзбейтін анаэробты бактериялар (клостридиальды емес) . Сипаттамасы және зертханалық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
13-бөлім. Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.
Оқу ақпараты:
Оба иерсиниялары: оба қоздырғышының морфологиялық, тинкториалдық және дақылдық ерекшеліктері. Вируленттілік факторлары, эпидемиологиясы және патогенезі. Зертханалық диагностикалық ерекшеліктері. Аурудың арнайы алдын алу жне емдеу препараттары. Алдын алу шаралары.
Туляремия франсиселлалары. Биологиялық қасиеттері, патогенезі, экологиясы, жұқпаның ерекшеліктері және эпидемиологиясы. Туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу және емдеу препараттары.
Бруцеллалар. Морфологиясы және биологиялық қасиеттері. Дақылдануы және токсин түзуі. Жұғу механизмі. Бруцеллездің патогенезі. Зертханалық диагностикалық әдістері. Арнайы терапиясы және алдын алуы.
Сібір жарасының бациллалары. Морфологиялық, дақылдық және тинкториалдық қасиеттері. Патогендік факторлары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникасы. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеу және алдын-алу.
14-бөлім. Венерологиялық және урогенитальдық жұқпа қоздырғыштары. Бактериальды трансмессивті жұқпа қоздырғышы.
Оқу ақпараты:
Патогенді спирохеталар: мерез қоздырғышы, қайталанбалы сүзек қоздырғышы (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз қоздырғышы. Мерез қоздырғышының сипаттамасы, қайталанба сүзек (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз: таксономиялық орны, морфологиялық, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Мерез, қайталанбалы сүзек және лептоспироз кезіндегі жұқпаның көзі және жұғу тәсілдері. Жоғарыда айтылған жұқпалардың патогенезі және клиникалық белгілері. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Алдын алу және емдеу препараттары.
Патогенді риккетсиялар. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің қоздырғыштары: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің зертханалық диагностикалық тәсілдері. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегін емдеу және алдын-алу. КУ-қызбасының қоздырғышы: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. КУ- қызбасының эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі. КУ- қызбасының алдын-алу, емдеу және зертханалық диагностикалық тәсілдері.
15-бөлім. Вирустық жұқпа қоздырғыштары.
Оқу ақпараты:
Жалпы сипаттама. Вирустардың номенкластурасы және жіктеу принциптері. Дақылдандыру. Вирустық жұқпалардағы иммунитет ерекшеліктері.
РНҚ- геномды вирустар. Ортомиковирустар. Тұмау вирусы. Тұмау қоздырғышының сипаттамасы. Тұмау көзі және жұғу жолдары. Тұмаудың патогенезі және клиникалық белгілері. Тұмаудың қоздырғышын дақылдандыру тәсілдері. Емдеу және алдын алу препараттары.
Рабдовирустар. Құтыру вирусының қоздырғышы. Құтыру вирусының қоздырғышының сипаттамасы. Сыртқы ортада резистенттілігі. Қоздырғышты дақылдандыру тәсілдері. Құтыру вирусының эпидемиологиясы: вирустың табиғаттағы көздер, ауру көзі және жұғу механизмдері. Аурудың патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностика тәсілдері. Құтыру вирусын арнайы профилактикасы және емі. Құтыру вирусын алдын алудың жалпы ерекшеліктері .
Пикорнавирустар. Сал вирусы. Сал вирусының жіктелуі. Сол биологиялық қасиеттері . Салдың эпидемиологиясы (ауру көзі және жұғу жолы мен механизмі) . Салдың патогенезі және клиникасы. Сал кезіндегі иммунитет. Салдың зертханалық диагностикасы: қолданылатын клиникалық материал; дақылдандыру тәсілдері. Салды емдеу және алдын-алу.
Қызылша вирусы. Қызылша вирусының сипаттамасы. Қызылшаның эпидемиологиясы: ауру көзі, жұғу жолдары. Патогенезі және аурудың клиникасы. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Емі, қызылшаның арнайы алдын алу шаралары.
А гепатит вирусы, Е және С гепатиті. А гепатитінің морфологиясы және биологиялық қасиеттері. А гепатитінің эпидемиологиясы (ауру көзі және берілу жолы мен механизмі) . А гепатитінің диагностикасы және алдын алуы. А гепатитінің зертханалық диагностикасы: клиникалық материалы; дақылдандыру әдістері. А гепатитін емдеу және алдын алу.
