Ұлттық банкі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

2 МОДУЛЬ. ҚАРЖЫ РЫНОГЫ

ТАҚЫРЫП-6. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Негізгі ұғымдар :

  • Ақша-кредит саясаты
  • Ұлттық банкі

Мазмұны :

6. 1 Ақша-кредит саясатының мәні мен маңызы

6. 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

Ақша-кредит саясаты дегеніміз не?

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты - бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикадағы ақша құнын реттеуге бағытталған шаралар кешені. Орташа мерзімді перспективада инфляцияның тұрақты деңгейіне қол жеткізу тұрақты экономикалық өсудің негізін қалаушы факторы болып табылады.

АКС-тің негізгі мақсаты

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының мақсаты инфляцияны белгіленген бағдарларға сәйкес ұстау болып табылады. 2019-2021 жылдарға арналған инфляция бойынша нысаналы бағдар 4-6% шегінде дәліз түрінде белгіленген.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын жəне жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие

саясатының екі типі болады:

1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге жəне қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың əлсіздігімен жəне сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету жəне теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сəйкес Ұлттық мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;

• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу жəне сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

банктерге жəне үкіметке несиелер беру;

валюталық нарықта интервенциялау ;

• кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк ақша-несие саясатының бағыттарын бір жылға анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тəжірибесіне көшті жəне əр жыл өткен сайын өзгерістерді ескеріп, оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге түзетулер енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді жəне сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенемін қамтамасыз етеді. Басқа елдердің тəжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тəуелсіздігі,

Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сқатауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының əрі қарай дамуына жəне банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін əрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

Қазақстанның Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, пайдасы

Қазақстанның Ұлттық банкі бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың ролі мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Қазақстанның Ұлттық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқру құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Ұлттық банкіне кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық банкі мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Қазақстанның Ұлттық банкі тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Қазақстанның Ұлттық банкі ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Тәжірибеде жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк-ақша резервтетінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банктің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар.

  • оның капиталының қалыптасуы 100 пайыз мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым ( мемлекеттің қатсыуымен немесе қатысуынсыз) ;
  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкке тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қарлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен манеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • Банктік және басқа неиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкиялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуесіз балансын жасау;
  • Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
  • Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай кызметтер мен операцияларды орындайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
Өзбекстан ұлттық банкі даму тарихі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz