Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
Тақырыбы:
Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту

Баяндама тақырыбы: Диологтік оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Мақсаты: Оқыту мен оқу үдерісінде қазақ тілі сабағында оқушыларды диологтік оқыту арқылы оқу сауаттылығын дамытып, алған білімдерін өмірде пайдалана білетін, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
+ Оқу мен жазу сауаттылығын қалыптастыру
+ функционалдық және шығармашылық қабілетін арттыру;
+ сыни ойлауын дамыту;
+ оқу сауаттылығын;
+ топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
+ Тіл байлығын дамыту;
+ Оқыған кітаптарын, ертегілерін сахналату ;
+ Тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Өзектілігі: Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Күтілетін нәтиже:
Диологтік оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын, сауатты оқу мен жазуына дұрыс бағыт - бағдар бере отырып, шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашсақ, болашақта шығармашыл, көшбасшы, тіл байлығын дамыған тұлға қалыптасады;

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1.Диологтық оқыту деген не?
ІІ.2.Диологты оқытудың тиімділігі
ІІ.3.Диологтық оқыту арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру
ІІ.4.Диологтық оқыту арқылы оқу сауаттылығын арттырудағы тиімді әдістер.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер

Аннотация
Қазақ тілі сабағында оқушылардың диологтық оқыту арқылы оқу сауаттылығын дамыту үшін алған білім мен білік дағдыларын, өмірде қолдана білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқыту мен оқу іс-әркетінде тиімді әдіс-тәсілдерді терең меңгеріп, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, цифрлық сауаттылығы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, шығармашыл оқушы тәрбиелейтінін айтқан. Заманауи өзгерістерге бейім, ой-өрісі кең, қиындықтан жол таба білетін, сыни ойлай алатын, оқу сауаттылығы қалыптасқан тұлға қалыптастыру. Диологтық оқыту арқылы оқу сауаттылығы қалыптасқан, тіл байлығы дамыған, шешен сөйлей білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру керек екендігін өз жұмысында дәлелдеп жаза білген.

І. Кіріспе
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог -- ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті.
Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім - бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту, сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.

ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1.Диологтық оқыту деген не?
Диологтық оқыту модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер. т.б.
Сұрақ қою әдісінің негізгі мақсаты-бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Тақырыпқа сай кез-келген сұрақ қоя отырып, ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік-қарым қатынас орнатады. Жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауғасептігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатыуға мүмкіндік алады.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диологке қатысушылардың, сөйлеушінің әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнермен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы - айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу, шыдамдылық таныту жайында ой қозғауға жетелейді. Диологтық оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік- дамытушылық, әлеуметтік бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады. Белсенді әдістерді қолдану барысында орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйреті және үйрену, өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке баулу керек.
Өмірмен байланыстыру:
Үйрету және үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу үшін қарастыру. Диалогты оқытуды жақсарту үшін сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақ қою. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
ІІ.2.Диологты оқытудың тиімділігі
Мен өз тәжірибемде диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында сабақта өзімнің әдіс-тәсілдерімді заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудамын. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенушілік дамымаса, барша білім пайдасыз білім болып қалады; оқушыларымызды ойлануға ғана емес, сонымен бірге тілеп, қалауға да үйрету қажет. Сол себептен әр сабақта диалогтік оқытуды кірістіру керек. Диалог дегеніміз - өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалог бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуда ерекше қызмет атқарады. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Диологтік оқыту - мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Қaзақ тілі сабағында оқушылар постер мен диалогті оқытуды қолданады. Оның тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі. Сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысында мынадай ерекшеліктерді байқауға болады оқушыларымыз сол сабақты талдайды, шешіле сөйлейді, ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Білім беру мен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен байланысты. Осы жағдаяттарды ескере келе, әр сабақта диалогтік оқытудың маңызы оқушыларым үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады. Диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сыныпта өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырамын. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыстанғанда бірнеше оқушылар қамтылады, өз бетімен оқып түсінеді, бір-бірін қадағалап отырады.
Диалогтік оқыту арқылы мен:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырамын;
Оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтаймын;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;
Оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;
Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;
Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беремін.
Мәтін бойынша әрқайсысы жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар дайындап, қалаған оқушыға сұрақ қояды.
- оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу;
- сұрақ түрін айыра білу; - жоғары мәртебелі сұрақ қою;
- мәтінен ауытқымай сұрақ қоюға үйренеді.
ІІ.3.Диологтық оқыту арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыру
Диологтық оқыту арқылы лқу сауаттылығын қалыптастыру үшін QR код арқылы сканерлеп кітап оқу. Бұл QR код сканерлеп оқуда өзі ұнататын ертегілері мен авторларының шығармаларын, туындыларын таңдап оқуға үйренеді.
Жаңартылған білім Бір ел - бір кітап-2021 Отыз жылдыққа -отыз кітап 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша Бір ел - бір кітап акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Бастауыш сынып оқытылатын оқу техникасын жетілдіру технологиясы пәнінің маңызы мен ерекшеліктері
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеуінің теориялық аспектілері
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық климатына оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалауды енгізу
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Пәндер