Г гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және Вирусты Е зертханалық диагностикалау принциптері. С гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және зертханалық диагностикалау принциптері. В гепатит вирусының таксономиясы және морфологиясы. В гепатитінің қоздырғышының антигендік құрылымы. Сыртқы ортада резистенттілігі және дақылдандыру тәсілі. В гепатитінің ошағы және берілу түрлері. Жұқпаның клиникасы және патогенезінің ерекшеліктері. В гепатитінің зертханалық диагностикасының негізгі сипаттамалары. Жұқпаны алдын алу және емдеу препараттары.
Адамның иммунды тапшылық вирусы. АИВ антигендік құрылымының ерекшеліктері, морфологиясы. АИВ жұқпасының эпидемиологиясы. Дүниежүзінде АИВ жұқпасымен аурушылдық. АИВ-ке неғұрлым сезімтал ағза жасушалары, ауруға патогенезі. АИВ жұқпасына неғұрлым нақты сипаттама беру әдістері. ЖИТС-пен ауруларды емдеудегі негізгі принциптер. Емдеуге арналған негізгі химиопрепараттар ЖИТС-тің имунопрофилактикасы.
Онкогенді вирустар. Онкогенді вирустардың биологиялық қасиеттері. Вирустық және жасушалық онкогендер және антионкогендер. Адамның қатерлі ісігінің патогенезіндегі онкогенді вирустардың рөлі.
Баяу вирусты жұқпалардың қоздырғыштары. Прионды жұқпалар. Адамдағы прионды аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктері. Прионды жұқпаны алдын алу шаралары.
Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы:
Біледі: бактериологиялық және вирусологиялық зертханаларда жұмыс істеу ережелерін, дезинфекциялық режимді сақтау ережелерін, микроскоптық зерттеу техникасын, жұқпалы аурулардың ерекшеліктерін, иммунды алдын алу шараларын, иммунды терапияны жүргізуді.
Істей біледі: зерттеуге материалды алу, материалды қоректік орталарға егу, таза өсіндісін бөліп алу, микроорганизмдердің сезімталдығын анықтайды.
- Негізгі және қосымша әдебиеттер.
- Б. А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
- А. Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Ақпараттық блок
1-тақырып: Ауа-тамшы жұқпа қоздырғыштары
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі: Қоздырғыштардың биологиялық ерекшелігін, зертханалық диагностикалау принциптерін түсіндіру.
Дамытушылығы: Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың) :түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1. Мемлекеттік стандартты плакаттар
2. Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3. Әдебиеттер:
Б. А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А. Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары) :
1. Бордетеллалар.
2. Көкжөтел және болжам көкжөтел қоздырғыштары.
3. Күл қоздырғышы
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
Бұл аурулардың қоздырғыштары BordeteIIa туыстығына жатады.
1. BordeteIIa pertussis-көкжөтел қоздырғышы, 1906 жылы Борде және Жангу сипаттаған.
2. BordeteIIa parapertussis-болжамкөкжөтел қоздырғышы, 1937 жылы Элдеринг және Кондрик тапқан.
3. BordeteIIa bronchiseptica-жануарларда ауру тудырады. Адам ағзасында бронхопневмонияға ұқсас ауру тудыруы мүмкін. 1926 жылы Браун тапқан.
Морфологиясы. Өте ұсақ, сопақша келген таяқшалар. Болжамкөкжөтел таяқшасы-ірілеу. Споралары жоқ. Қозғалмайды. Капсула түзеді. Грам - боялады.
Культуралдық қасиеттері. Аэробтар. Қоректік ортаға талғампаз микробтар.
Элективті орталары:
- 1. Борде-Жангу- қан қосылған глицеринді-картоп агары.
- 2. ККА (КУА) -казеинді көмірлі агар.
Басқа микрофлоралардың өсуіне жол бермеу мақсатында пенициллин немесе метициллин қосылады. Өсу температурасы 35 0 -37 0 С градус, рН 6, 8-7, 4. Микроб ылғалдылықты талап етеді.
Өсу мерзімдері:
- 1. BordeteIIa pertussis-48-72 сағат
- 2. BordeteIIa parapertussis-24-48 сағат
ККАортасында: BordeteIIa pertussis- ұсақ колониялар;
BordeteIIa parapertussis- ірілеу колониялар түзеді.
Екі қоздырғыштың да колониялары:
-жылтыр, сұр түсті (сынаптың тамшысы тәрізді) колонияны тұзақпен алғанда орнында созылмалы қаймақ тәрізді із қалдырады.
Стеремомикроскоппен колонияны зерттегенде жарық конусын көруге болады, яғни колония өзінен көленқе түсіріп тұрады, егер жарық көзі орнын өзгертсе онда көлеңке өз орнын өзгертеді.
Осы жарық конусының-диагностикалық маңызы бар. Сұйық ортада микробтардың екеуі де-бірқалыпты лай және тұнба түзеді. Қанды агарда-гемолиз түзеді. Жас дақылдары S-формалы колониялар түзеді.
Ферментативтік қасиеттері. Көкжөтел микробы- көмірсуарды да, ақуыздарды да ыдыратпайды.
Көкжөтел микробы- көмірсуларды да, ақуыздарды да ыдыратпайды.
Болжамкөкжөтел микробы- уреаза және тирозиназа ферменттерін түзеді.
Екі қоздырғышқа тән патогенді ферменттері:
- гиалуронидаза
- плазмокоагулаза
- лецитиназа
Токсин түзуі. Көкжөтел қоздырғышының ақуыздан тұратын 4 токсині бар:
1. Термолабильді дермонекроздық токсин
2. Термостабильді эндотоксин
3. Лейкоцитозды жеделдетуші фактор
4. Гистаминді сенсибилизациялаушы фактор тышқанға енгізу арқылы, олардың гистаминге сезімталдығының жоғарылауын байқаған.
Жоғарыда көрсетілген тек екі токсин ғана болжамкөкжөтелге тән.
Антигендік құрылысы. Өте күрделі. Лабораториялық диагностика үшін ең маңызды антигендер-агглютиногендер.
Туыстық агглютиноген-7
Түрлік агглютиноген:
- көкжөтелде-1
- болжамкөкжөтелде-14
- бронхосептикада-12
Түрлерді дифференциялау үшін 1, 14, 12 моноспецификалық сары сулар қолданылады. Серологиялық варианттарын анықтайтын басқа агглютиногендер де бар.
Қоршаған ортада төзімділігі. Бұл қоздырғыштардың төзімділігі төмен. 56 градус С-да 20-30 минутта жойылады. Төмен температураларға шыдамсыз. Тіке түскен күн сәулесі және ультракүлгін сәулелер бірнеше минутта жояды. Құрғақ қақырықта бірнеше сағат тіршілік етеді. Дез. ерітінділер тез арада әсер етеді. Антибиотиктерге сезімталдықтары төмен.
Екі қоздырғышта пенициллинге мүлдем сезімтал емес.
Жануарлардың сезімталдығы. Табиғи жағдайда жануарлар сезімтал емес. Экспериментальді жағдайда-тышқан, иттер сезімтал келеді.
Инфекция көзі -ауру адам.
Таралу жолы -ауа-тамшысы арқылы.
Патогенез. Жедел ауру тудыратын қоздырғыштар. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатына еніп, өсіп, көбейіп, бір бөлігі ыдырайды. Ыдырау кезінде бөлінген токсин орталық нерв жүйесіне әсер етеді, оның шырышты қабатының нерв рецепторларын тітіркендіріп-жөтел пайда болады.
Ауру 3 кезеңнен тұрады:
- Катаралдық
- Спазматикалық
- Құбылыстың тоқтауы.
Иммунитет. Гуморальдық, клеткалық факторлары бар тұрақты иммунитет қалыптасады.
Алдын-алу. Ауруды табу және оқшаулау. Әлсіз балаларға иммуноглобулин егу.
Арнайы алдын алу. АКДС вакцинасын 3 рет 6 айға толғанға дейін нәрестелерге егеді, содан соң ревакцинация.
Емдеу. Аурудың алғашқы кезенінде-иммуноглобулин (көкжөтелге қарсы) .
Антибиотиктер қолдану.
3. Күл-Corynebacterium diphtheriа туғызатын антропонозды, ауа-тамшылы арқылы токсинемиялық жұқпалы ауру, ол көмей, жұтқыншақ, кеңірдек т. б. мүшелерде фибринозды қабынумен және ағзаның жалпы интоксикациясымен сипатталады. Аурудың аталуы грек сөзінен diphtheriа-үлбір, қабықша, тері деген мағынаны білдіреді. Ол аурудың клиникалық белгілерімен байланысты.
Ең алғаш 1883 жылы Т. Клебс тапқан болса, таза дақыл бөліп алған Ф. Леффлер. Бұл микроб коринебактериялар тұқымдастығына жатады.
Таксономиясы. Corynebacterium diphtheriа Firmicutes бөліміне, Corynebacterium туыстастығына жатады. Микробтың аты морфологиялық ерекшелігіне байлынсты, грек сөзі koryne-түйреуіш, bacteria-таяқша деген мағынаны білдіреді.
Морфологиясы. Күл қоздырғышы жіңішке, сәл иілген, ұштары жуан келген таяқшалар. Қалың ұштарында волютин дәндері бар, оларды Бабеш-Эрнест дәндері деп атайды. Қозғалмайды. Спора, капсула түзбейді. Грам + боялады. Анилин бояуларын әсіресе волютин дәндері жақсы сіңіреді. Жағынды препаратта көбіне екі-екіден орналасады, олар рим саны V тәрізді болып жатады. Микробтың орналасуы мен волютин дәндерінің болуы-оның диагностикалық қасиеті болып саналады. Кейде дифтерия таяқшалары полиморфты, яғни ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, тік иілген болып келеді.
