Дөңгелек пішінді агрегаттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №5.Топырақтың минерологиялық құрамы.
Жоспар:
Топырақтың минерологиялық құрамының қалыптасуы
Алғашқы және екінші минералдар, олардың маңызы.

Тірек сөздер: агрегаттар, негізгі жыныстары, климат, минерал,кристалдық заттар.
1. Топырақтың минерологиялық құрамының қалыптасуы.Топырақ минералардының тегін, құрамы мен қасиеттерін терең ұғыну үшін, топырақтың минералдық құрамы зерттеуге зор үлес қосқан орыс ғалымдары К.Д Глинка мен Б.Б Полыновтың және неміс ғалымы Х. Гарасцовицтің ғылыми еңбектерімен танысу керек. Жалпы табиғи химиялық қосылымдар саналатын минералдарды және олардың құрамын, қасиетін, түзілуін, құрлыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын геологияның ежелгі саласы минералогия ғылымы зерттейді. Қазіргі топырақтың қатты бөлігінің 90-95 пайызын минералдық заттар құрайды. Сондықтан да топырақтың массасына кіретін минералдардың айырмашылығына байланысты бөлінетін төменгі екі тобын ажырата білу қажет.
Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын,
өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар.
Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де кездеседі.
Минерал деген термин латын тілінде "минера" -- руда деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минералдардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде (көмір қышқыл газы) болады. Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше "аморфос" -- пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.
Кристалдық заттар (аморфтық заттармен салыстырғанда) өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын бөлшектер (иондар, атомдар) белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір ретпен орналасып өзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді (ішкі кристалло-химиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты). Ал аморфты заттарды құрайтын бөлшектер ретсіз орналаскан. Сондықтан олардың өзіндік пішіні болмайды. Мұндай заттардың қай бағытын алсаңызда, барлық жақтарында олардың физикалық қасиеттері бірдей болады. Осындай заттар изотропты (біркелкі қасиетті) заттар (шыны, қатайған желім, кейбір қорытпалар) деп аталады. Әрбір жеке бағытта физикалық қасиеттері әр түрлі болып келетін заттарды анизотроптық заттар деп атайды. Мұндай қасиет барлық кристалдарға тән ортақ қасиет болып саналады. Кристалдардың анизотропты қасиеті әр түрлі оптикалық, техникалық құралдар жасауда пайдаланылады.

Опал

Кварц

Агат опал
Минералдар көпшілік жағдайда кристалдық агрегаттар түрінде жиірек, ал көп жақты болып жақсы жетілген жеке кристалдар түрінде сирек кездеседі. Олар тау жыныстарының әр түрлі жарықтары мен жарықшақтарында және сол секілді тау үңгірлері мен қуыстарында өсіп жетіледі.
Кристалдардың сыртқы пішіндері минералдың ішкі кристалло-химиялық құрылыс ерекшеліктері мен химиялық құрамына қарай қалыптасады. Кейбір кристалдардың барлық жақтары бірдей болып, изометриялық пішінде кездеседі (мысалы, куб және т. б.). Ал басқа бір кристалдар бір бағытта ғана ұзынша созылып қалыптасса, үшінші бір жағдайда олар екі бағытта да созылып өзіндік пішінге ие болады. Кристалдардың сыртқы пішіні минералдарды анықтауда пайдаланылады. Кристалдар жан-жағынан әр түрлі жазықтықтармен шектеледі. Олар кристалдың жақтары деп аталады.
Жақтардың өзара қиылысқан сызықтарын кристалдың қырлары деп атайды. Ал қырлардың қиылысу нүктелері кристалдың ұштарын кұрайды. Мысалы, куб пішінді кристалдың 6 жағы, 12 қыры және 8 ұшы (бұрыштық төбесі) болады. Сонымен, кристалдардың табиғи жағдайда пайда болуын, өсіп-даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым кристаллография деп аталады. Оны минералогиянның негізгі бір саласы десек те болады.
2.Минералдық агрегаттар ішіндегі ең көп тараған түрлері мыналар:
1. Түйіршікті агрегаттар -- минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық магмадан минералдық көп түйіршіктердін, бір мезгілде кристалданып, қалыптасуына байланысты құралады. Бірақ кристалдардың қатаюы кезінде олар бір-біріне кедергі келтіріп, жетілген кристалдық пішіндер құрай алмайды.Кристалдық түйіршіктердің азды-көпті жетілген пішіндерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі агрегаттық пішіндер қалыптасады: а) изометриялық түйіршіктерден құралған агрегаттар; б) жапырақ пішінді немесе қабыршақтардан құралған агрегаттар; в) ине (немесе қылтанақ) тәрізді агрегаттар және т.б. исландиялық шпат

Доломит

арагонит,

Магнезит

сидерит, малахит
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минералдар
Жер қыртысының минералогиялық құрамы
Камаз автокөлігінің құрлысы
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Зил-53 автомобилі. Зил-53 автомобилінің алдыңғы осі
Илемдеу өндірісі
Машина бөлшектері
Алманың сұрыптары
Геология оқу - әдістемелік кешен
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштер
Пәндер