Дақылдануы. Күл қоздырғышы факультативті анаэробтар. Өсу температурасы 37 0 С градус, рН 7, 6, арнайы қоректік орталарда өседі (көбіне элективті орталарда: Ру, Леффлер қоректік ортасы, ұйытылған сарысу, Бучин-хинозольді ортасы, Тинсдаль цистин-теллурит-сарысу ортасы ) .
Калий теллуриті мен қаннан тұратын Клауберг ортасында үш типті колониялар өседі: ірі, сұр, шеттері түзу емес, радиалды сызылған, дәстүргүл тәрізді, ұсақ, қара , шығыңқы, шеттері біркелкі , екі типке де ұқсайтын колониялар.
Дақылдық және ферменттік қасиетіне байланысты Corynebacterium diphtheriа-ның 3 биологиялық варианты бар: gravis, mitis, intermedius.
Токсин түзуі. Дифтерия қоздырғышы экзотоксин түзеді.
Төзімділігі. Қоршаған ортаның әсеріне тұрақты. 60 0 С 10-15 минут. 100 0 С градус 1 минут аралығында жансызданады. Ұйытылған сары суда екі айға дейін сақталады. Төмен температураға, кебуге шыдамды. Фенол, сулема, 10% қаныққан сутек ерітіндісінде бірнеше минутта жансызданады.
Жануарлардың сезімталдығы. Табиғи жағдайда жануарлар ауырмайды. Тәжірибелік жануарларға жұқтырады.
Инфекция көзі. Ауру адам және микробтасымалдаушы.
Таралу жолдары.
- 1. Ауа арқылы
- 2. Тұрмыстық-қатынас арқылы (ыдыс, ойыншықтар) .
Адамдарда тудыратын аурулар:
- 1. Таңдай дифтериясы.
- 2. Мұрын дифтериясы.
Сирек кездесетіндер:
- 1. Көз дифтериясы
- 2. Құлақ дифтериясы
- 3. Тері дифтериясы
Иммунитеті.
- 1. Антитоксиндік
- 2. Антибактериялық
Алдын-алу. Ауру адамдарды оқшаулау. Ерте диагностика жасау. Зарарсыздандыру тәртібін сақтау.
Арнайы алдын алу. Анатоксин қолдану. АКДС вакцинасын қолдану.
Емдеу. Емдеудің негізгі әдісі-дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысуды жедел енгізу. Дифтерияға қарсы антитоксиндік жылқының тазартылған сұйық сарысуы қолданылады. Ауру басталған соң (3 тәуліктен кейін) антитоксиндік сарысу енгізілмейді. Дифтерияға қарсы адамның иммунды глобулинді қолданылады. Сонымен қатар антибиотиктермен емдеу жүргізеді (пенициллин, эритромицин немесе макролидтер және басқа бетта-лактамды антибиотиктер) .
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
- Тұқымдастықты неге бордетеллалар деп атады?
- Бордетеллалардың морфологиясы, культуралдық қасиеттері қандай?
- Бордетеллалардың ферментативтік белсенділіктері қандай?
- Көкжөтел мен болжам көкжөтелдің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?
- Бордетеллалар қандай элективті орталарда өседі?
- Көкжөтел қоздырғышы қандай токсин түзеді?
- Бордетеллалардың антигендік құрылысы қандай?
- Бордетелалардың инфекция көзі, таралу жолдары, иммунитеті, алдын алуы қандай?
- Күл қоздырғышын тапқан кім?
- Коринебактериялар деп неге атайды?
- Дифтерия деген сөз қандай мағынада айтылады?
- Күл қоздырғышының морфологиясы мен дақылдану қасиеттері қандай?
- Күл қоздырғышының қандай биоварианттарын білесіз?
- Дифтерия қоздырғышы қандай токсин түзеді?
- Дифтерия қоздырғышының инфекция көзі, таралу жолдары қандай?
- Күл қоздырғышының қоршаған ортада төзімділігі қандай?
- Дифтерия қоздырғышының алдын алуы, емдеуі қандай?
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі: Қоздырғыштардың биологиялық ерекшелігін, зертханалық диагностикалау принциптерін түсіндіру.
Дамытушылығы: Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Білім алушыларды жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың) :түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1. Мемлекеттік стандартты плакаттар
2. Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3. Әдебиеттер:
Б. А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А. Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары) :
1. Сіреспе.
2. Газды гангрена.
3. Ботулизм
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz